- •Қазіргі кезеңде акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру.
- •2. Әйелдер кеңес орнының жұмысын ұйымдастыру және негізгі міндеттері.
- •3.Жүкті әйелдерден анамнез жинау
- •4.Әйелдер кеңес орнында жүкті әйелдердің қауіп тобының жағдайында диспансеризациялау жүйесі
- •5. Жүктілерді заманауи зерттеу әдістері
- •8. Жүктілік мерзімін анықтау
- •Жатыр мойнының жетілу дәрежесін бағалауға көрсеткіштер,техникасы.
- •11.Қынаптың тазалық дәрежесіне жағынды алу
- •12.Ағзаның босануға дайындығы туралы түсінік. Бағалау әдістері
- •13. Жүктіліктің ерте мерзімің диагностикасы
- •14. Жүктіліктің кеш мерзімінің диагностикасы
- •15.Декреттік дем алыс уақтыны және болжамды босану уақтыны анықтау.
- •16. Жүктілік кезіндегі әйелдің ағзасында болатын өзгерістер.
- •17. Плацента және оның қызметі.
- •18. Жүктілерде ерте токсикоздар, клиникасы, диагностикасы, емі.
- •19. Преэклампсии. Диагностикасы, жіктелуі, клиникасы, диагностикасы, емі.
- •20. Эклампсия. Клиникасы, диагностикасы, емі.
- •21. Жүктілік1-жартысында қан кету. Этиологиясы,потогенез.Клиникасы.
- •22. Босанудан кейінгі эндометрит. Этиологиясы, диагностикасы, клиникасы, емі
- •Босанғаннан кейінгі эндометритті емдеу
- •23. Босанғаннан кейінгі қабыну аурулары . Клиникасы, диагностикасы
- •24. Мастит. Диагностика..
- •25. Етеккір циклына және бала көтеру функцияларына өндірістік факторлардың,зиянды әдеттердің әсері.
- •27. Әйелдер өміріндегі физиологиялық кезеңдер.
- •28. Гинекологиялық науқастарды арнайы зерттеу әдістері.
- •29.Заманауи контрацепцияның әдістері.
- •30. Жедел сальпингоофорит. Диагностика, емдеу принциптері.
- •31. Акушерияда инфекциялық-токсикалық шок . Этиологиясы, диагностикасы, клиникасы.
- •32.Цервициттер. Диагностикасы. Жіктелуі. Емі.
- •33. Бартолинит. Этиологиясы, клиникасы, емі.
- •34. Эндометрит. Этиологиясы, жіктелуі, клиникасы, диагностикасы, емі.
- •35. Бактериалды вагиноз. Диагностикасы, клиникасы, емі.
- •36. Гинекологиядағы "Жедел іш".
- •37. Гинекологиядағы перитонит. Этиологиясы, жіктелуі, клиникасы, диагностикасы, емі.
- •38. Пельвиоперитонит. Этиологиясы. Клиникасы. Диагностика, емдеу принциптері.
- •39. Гинекологиядағы сепсис.. Этиологиясы, диагностикасы, клиникасы, емі.
- •40. Альгодисменорея. Этиопатогенезі, жіктелуі, клиникасы, емі.
- •Альгодисменорея этиологиясы.
- •Альгодисменореяның жіктелуі.
- •Біріншілік альгодисменореяның клиникалық көрінісі.
- •Біріншілік альгодисменореяның емі.
- •Екіншілік альгодисменореяның емі.
- •41. Етеккіралды синдромы. Этиопатогенезі. Жіктелуі. Клиникасы. Диагностика. Емі. Етеккір алды синдромы (еас)
- •42. Аменорея. Анықтамасы, этиологиясы, патогенезі, жіктелуі.
- •43. Аменорея I. Этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, зерттеу әдістері, емдеу принциптері.
- •44. Аменорея II. Жіктелуі, принциптері, тексеру және емдеу.
- •45. Жатырдан аномалиялық қан кету. Себептері. Диагностикасы, клиникасы, емдеу принциптері.
Біріншілік альгодисменореяның клиникалық көрінісі.
Ауырсыну сезімі етеккірден 2-3 сағат бұрын немесе етеккір басталғанда кіші жамбас аймағында сезіледі, кейде белге немесе санның ішкі беткейіне ауырсыну сезімі таралады. Бастың ауырсынуы, диспепсиялық бұзылыстар, жүрек айну, құсу, жалпы әлсіздік болады, сонымен қатар жұмысқа қабілеті жоғалуы мүмкін. Бұл симптомдар етеккірдің басында, не ортасында, немесе аяғында күшейіп, бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін. Келесі етеккірлер циклді түрде өтеді және қорқыныш-үрейге әкеледі. Альгодисменорея кезінде жатырда көп мөлшерде ПГF2 түзіледі, ол жатырдың спастикалық жиырылуына, қан тамырларының констрикциясына және миометридің ишемиясына әкеледі. Қан тамырларының спазмы және жергілікті ишемиясы жасуша гипоксиясын, аллогенді заттардың жиналуын тудырып, нерв ұштарын тітіркендіру себебінен ауырсыну сезімі пайда болады. Ауырсыну сонымен қатар тіндердегі кальций тұзының жиналуы нәтижесінде күшееді, себебі белсенді кальций бөлінуі жатыр ішілік қысымды, амплитудасын және жиырылу жиілігін жоғарлатады.
Біріншілік альгодисменореяның емі.
Альгодисменореяның емі простагландиногенез ингибиторларын қолданғанда патогенетикалық болып есептеледі. Келесі препараттар қолданылады:
Ибупрофен 300 мг-нан күніне 3-4 рет;
Индометацин 25 мг-нан күніне 2-3 рет;
Напроксен 250 мг-нан күніне 2 рет;
Ацетилсалицил қышқылы 200 мг-нан күніне 3-4 рет.
Препараттарды ауырсыну симптомынан 1-2 күн бұрын және етеккірдің бірнеше күніне тағайындалады. Бұл препараттар ауырсынуды басады, сонымен қатар көптеген әйелдерде етеккірдің ұзақтығын қысқартып, қан кетуді азайтады.
Бұл препараттарды асқазан немесе он екі елі ішек жара ауруында және асқазан ішек жолының басқа да қабыну ауруларында тағайындауға болмайды. Оральды контрацептивтерді қолдану қолайлы болып табылады. Оларды 3-4 айға контрацептивті режимда тағайындайды. Әсіресе жүктіліктен сақтанатын әйелдерге тағайындалады. Егер оральды контрацептивтерді қолдану қолайсыз болса, анальгетиктер қосылып беріледі.
Сонымен қатар антиоксиданттар (витамин Е 300 мг-нан 2-3 күн бойы) тағайындалады. Олар альгодисменореямен ауыратын әйел адамдарда гиперпростагландиногенез дамуы кезінде бұзылған липидтердің асқын тотығу процесін қалпына келтіреді. Психоневрологиялық бұзылыстар болғанда седативті заттар және транквилизаторлар (валериан тамыры, триоксизин, реланиум және т. б.) тағайындалады. Етеккір циклінің 2 фазасында курстармен рефлексотерапия қолданылады. Жоғарыда қарастырылған емдеу әдістерімен қоса психотерапия жүргізілсе керекті нәтижеге әкеледі.
Екіншілік альгодисменорея жыныс ағзаларының ауруларымен және құрылымдық өзгерістермен көрінеді.
Екіншілік альгодисменореяның жиі себептері болып табылады:
Эндометриоз;
Гениталидің қабыну процестері;
Жыныс ағзаларының ақаулары;
Жатыр ісіктері.
Эндометриоз, оның барлық түрлерінде ауырсыну синдромымен бірге жүреді. Әдетте аурысыну сезімі тұрақты, іштің төменгі жағында немесе зақымданған ағзаға байланысты басқа жерде орналасады. Етеккірдің алдында және басталғанда ауырсыну сезімі кенеттен күшейеді де бірнеше күн бойы сақталады. Ауырсыну сипаты процестің орналасуына және эндометриоздың түріне байланысты болып келеді. Біріншілік альгодисменореямен салыстырғанда эндометриозда диспепсиялық бұзылыстар, жүрек айну, құсу, бастың ауруы болмайды. Эндометриоз кезінде гинекологиялық тексеруде, сонымен қатар қосымша зерттеу әдісінің көмегімен (УДЗ, лапароскопия, компьютерлі томография) жыныс ағзаларында өзгерістер анықталады.
Ішкі жыныс ағзаларының қабыну процесстері, спайкалары; кіші жамбас аймағындағы, параметральды клетчаткадағы инфильтраттар, жатырдың дұрыс орналаспауы (гиперантефлексия, ретрофлексия) альгодисменореяның себептері болып табылады. Жыныс ағзаларының дұрыс жетілмеуі (инфантилизм) де етеккір кезіндегі ауырсынуды тудырады. Бұл жағдайда бұлшық еті әлсіз гипопластикалық жатыр етеккір кезіндегі созылуға төзімсіз болып келеді. Эндометриоз кезінде эндометрий гормондардың әсерінен циклдық өзгеріске ұшырайды.
Қабыну процестері (жиі созылмалы сальпингитте) ауырсынатын және ұзаққа созылатын етеккірмен бірге жүреді. Альгодисменореяны шақыратын барлық ақаулардан белсенді эндометриімен жатырдың рудиментарлы мүйізін, екі жатырдың болуы біреуі гипоплазияға ұшыраған, етеккір қаны дұрыс ақпайтының белгілеуге болады. Ісікті аурулардың ішінде альгодисменорея субмукозды миоматозды түйіндерде болады. Жатыр миомасы кезінде жатыр қабырғасындағы өзгерістер менструальды қанның ағуына механикалық кедергі туғызып, жатыр қарқынды жиырылып ауырсыну сезімін тудырады.
Соңғы кездерде альгодисменорея жиі жатыр ішілік спираль (ВМС) кезінде болады, ол жатырдағы бөгде заттың болуына ғана емес, сонымен қатар жатыр ішілік спиральға (ВМС) байланысты простагландиногенездің белсенділігіне байланысты болып келеді.
