- •Қазіргі кезеңде акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру.
- •2. Әйелдер кеңес орнының жұмысын ұйымдастыру және негізгі міндеттері.
- •3.Жүкті әйелдерден анамнез жинау
- •4.Әйелдер кеңес орнында жүкті әйелдердің қауіп тобының жағдайында диспансеризациялау жүйесі
- •5. Жүктілерді заманауи зерттеу әдістері
- •8. Жүктілік мерзімін анықтау
- •Жатыр мойнының жетілу дәрежесін бағалауға көрсеткіштер,техникасы.
- •11.Қынаптың тазалық дәрежесіне жағынды алу
- •12.Ағзаның босануға дайындығы туралы түсінік. Бағалау әдістері
- •13. Жүктіліктің ерте мерзімің диагностикасы
- •14. Жүктіліктің кеш мерзімінің диагностикасы
- •15.Декреттік дем алыс уақтыны және болжамды босану уақтыны анықтау.
- •16. Жүктілік кезіндегі әйелдің ағзасында болатын өзгерістер.
- •17. Плацента және оның қызметі.
- •18. Жүктілерде ерте токсикоздар, клиникасы, диагностикасы, емі.
- •19. Преэклампсии. Диагностикасы, жіктелуі, клиникасы, диагностикасы, емі.
- •20. Эклампсия. Клиникасы, диагностикасы, емі.
- •21. Жүктілік1-жартысында қан кету. Этиологиясы,потогенез.Клиникасы.
- •22. Босанудан кейінгі эндометрит. Этиологиясы, диагностикасы, клиникасы, емі
- •Босанғаннан кейінгі эндометритті емдеу
- •23. Босанғаннан кейінгі қабыну аурулары . Клиникасы, диагностикасы
- •24. Мастит. Диагностика..
- •25. Етеккір циклына және бала көтеру функцияларына өндірістік факторлардың,зиянды әдеттердің әсері.
- •27. Әйелдер өміріндегі физиологиялық кезеңдер.
- •28. Гинекологиялық науқастарды арнайы зерттеу әдістері.
- •29.Заманауи контрацепцияның әдістері.
- •30. Жедел сальпингоофорит. Диагностика, емдеу принциптері.
- •31. Акушерияда инфекциялық-токсикалық шок . Этиологиясы, диагностикасы, клиникасы.
- •32.Цервициттер. Диагностикасы. Жіктелуі. Емі.
- •33. Бартолинит. Этиологиясы, клиникасы, емі.
- •34. Эндометрит. Этиологиясы, жіктелуі, клиникасы, диагностикасы, емі.
- •35. Бактериалды вагиноз. Диагностикасы, клиникасы, емі.
- •36. Гинекологиядағы "Жедел іш".
- •37. Гинекологиядағы перитонит. Этиологиясы, жіктелуі, клиникасы, диагностикасы, емі.
- •38. Пельвиоперитонит. Этиологиясы. Клиникасы. Диагностика, емдеу принциптері.
- •39. Гинекологиядағы сепсис.. Этиологиясы, диагностикасы, клиникасы, емі.
- •40. Альгодисменорея. Этиопатогенезі, жіктелуі, клиникасы, емі.
- •Альгодисменорея этиологиясы.
- •Альгодисменореяның жіктелуі.
- •Біріншілік альгодисменореяның клиникалық көрінісі.
- •Біріншілік альгодисменореяның емі.
- •Екіншілік альгодисменореяның емі.
- •41. Етеккіралды синдромы. Этиопатогенезі. Жіктелуі. Клиникасы. Диагностика. Емі. Етеккір алды синдромы (еас)
- •42. Аменорея. Анықтамасы, этиологиясы, патогенезі, жіктелуі.
- •43. Аменорея I. Этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, зерттеу әдістері, емдеу принциптері.
- •44. Аменорея II. Жіктелуі, принциптері, тексеру және емдеу.
- •45. Жатырдан аномалиялық қан кету. Себептері. Диагностикасы, клиникасы, емдеу принциптері.
37. Гинекологиядағы перитонит. Этиологиясы, жіктелуі, клиникасы, диагностикасы, емі.
Перитонит – босанғаннан кейінгі ішпердесінің қабынуы 2-8күндері байқалады. Ішперде қуысында іріңді және іріңсіз сұйықтық пайда болады, дене қызуы көтеріледі, тамыр соғуы жиілейді, іштің төменгі жағы ауырып, жүрек айну құсу пайда болады.Үлкен дәрет іште қатаяды, іш қатты кеуіп, іш перденің тітіркену белгілері анықталады. Негізгі себептері:
қағанақ суының мезгілсіз кетуі (он екі сағ асуы)
операция алдындағы қынаптық тексерістің көптігі;
Босану әрекеттерінің ұзаққа созылуы;
Жатыр тігісінің ажырауы
Перитонит дамуы 3 фазадан тұрады:
І фаза : іш қуысында сары су жиналып, оған қанның ақ түйіршіктері мен фибрин қосылып, қоюланып, іріңді қанды сарысуға айналады. Сары су қайта ішекке енбегендіктен, қанайналым төмендеп гиповолемия дамиды. Қанда натрий мен калийдің мөлшері азайып, ішектің қимылы әлсірейді.
ІІ фаза: улану. Бұл фазада қанайналым бұзылып, қан іш қуысының көк тамырында бөгеледі, организмнің қорғаныштық бейімділігі бүйрек пен бауыр қызметтері төмендеп, зат алмасу жүйесі бұзылады. Уланудың артуымен қатар мүшелердің қан айналымы бұзылып, бүйрек бауырда дистрофиялық өзгерістер пайда болады, сөйтіп тіндік гипоксия дамиды.
ІІІ фаза терминалдық . АҚ, жүрек соғуы төмендеп, бүкіл организмнің улануынан әйел сандырақтап, есінен танады, септикалық шок дамиды.
Емі:
Комплексті антибактериалдық терапия
Инфузионды терапия: глюкоза ерітіндісі, реополиглюкин, реоглюкин
Тыныс алу жетіспеушілігін қалыпқа келтіру оттегі терапиясы арқылы
Иммунотерапия
Су электролит алмасуының бұзылуын коррекциялау
антиагреганттар
38. Пельвиоперитонит. Этиологиясы. Клиникасы. Диагностика, емдеу принциптері.
Кіші жамбас перитониті (пельвиоперитонит) жергілікті перитонит формасы болып табылады. Ауру әдетте, екіншілік – инфекцияның жатыр қосалқылардан жамбас іш пердесіне өтуінен пайда болады. Кіші жамбас қуысында экссудат жиналады, оның фибринозды құрауы спайкалардың түзілуін жеңілдетіп, қабыну ошағын шектейді. Кіші жамбас қуысының қалған құрсақ қуысынан изоляциялануына төменгі ішек ілмегі мен шарбы майы әсер етеді, олар да жергілікті жабысқақ процеске қатысады. Экссудат шырышты — фибринозды, іріңді, жиі жатыр — тік ішек саңылауында (жатыр — тік ішек саңылау абсцесі) немесе сирек жағдайда біріншілік қабыну ошағының орналасуына байланысты, бүйір қалталардың бірінде жиналады.Клиникалық көрінісі жалпы улану симптомдарымен, қалтырау, тұрақты жоғары қызбамен сипатталады. Тахикардия, артериалық гипотензия байқалады. Ауыру сезімі интенсивті іштің төменгі бөлігінде орналасып, сегізкөз, тік ішек, аяққа беріледі. Жатыр — тік ішек саңылауы абсцесі түзілгенде ауыру сезімі тік ішекке беріліп, ішекті қысқан тәрізді сезім пайда болады. Пельвиоперитониттің бүйір орналасуында ауыру сезімі зақымдану жағында айқын, қасағаға берілуі мүмкін. Жүрек айну, сирек құсу пайда болады. Нәжіс пен газ жүрмейді. Ішті тексергенде жергілікті ішастар қабырғасы кернелуі мен жергілікті іш перде тітіркену симптомы анықталады. Ауру ағымы организмнің қорғаныс мүмкіндігіне, микробтық флора вируленттілігіне байланысты. Науқастың қарсы тұруы жақсы болып, ем ерте жүргізілсе (абсцесс түзілгенге дейін), жамбас іш пердесінің қабынуын оперативті емсіз тоқтатуға болады. Бұл жағдайда қабыну орнында кең және тығыз өсінділер пайда болады, кейіннен тұрақты ауыру синдромына, ішек қызметі бұзылысына, бедеулікке алып келеді. Ауру ары қарай дамыса ірің бос құрсақ қуысына өтіп, жайылған перитонитке алып келеді. Диагностикасы жиі қиын болады. Процестің жергілікті болуы, пельвиоперитонит пен жатыр қосалқыларының іріңді түзілістері клиникасы ұқсастығы ажырату диагностикасын қиындатады. Диагнозды дәлелдеуге арнайы гинекологиялық зерттеу нәтижелері көрсетеді, бұл кезде жатыр — тік ішек саңылауында абсцесс болғанда артқы күмбездің темен түсіп, ауру сезімінің айқын болуы болады немесе бүйір қалталарда экссудат жиналған жағдайларда қасаға астында зақымданған жақта, жатыр түбінде ісік тәрізді түзілістің пайда болуы мен ауыру сезімі анықталады.Шұғыл көмек дәрігер тактикасы жатыр қосалқыларының іріңді түзілістеріндегідей: гинекологиялық бөлімшеге зеңбілмен тездетіп жеткізіп, жатқызу. Науқасты тікелей кезекші дәрігерге тапсыру қажет. Пельвиоперитониттің абсцесс кезіндегі емі — оперативті. Жатыр — тік ішек саңылауы абсцесінде артқы күмбезді тіліп (кольпотомия), ол жерге дренаж қойып оны бірнеше тәулікке қалдырады. Абсцесс басқа жерде орналасса, абсцесті дренаждап, босату үшін лапаротомия жасалынады. Бір мезгілде антибактериалды, десенсибилизациялаушы, дезинтоксикациялық, жалпы ұстап тұрушы ем тағайындалады. Жекелеген жағдайларда (абсцестің клиникалық белгілерінің болмауы) консервативті ем жүргізіледі.
Жіті гинекологиялық патологиялардың қарқынды ем алгоритмі:
қан кету көзі аймағына суық басу; қатаң төсектік тәртіп;
коллапс болса — Тренделенбург қалпын беру (оны жасай алмаса аяғын 30 градус бұрьшқа көтеру); науқасты зембілге салып көтеру
шок дамыса, шокқа қарсы ем жүргізу
