Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
акушериядан азаша сратар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
116.53 Кб
Скачать
  1. Қазіргі кезеңде акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру.

Бірінші саты – ФАП (фельдшерлік акушерлік пункт) және АДА ( ауылдық дәрігерлік амбулатория). ФАП – дәрігерлік көмекке дейін бірінші рет ауыл тұрғындарына емдік профилактикалық көмек көрсететін медициналық мекеме. Ауыл тұрғындарының арасынан жүкті әйелдерді, гинекологиялық ауруларды анықтап, олардың денсаулығын бақылайды. АДА - тұңғыш рет жүкті, босанатын, босанғаннан кейінгі және гинекологиялық аурулары бар әйелдерге дәрігерлік көмек көрсететін мекеме.

Екінші саты - БӘКО (базалық әйелдер кеңес орны), КДО( кеңестік диагностикалық орталық). БӘКО әйелдерге акушерия- гинекология көмегін көрсететін арнайы мекеме. Бұл мекеме жеке немесе перзентхананың, орталық аудандық аурухананың бөлімі болып табылады.

Үшінші саты- орталық аудандық аурухана. Бұл мекемеде төмен дәрежелі «қауіп- қатер» тобындағы әйелдерге мамандандырылған дәрігер көмегі көрсетіледі.

Төртінші саты- қалалық және облыстық перзентханалар, орта дәрежелі «қауіп- қатер» тобындағы әйелдерге арнайы акушерия көмегі көрсетіледі.

Бесінші саты- перинотология орталығы, акушерия- гинекология кафедраларының клиникалары, республикалық ана мен бала денсаулығын қорғау ғылыми зерттеу орталықтары.

2. Әйелдер кеңес орнының жұмысын ұйымдастыру және негізгі міндеттері.

Әйелдер кеңесінің негізгі міндеттері:

А) Бекітілген аумақтағы халыққа білікті акушерлік гинекологиялық көмек көрсету:

Б) Жүктіліктің асқынуы, босанудан кейінгі кезең, гинекологиялық ауруларды болдырмауға бағытталған емдеу алдын алу шараларын жүргізу:

В) Жүкті әйелдерді және гинекологиялық аурулардың алдын алу, диагностика жасау және емдеудің заманауи әдістерін, алдыңғы қатарлы нысандары мен амбулаториялық акушерлік гинекологиялық көмек әдістерін жұмыс тәжірибесіне енгізу,

Г)ана мен бала денсаулығын қорғау заңнамасына сәйкес әйелдердің әлеуметтік құқықтық әдістерін енгізу.

Әйелдер кеңесі негізгі міндеттеріне сәйкес мыналарды іске асырады:

А) Амбулаторлық қабылдау жүргізу:

Б) Үйге келіп көмек көрсету

В) Жүкті әйелдерді уақытылы амбулаторлық зерттеу, жүктіліктің асқынуы, экстрагенеталдық және босанудан кейін болатын ауруларды ескерту және анықтау, сырқат бейіні ( экстаргениталдық, эндокриндік аурулар, иммуноконфликт, жүктілікке төзімсіздің және т.с.с) бойынша перзентхананың немеесе басқа емдеу алдын алу мекемелерінің жүктілер патологиясы бөлімшесіне емдеуге жатқызуды қажет ететін жүкті әйелдерді анықтау; Жүкті әйелдерге диспансерлік бақылау жүргізу оларды босануға дене және психикалық , профилактикалық дайындау; Жүктілер мен босанғандар үйіне акушерлердің патронаж жасауы;

Г) Әйелдерге профилактикалық гинекологиялық тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу;

Д) Гинекологиялық ауруларды ерте анықтау, науқастарды уақытылы амбулаториялық зерттеу және емдеу; стационарлық емдеуді қажет ететін генекологиялық науқастарды анықтау, оларды емдеуге жатқызу үшін дайындау;

Е) Гинекологиялық науқастарды диспансеризациялау (диспансеризациялау тиісті контингенттерді уақытылы есепке алу, емдеу және сауықтыру шараларын жүргізу); қажетсіз жүктілікті болдырмау мақсатында ұрықтануға қарсы заманауи дәрілерді қолдану;

З) Жүкті және гинекологиялық науқастарды зертееу және емдеу басымдылығын қамтамасыз ету; перзентхана, жедел және шұғыл медициналық көмек станцияларымен, емхананың соматикалық бөлімшелерімен, сондай ақ басқа емдеу алдын алу мекемелерімен (туберкулезге қарсы, терівенерологиялық, онкологиялық және т.б диспансерлермен) жүйелік байланысты қамтамасыз ету:

И) Уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасы мен науқас парағын беру