Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhakhongir_-_Kursovoy_1711.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.46 Mб
Скачать

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Жаратылыстану факультеті

Информатика кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесінде

«Әуежай» қосымшасы бойынша мәліметтер қарастыру

Пәні Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер

Мамандығы 5B011100 - Информатика

Орындаған Хажиметов Жахонгир

Қабылдаған п.ғ.к., аға оқытушы Адылбекова Э.Т.

Комиссия мүшелері _______________________________

_________________________________________________

_________________________________________________

Шымкент, 2017

Мазмұны

Кіріспе....................................................................................................... 3

1 Деректетуралы жалпы түсінік..................................................... 5

1.1 Жұмыс жасаудың режимдері және объектілері............................... 6

1.2 Деректер моделі және түрлері .......................................................... 7

1.3 Кестелерді байланыстыру және байланыс түрлері ......................... 9

1.4 Деректер қорын басқару жүйесіндегі негізгі объектілері............... 11

2 «Әуежай» деректер қорын құру ................................................... 17

2.1 ’’Әуежай’’ мәліметтер қорына кесте құру ….................................. 18

2.2 Mәліметтер қорын басқару жүйесінде сұраныс жасау ................ 19

2.3 “Әуежай” мәліметтер қорына форма құру ..................................... 21

2.4 Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесінде есеп............. 25

Қорытынды................................................................................................ 27

Қолданылған әдебиеттер тізімі ............................................................... 28

Кіріспе

Деректер қоры дегеніміз - ақпаратты сақтауға жане жинақтауға арналңан ұйымдасқан құрылым. Бірақ қазіргі кезде көптеген мәліметтер қорын басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен және басқада ақпараттық-программалық кешендермен қарым-қатанасының әдістерінде қамтиды. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер қорында тек мәліметтер ғана емес, ақпарат та сақталады деп айта аламыз.

Курстық жұмыстың басты тақырыбы “Әуежай” деректер қорын құру және автоматтандыру болып табылады. Деректер қорының пайда болуы жалпы алғанда есептеуіш техникалардың жетілдірілуі мен олардың құнының төмендеуіне байланысты. Алғашқы кезде есептеуіш техникалар тек "қолмен” шығаруға болмайтын математикалық күрделі есептеулерді шығару үшін қолданылды. Кейін компьютерлік техпологиялардың дамуына байланысты бұндай есептеулер тек автоматтандырылған жүйелер арқылы есептеле бастады. Сол уақытта компьютерлерді ақпаратты сақтау мен өңдеу үшін қолдану ойластырылды. Адам өмірінің кез келген саласында қажет болатын ақпараттар мен мәліметтерді есептеуіш техника арқылы сақтау, өңдеу және беру/алу өте ыңғайлы болып шықты. Соған сәйкес қазіргі заманда адамдар өз қызметтерінде ақпаратты көп пайдаланатындықтан есептеуіш техникалар ақпаратты сақтау мен өңдеуге ыңғайлы етіліп жетілдірілуде.

Жұмыстың басты мақсаты “Әуежай” деректер қорын құру және Microsoft Access программасында жұмыс жасауды меңгеру.

Осы мақсатқа жетудегі негізгі міндеттері төмендегідей:

  • Деректер қорын басқару жүйесінің негізін ашу;

  • Деректер қоры теориясымен танысу және ДҚБЖ түрлерін қарастырып, олардың ішінен жүйе құру үшін ең тиімді болып табылатынын таңдап алу;

- Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесінде «Әуежай» қосымшасы бойынша мәліметтер қарастыру;

- Microsoft Access – те кестелер, сұраныстар, формалар, арқылы ақпараттық жүйе құру.

Мәліметтер қорының құрылымының негізін кестелер құрайды. Кесте ол баған және қатардан тұрады. Кесте бағаның құрайтын жазба элементтері өріс деп аталады.

Өрістің негізгі ерекшелігі – бір өріс элементтері бірдей типті етіп құрылады, мысалы, сандық немесе символдық. Мұндай мәліметтер қорында кестелерді байланыстырып, олардың кейбір өрістері арқылы түрлі жаңа кестелер құруға болады. Мұндай кестелерді сұраныстар деп атайды. Реляциялық мәліметтер қорын құру және онымен жұмыс істеуді басқару үшін көптеген арнайы программалар дайындалған, олар: dBASEII - dBASEIV, ҒохРго, Сlіррег, Access, т.б. Олардың бәрін де мәліметтер қорын басқару жүйесі деп атайды.

Дерекқор нақты тақырыпқа не мақсатқа қатысты мәліметтер жинағы болып табылады, мысалы пайдаланушы тапсырыстарын қадағалау немесе ән жинағын қамтамасыз ету. Дерекқор компьютерде сақталмаса немесе оның тек кейбір бөлшектері ғана сақталса, түрлі келісілген әрі ұйымдастырылған қор көздерден ақпаратты қадағалауыңыз мүмкін.

Мысалы, жабдықтаушылардың телефон нөмірлері әр түрлі орындарда сақталады дерлік: жабдықтаушының телефон нөмірі бар карта файлында, картотекадағы өнім ақпараты файлдарында және тапсырыс ақпараты бар электрондық кестелерде. Жабдықтаушының телефон нөмірі өзгерсе, сол ақпаратты барлық үш жерден жаңартып алуыңыз қажет. Жақсартылған Access дерекқорында, телефон нөмірі бір рет сақталады, сонда тек бір жерден ғана ақпаратты жаңартуға болады. нәтижесінде, жабдықтаушының телефон нөмірін жаңартқан кезде, ол автоматты түрде дерекқордың кез келген жерінен жаңартылады.

Access бағдарламасын барлық мәліметтерді бір файлдан басқару үшін пайдалануға болады. Access дерекқор файлының ішінен төмендегі мүмкіндіктерді пайдалануға болады:

  • Деректерді сұрыптауға арналған кестелер;

  • Деректерді іздеуге және алуға арналған сұраулар;

  • Кестелерден деректерді көру, қосу және жаңартуға арналған пішіндер;

  • Нақты орналасудан деректерді талдауға немесе басып шығаруға арналған есептер.

«Әуежай» деректер қорын құру атты екінші бөлімде MS Access ортасында кестемен жұмыс жасау, сұраныспен жұмыс жасау формамен жұмыс жасау және осы ортада есеппен жұмыс жасау жолдары келтірілген.

Қорытындыда қалай жұмыс жазағанымыз қысқаша баяндалады

Жұмысты орындау барысында 26 әдебиеттерге шолу жасалынды.

1 Деректер қоры туралы жалпы мәлімет

1.1 Жұмыс жасаудың режимдері және объектілері

Деректер қоры - ақпараттық жүйелердің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ақпараттық жүйе өз алдына басқару функциясын орындау үшін әр алуан денгейдегі жұмыстарды ақпаратпен жабдықтаған объект туралы ақпаратты жинау, тасымалдау, қайта өңдеу бойынша қатынас жүйесін білдіреді.

Деректер қоры деп - компьютер жадында сақтайтын, арнайы түрде ұйымдасқан, өзара байланысқан мәліметтер жиынтығын айтамыз.

Ақпараттық жүйелердің мысалына: банктік жүйелер, кәсіпорындарда, автаматты түрде басқару жүйелері, авияция немесе темір жол билеттерін, мейрамхана номерлерін алдын ала белгілеу және тағы басқа жатады.

Пайдалану облысы бойынша келесі класстарды бөліп айтуға болады:

1) Ғылыми зерттеуге арналған;

2) Автоматталған жобаларға арналған;

3) Ұйымдастырушы басқарудағы ақпараттық жүйелер;

4) Техналогиялық процессорды баспаға арналған.

Microsoft Access жайлы түсінік. Microsoft Access жүйесінің мәліметтер қорын жобалауға да жане оны пайдалануға да ыңғайлы жақсы мүмкіндікетрі бар. Access бағдарламасының бірнеше негізгі ерекшеліктерін атап өтейік:

- Windows интерфейсі-тұтынушының жұмысына ыңғайлы жағдай жасайтын әр түрлі менюлер, терезелер, батырмалар тәрізді стандартты графикалық интерфейсі элементтерін пайдалану;

- түс жане графика-экран көрнекілігін қамтамасыз ете алатын әр түрлі түстерді, белгішелерді(пиктограммаларды) жане одан да басқа графикалық элементтерді пайдалана отырып, экранға көптеген мәліметтер шығару;

- программа шеберлері(wizard) - тұтынушымен қарапайым әрі логикалық айқын түрде диалог ұйымдастыра отырып, қолданбалы бағдарламалардың кез-келген элементтерін тез құру;

- оқиғаларды бағдарламалау - бағдарламалар экранда көрініп тұрған элементтермен тікелей байланыса алады жане солардан кейінгі менюден команда таңдау, кез-келген батырманы шерту сияқты әрекеттерді тез жүзеге асыру;

- SQL - мәліметтерге тез қол жеткізу тәсілі ретінде программаларда, макростарда жане өрнектерде SQL операторларын пайдалану.

Деректер қорын басқару жүйесін көптеген қолданушылар деректер қорын құру, енгізу, бірлесіп пайдалану және програмалау құралдардың жиынтығын айтады.[3]

Деректер қоры дегеніміз – мәліметтерді сақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Бұл деректер қорының құрылымына ақпаратпен қатар, оларды ұйымдастыруға, қолдануға арналған тәсілдер мен әдістер кіреді .

Деректер қоры деректер қорын басқару жүйесімен тығыз байланысты. Бұл программалық құрылымдар кешені жаңа қордың құрылымын құруға, оны деректермен толтыруға, мазмұнын редактрлеуге және ақпаратты визуалдандыруға арналған. Қор ақпараттарын визуалдау дегеніміз берілген критерий бойынша экранға шығаратын мәліметтерді таңдап, оларды белгілі бір ретке келтіріп, безендіріп артынан баспаға немесе байланыс каналдарына беруді айтамыз. Әлемде деректер қорын басқаратын көптеген жүйелер бар. Деректер қорын басқару жүйесі – бұл программа. Ол арқылы ақпарат деректер  базасына енгізілінеді, сұрыпталынады, сүзбеу жүргізілінеді, қажет ақпарат ізделінеді, қажет ақпарат басқа программаларға көшірілінеді.

Деректер қорындағы бағандар өрістер деп аталады, ал жолдар – жазулар. Жазулар саны қатты дисктің сыйымдылығымен шектеледі. Өрістердің максималды саны – 255. Өрістер мен олардың қасиеттерінің жиынтығы деректер базаның құрылымын анықтайды.

Жазуы жоқ деректер базасы да деректер базасы болып табылады, өйткені оның құрылымы бар.

Деректер базасын құрастыру:

1 қадам. Оның құрылымын құрастыру;

2 қадам. Құрылымды ақпаратпен толтыру.

Кестелер – жазулар жиынтығы болып табылады. Деректер қорында не сақталынады соның бәрі оның кестелерінде сақталынады. Олардың құрылымы және мазмұны бар. Кестенің құрылымын құрастырғанда өрістердің атауларын, өрістердің типтерін және олардың өлшемдерін анықтау қажет. Кестенің әрбір өрісіне ерекше ат беріледі. Содан кейін  қандай типті деректер әрбір өрісте орналасады екендігін шешу. Өріс типінің мәні Конструктор режимінде ғана көрсетілінеді. Сұраныстар – толтырылған деректер базасымен жұмыс жасауға арналған негізгі объект. Деректерді өзгерту, таңдау және талдау құралы болып табылады. Олар бойынша бірнеше кестенің деректерін өзгертуге, талдауға және қарауға болады. Базаның байланысқан кестелерінен деректердің күрделі таңдауын орындауға және оларды нәтижелі кестелер түрінде көрсетуге мүмкіндік береді. Нәтижелі кестелер тек жедел жадыда сақталынады, ал бірақ оларды сақтауға болады.

Формалар – кестенің деректерін енгізу және бір жазуды көру үшін және т.б. мақсаттары үшін қолданылатын экранның арнайы форматы болып табылады. Формалар деректерді енгізуге, оларды түзетуге, қосуға және жазуларды жоюға мүмкіндік береді. Бір уақытта өз ара байланысқан кестелермен операциялар істеу үшін формаларды құруға болады.

Есептер – бұл деректерді ұйымдастыру және баспаға пайдаланушыға қажетті түрде шығарудың ең тиімді құралы.

Макростар – бұл белгілі бір операцияларды орындайтын макрокомандалар жиынтығы. Ол базамен жұмыс жасауын автоматтандырудың құралы болып табылады.

Модуль – бұл Visual Basic for Application (VBA) программалау тілінде жазылған программа.

Жұмыс жасаудың режимдері:

1. Оперативті режим – терезеде ақпарат жүйенің мәселелерін шешу, яғни ақпаратты қарап шығу, өзгерту, таңдау ;

2. Конструктор режимі – объекттің құрылымын, макетін құру немесе өзгерту. Формалар деректерді енгізуге, оларды түзетуге, қосуға және жазуларды жоюға мүмкіндік береді. Қор ақпараттарын визуалдау дегеніміз берілген критерий бойынша экранға шығаратын мәліметтерді таңдап, оларды белгілі бір ретке келтіріп, безендіріп артынан баспаға немесе байланыс каналдарына беруді айтамыз. Әлемде деректер қорын басқаратын көптеген жүйелер бар. Деректер базасын басқару жүйесі – бұл программа. Ол арқылы ақпарат деректер  базасына енгізілінеді, сұрыпталынады, сүзбеу жүргізілінеді, қажет ақпарат ізделінеді, қажет ақпарат басқа программаларға көшірілінеді.[4]

1.2 Деректер моделі және түрлері

1. Иерархиялық модель - мәліметтер арасындағы байланысты реттелген графтар арқылы сипаттауға болады. Сурет 1. Қандайда бір программалау тілінде иерархиялық деректер қоры құрылымын есептеу үшін тармақ мәліметтер типі пайдалынылады.

Сурет 1. Иерархиялық моделдің схемалық сызбасы

2. Желілік модель - мәліметтердің элементтерінің еркін графтар түріндегі өзара байланысын білдіреді. Сурет 2. Желілік деректер қорының схемасын сипаттауға екі тип пайдалынылады: жазба және байланыс.

Сурет 2. Желілік моделдің схемалық сызбасы

3. Реляциялық модель - мәліметтердің реляциялық моделін JBM фирмасының қызметкері Эдгар Код ұсынған және ол қатынас ұғымына негізделеді.

Қатынас деп –картеж деп аталатын элементтер жиынын айтады, қатынасты бейнелеудің көрнекті формасы екі өлшемді кесте болып табылады.

4. Постреляциялық модель - мәліметтердің постреляциялық моделі кестенің жазбаларында сақталған мәліметтердің бөлімбеушілік шектеуін алып тастайтын кеңейтілген реляциялық моделі болып табылады. Постреляциялық модель көп мәнді, яғни мәндерді ішкі мәліметтерден құралған өрістерден тұрады.

5. Көп өлшемді модель - ол көп жүйелерге талдау жүргізу және шешім қабылдау үшін ақпаратты жедел өңдеуге мүмкіндік береді.

Қордағы мәліметтерді қарастыратын көп өлшемді тәсілі реляциялық деректер қорын пайдаланылады. Көп өлшемді жүйелерге талдау жүргізу және шешім қабылдау үшін ақпараттық желі өңдеуге мүмкіндік береді. Обьектіге бағытталған деректер қоры құрамына тармақ түрінде берілген мәліметтер. Бұл деректер қорының логикалық құрамының сырттай иерархиялық деректер қоры ұсынылады .

6. Объектіге бағытталған модель - объектіге бағытталған модель тармақталған түрінде беріледі. Объектіге бағытталған деректер қорының логикалық құрылымы сырттай иерархиялы деректер қорына ұқсас.

Деректер түрлері:

  • Мәтіндік – мәтін немесе есептеулерді жүргізуге талап етпейтін сандар (255 таңбаға дейін);

  • Сандық – есептеулер жүргізуге арналған әр түрлі форматты сандық деректер;

  • Мерзім/уақыт – мерзім және уақыт туралы ақпарат сақтау.

  • Ақшалы – ақшалық мәндер және бүтін бөлігінде 15 таңбаға дейін, бөлшек бөлігінде 4 таңбаға дейін дәлдікпен жүргізілінетін математикалық есептеулерде қолданылатын сандық деректер.

  • Memo – көп көлемді мәтінді сақтау;

  • Санауыш – арнайы сандық өріс. Мұнда Access әрбір жазуға автоматты түрде арнайы реттік нөмерін береді;

  • Логикалық – екі мүмкін мәндерден тек біреуін ғана қабылдай алады (иә, жоқ);

  • OLE объекттің өрісі – Access кестесіне ендірілген немесе байланысқан объект;

  • Гиперсілтеме - әріп және цифрлардан құрылған және гиперсілтеме адресін көрсететін жол;

  • Алмастыру шебері – тұрақты мәндер жиынтығы немесе басқа кестеден қажет мәндерді тізімнен немесе тізімі бар өрістен таңдауға мүмкіндік беретін өріс.

Access дерекқорындағы кесте сипаттары — тұтас кестенің көрінісіне немесе әрекетіне әсер ететін кесте төлсипаттары. Кесте сипаттары құрастырушы көрінісінде кестенің сипаттар кестесінде орнатылады. Мысалы кестенің бейнелену жолын көрсету үшін көрініс сипатын орнатуға болады

Өріс сипаты кестедегі белгілі бір өріске қатысты қолданылады және өрістің сипаттамаларының біреуін немесе өріс күйінің бір жағын анықтайды. Кейбір өріс сипаттарын Деректер кестесі(деректер кестесінің көрінісі: Кестеден, пішіннен, сұраудан, көріністен және «жол-баған» пішімінде сақталған іс рәсімінен деректерді көрсететін көрініс) көрінісінде орнатуға болады. Сондай-ақ, Өріс сипаттары аумағын пайдаланып, құрастырушы көрінісінде кез келген өріс сипатын орнатуға болады.

Бұл деректер қорының құрылымына ақпаратпен қатар, оларды ұйымдастыруға, қолдануға арналған тәсілдер мен әдістер кіреді .

Деректер қоры деректер қорын басқару жүйесімен тығыз байланысты. Бұл программалық құрылымдар кешені жаңа қордың құрылымын құруға, оны деректермен толтыруға, мазмұнын редактрлеуге және ақпаратты визуалдандыруға арналған.[11]

1.3 Кестелерді байланыстыру және байланыс түрлері

Байланыс дегеніміз – екі немесе бірнеше қатынастардың ассоцациясы. Қатынастар арасында байланыстары жоқ МҚ өте қарапайым құрылымды болады және толық мәнде реляциялық деп аталынбайды. Реляциялық МҚ- ұйымдастыруға қатысатын негізгі талаптардың бірі – бір кортежді басқалардың мәні бойынша іздеу мүмкіндігін қамтамасыз ету, ол үшін олардың арасында байланысты орнату керек. Ал нақты ақпараттық жүйелерде көбінесе мыңдаған кортеждер болатындықтан, теория жүзінде олардың арасында миллионнан аса байланыс орнатылуы мүмкін. Байланыстардың осыншама көптігі МҚ- ң реляциялық моделінің күрделілігін анықтайды.

Байланыстардың төмендегідей негізгі түрлері бар:

• бірден бірге;

• бірден көпке;

• көптен бірге;

• көптен көпке.

«Бірден бірге» байланысы уақыттың әрбір сәтінде әрбір А элементке (кортежге) 0 немесе 1 В элементі (кортеж) сәйкес келеді. Мысалы, қызметкер жалақы алады және ол тек біреу ғана. Сурет 3.

Сурет 3. Бірден бірге байланысу түрі

«Бірден көпке» байланысы уақыттың әрбір сәтінде әрбір А элементке (кортежге) бірнеше В элементтері (кортеж) сәйкес келеді. Мысал ретінде айтуға болады, бір үйде бірнеше тұрғындар тұрады.

Сурет 4. Бірден көпке байланысу түрі

«Бірден көпке» байланысы.

«Көптің бірге» байланысы уақыттың әрбір сәтінде бірнеше А элементтерге (кортеждерге) бір В элементі (кортеж) сәйкес келеді. Мысалы, бірнеше студенттер бір топта оқиды. Сурет 5.

Сурет 5. Көптен бірге байланысу түрі

Соңғы «Көптің көпке» байланысы уақыттың әрбір сәтінде А элементтер жиынына (кортеждерге) В элементтер (кортеждер) жиыны сәйкес келеді. Өкінішке орай, бұл байланыс типі реляциялық МҚ не поддерживается. Бұл байланысқа мысалы ретінде, студенттердің оқу тобында пән бойынша бірнеше оқытушылар сабақ беруі мүмкіндігін айтуға болады.

Сурет 6. Көптен көпке байланысу түрі

Жоғарыда келтірілген байланыстардан басқа, бір және сол элементтер арасында жиынтық байланыстар болады және қарастырылған байланыстардан тұратын тренарлық байланыстар да болады. Сурет 7.

Сурет 7. Байланысу түрлері

Тапсырыстар кестесіндегі кілт өрісі – тапсырыстар коды болады. Онда кім, қашан, қандай бағаға нені тапсырғаны туралы айтылады. Бұнда тағы да қай жұмысшы тапсырманы іске асырғаны туралы білуге болады. Бір жұмысшы көп тапсырманы қабылдай алмағандықтан тапсырыстар кестесінде қызметкер коды өрісі не бірегей, не кілт өрісі бола алмайды, бірақ та қызметкер кестесінде бұл өріс бірегей болады. Мұндай кестелерді реляциялық қатынасты байланысқан кестелер деп аталады. Сәйкесінше, байланысқан кестелермен жұмыс жасай алатын басқару жүйелерін реляциондық ДҚБЖ деп атайды, ал деректер схемасын техникалық әдебиеттерде реляциондық қатынасты схема деп атайды. Сурет 13.

Сурет 13. Microsoft Access-те кестелер арасында байланыс

Деректер схемасын жасап болғаннан кейін, техникалық тапсырманың «қағаздық» кезеңі бітеді. Бұл схеманы жұмыстың тапсырушысымен ақылдасып келістіру керек, содан кейін барып деректер қорын құруға кірісуге болады. Бірақ мынаны ұмытпау керек, жобаны жасау барысында жұмысты тапсырушының басына жаңа идеялар келіп отырады. Жобалаудың барлық кезеңінде ел бір жүйеге мекеменің барлық жаңа бөлімдері мен қызмет ету орындарын кіргізуге тырысады. Тапсырушының барлық тілектерін орындау мүмкіндігі көбінде деректер қорын жасаушының мамандық дәрежесімен анықталады. Егер деректер схемасы дұрыс болса, қорға жаңа кестелерді қосу қиын емес. Ал егер қордың құрылымы тиімсіз болса, жобалаушы қиын сынақтан өтіп, тапсырушымен қайшылыққа ұшырайды. Орындаушы мен тапсырушының арасындағы қайшылық әрқашан орындаушының мамандық дәрежесінің төмендігін көрсетеді. Сондықтан деректер қорын алдын ала жобалау кезеңін негізгі кезең деп санау керек. Оның табысты болуынан, деректер қорының қаншалықты ыңғайлы болатыны және қолданушылар онымен жұмыс істеуі тәуелді болады. Егер қолданушылардың оған сұранысы болмаса, бұл олардың төмен дәрежелі қолданушылар болғаны емес, қорды жобалаушының мамандық дәрежесінің төмен болуының айғағы .

Кестелер арасындағы байланыс келесі мүмкіндіктерді береді:

  • Кілт өрісіндегі мәліметтердің өшірілу немесе өзгеру мүмкіндігін болдырмау, егер онымен басқа кестелердің кез келген өрістері байланысты болса;

  • Негізгі кестенің кілт өрісіндегі мәліметтерді өшіргенде немесе өзгерткенде онымен байланысқан кестелердің өрістерінде сәйкес мәліметтердің өшірілуі немесе өзгеруі автоматты түрде болады;

  • Байланыс қасиеттерін орнату үшін деректердің схемасы терезесінде екі кестенің өрістерін қосатын сызықты ерекшелеп алу керек, оның үстінде оң батырмамен басып ашылған контекстік менюде байланыстардың өзгеру терезесі ашылады. Онда байланысқан кестелердің аттары және байланысқа қатысатын өрістердің аттары, сонымен қоса мәліметтердің тұтас болу шартын қамтамасыз ететін басқару элементтері көрсетілген;

  • Егер мәліметтердің тұтастығын қамтамасыз етуде ғана жалауша қойылса, онда негізгі кестенің кілт өрісінде мәліметтерді өшіруге болмайды;

  • Егер онымен қоса байланысқан өрістерді каскадты жаңарту және байланысқан жазбаларды каскадты өшіруде жалаушалар қойылса, онда сәйкесінше негізгі кестенің кілт өрісінде өшіру және өзгерту операцияларына рұқсат етіледі, бірақ ол автоматты түрде байланысқан кестеде өтеді. Осылайша, кестелер арасындағы реляциондық байланысты құру бір жағынан мәліметтерді қорғауын, ал екінші бір кестеге өзгерту енгізгенде, бірнеше кестелердің автоматты өзгеруін береді .

Деректер қорын алдын ала жобалау осы кезеңде аяқталады және келесі кезеңде оны тікелей компьютерде іске асыру басталады. Осы кезден ДҚБЖ– мен жұмыс жасау басталады. Біздің мысалымызда біз Microsoft Access ДҚБЖ–н қарастырамыз.[14]

Деректер қорын үйлестіру. Реляциялық деректер қорын басқару жүйесінде қатынастарға амалдар орындау үшін екі топ пайдаланылады:

1) Реляциялық алгебра;

2 )Реляциялық есептеу;

Қатынастарға орындалатын амалдарды 2 топқа бөледі:

1) Жиындарға қолданылатын амалдар,олар біріктіру, қиылыстыру, бөлу, декарттық көбейту;

2) Қолданатын арнайы амалдар, олар жобалау, біріктіру және таңдау. Осы амалдардың жиынтығы толық қатынастардың алгебрасын береді.

Реляциялық алгебра барлық әрекеттердің нәтижелерінің қатынастары болып табылады. Реляциялық алгебра тілі процедуралық болып табылады, ал реляциялық есептердің негізі матеметиклық логикалық бөлігі болып табылады. Реляциялық алгебрада процедуралық емес тіл болып табылады. Реляциялық алгебрада процедуралық емес тіл болып табылады.

Деректер қорының объектілері:

1. кестелер (таблицы);

2. сұраныстар (запросы);

3. үлгілер (формы);

4. есептер (отчеты);

5. беттер (страницы);

6. макростар;

7. модульдар.[8]

Деректер қорын жобалау технологиясын жаңа түрде келтіру.

Сұраныс - сақталынған мәліметтерді өшіру немесе түрлендіру, таңдау бойынша амалдарды анықтайтын, арнайы түрде сипатталатын қажетті құрал болып табылады. Сұраныстарды орындау нәтижесі жауап деп аталатын жаңа кесте немесе жаңартылған кесте болып табылады. SQL сұраныстар тілі айнымалы реляциялық есептеулерге негізделген. SQL -тілі кестелерге амалдар қолдануға (құру, өшіру, құрылымын өзгерту) және кесте мәліметтеріне (таңдау, қосу, өшіру, өзгерту) амалдарын орындауға арналған. SQL тілі процедуралық емес тіл болып табылады. Сондықтан ішкі программадағы ұйымдастыру, енгізу- шығаруды басқару операциялары қамтылмайды. SQL-ді пайдаланудың екі әдісі бар:

1) Статистикалық;

2) Динамикалық;

Бұл тілдің негізгі міндеті: сұраныстарды даярлау мен орындау болып табылады.

Деректер қорын жобалау техникасы жүйесінің тиімділігі.

Ақпараттық жүйелердің тиімді жұмыс жасауы олардың архитектурасына байланысты. Қазіргі уақытта клиент -сервер архитектурасы пайдаланылады.

Архитектура коорпоративті деректер қоры және дербес деректер қорын қосатын компьютерлік желі. Соған қатысты бұл архитектура таратылған деректер қорының мәліметтерін талап коорпоративті деректер қоры копьютер серверінде орналасады, ал дербес деректер қоры коорпоративті деректер қоры клиенті болып табылады. Ақпараттық жүйелердің клиент-сервер архитектурасы бойынша ұйымдастырудың артықшылығы орталықтардан сақтау, қызмет көрсету үйлесімдігі, жалпы коорпоративты ақпарат ұйымы болып табылады.

Байланыстырылған кестелерді жасауға қойылатын талаптар: Деректердің тұтастығы Access деректер басқару жүйесінде байланыстырылған кестелердегі жазбалар арасындағы байланыстарды қолдау үшін қолданылатын ережелер жүйесін білдіреді. Деректердің тұтастығын бақылау үшін мына шарттар орындалу керек:

  • Бір кестенің байланысқан өрісі кілттік өріс болады немесе қайталанбас дара индекс болады;

  • Байланысқан өрістердің деректерінің типтері бірдей болады. Ескерту: Алайда, Санауыш (Счетчик) өрісі сандық өрісімен байланыса алады, егер сандық өрістің типі ұзын бүтін (длинное целое) болса.;

  • Байланыстырылатын кестелер Access-тің бір деректер қорында болуы тиіс.[16]

1.4 Деректер қорын басқару жүйесіндегі негізгі объектілері

Деректер қоры - aқпараттық жүйелердің өңделетін обьектісі, қоршаған ортаның белгілі бір саласының немесе бір пән аймағының нақты обьектілері жайлы берілген мәліметтер жиыны. Екі өлшемді кестелерден, яғни жолдар мен бағаналардан тұратын мәліметтер базасы реляциялық база болып саналады.

Деректер қорын басқару жйесі - көлемді мәліметтер жиынын тұтынушыларға ыңғайлы түрде бейнелеп, белгілі бір форматта сақтап қана қоймай, оны ары қарай өңдеуге арналған программалар кешені.

Microsoft Access - Windows ортасында жұмыс істейтін 32-разрядты, реляциялық МББЖ, мұнда бір мезетте бірнеше мәліметтер базасының кестелерімен қатар жұмыс істей беруге болады. Реляциялық мәліметтер құрылымын қарапайым етіп құрастырып, жұмыс істеуді жеңілдетуге мүмкіндік береді. Access кестесін басқа компьютердегі немесе сервердегі мәліметермен байланыстыруға және де мұнда Paradox немесе Dbase МББЖ-лерінда жасалған мәліметтерді пайдалана беруге болады. Access мәліметтері Excel кестелермен де оңай мәлімет алмаса алады.[9]

Access Windows - технологияның барлық мүмкіндіктерін сүйемелдейді және оның тұтынушысының жұмыс істеуіне қолайлы графикалық интерфейсі бар.

1) Кестелер - мәліметтерді сақтау үшін жасалған, өрістерден (бағаналардан) және жазбалардан (қатарлардан) тұратын мәліметтер.

Кесте(Tables) - мәліметтер базасымен жұмыс істеуге арналған негізгі объект, мәліметтер жиыны. Ол өрістер (поля) мен жазбалардан тұрады. Сурет 8.

Жазба(Record) - кестенің бір қатары, яғни жолы. Ол СУБД мәліметтерін сақтайтын негізгі блок болып табылады. Жазба сипатталатын бір объект туралы толық мәлімет береді.

Өріс(Field) - кестедегі бағана немесе тік жол. Access-те өріс мәліметтерін сипаттайтын оның бірсыпыра қасиеттері болады. Енгізу өрісі деп басқару элементі ретінде мәлімет енгізілетін бір бағанадағы жолды айтады, оған пернелер арқылы мәндер енгізіледі .

Санауыш - кестедегі жазбалардың реттік нөмерлері орналасатын өріс.

Сурет 8. Microsoft Access-те кесте құру.

2) Сұраныс(Queries) - жұмыс істеуші адамның керекті мәліметерді бір немесе бірнеше кестеден белгіленген шарттарға байланысты таңдап алу тәсілі. Сурет 9. Таңдап алу жолымен сұраныс беру арқылы кестедегі мәліметтерді жаңартуға, жоюға, көбейтуге немесе бұрынғы кестелер негізінде жаңа (виртуальды) кестелер құруға болады. Access-те сұраныстардың бірнеше түрі бар.

Сурет 9. Microsoft Access-те сұраныс жасау.

3) Форма( Forms ) - мәліметтерді экранда бейнелеу жолы немесе оларды басқару мүмкіндіктері, яғни өзара байланысқан мәліметтерді тұтынушыға ыңғайлы түрде бейнелеуге, қарауға немесе енгізуге арналған тәсілдер. Сурет 10.

Сурет 10. Microsoft Access-те форма жасау.

4) Есептер (Отчеты) - мәліметтерді баспаға шығарып қағазда бейнелеу тәсілі, яғни қағазға басып шығаруға арналған тәтижелік құжаттар.

Конструктор - мәліметтер базасы обьектінің (кестелер, сұраныстар, формалар, басылымдар, макростар, модульдер) қасиеттерін анықтау режимі. Сурет 11.

Шебер(Wizards-Мастер) - белгілі бір мақсатта шектеулі әрекеттер жиынын біртіндеп орындайтын программа. Шеберлер оны орындайтын адаммен сұхбаттасу (диалог) ісін атқара отырып, қойылған мәліметтерді программаға енгізуді қамтамасыз етеді.

Сурет 11. Microsoft Access-те отчет жасау.

5) Макростар(Modules) - Visual Basic for Application (VBA) тіліндегі программалар сақталады және олар қолданбалы программаларды құру кезінде стандартты емес процедураларды іске асыру үшін жасалады. Сурет 12.

Access-те тұтынушыға өз есептерін ойдағыдай шағаруға мүмкіндік беретін әртүрлі диалогтық құралдар бар, оларға меню командалары, саймандар тақтасындағы батармалар, суырылып шығатын түсініктемелік сөздер, Конструктор ( Design), Шебер(Wizards) программалары жатады.

Access деректер қорын басқару жүйесімен жұмыс істеу тәсілдері Windows ортасындағы графикалық объектілермен (терезе, тізім, ауыстырып қосқыш, жалауыша, батырма, тағы сол сияқты), жұмыс істеу тәрізді орындалады [7].

Сурет 12. Microsoft Access-те макрос құру

2 « Әуежай » деректер қорын құру

2.1 «Әуежай» мәліметтер қорына кесте құру

Ақпараттық жүйені жобалау кезінде функционалдық модельдеу технологиясының әдістері қолданылады. Деректер қорының схемасын құру кезінде бір жақтың объектілері және пәндік облыстың сипаттамалары мен екінші жақтың атрибуттарымен қатынастар орнатылды. Барлық қатынастар ең болмағанда үшінші нормальды формаға бағынуы керек, ол ақпараттың қайталануына жол бермейді, яғни құрылған ақпараттық жүйенің дұрыстығын білдіреді.

Ақпараттық жүйені жасау кезеңдері:

- пәндік облысты талдау;

- пәндік облыстың концептуалды моделін құру;

- ақпараттық жүйені жобалау және құрастыру;

- қажетті құралдарды таңдау;

- автоматтандырылған жұмыс орындарын жасау;

- ақпараттық жүйені енгізу және сүйемелдеу;

- программалық құжаттаманы дайындау.

«Әуежай» пәндік облысының негізгі объектілерін белгілеу.

Қазіргі уақытта әуе транспорты (соның ішінде ұшақтар) ең жылдам болып табылады және үлкен қашықтықтарға жол жүргенде жоғары бағаланады. Әлемде көптеген әуежайлар бар және сәйкесінше ұшу маршруттары да көп. Бұл ақпаратты деректер қорында сақтауға болады. Ол тез іздеу жасауды, сақтау қауіпсіздігін, ең бастысы, әр қолданушыға қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Концептуалды модельді құру үшін деректер қоры объектісінің идентификациясын жүргізу қажет. Біздің жағдайда ұшақтар, рейстер, жолаушылар тәрізді объектілер бар. Осы объектілердің сипаттамаларына сәйкес кестелер өрістерін қарастырайық. Мәлімет қоймасын құрудағы жалпы суреті түсінікті болса, онда еш кедергісіз Microsoft Access 2013 программасын іске қосамыз және – Windows жүйесінің бас мәзірінен Microsoft Access программасын іске қосамыз, Жұмыс үстелінде бос деректер қорын құру таңдаймыз. Сурет 14.

Сурет 14. Microsoft Access-пен жұмыс істеуге дайындық терезесі

Болашақтағы мәлімет қорының атын «Әуежай» деп жазып Құру батырмасын басамыз. Сурет 15.

Сурет 15. Microsoft Access-те жаңа деректер баасын құру

Кесте- берілгендер қорының негізгі обьектісі. Кесте құру үшін БҚ терезесін ашып, Кестелер- Құру(Таблицы-Создать) командасын беру керек. Жаңа кесте сұқбат терезесі ашылады. Сурет 16. Оған кесте құрудың 3 режимі енгізілген:

  • Кесте режимі (режим таблицы) - кестені қолдан құру;

  • Кестелер шебері (мастер таблиц) - кестені автоматты түрде құру;

  • Конструктор.[10]

Сурет 16. Microsoft Access-пен кестлер құру

Мен өзімнің мәліметтер қорыма конструктор режимін қолданамын. Бұл режимді түрлі әректтер үшін пайдалануға болады. Сурет 17. Олар:

- өріс атауын өзгерту;

- өріс типін өзгертуж;

- өріс өлшемі мен форматын қайта орнату;

- жаңа өріс қосу;

- өрісті кілттік ету;

- жаңа кесте құру.

Сурет 17. Microsoft Access-пен кестені өңдеу

Құрылған кестедегі типтерге сай етіп кестелерде толтырамыз. Сурет 18.

Сурет 18. Microsoft Access-пен жолаушылар кестені толтыру

Рейстер жәнеде ұшу кестесінде солай толтырамыз. Сурет 19,20.

Сурет 19. Рейстер кестесі

Сурет 20. Ұшу кестесі

Конструктор терезесін ашу үшін Microsoft Access терезесінің кестелер қондырмасынан кесте атауын таңдап, конструктор пернесін шерту керек. Жаңа кесте құру үшін кестелер-конструктор командасы орындалу керек.

Кестенің өріс типін өзгерту үшін осы терезенің берілгендер типі бағанынан өріс қатарында орналасқан ұяшықты таңдау керек.Оның он жағында тілсызық түймесі(тізім символы) пайда болады.Оны шертіп ашылған тізімнен қажетті типті таңдаса болғаны.

Дерекқордағы әрбір тақырыпқа кесте жасағаннан кейін, Office Access 2007 бағдарламасын ол ақпаратты қажет болған кезде қайтадан кері әкелетін құралдармен қамтамасыз етуіңіз керек. Мұны істеу үшін ортақ өрістерді онымен байланысты кестелерге орналастырып, кестелердің арасындағы кесте байланыстарын анықтауыңызға болады. Одан кейін бір уақытта бірнеше кестедегі ақпаратты көрсететін сұраулар, пішіндер мен есептер жасауыңызға болады.

Бұл мақалада кесте байланысын жасау, өңдеу және жою іс реттері қадаммен беріледі. Сіз оқшау жазбалардың пайда болуының алдын алу үшін сілтемелер тұтастығын қолдану, сұрау нәтижесіне байланыстардың әрбір жағындағы жазбалардың қайсысы қосылғанын анықтау үшін қосылыс түрін белгілеу және сілтемелерді үндестірілген күйде сақтау үшін каскадтау параметрлерін белгілеу жолдарын үйренетін боласыз.

Кесте байланысын "Байланыстар" терезесінде немесе Өріс тізімі терезесінен бір деректер парағына сүйреп апару арқылы жасауыңызға болады. Кестелердің арасында байланыс жасаған кезде, ортақ өрістердің атауларының бірдей болуы қажет емес, дегенмен бұл жиі орын алып тұрады. Оның орнына, ортақ өрістердің деректер түрі бірдей болуы керек. Алайда, егер бірінші кезекті өріс АвтоСан өрісі болса, екі өрістің де Өріс Өлшемі сипаты бірдей болған жағдайда бөтен кілттік өріс те "Сан" өрісі болуы мүмкін. Мысалы, екі өрістің де Өріс Өлшемі сипаты "Сан" өрісі болған жағдайда, "АвтоСан"өрісі мен "Сан" өрісін сәйкестіруіңізге болады. Екі ортақ өріс те "Сан" өрістері болған кезде, олардың Өріс Өлшемі сипатының параметрі бірдей болуы керек. Сурет 21.

Сурет 21. Microsoft Access-те кестелер арасында байланыс жасау

2.2 Mәліметтер қорын басқару жүйесінде сұраныс жасау

Мен өз мәліметтер қорымда қарапайым сұранысты қолданғандықтан осы сұраныс түріне тоқталдым. Қарапайым сұраныс-кестеден не байланысты кестелерден өрістер бойынша құрылатын нәтижелік кесте. Қарапайым сұраныс құру үшін 3 қадамдық сұхбат терезесі бар Сұраныс шебері процедурасын пайдалану керек:

1. БҚ терезесін ашып,Сұраныстар-Құру командасын беру.Жаңа сұраныс терезесі ашылады;

2. Терезеден Қарапайым сұраныс (Простой запрос) қатарын екі рет шерту.Бірінші қадам терезесі ашылады;

3 .Терезеден кестелерді жане олардан қажетті өрістерді таңдап, Таңдалған өрістер (Выбранные поля) бөліміне көшу;

4. Екінші қадам терезесінде Толық (әр жазу үшін өрістерді толық шығару) ауыстырып қосқышы орнатылған, оны осы күйде қалдырып,келесі терезеге өту;

5. Соңғы терезеде сұранысқа атау енгізіліп, Сұраныстың орындалу нәтижелерін ашу ауыстырып қосқышын орнату.Экранда бірінші қадам терезесінде таңдалған жазу өрістерінен тұратын сұраныс терезесі ашылады.Оны жабу жеткілікті. Сурет 22.

Сурет 22. Microsoft Access-те сұраныс құру

Сұраныс арқылы біз жаңа мелімет енгізе,жоя және жаңарта аламыз. Сурет 23.

Сурет 23. Қосымша терезеде жаңа ақпарат енгізу туралы ескерту шығады

Сосын біз енгізетін ақпаратты рет – ретімен сұрайды.

.

Сурет 24. Қосымша терезеде жаңа ақпарат енгіземіз

2.3 “Әуежай” мәліметтер қорына форма құру

Форманы қолдан құру жолдары:

  1. БҚ терезесін ашып,Формалар-Құру командасын беру;

  2. Көрінген форма құру терезесінен кесте атауын жане конструктор қатарын таңдап,ОК батырмасын шерту;

Сурет 25. Microsoft Access-те форма құру

Access конструктор режимінде форманы іске қосып,толтырылмаған берілгендер облысы көрінетін терезесін,элементтер жане қажетті аспаптар панельдерін экранға шығарады. Сурет 25.

Берілгендер облысы-өрістер құрылатын жане күйге келтірілетін форманың негізгі бөлімі.Элементтер панеліне форманың басқару элементтерін құру үшін пайдаланылатын батырмалар енгізілген: Үстіне жазу (надпись),Өріс,Ауыстырып қосқыштар,Жалауша,Тізім,Сурет,Сызық,Төртбұрыш т.б.

3. Элементтер панелі экранда көбінесе Көрініс-Элементтер панелі командасын беру немесе аспаптар панелінің осы атаулы батырмасын шерту.Көрініс-Өрістер тізімі командасын беріп немесе аспаптар панелінің осы атаулы батырмасын шертіп,Өрістер тізімі терезесін экранға шығаруға болады;

4. Элементтер панелінің үстіне жазу батырмасын шерту керек;

5. Төртбұрыш ішіне өріс атауын енгізіп,enter клавишін басу;

Төртбұрыш объект үшін берілген орынды,ал оның ұзындығы бөлінген орын өлшемін көрсетеді.Қажет болса,форматтау әдісі бойынша қолдан қысу,ұзарту немесе өлшемін өзгертпей,түрлі бағытта жылжытуға болады.Форма элементтері төртбұрыш ішіне объект түрінде ендіріледі.

6. Өрістер тізімі терезесінен берілгендер облысының екінші қатарына Жылжыту жане Қалдыру әдісі бойынша өріс атауларын көшіру.Оларды бірінші қатарға енгізілген сәйкес өріс атауларының астына орналастыру керек.Атаудың сол жағында оның қолтаңбасы автоматты түрде енгізіліп қойылады.Оны алып тастау үшін DEL клавишін басу керек;

7. Енгізілген басқару элементтерінің орналасуын дұрыстау.Таңдалған элементті жобалаушының өз қалауынша орналастыру мүмкін.Оларды тор сызықтарының үстіне орналастыру үшін Формат-Туралау командасын беру керек;

8. Файл-алдын-ала көру командасын беріп,форманың құрылған форматын көріп шығу;

9. Конструктор режиміне қайтып оралып,қажет болса,элементтерді қайта форматтау.(esc клавишін басып немесе көрініс-конструктор командасын беріп,режимге қайта оралуға болады);

10. Конструктор режимі терезесін жабу.Форма құрылымын өзгертуді растау сұралатын сұхбат терезесі ашылады.Оның Иә батырмасын шерту;

11. Атау сұралатын сұхбат терезесі ашылады. Access тағайындаған атауды қалдыруға немесе жаңа ат беруге болады;

Құрылған формада берілгендер облысының бірінші қатарына енгізілген басқару элементтері өріс атаулары түрінде жазылып,екінші қатарға өрістер тізімімен көшірілген элементтер орнына берілгендер енгізіліп қойылады.

Бағандық форманы қолдан құру қиын емес.

Форманы көріп шығу үшін БҚ терезесінің Форма қондырмасын ашып,атауын таңдау жане жаңа жазу қосу үшін терезенің Жазуға өту түймелерін пайдаланылуы тиіс.

2.4 Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесінде есеп

Есеп құрудың 3 тәсілі бар. Олар:

1) автоматты түрде (автоесептер);

2) есептер шебері арқылы (жартылай автоматты түрде);

3) қолдан құру.

Мен өз жұмысымда есептер конструкторын қолданамын.

Есептер конструкторы.Конструктор терезесі арқылы Автоесеп жане Есептер шебері арқылы құрылған есеп элементтерінің орналасу форматын,т.б қолдан өзгертуге болады.[15] Сурет 26.

Автоесеп эллементтерін орналастыру тәсілі:

1. БҚ терезесінің есептер қондырмасын ашып, құрылған есеп атауын таңдау;

2. Терезенің конструктор терезесін шерту. Конструктор режимі терезесі, автоесеп өрістерінің тізімі жане элементтер тізімі көрінеді. Терезе 5 бөлімді: есеп тақырыбы, жоғарғы колонтитул,берілгендер облысы,төменгі колонтитул,есеп ескертпелері. Есеп элементтерін терезеге төртбұрыштар ішіне орналастырылған объект ретінде енгізіледі;

3. Есеп тақырыбы бөліміне автоесеп тақырыбы енгізіледі. Оны өзгерту,жылжыту, шрифтін үлкейту де мүмкін;

4. Жоғарғы колонтитулға енгізілген басқару элементтері-өріс атаулары, берілгендер облысына ендірілгендер-олардың қолтаңбалары. Олар сәйкес түрде бір баған бойындажане тіктөртбұрыштар ішінде жазулы. Қолтаңба да басқару элементті.принтерге басып шығу кезінде оларға кестеден берілгендер мәні беріледі. Басқару элементі енгізілген төртбұрышты таңдау, өлшемін өзгерту, жылжыту әдістері форманы құру әдістерімен бірдей;

5. Редакциялау жұмыстарынан соң көрініс-алдын-ала көріп шығу командасын беріп, есептің экранда орналасу форматын көріп шығу жане esc клавишін басып,конструктор режимі терезесін экранға қайта шығару.

6. Есеп форматы ұнамаса,оны қайта редакциялау.

Терезенің жабу түймесін шерту. Есеп макетінің не құрылымының өзгертілгенін растау сұралатын сұхбат терезе көрінеді. Оның Иә түймесін шерту керек. Есепке Access тағайындаған атау жазылған терезе көрінеді.Қажет болса жаңа атау енгізуге болады.

Сурет 26. Microsoft Access-те конструктор көмегімен есепті құру

Сурет 27. Microsoft Access-те отчет көмегімен есепті құру

Басты Коммутатор нысаны деректер базасын шарлау мақсатында құрылды. Бұл пішін негізгі дерекқор мәзір ретінде пайдалануға болады. Басты Коммутатор түрінде элементтері пішіндер мен есептер объектілері болып табылады. Сурет 28.

Сұраулар мен кестелер Басты Коммутатор нысанда мүшелерi болып табылмайтын. Сондықтан, пернетақтадағы сұрау немесе кесте түймелерін жасау үшін, сіз макростар нысанын пайдалануға болады. Біріншіден, Database терезесінде «Ашық сұрау» немесе бірегей атауы бар «Ашық кестесі» макрос жасау, содан кейін түймешіктің түрінде осы макростарды қоңырау шалу үшін, түймешігін жасау үшін.

Бір дерекқорды бірнеше пернетақта нысандарын жасауға болады. пайдаланушы сіз белгілі бір команда (сұраулар, есептер, деректерді енгізу және редакциялау) орындауға басу қалайша айқын болды, сондықтан түймелері пернетақта түрінде беттерінде топталған тиіс. Ол бағынысты Коммутатор нысаны Басты Коммутатор түрінде түймесін кері орналастырылуға тиіс екенін атап өткен жөн.

Коммутатор нысаны құру технологиясы төмендегідей:

  • бет Басты Коммутатор нысанын ( GKF ) құру;

  • беттер бағынысты басу формалары (мысалы, деректер енген нысандары, сұраулар үшін есеп беру үшін, және т.б.) қажетті санын жасау;

  • Басты Коммутатор нысанын элементтерін жасау;

  • есептер мен деректерді енгізу нысандарын немесе өзгерістердің басу нысандарын үшін элементтерін жасау;

  • сұрау немесе бірегей атаулары бар кестелер үшін макростар құру;

  • Сұраусыз сұрау нысандарын немесе кестелер үшін элементтерін жасау.

Сурет 28. Microsoft Access-те негізгі кнопкалы форманы құру

Негізгі кнопкалы форма арқылы макрокомандалар көмегімен басқа обьекттерге кіруге болады.

Қорытынды

Жұмыс кез келген ақпараттың үлкен көлемін сақтауға мүмкіндік береді қолданыстағы, процесс, сұрыптау, белгілі бір критерийлер бойынша үлгіні жасайды. Дамыған ақпараттық жүйе құрылғы дүкенде пайдалануға болады

Мен бұл деректер қорын құру барысында Microsoft Access туралы көптеген жаңа мәлемет алдым.Кез-келген мәліметтер саласына байланысты деректер қорын құруға болады жіне ол пайдалануға өте қолайлы. Access жұмыс жасау меліметтерді тез іздеуге және көп қағаз

Деректер қорын құру барысында  Microsoft Access мүмкіндіктерінің шектеусіз көп екеніне көз жеткіздім. Оны құру да көптеген ДҚБЖ бойынша білімді керек еткені сөзсіз. Бірақ нәтижесі айтарлықтай жоғары және қандай да болмасын кез-келген саланы қамтитыны, сапалы өнім алуға болатыны айқын. Ол мәліметтерді енгізіп, тиімді әрі жеңіл пайдалануға арналған.

Курстық жұмыстың барысында ақпараттар жүйесін жасаудың негізгі принциптері, жобалау сатылары рет-ретімен мысалдармен көрсетілді. Осы көрсетілген мысалдар мен түсіндірулер жаңа жүйе жасауға негіз бола алады.

Деректер қорын құру барысында оны неғұрлым әмбебап, түсінікті қолдануға ыңғайлы етіп шығаруға ұмтылдым. Сол үшін жүйенің объектілері анықталып, олардьң арасындағы байланыстар орнатылды, әр түрлі кестелерге ыңғайлы формалар құрылды.

«Компьютерлік орталық» қосымшасын құру негізінде деректер қорын басқару жүйесінің қолдану аясы кең және оның мәнінің жоғары болуын көз жеткіздім.

Қорыта келгенде, деректер қоры – бұл көптеген деректер қорын жеңілдетуге мүмкіндік жасайды.

Сондай-ақ бұл ыңғайлы және тиімді программа болып табылады. Тек деректер қорларын құру жүйелерімен жұмыс істеуді толық меңгергенде ғана біз аз уақытта тиімді жүйе жасап шығара аламыз.

МҚ-ын қолданудың артықшылықтары. «Қағаз түрінде» сақталатын ақпаратқа қарағанда МҚ-ын қолданудың негізгі артықшылықтары:

  • Жинақтылығы;

  • Жылдамдығы және өте аз күш жұмсау;

  • Ақпараттың дәлдігі;

  • Мәліметтер қорын орталықтан басқару(негізгісі).

Мәліметтер қорын құратын және оларға сұранысты өндеу жүйесі - мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) деп аталады.

Қандай ақпарат сізге керек, ол қалай сақталуы тиіс – осының бәрі ақпаратты басқару сұрағының басты шешімдері болып табылады.

МҚБЖ да көптеген қосымшаларды кұрастыра аламыз. Олар ақпаратты басқару және оны өндеуге мүмкіндік беретін арнайы инструменттерден құралған.

Сіздердің есептеріңізді автоматизациялау мақсатында сізге күшті реляциондық МҚБЖ және қосымшаларды құрастыруға арналған система керек болады. Көптеген қосымшаларды құрастыру системалары белгілі бір тілді білу қажет етеді, мысалы Си немесе Xbase тілдері.

Осы программаның көптеген жетістіктеріне қарамастан, сізде белгілі бір бастапқы білімдер болуы керек.

Microsoft Access жұмыс ең алдымен реляциондық таблицаларды және олардың шеткі аймақтарын анықтаудан басталады. Осыдан кейін формалар, есептер және де макростар көмегімен сіз осы ақпараттардың істерін анықтай аласыз.

Төменде Microsoft Access жұмыс істеудің қолайлы жағдайлары келтірілген:

1 жағдай: Сізде көп жеке файлдар бар, олардың кейбіреулері өте үлкен көлемді қамтиды, соның нәтижесінде осы факторлардың бәрі ақпаратпен жұмыс істеу процесін тікелей қиындатады.

2 жағдай: Сіздер ақпаратты бірнеше әдіспен қолданасыз: белгілі бір счет-фактураларға, қорытындыларға арналған әдістер. Осы және тағы да басқа әдістерді қарастыру кезінде сіз ақпаратты жан-жақты қарастыру керексіз.

3 жағдай: Белгілі бір ақпаратпен бірнеше қызметшілердің жұмыс жасауы. Мысалы, ақпараттарды енгізу, оны жаңарту және қорытындылау нәтижелерімен әртүрлі адамдар жұмыс жасайды. Егер электрондық таблицаларға бір ғана қолданушы өзгерістер енгізе алса, ақпараттар базасында бірнеше адам бір уақытта, бір таблицамен жұмыс істеп, өзгертулер енгізе алады.

4 жағдай: Сіздер санкционалдық емес енуден қорғауды қамтамасыздандыру керексіз. Ақпарат базасының сақталуын және ондағы сандардың енгізілуін қадағалау керексіз. Себебі, бұл ақпараттарға бірнеше қолданушылар ене алады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Острейковский В.А. Информатика.- Москва: Выс.Шк., 2001.

  2. Симонович С.В., Евсеев Г.А. Общая информатика.- Москва. Инфорком пресс и АСТ пресс – 2000г.

  3. Архангельский А.Я. Язык SQL в Delphi5.– Москва: ЗАО «Издательство Бином», 2000.

  4. Бобровский С. В. Delphi5.- Учебный курс – Санкт-Петербург: Питер, 2001г.

  5. Купрова Т.А. «Создание программирования баз данных средствами СУБД».М:Мир, 1991

  6. Диго С.М. «Проектирование баз данных».М:Финансы и статистика, 1998ж

  7. Савельев А. и другие «Создание и использование баз данных», М: 1991ж

  8. Голицына О.Л., Максимова Н.В., Попова И.И. «Базы данных», М: 2003ж

  9. под ред. Хомоненко А.Д. «Базы данных». Санкт-Петербург, 2000ж

  10. Стивен Копустейк «ACCESS шаг за шагом», М: Бином, 1998ж

  11. Гончарова А. «ACCESS-97 в примерах», Питер, 1997ж

  12. Системы управления базами данных и знаний: Справ. Изд/Наумов А.Н., Вендров А.М., Иванов В.К. и др.: Под ред. Наумова А.Н.М: Финансы и статистика, 1991ж

  13. Четвериков В.Н. и др. Базы и банки данных Учебник для вузов по спец. «АСУ»/Под ред. В.Н. Четверикова.М: Высш. Шк., 1987ж

  14. Дейт К.Дж. Введение в системы баз данных.: Пер. С англ. 6-е изд.К.: Диалектика, 1998ж

  15. «Ақпараттану» Байғожанова Д.С. Талдықорған, 2006ж

  16. Базы даных Абдуллин В.З. –Алматы: КазНТУ, 2003ж

  17. Базы даных Microsoft Access. Андерсен В. -М: ЭКОМ, 2001ж

  18. Самоучитель Access 97/2000.Куперова Т.А. -Ғылыми техника, 2001ж

  19. СУБД Access для Windows 95 в примерах.Бекаревич Ю.Б, Пушкина Н.В -ВНV- Санкт-Петербург, 1997ж

  20. Гончарова А. «ACCESS-97 в примерах», Питер, 1997ж

  21. Системы управления базами данных и знаний: Справ. Изд/Наумов А.Н., Вендров А.М., Иванов В.К. и др.: Под ред. Наумова А.Н.М: Финансы и статистика, 1991ж

  22. Четвериков В.Н. и др. Базы и банки данных Учебник для вузов по спец. «АСУ»/Под ред. В.Н. Четверикова.М: Высш. Шк., 1987ж

  23. Дейт К.Дж. Введение в системы баз данных.: Пер. С англ. 6-е изд.К.: Диалектика, 1998ж

  24. «Ақпараттану» Байғожанова Д.С. Талдықорған, 2006ж

  25. Базы даных Абдуллин В.З. –Алматы: КазНТУ, 2003ж

  26. Базы даных Microsoft Access. Андерсен В. -М: ЭКОМ, 2001ж

Ф 7.02-13 Курстық жұмыс

30

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]