Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Konfliktologia_lektsia.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
190.46 Кб
Скачать

2. В. П. Ратников Конфликтология м. 2001

3. А.В. Дмитриев Конфликтология . М. 2000

Психодрама – 1. Психологиялық коррекция ұғымы. Дж. Морено осы әдісті енгізген және әлеуметтік мәселені шешуші құрам деді. Сол сияқты шет елде «социодрама» термині қолданылады. Психодрама топтық психотерапияның бір түрі. Психодраманың мақсаты - өзіндік танымды тереңдету, адамның келеңсіз жағдайын және эмоция реакциясын диагностикалау және терапия, оны жою. Психодрамада мынадай фазалар ерекшеленеді: серігу, әрекет және интеграция (талқылау). Өзіндік әрекет көздеген мақсатты орындауға, оған жетуге, катарсиске (іштегіні тазарту) максималды нәтиже алуға, тануға және қабылдау.

Психодрама үшін мінез құлықтары кездейсоқ, белсенді, кейіптеуі маңызды. Ол невроз, оның ішінде балалар жағдайында қолданылады. Ішімдік және психосаматикалық аурулар; Өспірімдердің девлаттық қылығы мен психопатиясының өрістеуінде. Сол сияқты жанұяның психодрамаларда болады.

Психодраманың элементтері басқа терапия бағытында да кеңінен қолданылады. Психоталдау, гемтальт-терапия, қылық терапиясы, әлеуметтік-психологиялық тренинг, іскерлік ойында және т.б. Мұндағы кей варианттары бойынша бір адам өзінің басынан кешкен тарихын айтады. Айтушы таңдаған жұмыс формасына байланысты ол қатысушы, немесе көрермен, драматизациялау жолына әсер етуі керек. Маңызды ситуация кезінде адам мәселелерді жаңаша қабылдайды, қарым-қатынас жолдарын реттейді, жаңа мүмкіншіліктерді ашады.

Социодрама – Дж. Морено құрастырған әлеуметтік зерттеу және коррекция әдісі.

Ол қарама қайшылықты шешу және жоюға бағытталады, топтағы адамдар арасындағы қарым-қатынас гармониясын, қақтығыс және қысымды реттеу.

Социодраманың құрылымы мен ұйымдастырылуы психодрамаға сәйкес.

Қақтығысты шешудің жолдарымен айналысатын мамандардың көбі, қақтығысты басқару процесі көптеген факторларға байланысты, олардың көпшілік бөлігі басқару әсеріне оңайлықпен берілмейді. Мысалы, жеке тұлғаның көзқарастары, индивидтердің, топтардың қажеттіліктері мен мотивтері.

Қалыптасқан стереотиптер, түсініктер, ырымдар шешімді қабылдаушылардың әрекеттерін жоққа шығаруы мүмкін. Қақтығыстың түріне қарай шешімерді іздеумен әртүрлі салалар айналысуы мүмкін: ұжымның басшылары: персоналды басқару саласы, психолог және әлеуметтанушы бөлімі, кәсіподақ ұйымы, милиция, сот.

Қақтығыстың шешімдері: қақтығысты тудырушы себептерді тұтасымен немес жекелеп жою болып табылады, сонымен бірге оған қақтығысқа қатысушы жақтардың мақсатын өзгерту де жатады.

Қақтығысты басқару – бұл қақтығысты тудырушы себептерін жоюға (минимазациялауға) қатысты бағытталған әсер, немесе қақтығысқа қатысушы жақтардың қимыл-әрекетін өзгерту.

Қақтығысты басқарудың көптеген әдістері бар. Үлкейте отырып оларды, әр қайсысының өзінің қолдану ережесі бар саласы болатын, бірнеше топшалар түрінде көрсетуге болады.

- тұлға ішіндегі: яғни жекелеген тұлғаға әсер тетін әдістер.

- құрылымдық, яғни ұйымдастыру қақтығыстарын жою әдістері

- тұлға аралық әдістер немесе қақтығыстағы қимыл-әрекетттің стилі.

- келіссөздер.

- жауап ретіндегі агрессивті қимыл-әрекеттер, әдістердің бұл тобы тек шектен тыс шығып кеткен жағдайда ғана, барлық мүмкіндіктер таусылған кезде ғана қолданылады.

Дәріс № 15.

Тақырыбы: Педагогикалық қақтығыс: құрылымы мен динамикасы.

Әдебиеттер: 1. Вишнякова. Н. Ф. «Конфликтология» Минск 2000г. 3-17

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]