- •2. В. П. Ратников Конфликтология м. 2001
- •3. А.В. Дмитриев Конфликтология . М. 2000
- •Бүгінгі таңдағы қақтығыстар.
- •2. В. П. Ратников Конфликтология м. 2001
- •3. А.В. Дмитриев Конфликтология . М. 2000
- •Бүгінгі таңдағы қақтығыстар.
- •2. В. П. Ратников Конфликтология м. 2001
- •3. А.В. Дмитриев Конфликтология . М. 2000
- •2. В. П. Ратников Конфликтология м. 2001
- •3. А.В. Дмитриев Конфликтология . М. 2000
- •2. В. П. Ратников Конфликтология м. 2001
- •3. А.В. Дмитриев Конфликтология . М. 2000
- •2. В. П. Ратников Конфликтология м. 2001
- •3. А.В. Дмитриев Конфликтология . М. 2000
- •Қақтығысты басқару..
- •2. В. П. Ратников Конфликтология м. 2001
- •3. А.В. Дмитриев Конфликтология . М. 2000
- •2. В. П. Ратников Конфликтология м. 2001
- •3. А.В. Дмитриев Конфликтология . М. 2000
- •2. В. П. Ратников Конфликтология м. 2001
- •3. А.В. Дмитриев Конфликтология . М. 2000
- •2. В. П. Ратников Конфликтология м. 2001
- •3. А.В. Дмитриев Конфликтология . М. 2000
- •2. В. П. Ратников Конфликтология м. 2001
- •3. А.В. Дмитриев Конфликтология . М. 2000
- •2. В. П. Ратников Конфликтология м. 2001
- •3. А.В. Дмитриев Конфликтология . М. 2000
- •2. В. П. Ратников Конфликтология м. 2001
- •3. А.В. Дмитриев Конфликтология . М. 2000
Дәріс № 1.
Тақырыбы: Конфликтология пәні.
Негізгі ұғымдар.
Конфликтология пәнінің басқа ғылымдармен байланысы.
Бүгінгі таңдағы қақтығыстар.
Әдебиеттер: 1. Вишнякова. Н. Ф. «Конфликтология» Минск 2000г. 3-17
2. В. П. Ратников Конфликтология М. 2001
3. А.В. Дмитриев Конфликтология . М. 2000
Конфликтология – қақтығыстардың жағымсыз зардабын алдын алу және даму заңдылықтары, оны шешу және жою әдістері туралы ғылым.
Қоғамдық өмірден нарықты экономикаға көшу барысында адамның әлеуметтік және кәсіби жүйедегі қақтығыс мөлшері бірден жоғарлады. Осы себептен конфликтология саласында арнайы мамандардың қажеттілігі мен маңыздылығы артты. Әсіресе гуманитарлық ғылымдармен қатар техникалық, экономикалық, заң және жоғары оқу орындарының басқа да мамандықтарында осы курсты жүргізу үлкен сұранысқа ие. Сондықтан психология мамандарында конфликтология пәнін жүргізу, практикаға енгізу маңызды болып отыр.
Шет елдерде дәрігер мамандығы сияқты, конфликтолог маман, немесе қақтығыс менеджері жүйелі дайындалады. Университеттерден арнайы конфликтолог дипломы бар түрлі саладағы мамандар бітіреді: саясат, өндіріс, білім, жанұя конфликтологтары және т.б. Міне осыдан тек адамды ғана емес қоғамды да психологиялық жағынан сақтау қажеттілігі конфликтолог мамандардың жеке тұлғалық және мемлекеттік маңыздылығы анықталынады. Жоғары оқу орындарында біліктілікті көтеру және мамандандыру жүйесінде «Конфликтолог», «Психолог- конфликтолог», «қақтығыс менеджері» (менеджер по конфликтам).
Адамдармен жұмыс жүргізетін барлық мамандар қақтығыстың алдын алу, болдырмау және шешу заңдылықтарын толық меңгерулері тиіс. Кез келген саладағы маман, басқару жүйесі және т.б. кКнфликтология ғылымын білмеуінің салдарынан: авторитет жоғалтады, жүйкесі тозады, денсаулығына зиян келтіреді, еңбек өнімділігі төмендейді және т.б.
Конфликтология пәнінің негізгі бағыт-бағдарын меңгеру:
― қақтығыстың жасырын ішкі және сыртқы себептерін жемісті анықтауға;
― қақтығыста өзінің мінез-құлқын коррекциялау және қақтығысты жағдайды басқару өнерін меңгереді;
― Қақтығысты шешуде делдал дәнекер қызметін атқарады;
― Қақтығысты шешу мен алдын алудың психологиялық әдістерін практикада жүйелі қолданады.
Конфликтолог – мамандарды дайындауда негізгі сапалы критерилердің үш көрсеткіштері бар:
Кәсіптік мотивизация және конфликтологиялық білім деңгейі;
Тәжірибеде қақтығысты жағдайды шешуде білімдерді жүйелі қолдану;
Ойда болмаған жағдайларда конфликтологиялық білімдерді жүйелі пайдалану.
Білім берудің дәстүрлі жүйесінде кәсіби іс-әрекеттік деңгейдегі когнитивті, эмпирикалық және креативті өзара нақты үзілу байқалады. Когнитивті – білім деңгейі эмпирикалық – білімді тәжірибеде енгізу. Креактивті – ойда болмаған өмірлік жағдайларда шығармашылық білімді қолдану.
Дәріс № 2.
Тақырыбы: Конфликтология ғылымының қалыптасу кезеңдері.
1.Ежелгі кезең.
2.Орта ғасыр.
3.Жаңару.
4.Жаңа уақыт және ағарту.
5.19-20 ғ.ғ.
Әдебиеттер: 1. Вишнякова. Н. Ф. «Конфликтология» Минск 2000г. 3-17
2. В. П. Ратников Конфликтология м. 2001
3. А.В. Дмитриев Конфликтология . М. 2000
1. Конфликтология жеке ғылым ретінде 19-20ғ.ғ. 2-жартысында қалыптасты.Ежелгі кезеңнен бастап қазіргі заманғы қақтығыстың мәселелеріне ойшылдар мен ғалымдар көңіл бөле бастады. Алғашқы кезең:
Гераклит (530-470ж.б.з.д.).Гераклиттің ойы бойынша дүниеде бәрі ұрыс арқылы туады, ал соғыс пенен қақтығыс барлық заттың негізі.Соғыс бәрінің әкесі және бәрінің патшасы, - деп санады Гераклит.
Эпикур (341-270ж.б.з.д) – Гераклиттің ойымен бөлісіп, онда ұрыс адамдарды мейірімді және ұрыссыз өмір сүруге жетелейтін ұрыс деп тұжырымдады.
Алистотель (384-322ж.б.д) – бастапқыда адамдарды табиғатынан жүйкесі жұқарған деп сансды.Осыдан келе оның пікірі бойынша қақтығыс қоғамның қалыпты жағдайы болып саналады.Аристотель негізгі қақтығыстың қайнар көзі адамдардың тұрмыстық жағдайы-ның жоғары немесе төмендігінен туындайды.
Платон (472-347ж.б.з.д) – халық алдында құл иеленушілік мемлекетті жойып, күштеп жасалатын қақтығыстарға қарсы екенін айтып жеткізген.
2.Орта ғасырда христиан философиясы библиямен сәйкес татулықты, адамгершілікті адамдар арасында татулықты дәлелдегісі келді.Осы тақырыпта ең ұлы ғалымның бірі Фома Аквинский (1224-1274). Ол:
3.Жаңару заманының ғалымдары мыналар:
Эразм Роттердамский(1469-1536) өз ойынша қақтығыстың нақтылығын белгіледі.Қақ-тығыстың тез өршитіндігі және жаңа адамдарды еліктіреді.Эразм Роттердамский қарсылас беттердің табысуы ұқсас рухани ойларды ұстанған жағдайларда қиын екендігі туралы айт-ты.
Фрэсис Бэкон (1561-1626) – қоғамдық ұрыстардың сылтауына талдау жасап,оларды қа-лайда жеңу жолдарын қарастырды.Ең басты қақтығыстың туындауы – халықтың төмен тұрмыстық жағдайы.Политикалық жағынан халықты үміттендіру өзіне көңілін аудару қақтығысты болдырмаудың ең мықты жолы деп санады.
4.Жаңа уақыт ағарту заманында ағылшындық демократтар мен француздық ағартушылар қанау,қарулы қақтығыстар туралы ойларымен бөлісті.
Осы уақыттағы ірі тұлғалар мыналар:
Жан-Жак Руссо (1712-1778ж) - оның ойы бойынша адамдар бірдей және тәуелсіз деп санады Кейін мәдениеттің дамуымен бірге бұл қалыпты адамдар жіберіп алды Бірақ қоғамдық келісім шартқа отырып, олар татулық пен ауызбіршілікке қайта оралды
Иммануил Кант(1724-1804) - адамның щынайы қалпы бір-бірімен көршілес тұруы – соғыс деп санады – Кант.Ал татулықтың қалпын құру тиіс.
Томас Гоббс-адамдар қажттілігі мен қолынан келу мүмкіндігі жағынан бірдей және бұл оның қақтығыс бұл оның бірден-бір себепкері.Сондықтан соғысқа бәрі бірдей қарсы – адамның шынайы қалпы болып табылады.
5.19 -20 ғасырларда ғылыми жағынан қақтығыстарды зерттеп және келе-келе қақтығыс-тану өзінше ғылым болып танылды.Қақтығыстын құтыла алмайтын құбылыстарды қарас-тырып, мәңгілік қақтығыстардың себептері туралы теориялары туындап және олардың қайталалнуын қарастыру.Жаңа ғылымның қалыптасуына өз ойларын қосып дамытқан социологтар мыналар:
Томас Мальтус (1766-1834) – ол жұмыссыздықтың себебі халықтың экономикалық өсуіне қарағанда, халық санының артқандығын дәлелдеді.Осы арқылы ол халықтың өмір сүру үшін мәңгілік күресі бар екендігін, қақтығыстың осы себептен туындайтынын қо-ғамның даму факторы деп санады.
Герберт Спенсер (1820-1903) – қоғам өмірінің негізі өмір сүру үшін көбінесе бейімдел-ген жеке тұлға күресінің ұстанымы деп есептеді.
Уильям Самнер (1840-1910) - өмір сүру үшін күрес ең басты прогрестік фактор болып табылады.Өмірде әлсіздер, нашар адамдар қауымы өліп, ал жеңімпаздар ең мықты адам және құнды адамдар болып табылады.Уильям Самнер мемлекеттің Қоғам өміріне арала-суына қарсы болған, социолизмге сөгіс айтып әлемді жақсарту идеясына теріс қараған.
Людвиг Гумплович (1838-1909) – адам тарихының күнделікті ұрысы және жеке тұл-ғаның өмір сүруін қарастырды.Жеке тұлғаның және халықтың қақтығысуының шығу кө-зін тапты.
Карл Маркс (1818-1883) – автор қақтығыстың социологиялық теорияларын бекітіп, со-циологиялық қақтығыстар ұжымдық күресте қоғам өиірінде өшпейтін құбылыс.Капита-листік қоғамның қақтығысуының себебі жұьысшылар мен капиталистердің табыспайтын-дығынан тұрады.
Георг Зиммель (1858-1918) – алғаш қақтығыстың социологиясы деген терминді енгізді. Ол қақтығыстан көзін экономикалық қарсыластарда емес, қарсы күштерде емес, ұрыс инс-тингінде деп санады.
Зигмунд Фрейд (1856-1939) – бірінші орынға адамның құштарлығы, жыныстық қаты-настығы.Тұлғаны үш түрлі инстанцияға бөлді:Ол, Мен және Менмендік.
Альфред Адлер – Фрейдке қарсы ой айтты. Адам бірінші орында әлеуметтік тіршілік иесі, сондықтан да оны қоғамнан бөлектетіп қарастыруға болмайды.
Қақтығыстардың қазіргі теориясы.
Толкотт Паронстың тұжырымдамасы:
Парсонс даудамайсыз қатынас жүйесін жақтайды. Халықтың табиғи көңіл-күйі-әлеуметтік жағдай, ал қақтығыс қоғамның кеселі, ол кеселді емдеу керек дейді. Парсонс әлеуметтік өсу кезеңінде қақтығыс қалыптасқан еді. Халықтың қажеттілігі мен талабы өсуіне байланысты, қақтығыста, қарама-қайшылықта өседі.
Қоғамға психологиялық қысым көрсету өте қауыпты, ол өсу жүйесін талқандайды.
Қоғамның өсуі қалыпты жүйелі түрде қалыптасу керек:
1.Қоғамның қажеттілігін және оның мүшесінің мүддесін өнеу жолымен;
2.Әрбір қоғам мүшесін белгілі бақылау арқылы, белгілі жүйеде тәрбиелеу;
3.Жеке қажеттілік пен қоғам қажеттілігін біріктіру, ұштастыру арқылы
Элтон Мэйо. Адам қарым – қатынасының мектебі.Бұл мектептің мүшелері қақты-ғысты әлеуметтік ауытқу деп қарайды.Қоғамның табиғи қалыптасуы – бұл үндестік және әлеуметтік үйлесім.Элтон Мэйо кәсіпкерлер арасында бейбітшілік ынтымақ болуына үгіт-тейді, ал қақтығысты әлеуметтік кесел деп санап, бірқалыпты бірлесу бұл қазіргі қоғам-ның өсу белгісі.Жеке өсуді, ұжымдық түрде өсуге алмастыру керек деді.Адамдар арасын-да тыныштық пен бейбітшілік және жұмысына деген қызығушылық болады.
1.Жаңа өмір жағдайына икемделу. 2.Экономикалық өсу.
3.Бәсекелестің өсуі.
Льюис Козер.Қақтығыстың болу себебіне көзқарас және тұжырымдама.Бұл тұжы-рымдама қақтығыс қоғамының өсуіне үлкен әсерін тигізеді.Қоғамда қақтығыс көбейген сайын, қоғам соғұрлым тұрақтанады да, оны жекешелеу немесе ұйымға бөлуді қиындатады.
Дәріс № 3
Тақырыбы: Қақтығыс түрлері және психологиялық ерекшеліктері.
