- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі м.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті Дифференциалды психология пәнінен лекция жинағы
- •1 Лекция. Дифференциалды психология пәні
- •2 Лекция. Дифференциалды психологияның білім аймағы ретінде пайда болуы
- •3 Лекция. Адамдардың психикалық сапасындағы айырмашылықтар диагностикасы бойынша зерттеулерін
- •4 Лекция. Кәзіргі дифференциялды психологиядағы зерттеулер бағыты
- •5 Лекция. Темперамент және жеке тұлға
- •6 Лекция. Ерте зерттеулерде темперамент қасиеттерін зерттеу
- •7 Лекция. Шет ел және отан психологиясы
- •8 Лекция. Когнитивті стильдер
- •9 Лекция. Психологиялық дифференциялауды даму деңгейін анықтау
- •10 Лекция. Жеке адамның бағыттылығы
- •13 Лекция. Интеллекттің қасиетінің құрылымы.
- •14 Лекция. Дж. Гилфорд бойынша интеллектінің құрылымдық репрезентациясы
- •15 Лекция. Зерттеу әдістерінің шығу тарихы
Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі м.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті Дифференциалды психология пәнінен лекция жинағы
1 Лекция. Дифференциалды психология пәні
Дифференциалды психологияның басқа психологиялық пәндер арасыдағы орны,
1. Дифференциалды психология (dom тілінен differentia –айырмашылық) индивиттер, сондай-ақ топ адам арасындағы психологиялық айырмашылықтарды және сол айырмашылықтардың себептері мен салаларын зерттейтін психологияның бір саласы. Адамдар арасындағы айырмашылықтарды зерттеу ең алдымен сол айырмашылықтар көрінетін параметрлерді нақты бөліп алуды талап етеді. Бірақ, нақты топ адамдар арасындағы айырмашылықтар анализіне сүйеніп, барлық психологиялық сипаттамаларды өлшеу өте қиын, яғни, мүмкін емес өйткені, психологиялық сипаттамалардың сан алуан түрлері бар.
Америка психологтары Г.Олпорт және Г.Олберт ағылшын тілінде индивидуалдық ерекшіліктеріне жататын 18 мың сөз тапты. Сондай-ақ, темпераментті де, сол әрбір бес мың сипаттамада да индивидуалды айырмашылықтар байқалды
2. Дифференциалды психологияның бірінші міндеті-дифференциалды психология адамның немесе топ адамдардың психологиялық бейнесін анықтайтын маңызды сипаттарды іздеу және ажыратумен айналысады. Таңдалған сипаттаманың қайсысы болса да индивидуалды айырмашылықтарға ие. Бірақ олардың ені әр түрлі сипатта түрлі болады. Индивидуалды айырмашылықтардың диопазондығын анықтап, зерттеушілерден арнайы таңдауды қалыптастыруды талап етеді. Қандай да болса нақты зерттеушілер тобын зерттей отырып, индивидуалды айырмашылықтар диапозоны туралы нақты мәлімет алуымызға сенімді бола алмаймыз. Индивидуалды айырмашылықтар диапазоны әр түрлі психологиялық сипаттамалар өзгеретін популяциясының шегі.
Дифференциалды психологияның екніші міндеті-психологиялық испаттамаларда индивидуалдық айырмашылықтар диапозонын зерттеу. Индивидуалды айырмашылықтар диапазонының ені әр түрлі себептердің ықпалымен өзгеруі мүмкін. Мектептегі оқу деңгейінің көтерілуі балалардың ақыл –ойының жоғары дамуына көмектеседі, балалар арасындағы айырмашылықтарды азайтып және индивидуалды көрсеткіштердің барлық бөліктерін жоғарғы көрсеткіштерге итермелейді.
Дифференциалды психологияның үшінші міндеті-индивидуалды айырмашылықтар диапозонының және шегінің, онда ол диапозон өзгере алатын, негізінде жататын себептерді зерттеу.
Психологиялық сипаттар арасында әр түрлі және күрделі қатынастар бар. Олардың кейбіреулері тығыз өзара байланысты және қасиеттер синдромық құрайды. Басқалар –тәуелсіз үшіншілері –көптеген психологиялық сипаттамалар негізінде болып, олардың сыртқы көріністерін анықтайды.
Дифференциалды психологияның төртінші міндеті-психологиялық сипаттамалардың құрылымын зерттеу.
Түрлі топтарда индивидуалды ерекшіліктердің диапозондары әр түрлі болуы мүмкін немесе зерттеліп жатқан психологиялық сипаттамалардың көрсеткіштері бойынша немесе психологиялық сипаттамалар арасындағы байланыстар тығыздығы бойынша ерекшелектенуі мүмкін.
Дифференциалды психологияның бесінші міндеті - топ адамдар арасындағы әртүрлі айырмашылықтар. Индивидуалды айырмашылықтарды зерттеу, олардың шығу тегі туралы сұрақты қозғамай кете алмайды. Адамдар әр түрлі туылуына немесе тәрбиесіне байланысты ма? Психологиялық ерекшеліктерге не көбірек әсер етеді - тұқым қуалаушылық па, жоқ қоршаған орта ма?
Индивидуалды айырмашылықтар психологиясынын алтыншы міндеті - индивидуалды айырмашылықтар табиғаты. Бір жерде айтылған индивидуалды айырмашылықтар мәселелері –индивидуалдықты талдау үшін тиымды психологиялық сипаттарды ажырату, бір немесе басқа сипаттамаларды өзгеру шегін анықтау және т.б. индивидуалды айырмашылықтардың қалыптасуының жалпы заңдылықтарын түсіну үшін маңызды екені белгілі.
