Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТжИЖӘ т-30 КАЗ 16ж.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
97.79 Кб
Скачать

6

Бекітемін

ҚазИгзу әскери кафедрасының ТжИж циклының бастығы

запастағы полковник И. Лагус

___ ______________ 20___ ж.

«Мотоатқыш бөлімшеде тәрбие және әлеуметтік-құқық жұмыстарын ұйымдастыру» 800100 - әскери-есеп мамандығы бойынша оқитын судентерге «Тәрбие және идеологиялық жұмысының әдістемесінен» өткізілетін сабақтың

Жоспары

6 тақырып. Нұсқау сабақтарын дайындау және жүргізу әдісі, бөлімше белсенділерімен нұсқау сабақтарын жүргізу.

1.Оқу және тәрбие мақсатары.

- студентерге ңұсқаулық сабақтары мен бөлімше белсенділерімен нұсқау дайындау мен жүргізуді ұйымдастыру бойынша басшылық құжаттардын талабын жеткізу.

2. Әдіс: дәріс сабақ.

3. Уақыт: 2сағат (80 минут)

4. Өткізу орны: оқулық сынып

5. Әдебиеттер:

- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі тәрбие және идеялогиялык жұмыстарды ұйымдастыру туралы ҚР ҚМ № 771 08.10.2010ж бұйрығы.

- «Бөлімшелерде тәрбие жұмыстарды ұйымдастыру» ҚР ҚМ № 620 03.09.2010 ж. бұйрығы.

- « ҚР ҚК Құрлік әскерлері ТжИЖ туралы» 30 .09.2013 жылғы № 416 Құрлік әскерлері қолбасшысының бұйрығы.

- «ҚР ҚК суицидық жағдайларды алдын алу шаралы туралы». ҚР ҚМ бұйрығы № 623 06.09.2010ж.

« Ротадағы психологиялық жұмыстар». Оқулық. М., Воениздат, 1983 г.

« Бөлімшелердегі тәрбие жұмыстаоы». Оқулық. Алматы, ҚР ҚМ, 1993 г.;

6.Материалдық қамтамасыз ету: әр түрлі плакаттар, оқу кинофильмдері, слайдтар, көрнекілік құралдар.

Оқулық сұрақтар және бөлінген уақыты

п/п

Оқулық сұрақтар

Уақытинут)

1.

Кіріспе бөлімі:

5

2.

Негізгі бөлім:

1-сұрақ. Взвод және рота белсенділерінің құрамы.

2-сұрақ. Нұсқау сабақтарын дайындау және жүргізу әдісі, бөлімше белсенділерімен нұсқау сабақтарын жүргізу.

70

20

50

3.

Қорытындау бөлімі:

5

Кіріспе бөлімі:

- взвод кезекшісінен рапорт қабылдау;

- студенттердін санын, сабаққа дайындықтарын және сыртқы пішінін тексеру;

- тақырыпты және оқу сұрақтарын хабарлау.

1-сұрақ. Взвод және рота белсенділерінің құрамы.

Бөлімшеде тәрбие және идеологиялық жұмыстар барысында міндеттер көлемі жеткілікті. Оның тиімділігі үшін ротада білім және тәрбие беру процесінің түрлі салалардағы, ерікті негізде жұмыс істейтін белсенділер (активтер) адамдардың болуы қажет.

Бастамашыл топ, ауқымды тандаудың әдістерімен түрлерің пайдалана отырып, нәтижесінде, бөлімшедегі тәрбие және идеологиялық жұмыстарының мақсатырымен міндеттерің жузеге асырады.

Бұл бастамашыл адамдар тобы ротаның белсенділері (активтері) деп аталады.

Белсенділер болып:

- мемлекеттік - құқықтық және жауынгерлік даярлығының үздік әскери қызметшілері;

- сынапты мамандар;

- жастар көшбасшылары (ротаның ж/е взводтың);

- ротаның қабырғалық баспаның редакторы;

- взводтың жауынгерлік парақшасының редакторы;

- ақпарат - тәрбие жұмысы бойынша бөлменің қенесі;

- взвод үгітшілері;

- ротанаң жеке құрамының тәрбие - мәдени жұмысының ұйымдастырушы;

- ротанаң жеке құрамының жаппай-спорттік жұмысының ұйымдастырушы.

Белсенділер ТжИЖ бойынша рота (батарея) командирі орынбасарының тікелей басшылығымен жұмыс істейді, ол белсенділер бірліктің мүшелеріне іс-шаралар дайындау және өткізу кезінде ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек береді.

Жауынгерлік белсенділер – бөлімнің және бөлімшелердің жауынгерлік міндеттердің дайындау және орындау кезінде жетекші рөлің атқаратын ең белсенді жауынгерлері. Ол жауынгерлік тәжірибесі мол, авариялар, апаттар мен табиғи апаттардың зардаптарын жоюға қатысқан жауынгерлерден тұрады.

Жауынгерлік белсенділер – бейбіт және соғыс уақытында, оқу-жатығу, ұрыстық іс-әрекеті барысында командирлердің және Тж/еИЖ бойынша рота (батарея) командирі орынбасарлардің бөлімшедегі тәрбие және идеологиялық үдерісінің  атқару кезінде көмекшілері.

Ақпараттық белсенділер – қызметтестерге  (бағыныстыларға) дейін  тағайынды  ақпаратты  ауызша  немесе  жазбаша жеткізіп алатындай, оны әскери  қызметшлерді  тәрбиелеуге  қажетті сапалардың бағыттайтын ең зияткерлік баптаулы адамдар.

Ақпараттық белсенділерге:

- үгітшілер (ақпаршылар),

- жауынгерлік парақшасының редакторлары;

- қабырғалық баспаның  редколлегия мүшелері;

- мемлекеттік-құқықтық даярлау жетекшілерінің көмекшілері;

- ақпарат - тәрбие жұмысы бойынша бөлменің қенесішілері;

- және т.б.жатады

Жастар белсенділері – жастармен жұмыс істейтін, жергілікті жеке  құрамының кешенді  тәрбие саласында мемлекеттік  жастар  саясатың  атқару жөніндегі Жалпыәскери құрылымына кіретін жоғары тәртіпті , жауынгерлік  дайындықка және  қызметке  ең баптаулы әскери қызметшілер.

2-сұрақ. Нұсқау сабақтарын дайындау және жүргізу әдісі, бөлімше белсенділерімен нұсқау сабақтарын жүргізу.

Бөлімшелердін белсенділерін оқыту жұйесінде тәрбие және идеологиялык жұмыстары тәжрибесінде негізгі орынға нұсқау сабақтары жатады.

Бұл бөлімше белсенділерін оқыту және тәрбиелеу едәуір өте қиын түрі және ұйымдастырушылардан осындай сабақты толық ойланып және қамтамасыз етуды қажет етеді: тақырыбын тандауды, оқу сұрақтарын, мақсатын, тапсырмасын, өткізу тәртібін, материалдық қамтамасыз етуді және жетекшінің жеке сабаққа даярлығын.

«Бөлімшелерде тәрбие жұмыстарды ұйымдастыру» Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің № 620 03.09.2010 ж. бұйрығына «ҚР ҚК негізгі ұйымдастыру және тәрбие іс-шаралар жұйесі» қосымшасына сәйкес нұсқаулық сабақтар бөлімше белсенділерімен қажеттік кезде, айына 1 реттен жиі емес 1-2 сағат уақытта өткізіледі.

Сабақ жұргізуге (өткізуге) тәрбие және идеологиялық жұмыс бөлімшесі келісімі бойынша бригада және батальон штаб офицерлері, клуб және кітапхана кенесінің мүшелері қатысады.

Сабақты әдеттегідей, рота командирінің тәрбие және идеологиялық жұмысы бойынша орынбасары жүргізеді.

Бөлімше белсенділерінің оқытудағы жоғарғы тиімділігі, сабақ кезінде педагогика және психология негіздері, тәрбие және идеологиялық жұмыстарын тәжрибесімен, озат оқыту және тәрбиелеу әдістерімен байланыстыра оқытуды, оны тек жүйелі жүргізгенде ғана жетеді.

Сабақтын мазмұны және тақырыбы Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің шешімімен, сондай-яқ бөлімшеге қойылған басқада нақты тапсырмаларымен анықталады.

Төжрибе көрсеткендей, нұсқаулық сабақтарда келесі сұрақтар талқылануы мүмкін:

- жауынгерлердін оқыту және тәрбиелеу түрлерімен әдістері,принциптары;

- бағыныстылардын психологиялық ерешеліктерін зертеу әдістемесіне, тәрбиелеуге жеке әдіспен қарау;

- жауынгерлік сайыстын әсерлігін көтермелеу бойынша түрі мен әдістер жұмысы;

- жаппай-насихатау және мәдени-ағартушылық жұмысындағы ұжымның тәжрибесі;

- әскери ұжымның ұйымшылдығынын жолдары мен әдістері ж.т.б.

Әскери тұрмыс мазмұны бойынша мол, бөлімше әр түрлі жағдайларда әрекет жасайды, нақты тапсырмаларды шешеді. Бұл бөлімше белсенділерімен арнайлы нұсқаулық сабақтар өткізуді қажет етеді.

Мысалы:

- жауынгерлік кезекшілікті өткізу кезіндегі тәрбие және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру;

- атыс даярлау және өткізу мезгіліндегі ТжИЖ мазмұны,түрлері мен әдістері;

- қараулдық қызметті даярлау және өткізу кезінде тәрбие жұмысын ұймдастыру ерешектілігі ;

- мезгілдік қамтамасыз ету өткізу кезіндегі ТжИЖ ұйымдастыру ж.т.б.

Тәрбие және идеологиялық жұмысынын перспективалық және кезекті (ағымды) жоспарлар негізінде рота командирінің орынбасары келесі нұсқаулық сабақтарды алдын-ала және мұқият даярлайды.

Нұсқаулық сабақты өткізу әдісін тандау шығармашылықты қажет қылады.Бұл кезде көп факторларды есепке алу қажет.

Олардын ортасында:

- белсенділердін жалпы білімдік дәрежесі;

- моральдық-психологиялық жағдайы;

- орындаутын тапсырмалардын мазмұны, ерешектілігі ж.т.б.

Әр жағдайда ең негізі – озат тәжрибе негізінде белсенділерді жеке құраммен ТжИЖ әдістемесін және ұйымдастыруды ұйрету, сондықтан келесі сабақ әдістері қолданылады: дәріс, сұхбат, әңгімелеу, семинар. Осыларды жеке ғана емес, тіркесе байланыстырып қолдануға болады.

Міне, мысалы, нұсқаулық сабақтын «Қазақстан Республикасының егеменділігіне 25 жылдығын қарсалу бойынша, жауынгерлік сайыстын тиімділігін көтермелеу бойынша белсенділердін жұмысының түрлері мен әдістемелері » өткізу жоспары осылау болуы мүмкін:

1. Сабақтын тақырыбы бойынша нұсқаулық баяндама;

2. Белсенділер мүшелерінң сөз сөйлеуі;

- жеке және ұжымдық міндеттемелер алу бойынша ұймдастыру жұмысы;

- жауынгерлік сайыстын әйгіліктігін (гласность) қамтамасыз ету жұмыс әдісі;

- жауынгерлік сайысты күнделікті және апта бойы қорытындауды жүргізу әдістемесі.

3. Жауынгерлік сайыстын өтіуін және қорытындысын көрнекі рәсімдеуін байқау (қарау).

Сабақтын жоспары анықталғанан кейін, ол алдын-ала барлық белсенділерге жеткізіледі.

Рота командирынын ТжИЖ бойынша орынбасары нақты сұрақ бойынша белсенділердін жұмысын оқытуді, баяндаманы және сөз сөйлеуді мұқият даярлауды ұйымдастырады.Ол сөз сөйлеушілерді негізгі сұрақтарды бөлу шеберлігіне, оларды қалай женіл түсіндіруін үйретеді, әдістемелік жауаптар береді,керекті әдебиеттерді ұсынады.

Сабақтын жоспары әдетте, кіріспе сөзді, бандаманы, сұрақтар бойынша сөз сөйлеуді және пікірлермен алмасуды,қорытынды талдауды қарастырады.

Осы нұсқаулық сабақ өткізу әдісі жанжақты (әмбебапты), өйткены оның мақсаты керекті білім беру ғана емес, және көп белсенділерді сабақтын сұрақтарын талқылауға жұмылдыру, жәнеде озат тәжрибені жинақтау және тарату болады.

Нұсқаулық сабақтарды өткізу дифферециалды, белсенділердін әр категориясымен жеке, ротанын барлық белсенділерімен бірге болады деп тәжрибе көрсетеді.

Нұсқаулар мақсатты сипатама таратуші және нақты тапсырмаларды қою түрінде, өткізетін іс-шараны толықтыра түсіндіре өткізіледі.

Әдетте, белсенділерге нұсқау жүргізу келесі осындай іс-шараларда өткізіледі: тактикалық жаттығуларда, марштарда, шаруашылық-парк күндері, ұрыстық атыс, машина жүргізу, караулға және жауынгерлік кезекшіліке түскен кездерінде.

Нұсқауды: үгітшілер, жауынгерлік парақша, қабырға газетінің редакторлары, категориясы бойынша өткізген командирлермен, ТжИЖ бойынша орынбасарлары дұрыс істейді.

Бұл тапсырмаларды нақтылай түсуге, пайда болған сұрақтарға нақты жауап беруіне, іс-шараны өткізуді даярлауға белсенділерге жеке көмек көрсетуге көмектеседі.

Нұсқаулар ТжИЖ әдісі ретінде белсенділермен ғана емес,және ротанын барлык жеке құрамыменде жұмыс істеуге пайдаланылады.

Нұсқау деген түсіңік латын сөзінде «инструкция», аударғанда – өсиет,қауылы, ережелер жинағы, белгіленген тәртіп дегененді білдіреді.

Жеке құраммен жүргізілген нұсқаулар командирдын жұмысы турінде келесі тәрбие фунцияларын орындайды:

Ақпаратандыру функциясы. Әр нұсқау әр жауынгерге мағнынасын, мазмұнын, бағыты мен ерешектілігін, оқу-жауынгерлік қызметте бөлімшеге жүктелген тапсырманы орындау турлерін толығынан жеткізеді

Оқу танымдық функциясы. Нұсқауды жеке құрамды оқытудін бір түрі ретінде қарастыруға болады, сондықтан, жауынгердін теориялық білімін және тәжрибелік әдетімен шеберлігін көтермелеуге мүмкіншілік беретін, нұсқаудын мазмұнында нақты оқу ақпарат енгізілген.

Профилактикалық (Алдын алу) функциясы. Нұсқаудын негізгі бір тапсырмасы әскери қызметшінін теріс қимылдарын, денсаулық және өмірін сақтау мүмкіншіліктерін алдын алу болып саналады. Сонымен бірге, нұсқау жүргізу кезінде техника және қару-жарақты сақтау сұрақтары шешіледі.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер бөлімдері мен бөлімшелерінде нұсқау жеке құрамның күнделікті тұрмысында және қызметінде терен қолданылады.

Бір де бір жауынгерлік даярлық сабақтары, қараул және ішкі қызмет наряды, маршқа шығу,іс-сапарға бару, демалыста, техникамен қару-жарақты жабдықтау тапсырмаларын орындауда, шаруашылық жұмыстары тапсырманы орындау және қауыпсыздық шаралары бойынша нұсқау жүргізбей, баталуы мүмкін емес.

Командир өткізген әр нұсқау анау және өзгеде оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде өте жекешілікті.

Бөлімше командирі нұсқау жүргізу кезінде жеке құрамға жеткізуге қажет:

- жалпы тапсырманы және тапсырманы орындау, өткізу іс-шаралар ж.т.б. мақсаттарын;

- жүктелген (қойылған) тапсырмалар және жүргізу жұмыстарынын негізгі бағыттарын, күштерін және құралдарын;

- жүктелген тапсырмаларды нақтылау және оны бөлімшенің әр әскери қызметшіге жеткізу;

- орындайтын тапсырмалардын ерешеліктерін жеткізу, тапсырмаларды орындаудағы негізгі әдістерін көрсету;

- объектінін зақым және қаза болуына әкелетін ең қауыпты участкелерін, белгілі кемшіліктерін көрсету, кейін оларды қайталанбауына түсіндіру;

- негізгі уақтылы нормативтерді жеткізу: жұмыс басталу уақыты, үзіліс уақыты және ұзақтылығы, жұмыс аяқталуы уақыты, бөлімшелердін жиын және сапқа түру уақыты мен әдістерін жариялау,орынбасаррын тағайымдау және өзінің тұру (жүру, болу) орнын көрсету.

Нұсқаулар алдын ала немесе оқу-жауынгерлік тапсырмалар, шарушылық-парк күндері, жауынгерлік техника және қару-жарақтар қамтамасыз ету, шарушылық жұмыстары басталу алдында жүргізіледі.

Нұсқаулар әр әскери қызметшіге қолы қойдырып жеткізіледі.Бұл мақсатта бөлімшеде «Нұсқаулық журналы» жүргізуді үсынады, әдетте 96 беттік дәптерден жасайды. Журналдын әр бетті нөмірленеді. Беттері белгіленген тәртіппен тігіледі.

«Нұсқаулық журналы» қатан есептілік «Қызметтік қолдану үшін» белгі (грифы) бар іс қағаздарын жүргізу құжаты болып есептеледі және рота (батарея) канцеляриясында сақталады.

Осылайша, нұсқкаулар рота командирінің тәрбие жұмысының тиімді түрі болып саналады. Егерде командир нұсқау өткізуді ойланып және шеберлікпен, формализмсіз мен женілтіксіз қараса, онда олар өз лайықтығын, арналуын орындайды.

Тақырып бойынша қорытынды: нұсқаулық сабақтар және бөлімше белсенділерге нұсқау жүргізу, жеке құрамды оқытудін және тәрбиелеудін негізгі әдісі болып табылады және жүйелікпен, мақсатылықпен, шығармашылықтықпен қарастыруді талап етеді.