Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билеты ВСПР.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
72.71 Кб
Скачать

1 Билет

  1. Тәрбие жұмысы дегеніміз не?

  2. Топ және ұжым туралы түсінік?

  3. Тәрбиелеу субъектілері және объектілері?

1. Тәрбие жұмысы – бұл командирлердін, штабтардын, ТжИж органдардын әскери қызметшілердін ақыл-ойына, еркіндігіне, және сезіміне, әскери ұжымына, олардын жоғары моральдық-психологиялық, психологиялық, жауынгерлік және кәсіби қасиетін калыптасуына және дамуына мақсатты бағыталған және ұйымдастырылған процесс.

2. Топ — әлеуметтік тұтастықтан белгілі бір нышандары негізінде бөлінетін адамдардың шектеулі шамадағы қауымдастығы; бұл нышандар атқаратын қызметтерінің сипаты, әлеуметтік не таптық қатыстылығы, даму деңгейі және т.б. болуы мүмкін.

Топ — жалпы белгілердің негізін (мақсат, іс-әрекет түрі, әлеуметтік деңгей, жас ерекшелігі, адамдар саны және т.с.с.) құрастырған адамдардың әлеуметтік жиынтығы.

Ұжым - ол қоғамға пайдалы қызметте ортақ мақсатқа жұмыла еңбек ететін және психологиялық тұрғыда топтасқан адамдар тобы.

Әскери ұжым дегеніміз - жеке құрам өмір сүретін, жауынгерлердің рухани бейнесі мен шеберлігі қалыптасатын қоғамдық-идеялық, психологиялық орта.

Ол басқа ұжымның түрлерінен алдына қойған мақсаттары мен Отанды қорғау міндеттерімен ерекшеленеді.

Егер бөлімшенің мүшелері өздерінің міндеттері мен бағыттарын терең түсінсе, онда ол нағыз әскери ұжым деп танылады.

3. Тәрбиелеу субъектілері?

Тәрбиелеу субъектілері: қоғам,мемлекет, олардын институтары, тәрбие органдары, лауазымды тұлғалар.

Тәрбиелеу объектілері?

Тәрбиелеу объектілері: әскери ұжымдар, офицер құрамы, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер,сарбаздар, ҚР ҚК азаматтық персоналы.

2 Билет

1. Тәрбие жұмысының негізгі мазмұны?

2. Тәрбие жұмыстарына ғылыми көзқарас дегеніміз?

3. Күн тәртібінде қандай іс шараға уакыттар бөлінеді?

1. Тәрбие жұмысының негізгі мазмұны – жеке құрамнын барлық категорияларымен әскерде мемлекеттік саясаттын, әскери қызметшілерге азамат-патриот қасиеттерін, кәсіби әскерилер, сенімді Отан қорғаушысы, қойылған тапсырмаларды орындауға жеке жаупкершілікке қалыптастыруды жүргізуы болады.

2. Тәрбие жұмыстарына ғылыми көзқарас дегеніміз - Қазақстан Республикасының қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі мемлекет шешімдері мен саясатын әрқашан және барлық жерде насихатап, оның терең білімге негізделген талаптарын қатаң назарға ескеру. Командирлердын ТжИЖ орынбасарларына тәрбие жұмысының жоспарын құру кезінде, Қазақстан Республикасының Конституциясының талаптарын, әскери доктринанысынын, заңдардын, ҚР ҚК жалпыжарғыларынын, Қорғаныс министрінің бұйрықтар және директиваларын басшылыққа талап ету.

3. Күн тәртібінде қандай іс шараға уакыттар бөлінеді:

- жеке кұрамды хабарландыру;

- радио тыңдау және теледидар («Хабар») көру;

- тәрбие жұмысы;

- мәдени-демалыс және спорттық жұмыс;

- карауыл мен тәулык нарядымен өткізілетін тәрбие жұмысы.

- ақпараттандыру.

3 Билет

1. Тәрбие дегеніміз не ?

2. Әскери белсенділердің негізгі

Түрлері мен мақсаты?

3. Бөлімшілерде жастар белсенділерінің қандай органдары бар?

1. Тәрбие – қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы.

Ересек буын қоғамдың тарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.

Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді.

Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез – құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал.

Сонымен қатар тәрбие – адамдарды қоғамда еңбекке және басқа да пайдалы әрекеттерді орындауға, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқаруға дайындаудың табиғи заңдылық процесі.

Қорыта айтқанда, тәрбие – қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс.

2. Әскери белсенділердің негізгі түрлері мен мақсаты.

Жауынгерлік белсенділер – бөлімнің және бөлімшелердің жауынгерлік міндеттердің дайындау және орындау кезінде жетекші рөлің атқаратын ең белсенді жауынгерлері. Ол жауынгерлік тәжірибесі мол, авариялар, апаттар мен табиғи апаттардың зардаптарын жоюға қатысқан жауынгерлерден тұрады.

Жауынгерлік белсенділер – бейбіт және соғыс уақытында, оқу-жатығу, ұрыстық іс-әрекеті барысында командирлердің және Тж/еИЖ бойынша рота (батарея) командирі орынбасарлардің бөлімшедегі тәрбие және идеологиялық үдерісінің атқару кезінде көмекшілері.

Ақпараттық белсенділер – қызметтестерге (бағыныстыларға) дейін тағайынды ақпаратты ауызша немесе жазбаша жеткізіп алатындай, оны әскери қызметшлерді тәрбиелеуге қажетті сапалардың бағыттайтын ең зияткерлік баптаулы адамдар.

Ақпараттық белсенділерге:

  • үгітшілер (ақпаршылар),

  • жауынгерлік парақшасының редакторлары;

  • қабырғалық баспаның редколлегия мүшелері;

  • мемлекеттік-құқықтық даярлау жетекшілерінің көмекшілері;

  • ақпарат - тәрбие жұмысы бойынша бөлменің қенесішілері;

  • және т.б.жатады

Жастар белсенділері – жастармен жұмыс істейтін, жергілікті жеке құрамының кешенді тәрбие саласында мемлекеттік жастар саясатың атқару жөніндегі Жалпыәскери құрылымына кіретін жоғары тәртіпті , жауынгерлік дайындықка және қызметке ең баптаулы әскери қызметшілер.

3. Бөлімшілерде жастар белсенділерінің келесі органдары бар:

Жастардың бастамалар орталығы (батальонның, дивизионның, жеке ротаның) – ол барлық бастамаларын, бастамалар мен армия жастардың бастамасымен бағытталған барлық жастар бөліктерінде және Қорғаныс министрлігінің оқу орындарында, өзегі негізгі ұйымдық құрылым болып табылады.

Ротаның жастар бастамашыл тобы – бөлімшілерде жастармен жұмыс қызметін ауызекі ұсынатын, жоспарлайтын және атқаратын батальонның жастар бастамаларын орталығының құрылымындағы ротаның (батареяның) жастар өкілдік органы болып табылады.

Жастардың бастамалар орталығының жетекшесі осы топтың көсбасшысы болып табылады, ол жалпы жастар жиында ең бастамашыл, қағидашыл, жақсы беделмен жауынгерлік ұжымның жастар тобының барлық мүдделерін корғай білетін рота әскери кызметшілерінің арасынан бір есептік кезге (6 айға) тағайндалады.

Жастардың бастамалар орталығының құрамына взводтың көсбасшысылары кіреді, оларда бір есептік кезге (6 айға) тағайндалады.

Олар жоғары жастар органдарында взвод жастардың құқықтары мен мүддесін қорғайды. Жас сарбаздардың құқықтары мен бостандықтарын нығайту, әскери техника мен қару-жарақты дамытуға бағытталған әскери тәртіпті нығайту және әскери борышын үздік орындауын қамтамасыз ететің, взвод жастарының арасында жұмысын жүргізеді және взвод жастарының арасында мәдени демалысын ұйымдастыруға көмек көрсетеді.

4 Билет

1. Мемлекеттік-құқықтық дайындық

2.Дәріс сабақтарынан кейін кең тараған оқу сабағы – семинар.

3. Оқудағы мадақтау және жазалау әдістері.

1. Мемлекеттік-құқықтық дайындық (МҚД) – бұл Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің барлық санатты әскери қызметшiлерiмен және азаматтық персоналымен тәрбиелеу жұмысының кешендi құрамы және оқу нысаның мiндеттi бөлiгі.

Мемлекеттік-құқықтық дайындық жеке құрамда «қазақстандық патриотизмді» қалыптастыру,отанның қорғанысына әзiрлiк, жауынгерлiк парызға адалдық, әскери тәртiптiң және құқық тәртiбiн күшейтуi, Қазақстан Республикасының қарулы күштерге керек-жарағына жауапкершiлiк және мақтаныш, сонымен бiрге психология педагогикалық және әскери қызметшiлердiң құқықтық өнер-бiлiмдерi ұйымдастыру және жетiлдiру мақсатымен жүргiзiледi.

Мемлекеттік-құқықтық дайындықты ұйымдастыру кезінде тарихты, Қазақстанның өткен қаhармандығын, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің әскери дәстүрін, мемлекеттіқ және әскери құрылыс мәселелерін, әскери педагогика және психологиясын, Қазақстанның көп ұлттық мәдениетiң, жеке құрамды тәлiм-тәрбиелеу тәжiрибесiн әскери қызметшiлерiмен зерттеуге негiзгi назар аудару керек.

2. Дәріс сабақтарынан кейін кең тараған оқу сабағы – семинар.

Семинар (лат. seminarium – көшет), әскери қызметшілердің оқу-танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру формасы, ол бекітуге арналған, сонымен қатар өз бетімен алған білімдерді тексеру мен бағалау тәсілі.

Семинар сабақтары – білімді ауызша жеткізу түрі, әскери қызметшілерді шығармашылық қызметке баулитын, кәсіби ойлауларын қалыптастырып, дамытатын сабақ.

Семинарда әскери қызметшілердің мемлекеттік-құқықтық дайындықтың өзекті деген тақырыптары бойынша баяндама жасауы және талқылауы өтеді, жетекші-офицер өз тарапынан түйіндейді. Осыдан келіп әскери қызметшілердің баяндама жасай алу дағдылары қалыптасып, баяндамашы рөлінде болулары, өз көзқарастарын айқын көрсете білулері туындайды.

Семинар сабақтары әскери қызметшілердің өзіндік жұмыстары басты қызмет екенін есепке ала отыра ұйымдастырылады. Әскери қызметшілердің семинар сабақтарындағы жетістіктері проблеманы дұрыс қоя білуге, баяндама әзірлеу сапасына, әр әскери қызметшінің оны тыңдауға ниеті мен талқылауға қатысуына байланысты.

Семинар сабақтарының сапасы негізінен әскери қызметшілердің дайындық дәрежесіне негізделеді, сол себептен семинар сабақтарына дайындалуда ең алдымен арнайы және негізгі әдбиеттермен танысып алу қажетті. Семинар барысында әскери қызметшілер әр сұрақты жан – жақты қарастырып, талдап, қорытындылайды. Әскери қызметшілердің белсенділіктерін арттыру үшін, семинар сабағының жоспары бойынша құқықтық мәселерді шешіп, қарастырады.

3. Оқудағы мадақтау және жазалау әдістері.

Мадақтау түрлері:

• баға қою;

• тапсырмалар арқылы оқушыны табысқа жеткізу;

• жақсы оқитын әскери қызметшілердің үлгерімі төмен әскери қызметшілерге көмектесуі, т.б.

Жазалау түрлері:

• сабақта әскери қызметшілерге ауызша ескерту жасау;

• қателерін айтып, қосымша жұмыс істеуді талап ету.

5 Билет

1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі жауынгерлік жарыстардың маңызы мен мазмұны».

2. Жауынгерлік жарыстың жеңімпаздарың марапаттау?

3. Әскери тәртіп дегеніміз?

1. Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріндегі жауынгерлік жарыстарды ұйымдастыру және оңы күнделікті басқару, бөлімдер мен бөлімшелердің командирілері мен басшыларының міндетті.

Жауынгерлік жарыстарды орналастыруға байланысты жұмыстар мен міндеттемелер әскери бөлімдердің штабтарымен, тәрбие және идеологиялық жұмыс бойынша органдармен, белсенді жауынгерлердің қатысуымен қамтамасыз етіледі.

Жауынгерлік жарыстардың мәні өз дағдыларын дамытуға және таланттарың анықтауға арналған жұмыс өрісіне жауынгерлердің көпшілігін аудару болып табылады.

Бәсекелес – бұл белгіенген талаптар мен нормативтермен салыстырғанда неғұрлым төмен шығыммен жақсы және қауіпсіз істеп, күнделікті нақты жетістіктерге қол жеткізу.