- •Қазақстан республикасының ғылым және білім министрлігі жмм «теміртау көпсалалы «мирас» колледжі»
- •Теміртау 2017
- •1. Бастауыш мектепте оқыту процесінде ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастырудың маңызы мен ерекшеліктері
- •1.1.Ойын бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетің қалыптастыру құралы
- •1.2. «Ойын технологиясы» тәрбие жұмысында қолданудың маңызы
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі: аяқталмаған
Қазақстан республикасының ғылым және білім министрлігі жмм «теміртау көпсалалы «мирас» колледжі»
Пән бойынша курстық жұмыс: Педагогика
Тақырыбы: «Ойын- тәрбие әдісі»
Мамандығы 0105000 – «бастауыш білім беру»
Орындаған: ББб- 2013-1 тобының
студенті Жұман Алина Мунирқызы
Ғылым жетекшісі:
Маликова Ақтоты Дулатовна
Курстық жұмыс қорғалған
Баға_______________
Хаттама №__ «___» ____ 2017 ж.
Теміртау 2017
МАЗҰНЫ
Кіріспе.......................................................................................................................3
1 . Мектептегі ойын-тәрбие үрдісінде ойындарды қолдану мәселелерін зерттеудің теориялық негіздері..............................................................................
1.1.Ойын бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін қалыптастыру құралы...........................................................................................10
1.2. «Ойын технологиясы» тәрбие жұмысында қолданудың маңызы.............13
2.Бастауыш сыныпта ойын әдісін қолдану бойынша мұғалім қызметін ұйымдастыру..........................................................................................................17
2.1. Бастауыш сыныпта математика, қазақ тілі және дүниетану сабақтарында ойындарды қолдану бойынша мұғалім қызметінің мазмұны...........................19
2.2. Бастауыш сыныпта математика, қазақ тілі және дүниетану сабақтарында ойындарды қолдану бойынша мұғалім қызметінің нәтижелілігі......................
Қорытынды..............................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................................
Қосымша...................................................................................................................
Кіріспе
Озық педагогикалық ғылымға, адамтануға тығыз байланысты ұлттық, демографиялық, этнопсихологиялық, әлеуметтiк, мәдени және өзге де факторларды мұқият ескере отырып, бала тәрбиесiн дамытудың жаңа көзқарастарын жасайтын уақыт жеттi. Бұл жерде әңгiме педагогиканың өзiндiк ерекшелiктерi ескерiлуi тиiс, психологиялық және әлеуметтiк-педагогикалық жұмыстың нақты “тәрбиелiк-технологиялық” бағдарламасы жөнiнде болып отыр.
Бұл проблемаларды шешу жолдарын iздестiрудің рухани негiзi мен оның болашақ ұрпақ тәрбиесiндегi рөлiн зерттеуде, сондай-ақ мектеп тәрбиесiн жетiлдiруде педагогикалық шарттарды жүзеге асыруда жатыр.
Бастауыш сынып балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыруы тәрбиеге байланысты.
Бастауыш сыныпта адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады. Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе, балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала – балалар ойыны.
Ойын - балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен.
Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз - жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.
Ойын - мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді.
Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады.
Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: қазiргi кезде жас ұрпақты тәрбиелеу жолында қолданылатын ойын-тәрбие әдістерінің ерекшеліктерінің мағынасын ажырату. Бұл жөнінде ой-пiкiрлер ғылыми түрде дәлелденген. Осы ретте аса күрделi үдерістерді талдау, тәрбиенің қазiргi әлеуметтiк-мәдени жағдайдағы рөлiн айқындау маңызды. Бұл орайда проблемалардың қордаланып қалғанын ешкiм де жоққа шығара алмайды. Жалпылама дүниетанымдармен қатар жоғалып келген немесе бұрын күштеу нәтижесiнде айрылған аса маңызды қасиеттердiң орнын толтыруда адамның рухани мәдениетiнiң негiзiн қалау тек мектепте тәрбие әдістеріне түрлендіру арқылы ғана жүзеге асырылады. Зерттеу жұмысының мақсаты: тәрбиенің тарихи тәжiрибесi мен ұлттық ерекшелiктерiн теориялық тұрғыдан негіздеп, бала тәрбиесіндегі жаңа тәрбие түрлерін, ойын түрлерінде тәрбие әдістерін пайдаланудың педагогикалық шарттарын анықтау.
Зерттеу мақсатына сай келесі міндеттер анықталды:
- Ойынның тәрбиелік аспектілерінің теориялық негіздерін зерттеу;
- Ойын түсінігін ашу;
- Мектепке дейінгі жаста және кіші сынып оқушыларында ойын әрекетінің маңызын көрсету;
- Ойын арқылы балаларды жан жақты тәрбиелеуді талдау;
- Ойын – балалардың ойлау қабілетін арттыратын іс- әрекет ретінде зерттеу;
- Ұлттық мұраның бай қазынасы – халықтық ұлттық ойындарға сипаттама беру;
- Ойын – баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы ретінде қарастыру.
Зерттеу объектісі: тәрбие ретіндегі ойын әдістері
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, этнопсихологиялық, этнопедагогикалық, психологиялық, педагогикалық, авторлық және оқу-тәрбие бағдарламаларына, әдістемелерге талдау жасау, тиiстi әдебиеттер мен мұрағат мәлiметтерiне теориялық талдау, мектептегi танымдық үдерістерді бақылау, педагогикалық материалдарды саралау, модельдеу.
Зерттеу болжамы: бастауыш сыныптарда немесе мектепке дейінгі мекемелерде ойын әдісі тәрбиелеу және оқытудың басты нәтижелі құралыболып табылады, сондықтан да оларды жетік зерттеп игеру арқылы ғана қарастырылып жатқан жастық шақта тәрбие жұмысының нәтижелілігіне жетуге болады.
Зерттеу жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері: жеке тұлғаны тәрбиелеуде ойындарды қолдану, мектептің және қоғамның байланысына таным теориясы тұрғысынан келу; қазақ этнопедагогикасының тұжырымдары; тәрбие теориясы.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімде жұмыстың мазмұны мен құрылымы сипатталып, зерттеудің әдістері мен медодикалық негізі айқындалып, зерттеу тапсырмалы, мақсаты құрылады, зерттеу пәні мен объектісі белгіленеді, зерттелтін мәселенің өзектілігі негізделеді.
Бірінші бөлімде «Мектептегі ойын-тәрбие үрдісінде ойындарды қолдану мәселелерін зерттеудің теориялық негіздері, ойын технологиясы тәрбие жұмысында қолданудың маңызы» қарастырылады.
Екінші бөлімде «Бастауыш сыныпта ойын әдісін қолдану бойынша мұғалім қызметін ұйымдастырылуы, математика, қазақ тілі және дүниетану сабақтарында ойындарды қолдану бойынша мұғалім қызметінің мазмұны айшықталады, тәжірибелік –эксперименттік жұмыстың нәтижелері ұсынылады.
Қорытынды бөлімде бастауыш сыныптарды білім беруде ойындарды қолдану бойынша тиімді жұмыс жасау үшін мұғалімге практикалық ұсыныстар жасалады, педагогикалық зерттеу нәтижесіне шешім шығарылады.
Қосымшада зерттеудің кезеңдерін құрастырушы материалдар ұсынылады.
