- •ҚазИгзу әскери кафедрасының ТжИж циклының бастығы
- •Жоспары
- •23 Тақырып. Бөлімшедегі қабырға газеті және көрнекілік үгіт-насихат жүргізу жұмыстары.
- •1.Оқу және тәрбие мақсатары.
- •5. Әдебиеттер:
- •Рота қабырға баспасы келесіден тұрады:
- •Жауынгерлік парақшаларды дайындау және шығару әдістемесі.
- •Найзағай- парақшаларды дайындау және шығару әдістемесі.
- •Ақпараттық бюллетендерді дайындау және шығару әдістемесі.
- •Рота (батарея) қабырға газетін дайындау және шығару әдістемесі.
- •Фотогазетін дайындау және шығару әдістемесі.
- •Бөлімшенің көрнекілік үгіттеуі.
- •Ақпараттық-тәрбиелеу жұмысы бөлмесін рәсімдеу.
- •Бөлімше орналасқан жердегі көрнекілік үгіттеу
- •Бөлімшеде көрнекілік үгіттеу жасау әдістемесі.
- •Қорытындау бөлімі
- •ҚазИгзу әскери кафедраТжИж циклының оқытушысы
- •Запастағы полковник Тойкенов а.Ш.
Ақпараттық бюллетендерді дайындау және шығару әдістемесі.
Ақпараттық бюллетень – ол ақпаратандыру және оқу-тәрбиелеу тапсырмасын, ақпаратты толық мөлшерінде жеке құрамға жеткізуын орындайтын қабырға баспасы және тәрбие жұмысынын түрі.
Ақпараттық бюллетень әр түрлі және әр қайсысы өз белгіленген мақсатімен және тапсырмасымен шығарылады. Ақпараттық бюллетень озат тәжрибесін ақпаратандыруды насихатау ғана жургіэбей, жауынгерлі сайыстын мақсатарын үгіт-насихатауға көиектеседі. Онымен қоса ақпараттық бюллетень әскери қызметшіге арналған, оны көтермелеу түрі де болып саналады.
Ақпараттық бюллетень нақты шығару мезгілі (уақыты) жоқ және қажет кезде ғана шығарылады.
Келесі ақпараттық бюллетенды шығаруға рота қабырға баспа редколлегиясы жұмыс істейді. Әдеттегіндей ақпараттық бюллетень стандартты ватман парағында рәсімделеді немесе онын ½ көлемінде. Ол тақырыптама (заголовок) ретінде аталады. Текст мазмұны толық жазылады және схемамен, фотографиямен, диаграммамен, графиктармен суйемелеу (сопровождаться) мұмкін. Бірак көрнекі, сүретті материалдар, текстік материалдан аспау керек. Ақпараттық бюллетень әдетте жеке құрамға ұранмен немесе ұндеумен аяқталады.
Дайындалған ақпараттық бюллетень бөлімше орналасқан көрнекі жерінде ілінеді. Өз мақсатын орындағаннан кейін, арнайы тігінге жиналады, рота канцеляриясында сақталады және оқу-тәрбие жүрісінде басқарма құрамымен қолданылады.
Рота (батарея) қабырға газетін дайындау және шығару әдістемесі.
Қабырға газеті – бөлімше қабырға баспасының ең жоғары түрі, бөлімше оқу-тәрбие процессінде, азаматтық және әскери борышын орындау кезінде бағыныстылардын қажетті қасиетін нығайту үшін, рота басқарма құрамына көмек көрсетуге мәнерлі және манызды құралы болып саналады.
Қабырға газетінің егерде жедел, жоспарлы және мақсатты жұмыс істейтін кең авторлық ұжымы, редакциялық коллегиясы болса, тек сол кезде ғана ол қызықты болуы мүмкін.
Редакциялық коллегиясы құрамына кандидатар тандаудан басталады. Олар әскери корреспондентік жұмысқа икімін көрсеткен, әлемдік және отандық әдиебеттерді ұнататын, сүрет салу қасиеті бар жауынгерплер болу қажет. Редколлегия кандидаттары өздері жоғары тәртіпті жауынгерлер, қызметтік борышын атқару кезінде үлгі болу қажет
Рота қабырға газетінің құрамы саны 5-7 адам болу керек, олар осылардан құралуы керек:
- сүретші;
- фотограф;
- редактор кандидаты офицер немесе талапты (инициативный) жауынгер;
- хатшы;
- журналистық жұмысқа икімді, ақпаратты әдебиетті өндей алатын 2-3 жауынгер.
Бөлімше қабырға газетінің редакциялық коллегиясы құрамына тандалған кандидаттар жеке құрам жалпы жиналысында талқылауға салынады және тағайындалады.
Редколлегия бір жылға сайланады. Редакциялық коллегиясы тағайындалған сон, олардын мұшелері өзініәң бірінші отырысында барлық ұйымдастыру және шығармашылық қызметін басқаратын редакторды сайлайды.
Барлық рота қабырға газетінің редколлегия жұмысын рота командирінің тәрбие және идеологиялық жұмысының орынбасары басқарумен жүзеге асырады.
Онын міндетті(РК ТжИЖО):
- қабырға газетінің дайын жобасын бекітеді;
- келесі шығатын газетті тексереді және арты жағына келісуіне қолын қояды;
- редколлегия жұмысының жоспарын бекітеді, әдістемелік және басқа да көмек көрсетеді.
Қабырға газетінің редакторы квартал бойы жеке құрамның жалпы жиналысында орындалған жұмысы туралы баяндама береді, жақсарту жөнінде айтылған ұсыныс-пікірлері мен ескертулерді тындап келесі газеттерді нөмерін шығаруда қолдануға алады.
Рота қабырға газеті айына бір рет шығарылады. Редколегия отырысында, бөлімше командирінің және оның ТжИЖ орынбасарының қатысуымен, қабырға газетінің талқыланған және бекітілген тұрақты атау болады.
Дұрыс шыққан газет екі құрастырудан болады:
- ақпараттық материалдан;
- көрнекі материалдан.
Ақпараттық материалдан редколлегия мүшелері, бөлімше командирлері, белсенділер жазған мақалалардан тұрады.Газетте рота командирі, оның ТжИЖ орынбасары, взвод командирлері, қабырға газетінің редакторлары жазған басмақаладан (статья-передовица) басқада 5-6 мақалалар болуы керек.Әр мақала бағана бойы орналасады, автор иелерінің аты-жөні қолы қойылады.
Көрнекі материалдар сүреттер, фоталар, қырнаулар (гравюры) және олар ¼ пайдалану көлемінен аспау керек. Бөлімше қабырға газетінің ақпарат пен көрнекі материалдар салыстыруы 2:1 болу мүмкін.
Шығаруға дайын газет міндетті түрде нөмірленеді, шығарылған уақыты көрсетіледі, төмен жағындағы оң жақ бұрышында шығарған адамнын, немесе редактордын, немесе редколлегия мушелерінін тізіммен аты-жөні жазылады.
Газеттын атау барлық сүреттерден қарағанда көрнекі болу керек.
Газетты оқуға ынғайлы және көзге түсетіндеу болу үшін, қай материалды қайда қоюын ойлану керек. Мақалалар, сүреттер, фоталар орындары газеттін жасалған макетінде көрсетіледі
Макет – болащак қабырға газетінің нөмерінің графикалық жоспары. Көлімі шығарылатын газетпен бірдей. Макет карандашпен жасалады, ватман парағында материалдар орындары көрсетіледі.
Басқада әдісі бар, карандаш орнына мақала, сүрет, фота жтб бар парақшалар қолданылады.
Редколлегия газеттін тыйімді түрін тандағаннаң кейін, шығаруға дайындалады.
