- •ҚазИгзу әскери кафедрасының ТжИж циклының бастығы
- •Жоспары
- •29 Тақырып. Бөлімшедегі жауынгерлік және мемлекеттік құқықтық дайындық бойынша, әскери тәртіп бойынша қорытындыны дайындау және жүргізу әдісі.
- •1.Оқу және тәрбие мақсатары.
- •5. Әдебиеттер:
- •Оқулық сұрақтар және бөлінген уақыты
- •Жауынгерлік және мемлекеттік құқық дайындығы бойынша жауынгерлік сайыс қорытындысы кезінде рота командирінің ТжИж бойынша орынбасары міндетті:
- •Қорытындау бөлімі
- •ҚазИгзу әскери кафедраТжИж циклының аға оқытушысы
- •Запастағы майор Манасов а.Т.
Бекітемін
ҚазИгзу әскери кафедрасының ТжИж циклының бастығы
запастағы полковник И. Лагус
___ ______________ 20___ ж.
«Мотоатқыш бөлімшеде тәрбие және әлеуметтік-құқық жұмыстарын ұйымдастыру» 800100 - әскери-есеп мамандығы бойынша оқитын судентерге «Тәрбие және идеологиялық жұмысының әдістемесінен» өткізілетін сабақтың
Жоспары
29 Тақырып. Бөлімшедегі жауынгерлік және мемлекеттік құқықтық дайындық бойынша, әскери тәртіп бойынша қорытындыны дайындау және жүргізу әдісі.
1.Оқу және тәрбие мақсатары.
- студентерге бөлімшедегі жауынгерлік және мемлекеттік құқықтық дайындығы бойынша, әскери тәртіп жағдайдың қорытынды жүргізуді ұйымдастыруды, басшылық құжаттардын талаптарын жеткізу.
2. Әдіс: дәріс сабақ.
3. Уақыт: 2сағат (80 минут)
4. Өткізу орны: оқулық сынып
5. Әдебиеттер:
- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі тәрбие және идеялогиялык жұмыстарды ұйымдастыру туралы ҚР ҚМ № 771 08.10.2010ж бұйрығы.
- «Бөлімшелерде тәрбие жұмыстарды ұйымдастыру» ҚР ҚМ № 620 03.09.2010 ж. бұйрығы.
- « ҚР ҚК Құрлік әскерлері ТжИЖ туралы» 30 .09.2013 жылғы № 416 Құрлік әскерлері қолбасшысының бұйрығы.
- «ҚР ҚК суицидық жағдайларды алдын алу шаралы туралы». ҚР ҚМ бұйрығы № 623 06.09.2010ж.
- «ҚР ҚК МҚЖ еңгізу және ұйымдастыру туралы» ҚР ҚМ директивасы № 27 28.11.1995ж.
6.Материалдық қамтамасыз ету: әр түрлі плакаттар, оқу кинофильмдері, слайдтар, көрнекілік құралдар.
Оқулық сұрақтар және бөлінген уақыты
№ п/п |
Оқулық сұрақтар |
Уақыт (минут) |
1. |
Кіріспе бөлімі: |
5
|
2. |
Негізгі бөлім: 1-сұрақ. Басшылық құжаттардын талабы бойынша бөлімшедегі жауынгерлік және мемлекеттік құқықтық дайындығы бойынша, әскери тәртіп жағдайдың қорытынды жүргізуді ұйымдастыру. 2-сұрақ. Рота командирінің ТжИЖ бойынша орынбасарының қорытынды талдауды ұйымдастыру бойынша жұмысының мазмұні мен реті.
|
70 35
35
|
3. |
Қорытындау бөлімі: |
5
|
Кіріспе бөлімі:
- взвод кезекшісінен рапорт қабылдау;
- студенттердін санын, сабаққа дайындықтарын және сыртқы пішінін тексеру;
- тақырыпты және оқу сұрақтарын хабарлау.
Кіріспе
Уақтылы, жұйелі және жедел жауынгерлік оқудын, мемлекеттік құқық дайындықтын, әскери тәртіп жағдайдын қорытындысын шығару, Қарулы күштеріндегі тәрбие жұмыстарының өткізуде кең манызы бар .
Қорытындысын шығару кезінде оқу-тәрбие процессын терен талдауға, жоспарлар тұзетуге болады, кездескен кемшіліктерді жоюға жедел шаралар қолданылады.Бұның барлығы әскери қызметшілерді жауынгерлік сайысқа белсенді қатысуына қамтамасыз етеді: бастама көрсету және әскери оқыту дәрежесін көтермелеуге, әйгілік принциптерін, нәтижесін салыстыруға, ұздік тәжрибені жариялауға мүмкіншілік береді.
1 -сұрақ. Басшылық құжаттардын талабы бойынша бөлімшедегі жауынгерлік және мемлекеттік құқықтық дайындығы бойынша, әскери тәртіп жағдайдың қорытынды жүргізуді ұйымдастыру.
Әскери қызметшілердін және әскери ұжымдар қызметінің қорытындысын жүргізу - бұл қойылған мақсаттарды және жауынгерлік және мемлекеттік құқықтық дайындығы бойынша тапсырмаларды, жауынгерлік сайыс бойынша алынған міндеттерді, тәрбие және идеялогиялық жұмыстарын жұйелі талдап жұргізу.
ҚР Қарулы Күштерінде жауынгерлік оқуды,тәрбие жағдайын және жауынгерлік сайысты қорытындау және талдау жүргізу нақты ретке келтірілген.
Жауынгерлік және мемлекеттік құқықтық дайындығы бойынша, әскери тәртіп жағдайын қорытынды жүргізіледі:
- Бөлімшеде,экипажда, есептопта- жұмыс аяғында;
- Взводта – 1 рет аптасына, апта аяғында;
- Ротада (батареяда) – 1 рет аптасына
Қорғаныс Министрінің бұйрықтары мен директиваларына сәйкес жауынгерлік сайыс қорытынды жүргізіледі:
- Есептопта, экипажда, бөлімшеде, - апта сайын;
- Взводта – айына 2- рет;
- Ротада (батареяда) – ай сайын;
- Жеке батальонда, бөлімде, бірліктерде – квартал сайын және оқу мезгілі сайын.
Тапсырма мен нормативтер бойынша міндеттер, жоспарлық жауынгерлік дайындық тікелей аяқталу бойынша бағаланады және қарастырылады
Бір күнді, апта бойы болған жауынгерлік сайыстын жұргізуын қорытындысын талдап, командирлермен тәрбие органдары жеке құрамды қорытынды аяқталуға ғана кұресуге жұмылдыру емес, үдайы жеке құрамның моральдық әсер ету .
Қорытындыны талдау әскери ұжымдардын жағдайында жоғары беріктілікті, талапшылықты, әр сарбаздын күш қайрат және игілікті мүмкіншілік жағдаймен біріктіріп құруды ұйғарады.
Сондықтан жауынгерлік және МҚД сандық нәтижесін көрсетуден басқа жанжақты бағалануы мүмкін:
- ұжымның ынтымақтылығы;
- достық өзара көмек, жауынгерлердін қоғамдық жұмысқа қатысуы.
Қорытындыны талдау командирдын және тәрбиешілердін әскери қызметшілерді моральдық және материальдық ынталандыру (стимулированию) бойынша негізгі тапсырмаларімен өзара байланысты. Жауынгердін әскери борышын адалдықпен атқару және көтермелеу шарасы жоғарғы тәрбие мәні ретінде, екі ортадағы ажырамайтын байланысты анықтау.
Адал жауынгерді, үздік ұжымды уақтылығында және лайықты көтермелеу - оның жұмысқа деген шығармашылықпен қарауы,бұл жауынгерлерге оқуда және тәртіпте оданда жоғарғы нәтижелер көрсетуге жанадан күш береді.
ҚР Қарулы Күштерінде ұздік жауынгерлерді және әскери ұжымдарды әр түрлі материалдық және моральдық көтермелеулер анықталған:
Мысалы Қорғаныс Министрінің директивасының талаптарына сәйкес жауынгерлік сайыс женімпаздарын көтермелеу және марапаттау қажет:
- солдат, курсанттарды, сержанттарды, келісім шарт бойынша әскери қызметшілерды, офицерлерді – Тәртіп жарғысы ережелеріне сәйкес ;
- есептоптарды, экипаждарды, бөлімшелерді, взводтарды және оларға тен бөлімшелерді – ай аяғындағы қорытындысы бойынша ауыспалы жалаушамен ;
- рота және оларған тен бөлімшелерді – ауыспалы жүлделермен және әскери бөлім граматаларымен - оқу мезгілі және қоу жылы қорытындысы бойынша.
Әскери бөлімдерде қорытындыны талдауда үздік тәжрибесін насихатау, жұмылдыру күшін және кейін қалған жауынгерлерге алдыға ұмтылыуна, ұздіктер қатарына жетуіне әсерін тигізеді, тәрбиелеу рөлін нығайта түседі.
Осы мақсатта ұздікті жауынгерлердін тәжрибесін насихатау оқу түрлерін таратуда келесі тақырыпты кештер мен ертенгіліктер өткізуге болады « Шеберлер тәжрибелерімен бөліседі», үздік маман конкурсі және сайыстар ұйыдастыру және өткізу, радиогазет шығару, үздіктер галереясын (бұрышын) рәсімдеу.
Бірінші сұрақ бойынша қорытынды: Осылайша, жауынгерлік және МҚД, әскери тәртіп жағдайын уақтылы және сапалы өткізу, командирлер мен ТжИЖ органдарына кемшіліктерді уақтылы тауып, бағыныстыларды жоғары көрсеткіштерге жетуіне, болащағына көз жеткізуіне көмектеседі.
2 -сұрақ. Рота командирінің ТжИЖ бойынша орынбасарының қорытынды талдауды ұйымдастыру бойынша жұмысының мазмұні мен реті.
А) Жауынгерлік және мемлекеттік құқықтық дайындық бойынша, әскери тәртіп бойынша қорытындыны дайындау әдісі.
Ротада (батареяда) қорытындыны талдау апта аяғында бөлімшенің барлық жеке құраммен өтеді, сонан кейын әскери қызметшілердін категориясы бойынша бөлек: сержантармен және офицерлермен.
Әдетте рота командирі алғашында сөзді рота командирінің ТжИЖ бойынша орынбасарына береді, өз сөз сөйлеуінде ол тәрбие жұмысына, ұжымның моральдық-психологиялық жағдайына баға береді.
Одан кейын ТжИЖ орынбасары тәрбие іс-шараларын өткізуде қамтамасыз ету, оқу-жауынгерлік тапсырма әткізу кезінде, оқуда,тәртіпте және әскери ұжымды біріктіруде белсенділердін үлгі болуында,бөлімше белсенділерінің рөлін анықтайды. Аяғында ол, таяу уақыттағы негізгі тәрбие іс-шараларын анықтайды.
Сонан кейін рота командиры жеке құрамға бөлімше алдынна қойылған негізгі тапсырмаларды ескертеді және олар қалай орындалғанын жариялайды.
Рота командирі өткен аптадағы жеке құрам негізгі оқу пәндерінен жеткен көрсеткіштерді жариялайды: МҚД, тактикалық, атыс, саптық, РХБҚ, жауынгерлік машина жүргізуден, әскери тәртіп және ішкі қызмет.
Ол жеке әскери қызметшілер кемшіліктерін және олардын пайда болуын, жауынгерлік оқу озаттарын, ұздікті бөлімшеніі және ұздікті взводты, сондаяқ кейін қалғандардыда көрсетеді.
Әскери тәртіп сұрақтарын қарастырғанда рота командирі әр жарғы тәртібін бұзған жағдайларға ерекше тоқтала кетеді, олардын болдырған себебін, қайталанбау бойынша шараларды анықтайды.Жауынгерлерді жібермей тұрып, оларға келесі аптаға тапсырма қояды.
Сонан кейін рота командирі қалған бөлімше сержантармен және офицерлермен рота жағдайы туралы талдау жүргізеді, кіші командирлердін оқу –тәрбие жұмысы қызметіне баға береді. Әр сержантқа олардын командирлық және әдістемелік дайындығына,өз бағыныстыларын оқыту және тәрбиелеу бойынша мүмкіншілігіне баға қояды. Бөлімше командирлерінің әскери борышын атқару кезінде , қарумен және техникамен қолдануында, әскери тәртіпте жеке үлгі болуын көрсетеді.
Сержант құрамын жібермей тұрып,жауынгерлік оқу және тәртіпті нығайту бойынша оларға келесі аптаға тапсырма қояды.
Офицерлермен, взвод командирлерімен қорытынды өткізу кезінде рота командирі қай взвод команиры үздікті, қайсысы қызметтік міндетті нашар орындағанын айтады.
Рота командирі одан басқа барлық объектілердін хал-жағдайын,тәртібін қарастырады.
Жеке офицерлердін әдістемелік дайындықтағы, оқуды ұйымдастыруда және өткізудегі, бағыныстылармен тәрбие жұмысындағы, қарауыл және ішкі қызметтегі нақты кемшіліктерін көрсетеді.Егерде бөлімше офицері өткен аптада әскери тәртіп бұзса немесе қызметте кемшілік жіберіп алса рота командирі оны жолдастары арасында толық талқылауға, немесе жеке тәрбиелеу жұмысын өткізуге міндетті.
Б) Жауынгерлік сайыс бойынша қорытынды өткізу әдістемесі.
Әдетте, айлық жауынгерлік сайыс қорытындысын рота командирінің ТжИЖ бойынша орынбасары өткізеді. Жауынгерлік сайыс қорытындысы бұкіл рота жеке құрамы қатысуымен жария (гласно) өткізіледі. Қорытындау кезінде нақте жетістіктер нәтижелері көрсетілген жауынгерлік сайыс экраны дайындалады және оны іліп қояды.
Басында рота командирінің ТжИЖ бойынша орынбасары жеке құрамға жауынгерлік сайыс ұраның, алған міндеттерін, орындау жағдайларын, сондай-ақ жоғары көрсеткіштерге жетуге жұмылдыру бойынша рота белсенділерінің рөлін естеріне салады. Келесіде ол белгілейді:осы міндеттемелер қалай орындалып жатқаны,басқарма дәрежесі кіші командирлер,озат және кейін қалғандардын жағынан жарыстын өтуі. Қорытындау кезінде сайыс көрсеткіштері неге төмендегенің және кейбір әскери қызметшінің жарыс қарқыны төмендегені туралы нақты мысалдар келтіріледі.
Міндетті түрде рота командирінің ТжИЖ бойынша орынбасары жеке құрамға кемшіліктерді жоюға және сайыс қарқынын жоғары ұстауға нақты әдістемелік нұсқаулар береді
Әскери қызметшілер және бөлімшелер арасындағы арадағы жауынгерлік сайыс көрсеткіштері мен жеңімпаздар жарияланады.
Женімпаздардын озат тәжрибесі терен талданады және рота белсенділеріне оны насихатау және еңгізу бойынша, нақты нұсқаулар беріледі.
Жоғары қарқынды ұстау мақсатында және әскери қызметшілер және әскери бөлімшелер арасындағы айлық жауынгерлік сайысты қорытындау кезінде жарыс женімпаздарды міңдетті түрде көтермелеу керек. Оларды фотаға түсіредіде, фотографияларын келесі стендқа іледі. « Жауынгерлік оқу озаттары», «Жауынгерлік сайыстын жеңімпаздары», «Біздін шамшырақтар».
Сондай-ақ женімпаздарға ауыспалы мынандай жалаушалар тапсырылады: «Үздік оператор-көздеуші», «Үздік механик-жүргізуші», «үздікті атқыш», «Жауынгерлік сайыс женімпазы»
Айлық жауынгерлік сайыс қорытындысы бойынша арнайы номерлі қабырға және фото газеттер,жауынгерлік парақтар, үздік тәжрибе бюллетендері рәсімделеді және шығарылады.
