Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Aiida.doc.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.78 Mб
Скачать

2.4 «Фитнес клубы» мәліметтер қорына есептер жасау

Есеп (есеп беру, отчет) – бұл деректер қорындағы ақпараттарды, қабылдау үшін және жұмыс істеу мейлінше ыңғайлы болатындай түрде экранға немесе қағаз бетіне шығаруды қамтамасыз етеді [23]. Есептердің де екі режимі бар: Конструктор режимі және Шебер режимі көмегімен. Есептерді шебер көмегімен жасайық. Ол үшін шебер көмегімен жасау режиімі батырмасын басамыз. Есептер терезесі пайда болады, ол терезеден бірінші беттен екінші бетке көшіру керек. Ол үшін терезеден бірінші беттегі мәліметтерді екінші беттерге >/>> батырмаларын басу арқылы жүргізіледі. Көшіргенен кейін Келесі(Далее) түймешігін басу керек. Түймешік басылғаннан кейін топтастыру терезесі ашылады (сурет 27).

Сурет 27. Топтастыру терезесі

Топтастырғаннан кейін Келесі түймешігін басамыз. Келесі терезеде сұрыптау тәртібін таңдау терезесі ашады .Таңдағаннан кейін Келесі түйме -шігін басамыз. Осыдан кейін макеттің түрін таңдау терезесі ашылады (сурет 28).

Сурет 28. Есептер макетінің түрін таңдау терезесі

Макет таңдалғаннан кейін көрініс стилін таңдаймыз (сурет 29).

Сурет 29. Таңдалатын стиль терезесі

Бәрін жасап біткеннен кейін басылымға ат беріп Дайын түймесін басамыз (сурет 30).

Сурет 30. Ат енгізу

Барлық іс-әрекетті орындаған соң мынадай есеп пайда болады (сурет 31).

Сурет 31. «Қызметкерлер тізімі» бойынша есеп

2.5 «Фитнес клубы» мәліметтер қорына макрокомандалар құру

Макрокомандалар қандай да бір әрекеттің автоматты орындалуын қамтамасыз етеді. Бұл құрылған деректер қорынан өзіңізге қажетті ақпарат алу үшін ең ыңғайлы объекті болып табылады [25]. Мысалы, «Мониторлар» деген форманы ашу командасын жасау үшін МакростарҚұру (Создать) командасын орындап, ашылған терезеде Макрокоманда өрісін белгілеп тізімнен кез-келген командасын белгілеп, жұмыс жасай аламыз (сурет 32).

Сурет 32. Макрос құру

Келесі 33-суретте «Абонементтер сұранысына» макрос құрылды.

Сурет 33. «Абонементтер сұранысына» макросын құру

Осы ретпен сұраныстарды, есептерді, формаларды, көріністерді ашу және тағы басқа көптеген командаларды орындауға болады.

Қорытынды

Қазіргі кезде компьютерлік техниканы пайдаланбай жұмыс жасайтын сала

жоқ деуге болады. Ал, компьютерді пайдалану технологиясының жұмыс жасауға өзіне тән талаптар қоятыны белгілі. Сондай талаптардың бірі – жұмыс жасауға қажетті мәліметтер базасын құру. Күнделікті өмірде біздің кездестіретін нәрселеріміздің барлығы қандай да бір қордың элементтері болып саналады. Мәліметтер базасымен жұмыс жасай білу бүгінгі таңда компьютермен жұмыс істеудегі маңызды дағдыларының біріне айналды.

Мәліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ) – мәліметтер базасымен жұмыс жасауға арналған программа. Олардың қатарында DBASE, FOXPRO, MICROSOFT ACCESS т.б. программалар бар. Microsoft office пакетінің құрамында Microsoft Access программасының Access 7.0, Access 95, Access 97 сияқты бірнеше нұсқалары бар. Біз осы Access бағдарламасында МҚ құрдық.

Кіріспеде зерттеу жұмысының өзектілігі, мақсаты мен міндеттері айқындалды.

Курстық жұмыстың мақсатына сәйкес келесі міндеттер орындалды:

- Мәліметтер қорымен жұмыс жасауға арналған әдебиеттерге шолу жасалынып, талданды;

- МS Access ортасы меңгеріп, бағдарлама құрылды;

- Фитнес клубтың жұмысымен танысып, оның мәліметтер қоры автоматтандырылды.

Қорыта келгенде, мәліметтер қоры – бұл көптеген мәліметтер қорын жеңілдетуге мүмкіндік жасайды.

Осы жүйелерге сай бізде «Факультет» атты деректер қоры құрылды. Microsoft Access бағдарламасында «Факультет» атты мәліметтер қорында кестемен жұмыс жасау жолдары қарастырылып, олардың мүмкіндіктері кеңінен қолданылды. Сондай-ақ сұраныс арқылы факультетке керек мәліметтерді тез алу мүмкіндіктері көрсетілді. Сұраныс пен кестеде жасалынған мәліметтер шағын түрде формада көрсетіліп мәліметтер жинақы түрге келтірілді. MS Access ортасында факультеттер мәліметтер қорында есеппен жұмыс жасалынып факультетке қажет есептер құрылып, оларды тиімді баспаға шығару жолдары қарастырылып өттілді.

Курстық жұмысты жазу барысында компьютерде мәліметтер қорын құру және МҚ туралы барлық мағлұматтарды сонымен қатар олардың түрлерін, біздің өмірімізде қандай маңызға ие екендігін, бізге көптеген мүмкіндіктер беретіндігі жайлы көптеген мәліметтермен таныстық. Бұл курстық жұмыс бізге мәліметтер қорын құру мен уақытты тиімді пайдалануды үйретті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]