- •Оңтүстік қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты
- •Курстық жұмыс
- •Ш ымкент, 2017
- •1.Мәліметтер қоры. Мәліметтер қорын басқару жүйесі
- •1.1 Ms Access ортасында кестелерді байланыстыру және олардың түрлері
- •1.2 Ms Access ортасында формамен жұмыс жасаудың түрлері
- •1.3 Ms Access ортасында сұраныс құру
- •1.4 Ms Access ортасында есеппен жұмыс жасау жолдары
- •1.5 Ms Access ортасында макроспен жұмыс жасау
- •2. «Фитнес клубы» мәліметтер қорын құру
- •2.1 «Фитнес клубы» мәліметтер қорына кесте құру және байланыстыру
- •2.2«Фитнес клубы» мәліметтер қорына форма құру.
- •Сурет 20. Формаға ат беру.
- •2.3 «Фитнес клубы» мәліметтер қорына сұраныс құру.
- •2.4 «Фитнес клубы» мәліметтер қорына есептер жасау
- •2.5 «Фитнес клубы» мәліметтер қорына макрокомандалар құру
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер
1.5 Ms Access ортасында макроспен жұмыс жасау
Макрос. Макрос – Access-тің бір не бірнеше макрокомандаларынбойында сақтайтын қуатты шағын программа. Ол Access ішінде басқа программаны іске қосу, бір формадан екінші формаға өту, сұранысты іске қосу және т.б. іс-әрекеттерді автоматты түрде орындай алады [17]. Макросты дайындау үшін макростар конструкторы терезесінде қалаған макрокоманданы таңдап, аргументтерін орнату жеткілікті (сурет 11).
Макрос – объект, ол дайындалған соң ДҚ терезесіне енгізіліп қойылады да, сәйкес атауын не түймесін шертіп, сол жерден іске қоса беруге болады.
Сурет 11. Макрос «Абонементтер сатылымы» кестесін ашу
2. «Фитнес клубы» мәліметтер қорын құру
2.1 «Фитнес клубы» мәліметтер қорына кесте құру және байланыстыру
Microsoft Access мәліметтер қоры – компьютердің жадына сақталатын, белгілі бір ереже бойынша ұйымдастырылған, сақталып өңделген, өзара байланысқан мәліметтер жиынтығы. MS Access ең кең тараған мәліметтер басқару жүйелерінің (ДҚБЖ) бірі болып табылады. Оның шежіресіне көз жүгіртетін болсақ төмендегідей мәліметтерді айтуымызға болады: 1995 Access 7 (Windows 95 үшін MS Office 95 пакеті), 1997 Access 97 (MS Office 97 пакеті), 1999 Access 2000 (MS Office 2000 пакеті), 2001 Access 2002 (Office XP пакеті), 2003 Access 2003 (MS Office 2003), 2007 Microsoft Office Access 2007 (MS Office 2007), 2010 Microsoft Office Access 2010 (MS Office 2010), 2013 Microsoft Access [18].
Microsoft Access бағдарламасы ол – кез-келген фирма, мекеме, шағын кәсіпкерлік шаруашылықтар бір-бірі турла мағлұмат алу үшін, немесе келісу үшін, арнайы қағаздар толтырып, құжаттар дайыднап, қағаздардың санын көбейтіп әуре болмайды. Мұның бәрін осы бағдарлама жасайды. Бұл бағдарламада кесте түрінде, сызба түрінде, кез-келген фирманың толық мағлұматтары болады. Оны алып қарап, онымен тікелей жұмыс жасай беруге болады [19].
Microsoft Access қосымшасына қатысты Мәліметтер қоры – бұл кестелер, сұраныстар, формалар, есептер, беттер, макростар және модулдер сияқты объектілердің жиынтығы [20].
Кесте – мәліметтер қорының негізі болып табылады. MS Access-те бүкіл ақпарат кестелерде беріледі.
Формалар – форма терезесінде кестелерді енгізу мен көру үшін қолданылады. Олар экранда бейнеленген ақпараттың көлемін шектеуге мүмкіндік береді және оны тиісті түрде көрсетеді. Шебердің көмегімен форманы, оған алдын-ала құрылған шаблонның біріне сәйкес орналастырып берілген кестенің өрістерін енгізе отырып, құруға, яғни форманың конструкторы көмегімен кез-келген күрделі дәрежедегі формаларды құруға болады.
Есеп берулер – мәліметтер қорында бар ақпаратты бейнелеу үшін қолданылады. Есеп берулер конструкторының көмегімен мәліметтер тобын, өрістер тобын және есептелінетін өрістерді, оларды сәйкес жасайтын өз есеп берулерімізді дайындай аламыз.
Сұраныс – мәліметтер қорынан ақпаратты алады, әрі мұнда мәліметтер бірнеше кесте арасында бөлінген болуы мүмкін. MS Access-те сұранысты пішімдеу үшін үлгі бойынша сұрату деген әдіс қолданылады. Визуалды ақпарат негізінде бұл әдісті қолдана отырып бір немесе бірнеше кестелерден қажетті деректерді алуға болады.
Макрос – Access-тің бір не бірнеше макрокомандаларын бойында сақтайтын қуатты шағын программа. Ол Access ішінде басқа программаны іске қосу, бір формадан екінші формаға өту, сұранысты іске қосу және т.б. іс-әрекеттерді автоматты түрде орындай алады. Макросты дайындау үшін макростар конструкторы терезесінде қалаған макрокоманданы таңдап, аргументтерін орнату жеткілікті.
MS Access программасын ашып келесі пәрмендерді орындаймыз (сурет 12). “Жаңа деректер қорын”(Новая база данных) деген мәліметтерді “Деректер қорын ашу”(Открыть базу данных) пунктін таңдау қажет. Оны бір рет шертеміз.
Сурет 12. Деректер қорын ашу және құру терезесі
Кесте құру және олардың арасындағы байланыс орнату. Кесте – берілгендер қорының негізгі объектісі. БҚ жасау алғашқы кестені құрудан басталады. Кестелер-Құру (Таблицы-Создать) командасын беру керек. Жаңа кесте (Новая таблица) сұқбат терезесі ашылады (сурет 13). Біз құрғалы отырған «Фитнес клубы» мәліметтер қорына 9 кесте құрылады. Соның ішінде конструктор режимі бойынша кесте құру. Кесте құрудың 3 режимі бар.
Сурет 13. Кесте құру
Деректер қорында бағандар – өрістер, ал жолдар – жазбалар деп аталады. Өрістер деректер қорының құрылымын құрайды, ал жзбалар онда орналасқан ақпаратты құрайды.
Өрістер – бұл деректер қорының құрылымының негізгі элементі. Олар қасиеттерге ие болады. Өрістің қасиеттеріне байланысты оған енгізуге болатын және болмайтын деректердің түрлері анықталады, сонымен қатар өрістегі жазбаларға математикалық амалдар қолдануға болады. Өрістердің әр түрлі қасиеттері болады және олар әр түрлі түрлерге жатады (сурет 14). Мәтіндік өрістің негізгі қасиеті – өлшемі (ең үлкен өлшем – 255 белгі).
Сурет 14. Өріс типтері
Кестелер арасындығы байланыс. Деректер қорының бірдей атаулы өрістері бар кестелерді байланыстыру және олардың кілттік етілген кейбір өрістерін пайдаланып, басқа кесте құру – Acceess-тің негізгі ерекшеліктерінің бірі [21]. Негіздік кестені басқаларымен байланыстыру үшін оның мәндері қайталанбайтын (бірегей) кілттік өрісі болуы және басқа кестенің осы атаулы өрісі болуы тиіс (бірегей кілттік өрісті бастапқы (первичный) кілттік өріс деп атайды). Ол ұзын сандық типті кілттік өріс болуы міндетті. Егер кестеде мұндай өріс болмаса, оны құрып алуға болады (сурет 15).
Байланыстардың төмендегідей негізгі түрлері бар:
- бірден бірге;
- бірден көпке;
- көптен бірге;
- көптен көпке;
«Бірден бірге» байланысы уақыттың әрбір сәтінде А элементке (кортежге) 0 немесе 1 В элементі (кортеж) сәйкес келеді.
«Бірден көпке» байланысы уақыттың әрбір сәтінде әрбір А элементке бірнеше В элементтері сәйкес келеді.
«Көптің бірге» байланысы уақыттың әрбір сәтінде бірнеше А элементтерге бір В элементті сәйкес келеді.
«Көптің көпке» байланысы уақыттың әрбір сәтінде А элементтер жиынына В элементтер жиыны сәйкес келеді.
Сурет 15. «Фитнес клубы» МҚ кестелерінің байланысы
