- •Оңтүстік қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты
- •Курстық жұмыс
- •Ш ымкент, 2017
- •1.Мәліметтер қоры. Мәліметтер қорын басқару жүйесі
- •1.1 Ms Access ортасында кестелерді байланыстыру және олардың түрлері
- •1.2 Ms Access ортасында формамен жұмыс жасаудың түрлері
- •1.3 Ms Access ортасында сұраныс құру
- •1.4 Ms Access ортасында есеппен жұмыс жасау жолдары
- •1.5 Ms Access ортасында макроспен жұмыс жасау
- •2. «Фитнес клубы» мәліметтер қорын құру
- •2.1 «Фитнес клубы» мәліметтер қорына кесте құру және байланыстыру
- •2.2«Фитнес клубы» мәліметтер қорына форма құру.
- •Сурет 20. Формаға ат беру.
- •2.3 «Фитнес клубы» мәліметтер қорына сұраныс құру.
- •2.4 «Фитнес клубы» мәліметтер қорына есептер жасау
- •2.5 «Фитнес клубы» мәліметтер қорына макрокомандалар құру
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер
Оңтүстік қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты
Жаратылыстану факультеті
Информатика кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: «Фитнес клубы» мәліметтер қорын құру әдістемесі
Пәні: Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер
Мамандығы: 5В011100 - Информатика
Орындаған: Сабырхан Аиида
Қабылдаған: п.ғ.к., аға оқытушы Адылбекова Э.Т.
Комиссия мүшелері:______________________________
______________________________
______________________________
Ш ымкент, 2017
Мазмұны Кіріспе...........................................................................................................................3 1. МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ. МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ 1.1 MS Access ортасында кестелер және оларды байланыстырудың негізгі түрлері..............................................................................................................6 1.2 MS Access ортасында формамен жұмыс жасаудың түрлері........................11 1.3 MS Access ортасында сұраныс құру.................................................................13 1.4 MS Access ортасында есеппен жұмыс жасау жолдары.................................15 1.5 MS Access ортасында макроспен жұмыс жасау ............................................17 2. «Фитнес клубы» мәліметтер қорын құру әдістемесі.......................................18 2.1 «Фитнес клубы» мәліметтер қорына кесте құру және байланыстыру.............................................................................................................19 2.2 «Фитнес клубы» мәліметтер қорына форма құрудың түрлері...................21 2.3 «Фитнес клубы» мәліметтер қорына сұраныс құру жолдары....................24 2.4 «Фитнес клубы» мәліметтер қорында есеппен жұмыс жасау.....................27 2.5 «Фитнес клубы» мәліметтер қорында макроспен жұмыс...........................29 Қорытынды.................................................................................................................31 Қолданылған әдебиеттер..........................................................................................32
|
Кіріспе
Ақпараттардың құрылымы мен қасиеттерін біліп, оны іздеп табу, ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, өңдеу, тарату және күнделікті тіршілікте керегінше пайдалана білу өркениет өріне бет бұрудың негізі.
Қазіргі уақытта адам іс-әрекетінің барлық салаларында компьютерлік технология кеңінен қолданылатын болды және оның маңыздылығы барған сайын арта түсуде. Осыған байланысты жаңа программалардың тасқыны көптеген адамдарға кәсіптік-ақпараттық технология құралдарын жоғары дәрежеде білу қажеттігін көрсетеді [1].
Ақпараттарды реттеу үшін ақпараттардың тақырыптары, өзара қисынды біріктірілген арнайы анықтамалар, катологтар, картотекалар, энциклопедиялар және т.б. бар. Сонымен қатар ақпараттардың ағыны үнемі ұлғаюда және бүгінгі күнде ешқандай анықтамалар ақпаратты үнемі және өз уақытында жаңартып отырмақ түгілі, оны сыйғыза да алмайды. Бұл проблеманы шешу үшін көмекке компьютерлік технологиялар келеді. Компьютерде есептеуді жүргізетін, графикалық бейнелерді, мәтіндерді құруға арналған бағдарламадан басқа, үлкен көлемді ақпараттарды сақтау, өңдеу және іздеу үшін арнайы бағдарламалар бар. Мұндай бағдарламалар мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) деп аталады. Ол туралы айтпас бұрын, мәліметтер қоры деген түсінікті қарастырайық. Қандай да бір тасушыда, мысалы, қағазда, кино-таспада, магниттік дискіде сақталған арнайы ұйымдастырылған мәліметтердің жиынтығын мәліметтер қоры деп түсінуге болады. Бір қорда орналасқан мәліметтер қоры қисынды болуы керек. Бұл нақты параметрлері, қасиеттері бойынша, яғни бір-біріне қатысының белгілері бойынша мәліметтерді біріктіру жолымен іске асырылады [2].
Мәліметтер қорының жіктелуі. Мәліметтер қоры негізінен үш белгісі бойынша жіктеледі.
Бірінші белгісі – сақталынған информацияның сипатына қарай мәліметтер қоры фактографиялық және құжаттық болып бөлінеді. Фактографиялық мәліметтер қоры қатаң анықталған пішімде ұсынылған, жазылған обьектілер туралы қысқаша мәліметтерден тұрады. Құжаттық мәліметтер қоры әр типтегі: мәтіндік, графикалық, мультимедиялық, дыбыстық кең көлемдегі информациядан тұрады. Құжаттың мәліметтер қоры – бұл архив.
Екінші белгісі – информацияларды сақтау әдісі бойынша мәліметтер қоры орталықтандырылған және бөлектелінген болып бөлінеді. Орталықтандырылған мәліметтер қорында барлық информациялар бір компьютерде сақталады. Бөлектелінген мәліметтер қоры компьютердің жергілікті және ауқымды желілеріне қолданылады және информацияның әртүрлі бөліктері бөлек компьютерде сақталуы мүмкін.
Үшінші белгісі – информацияны ұйымдастыру құрылымы бойынша мәліметтер қоры реляциялық, иерархиялық және желілік болып бөлінеді. Реляциялық мәліметтер қоры деп өзінің құрамды бөліктерінің өзара байланысынан құрастырылған мәліметтер қорын атайды. Қарапайым жағдайда ол бір тікбұрышты кесте құрайды. Күрделі реляциялық мәліметтер қоры көптеген тікбұрышты кестеден тұрады. Бұдан мәліметтер қорының екінші атауы туындайды – кестелік мәліметтер қоры. Кестелердегі мәліметтердің арасында қатынастың өте кең тарағаны және жиі қолданылатыны қатарларында обьектілер туралы информациядан, ал бағандарында обьектінің жеке қасиеттерінен тұратын қатынасы бар «объект – қасиет» типі болып табылады. Реляциялық мәліметтер қорында қатарлар жазбалар деп, ал бағаналар өрістер деп аталады. Кестенің әрбір өрісінің аты бар, мысалы тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, жынысы, ұлты деп те өріске ат беруге болады. Бір жазба мәліметтер қорының бір ғана объектісі туралы информациядан тұрады. Біз өрістердің аттары болады деп айттық және олар осымен бір-бірінен ерекшеленеді. Ал, жазбалар бір-бірінен немен ерекшеленеді? Жазбалар бір-бірінен өрістің түйінді мәнімен ереекшеленеді. Мәліметтер қорының кілті деген – басқа жазбаларда қайталанбайтын мәндері бар өріс.
Реляциялық мәліметтер қорында өрістердің негізгі төрт типі қолданылады: сандық, символдық, күн, логикалық.
Мәліметтер қоры құрылғаннан кейін жазбалармен мынадай келесі операцияларды: жазбаларды қосуға, өшіруге, оларды түзетуге, сұрату бойынша есептерді сұрыптауға, пішімдеуге, информацияларды іздеуді іске асыруға болады. Информацияларды іздеу – іздеудің шарты бойынша іске асырылады. Іздеу шарты логикалық өрнек формасында жазылады.
Мәліметтер қорын құрастырғанда оған қандай мәліметтер қоры енгізіледі, олар қалай сақталады, қандай өрістер түйінді болады, өрістердің типі қандай болатынын анықтап, сонымен қатар, оларға қатынауды қалай орындауға болатынын нақты ойластыру қажет. Бұл процесс мәліметтер қорын жобалау деп аталады. Жобалау компьютердің көмегінсіз іске асырылады. Жобалау дегеніміз – мәліметтер қорын теориялық түрде тұрғызу [3].
Мәліметтер қоры дегеніміз – ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер қоры ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер қорын басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушылармен және басқа да ақпараттық-программалық кешендермен қарым-қатынасының әдістерін де қамтиды. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер қорында тек мәліметтерді ғана емес, ақпарат та сақталады деп айта аламыз [4].
Мәліметтер қорын басқару жүйесі дегеніміз – жаңа мәліметтер қорын құруға, оны мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге, безендіруге және басқа құрылғыларына шығаруға немесе байланыс арналарына жөнелтуге арналған программалық құралдар кешені [5].
Дүние жүзінде мәліметтер қорын басқару жүйелерінің түрлері өте көп. Олардың әр біреуінің түрлі объектілермен жұмыс істеу ерекшеліктеріне, қолданушыға ұсынатын қызмет түрінің өзгешелігіне қарамастан, оларда ортақ ұғымдар кешені қалыптасқан. Сондықтан бізге бір ғана мәліметтер қорын басқару жүйесін қарастырсақ жеткілікті. Солардың ішінен Microsoft Office программасының құрамына кіретін Microsoft Access мәліметтер қорын таңдап алдық.
Курстық жұмыстың мақсаты: Microsoft Access бағдарламасын жетік меңгеріп, фитнес клубтың жұмысын автоматтандыру.
Курстық жұмыстың мақсатына сәйкес келесі міндеттер орындалады:
1. Мәліметтер қорымен жұмыс жасауға арналған әдебиеттерге шолу жасап талдау:
2. MS Access ортасын жетік меңгеріп, бағдарлама құру.
3. Фитнес клубтың жұмысымен танысып, оның мәліметтер қорын автоматтандыру.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
Кіріспеде зерттеу жұмысының өзектілігі, мақсаты мен міндеттері айқындалады.
«Мәліметтер қоры. Мәліметтер қорын басқару жүйесі» атты бірінші бөлімде MS Access ортасында кестемен жұмыс жасау жолдары талданып, бұл ортада сұраныспен жұмыс жасау қарастырылған. MS Access ортасында формамен жұмыс жасау және осы ортада есеппен, макроспен жұмыс жасау жолдары келтірілген.
«Фитнес клубы» мәліметтер қорын құру әдістемесі атты екінші бөлімде MS Access ортасында кестемен жұмыс жасау жолдары талданып, бұл ортада сұраныспен жұмыс жасау қарастырылған. MS Access ортасында формамен жұмыс жасау және осы ортада есеппен, макроспен жұмыс жасау жолдары келтірілген.
Қорытынды да тақырып бойынша жасалған жұмыстар баяндалады. Жұмысты орындау барысында 30 әдебиетке шолу жасалынады.
