Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sayasattanu_p_1241_ninen_emtikhan_s_1201_ra_117.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151.17 Кб
Скачать

21. Хантингтонның мәдениеттер қақтығысы теориясы

"Өркениеттер қақтығысы" - американ саясаттанушысы Сэмюэль Хантингтонныңөркениеттік күйреу туралы тұжырымдамасы. Алғаш рет бұл тұжырымдама 1993 ж. Хантингтонның "Өркениеттер қақтығысы" мақаласында келтірілді, қысқа мерзім ішінде бірнеше тілге аударылды. Кейін 1996ж «Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің шегі» деген кітабы шықты. Ол қазіргі әлемдегі келесідей өркениеттерді көрсетеді: батыстық, конфуциандық, жапондық, исламдық, индуистік, православиелік, славяндық, латын американдық және африкандық. Батыстың белгіді ғалымы Самюэль Хантингтон өзінің « Өркениеттер қақтығысы» деген кітабында «Дүние жүзіндегі екі лагерьдің бірі – Кеңес Одағы құлағаннан кейін әлемде екінші бір қарама-қарсы күштер болды, ол-діндер, өркениеттер қақтығысы, дәлірек айтсақ, христиан діні мен ислам дінінің арасындағы қақтығыс. Болашақта адамзат тағдырын осы екі діннің арасындағы диолог шешеді» деген пікір айтады.

22. Тұлғаның құқықтары туралы негізгі мемлекеттік құжаттар.БҰҰ Жарғысы- аталмыш халықаралық ұйым-ң құрылу тәртібі мен әрекет етуін реттейтін, мем-ң адам құқығы саласындағы ынтымақтастығының құқықтық негізін қалайтын маңызды құжат. БҰҰ Жарғысы адам құқығы мен бостандығы саласында тәуелсіз мем-р мен халық-ң ынтымақастығын нығайтудың негізгі саяси және заңдылық іргетасы болды. Бүгінгі күнге дейін БҰҰ аясында көптеген халықаралық құжаттар қабылданды, соның ішінде адам құқығын қорғаудың әр саласы бой-ша мем-ң әрекет етудегі міндетті заңдылық нормаларын қалыптастыратын келісім шарттар, конвенциялар мен пактілер де бар. Әмбебап құжаттар негізгі төрт актімен сипат-ды: адам құқ-ң жалпыға бірдей декларациясы; экономикалық-әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактілер; азамат-қ және саяси құқықтар туралы халықаралық пактілердің факультативті хаттамасы. Аталмыш құжаттардың заңдылық күштері әртүрлі, бірақ жиынтығында олар адам құқ-ы саласы бой-ша мемл-ң хал-қ ынтымақ-ң негізін құрайды.

23. Қазақ ойшылдарының саяси көзқарастары: Абай, ш.Уәлиханов, ы.Алтынсарин

XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында саяси идеология ретінде ағартушылық кең өріс алды.

Бұл кезде қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы-демократ, саяхатшы, этнограф, Орта Азияның, Қазақстанның, Батыс Қытайдың тарихы мен мәдениетін зерттеуші Шоқан Уәлиханов (1835-1865) өмір сүрді. Ол Абылай ханның шөбересі еді.

Шоқан Азия мен Қазақстан жағдайында халықты аяусыз қанап, соның нәтижесінде билеп-төстеушілердің орынсыз баюына жол ашатын нәрсе – олардың қолындағы шексіз билік деп ұқты. Сондықтан халықты қанаудан құтқару үшін бай-манаптардың билігін жою немесе тым болмаса олардың саяси үстемдігін шектеп, бұқара халықтың демократиялық құқығы мен бостандығын кеңейтпек болды. Жалпы, ол билікті халықтың еркімен шектеуді дұрыс деп санады.

Ғалым сол кездегі қазақ еліндегі тәртіпті өзгертпек болып, қоғамдық құрылысты жаңартудың жолдарын іздеді. Бұл ретте ол революциялық емес, реформалық жолды қалады. Ал реформа жасау үшін халықтың талап-тілегін, мақсат-мүддесін, ұлттық мінез-құлқын жете зерттеу керек. Сонда ғана реформа тиімді болады дейді.

Шоқан адамдардың адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін олар еркін болуы шарт деді. Ол еркіндікті де дұрыс пайдалана білу керек. Ол үшін халықтың сауаты жоғары болуы тиіс деп тұжырымдады.

Бұл кезде қазақ халқынан шыққан ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) де өмір сүрді. Ол халықты дүниеге «дұрыс көзқараспен» қарауға тәрбиелеуді өзінің негізгі мақсаты етіп қойды. Тек білім, ағартушылық қана бұқара халықты билеп-төстеушілердің қысым-қыспағынан құтқара алады деп, барлық күш-жігерін олардың білімін көтеруге арнады. Адамдарды ойындағы бос қиялдардан арылып, дүниенің ақиқатына көздерін ашып, шын мәнінде алға жылжитын, прогрестік жолға түсіруге тырысты.

Бұл кезде қазақтың кемеңгер данасы, заңғар ақыны, асқан ағартушысы, жазба әдебиеті-міздің негізін салушы Абай Құнанбаев (1845-1904) та өмір сүрген еді.

Абай қазақ даласында барлық жақсылықтың, жаңалықтың жаршысы болды. Ол адамды «ақыл, білім, ерік» жо,ары дәрежеге көтеріп, асқақтататындай қоғамның прогрестік дамуын аңсады. Игілікті, парасатты қоғам орнату Абай еңбектерінің басты бағытының бірі еді. Сондықтан ол барлық адамдарды өзіңді өмірде қалай ұстадың, игілікке, ақылға сыйымды іс істедім бе деп күніне немесе аптасына, тым болмаса, айына бір рет өз-өзіне есеп беруге шақырды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]