Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sayasattanu_p_1241_ninen_emtikhan_s_1201_ra_117.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151.17 Кб
Скачать

17. Михельс-олигархиядағы темір заң туралы.

«Олигархияның темір заңы» 1911ж Р.Михельс қалыптастырды. Оның ұстанған бірден-бір маңызды тезисі: « Демократия олгархияға жеткізеді және міндетті түрде олигархиялық ядросы болады»-деген сөзінен байқалады. «Олигархияның темір заңы» мәнісін ол кез-келген ұйымда жоғары басшыларының үстемдігі, аз ғана сайланғандардың билігі сөзсіз орнайды деген тезисінде сипатталады. Р.Михельс айтуынша, тек ұйым ғана сайлаушылардың, мандат берушілердің, ұсынған делегаттардың үстінен жүргізетін сайланған адамдардың билігін туындатады. Кімде-кім «ұйым» деп атайтын болса, ол «олигархия» деп атайды.

18. Вебердің бюрократия теориясы.

Бюрократия – бұл проффесионалды социалдық басқарушылар қабаты, организациялық құрылымы, нақты иерархиялық басқару, қоғамда ерекше мәртебеге ие. Бюрократияны ғылыми терминге енгізген социолог, экономист Макс Вебер.

Вебердің бюрократиялық концепция құрылымы келесідей:

-организацияның иерархиялық құрылуы

-легальді билікте құрылған иерархиялық бұйрық

-төменгі сатыдағы қызметкердің жоғарғы сатыдағыға бағынуы және жауапкершілігі

-мамандандырылу және еңбек бөлінісіне бөліну

-нақты ережелер жүйесі

Бюрократия идеалды образ, социалды құрылымдарды басқаруға тиімді құрал ретінде қарастырылады.

19. Вебердің легитимділік билігі.

«Легитимділік» термині алғаш ХІХғ басында Францияда пайда болды.  М. Вебер енгізген ұғым – қоғам алдында билікті заңдастыру, халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы.  Айналымға енгізген Вебер. Латын тілінен аударғанда «заңдылық» дегенді білдіреді. 3түрі бар:

  1. Әдет-ғұрыптық. Бұл - ғасырлар бойы мойындалған дәстүр негізінде жүргізілген билік.

  2. Харизматикалық. Бұл – жеке тұлғаның ерекше қасиеттер негізінде қалыптасқан билік.

  3. Құқықтық. Мұнда демократиялық жолмен сайланатын заң негізінде қалыптасқан билік.

Жоғарыда қарастырылған 3түр таза күйінде болмайды. Әр елдің нақтылы жағдайларында бұл 3 түрдің біреуі басымдау болады.

20. Белланың постидунстриалды қоғам теориясы.

Постиндустриалды қоғам мен коммунизмнің ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Постиндустриалды қоғам — қоғамның даму сатысы. Постиндустриалды қоғам теориясының негізін қалаған Д.Белл, Д.Рисман, А.Тоффлер, З.Бжезинский, Дж.Гэлбрейт, т.б. Постиндустриалды қоғам термині АҚШ-та 20 ғ-дың 50 — 60-жылдары ғылыми айналымға еніп, 60-жылдардың аяғынан теориясы ғылыми негізделген, жаңа мазмұнға ие болды. Оның айрықша белгілері: шығармашылық, интеллектуалдық еңбектің жаппай таралуы, ғылыми білім мен ақпарат көлемінің сапалы түрде артуы, байланыс құралдарының, ғылым, білім беру, мәдениет салаларының дамуы, т.б. 70 — 80-жылдары постиндустриалды қоғам тұжырымдамасы қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың әлеуметке (социумға) ықпалын сипаттауға тиіс футурологиялық және социологиялық теория ретінде дамыды. Америкалық социолог Д.Белл постиндустриалды қоғамды анықтайтын келесі факторларды атап көрсетті: 1) өндірістегі өзгерістің негізіне айналатын теориялық білімнің орталықтандырылуы; 2) экономиялық, инженерлік, әлеуметтік мәселелерді шешу үшін жаңа интеллектуалдық технологияның пайда болуы; 3) білім, ақпарат таратушы әлеуметтік топтың қалыптасуы; 4) билік қатынастарының өзгеруі: индустриалдыққа дейінгі қоғамда — аристократия, индустриалдық қоғамда — демократия, постиндустриалды қоғамда — меритократия. Постиндустриалды қоғам қала тұрғындары 70 — 85%-ға жеткенде басталады. Онда аграрлық және индустриалдық тіршілік екінші кезекке өтеді. Ескі индустриализмнің орнына үстеме, еселі индустриализмнің келуі жаңа жаппай тұтыну мәдениетін өмірге әкеледі. Постиндустриалды қоғамның негізгі жетістігі — демократиялық процестердің, азаматтық қоғам құндылықтары рөлінің артуы, жұртшылықтың әлеуметтік-экономиялық жағдайының жақсарып, тұрмыс деңгейінің өсуі. Алайда постиндустриалды қоғамда ұлт тілін, төл мәдениет пен өнерді сақтау аса қиын болмақ. Бұл қоғамда барлық тауқыметтер өзінен-өзі шешіледі деген болжам негізсіз. Белл постиндустриалды қоғамның қалыптасуын компьютер негізгі рөл атқаратын ақпарат пен білім саласындағы революциямен байланыстырады. Оның пікірінше, компьютер технологиялық революцияның символы әрі материалдық тасымалдаушысы, компьютер қоғамды түбегейлі өзгеріске әкеледі. Сөйтіп, жаңа қоғамда ақпарат және оны пайдалану мен тарату үшін техникалық базаны қамтамасыз ететін электронды құралдар негізгі рөл атқармақаласы Осыған орай постиндустриалды қоғам ұғымымен үндес “ақпараттық қоғам” термині кеңінен қолданыс тапты. Коммунизм - [латынша Communis - ортақ] - а) болашақтың қияли көрінісін; ә) кейбір саяси партиялар мен қозғалыстардың идеологиясын; б) ерекше өмір салтын білдіретін ұғым. Коммунизм қиял ретінде. Коммунизм бір уақытта өткенге де (алғашқы қауымдық коммунизм), болашаққа да қаратылатын ұғым, онда коммунизмге өткеннің ең жақсы белгілерін жинақтаған қоғам (таптардың, мемлекеттің, тауар-қаржылық қатынастардың, заңды неке институтының болмауы) және бүгінгі күннің жетістіктерін (адам бостандығы, экономикалық игіліктер, жоғары мәдениет) жиынтықтап қарау тән. Коммунистік қиял үшін оның ғаламдық сипаты аса маңызды, яғни коммунистік құрылым бүкіл адамзаттың бірлігін қарастырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]