Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sayasattanu_p_1241_ninen_emtikhan_s_1201_ra_117.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151.17 Кб
Скачать

66.1998Ж. Және 2007ж, Конституциялық түзетулер қр. Саяси өмірінің демократизацияның куәсі ретінде.

Мемлекет тәуелсіздігін орнатудың алғашқы жылдарында басқару нысаны

туралы мәселелер өте көкейтесті болды және осыған орай мемлекеттіклік

органдарының құзыреті нақты ажыратылып бөлінбеген болатын. Бұның өзі

әртүрлі органдардың өкілеттігі мен міндеттерінің ретсіз қайталануы, олардың

қызметтеріндегі саналуан қарама-қарсылықтарға соқтырды.Сондықтан билік

жүйесіндегі Мемлекет басшысының, Парламент пен Үкіметтің орны мен ролін

нақты анықтау қажет болды. Күн тәртібінде елде сот-құқықтық реформа

жүргізу мәселесі тұрған болатын. Осының бәрі жаңа Конституция қабылдау

қажеттілігін көрсетті.

1995 жылғы 30 тамызда (Қазақстан Республикасы Конституциясының 64-

бабының 7-тармағына, 78 –бабының 7-тармағына сәйкес) республикалық

референдумда Қазақстан Республикасының Конститутциясы қабылданды,

онда уақыт талабы ескеріле отырып, көптеген күрделі мәселелер өз шешімін

тапты, олар –мемлекетті, меншікті басқаруды ұйымдастыру, адам құқықтары

мен бостандығы және басқа да көптеген мәселелер.

Конституцияда Қазақстандағы мемлекеттік билік біртұтас және ол Заң

шығарушы, Атқарушы және Сот билігі тармағына бөлу принципіне сәйкес

жүзеге асырылады, тежеу мен тепе-теңдік жүйесін пайдалана отырып бір-

бірімен өзара іс-қимыл жасайды делінген тәртіп бекітілді. Жаңа

Конститутцияда Қазақстан Республикасы саяси билігінің үш тармағыныңатаулары бекітілді: Заң шығарушы биліктің аталуын Парламент деп қалдыру

ұйғарылды, оның жоғарғы палатасы Сенат, төменгі палатасы Мәжіліс деген

атаулармен аталатын болды. Президент, Премьер-министр, Үкімет—Атқарушы

биліктің құрамын құрды. Саяси биліктің үш тармағының бірі—Сот билігі –

Конституциялық Кеңес деп аталатын болды. Парламенттің осы Заңы бойынша

жергілікті өкілді билік жүйесі Мәслихат, ал атқарушы билік Әкімшілік (акимат)

деп аталатын болды.

Парламенттің қызмет барысындағы 1998 жылғы 7 қазанда қабылдаған

«Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар

енгізу туралы» Заңы еліміздің саяси өміріндегі аса маңызды оқиға болды.

Себебі демократиялық қоғам орнатудың негізгі мақсаттарының бірі—

мемлекеттік билік органдарын демократияландыру, шынайы да, әділ сайлау

жүйесін қалыптастыру, оларға саяси партиялардың белсенді түрде қатысуы,

республиканың саяси өміріндегі Парламенттің дербес мемлекеттік илік

ретіндегі ролін арттыру еді..

67. Президент және оның қр саяси жүйесіндегі орны.Негізгі қызметі

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысына сәйкес Н.Ә.Назарбаев 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті лауазымымен қызметке кірісті.

Барлық қиындықтарға қарамастан, 1990 -1991 жылдары еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев іс жүзінде Қазақстанның институттық негіздерін қалыптастырып, болашақ егемендігіміздің іргетасын қалады.

1990 жылдың 25 қазанында «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы” декларация қабылданды.

Декларация елдің толық мемлекеттік тәуелсіздігі жолындағы мемлекеттік-құқықтық жүйесін одан әрі дамытуды қамтамасыз еткен жас мемлекеттің алғашқы негіз қалаушы заңнамалық актісі болды. Оның үстіне, құжат мемлекеттік билікті заңнамалық, атқарушылық және сот жүйелеріне бөлу қағидатын бекітті. Осы орайда Жоғарғы Кеңес заң шығарушы биліктің айрықша артықшылығын алса, Президент Мемлекет басшысы ретінде – бұйрықты-атқарушылық билікке, Жоғарғы Сот сот билігіне ие болды.

Президенттік басқару нысанындағы Қазақстан Республикасының жаңа мемлекетін орнату жоспарлы түрде, мақсаткерлікпен әрі тарихи қысқа кезеңде жүзеге асырылды. Бір ғана онжылдық ішінде Қазақстан тоталитарлық жүйенің бүғауынан толык босады және жаңа мемлекеттілік қүрды. Бүл — ата-бабаларымыз қанды үрыстарда шайқасқан және оны қалпына келтіруді армандаған қазақ халқының таңдаулы өкілдері сталиндік қапаста мерт болған мемлекеттілік еді.

Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекет басшысы, оның ең жоғары лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Президент халықтар бірлігінің нышаны болып табылады, көпұлтты Қазақстан Республикасының халқы сайлайды, оның халық атынан сөйлеуге құқығы бар, ел ішінде және халықаралық қатынастарда мемлекет атынан өкілдік етеді. Конституцияға сәйкес республикада мемлекеттік билік біртұтас, бірақ, сонымен қатар билік үш: заң шығарушы, атқарушы және com тармақтарына бөлінеді.

Президент мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Ол, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, лауазымды және тағы баска тұлғалардың Конституция мен заңдардың талаптарын бұлжытпай сақтауын камтамасыз етеді. Президент адам мен азаматтардың құқығы мен бостандықтарының кепілі болып табылады. Президентті Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайлайды. Қазақстан Республикасының Президенті болып, тумысынан республика азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген және Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұрған республика азаматы сайлана алады.

Конституцияда Президент өкілдігін шектейтін жағдайлар да көзделген. Президенттің Парламент, мәслихат депутаты болуына, басқа да жалақылы қызмет атқаруына және кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы жоқ. Президент өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде саяси партиядағы қызметін тоқтатады. Президент өзінің міндеттерін атқаруы кезінде іс-әрекеті үшін тек қана мемлекеткеопасыздық жасаған жағдайда жауап береді жөне бұл үшін Қазақстан Республикасының Парламенті оны қызметінен кетіруі мүмкін. Бұл институт импичмент деп аталады.

Қазақстан Республикасының Президенті Конституция мен заңдар негізінде және оларды орындау үшін Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады. Конституцияда көзделген ретте Президент зандық күші бар заңдар, сондай-ақ жарлықтар шығарады. Қазақстан Республикасы Парламентінің құқықтық мәртебесі Парламент республиканың заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органы болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]