- •Саяси ой-сана дамуының бастапқы кезеңдері
- •2.Азматтық қоғам идеясы және оның саяси ой тұжырымдамасына айналуы
- •3.Саяси ой тарихындағы құқықтық мемлекеттің идеясы
- •5. Антикалық кезеңдегі саяси ой-пікірлер: Платон, Аристотель, Цицерон.
- •6.Орта ғасыр мұсылман шығысындағы саяси ой – сана: Әл-Фараби, Ибн Халдун, ж.Баласағұн.
- •8. «Демократиядағы үш толқын» тұжырымдамасы (Хантингтон).
- •9. Либерализм идеологиясы – тарихы және қазіргі заманға сай болуы.
- •10. Саяси ой-пікірлер тарихындағы адам құқықтары
- •11. Консерватизм: тарихы және қазіргі заман.
- •12. Фашизм идеологиясы және оның саяси тәжірибесі.
- •13.Саяси ой – сана тарихындағы билікің бөлінуі принциптері.
- •14. Марксизм-ленинизм идеялары мемлекет пен таптық ұғымдар туралы.
- •17. Михельс-олигархиядағы темір заң туралы.
- •18. Вебердің бюрократия теориясы.
- •19. Вебердің легитимділік билігі.
- •20. Белланың постидунстриалды қоғам теориясы.
- •21. Хантингтонның мәдениеттер қақтығысы теориясы
- •23. Қазақ ойшылдарының саяси көзқарастары: Абай, ш.Уәлиханов, ы.Алтынсарин
- •24. «Жеті Жарғы»- қазақтың саяси-ой пікірлерінің алғашқы құжаты.
- •25. Саяси ой – сана тарихындағы басқарушы және оның сапасы
- •27. Макивелизм, мәні мен мазмұны.
- •28. Саяси ой-сана тарихы тұрғысындағы биліктің ең жақсы түрі.
- •29. Жетекші халықаралық ұйымдар: мақсаты, тапсырмасы, қызметінің негізгі бағыттары
- •30. Адам құқығы туралы алғашқы құжаттар
- •32. Саяси білімнің құрылымы мен қызметі.
- •33. Билік және оның құрылымы. Билік түрлері. Билік ресурстары.
- •34. Саяси жүйе теориясы.
- •37. Демократияны жаңаша тұжырымдаңыз
- •38. Адам құқығы: қоғам ұғымы, типологиясы
- •39. Халықаралық қатынастың негізгі теориясы.
- •40. Мемлекеттің аймақтық құрылымы, оның түрлері
- •41. Билік формасы – қоғамдағы билікті ұйымдастырудың мінездемесі ретінде
- •42. Саясат феномені. Саясатты екі түрлі түсіну.
- •43. Саясаттанудың әдісі мен әдістемелері.
- •44. Билік: ұғымы, түрлері. Билік теориясы.
- •47. Мемлекет: белгілері, сипаттамасы.
- •48. Биліктің бөліну принциптері.Мемлекеттібасқарудың үш түрі.
- •50.Құқықтық мемлекет: қалыптасу мәселелері және түрлері.
- •51. Еліміздегі азаматтық қоғам құрудың ерекшеліктері.
- •52. Саяси режим: ұғымы, типологиясы.
- •53.Саяси партиялар: түсінігі, класификациясы.
- •54. Партиялық жүйе: ұғымы, типологиясы.
- •55. Электораттың ұғымы және сайлау жүйесі.
- •56.Демократия: мәні мен анықтамасының көптүрлілігі және тарихи формалары
- •57. Қазіргі саясаттанудағы саяси модернизация мәселелері. (Тоталитарлықрежимменавторитарлықрежимгеөтуі).
- •58. Саяси мәдениет: ұғымы, типологиясы.
- •59. Тұлға – саясаттану нысаны ретінде. Саяси әлеуметтенуі.
- •60. Саяси көшбасшы: феномені, типологиясы.
- •61.Тәуелсіз Қазақстанның мемлекетінің құрылуы және оның ерекшеліктері.
- •62. ҚазСср мемлекеттік егемендігі туралы декларация және оның тарихи маңызы.
- •63. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы конституциялық заңы.
- •64. 1993Ж қр-ң Конституциясы және елдегі мемлекеттік билік жүйесінің мінездемесі.
- •65.1995 Жылғы коститутциялық реформа және оның негігі себептері.
- •66.1998Ж. Және 2007ж, Конституциялық түзетулер қр. Саяси өмірінің демократизацияның куәсі ретінде.
- •67. Президент және оның қр саяси жүйесіндегі орны.Негізгі қызметі
- •68. Қр парламенті: қызметі, құрылымы, қалыптасуы, жетекші органдары.
- •70. Жергілікті мемлекет билігі және қр – дағы жергілікті билеу мәселесі.
- •71. Қазақстан Республикасындағы сот билігі: қызметі, құрылымы.
- •72. Қазақстандағы азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің құрылу ерекшеліктері.
- •73. Қазақстандағы патриотизм: қалыптасуы мен мазмұны
- •76. Қр мемлекеттің зайырлы мінездемесі,діни толеранттылығын жүзеге асыру
- •79. Қазақстандағы көппартиялықтың дамуы, оның негізгі кезеңдері
- •81.Жоғарғы құндылық ретіндегі қр конституциясының (1995) адам құқығы мен бостандығы туралы.
- •82.Қр азаматтарына азаматты, экономикалық, саяси және әлеуметтік құндылықтары
- •83. Қр ұлттық саясаты, негізгі бағыттары
- •84. Қазақстандағы ұлт ассамблеясы және оның ұлттық татулықты сақтаудағы саясатты сақтау.
- •86. Қр Конституциясы (1995ж) республиканың негізгі принциптері туралы.
- •87. Қр президенті елдің сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы
- •88. ЕвразЭс, Орталық Азия шеңберіндегі қр-ң интеграциялық инициативациясы
- •89.Қазақстан -2030 президенттік стратегиясы және оның негізгі артықшылығы
- •90. «Қазақстан азаматтары жағдайының өсуі – мемлекеттік саясаттың негізі мақсаты» атты президенттің халыққа жолдауы.
54. Партиялық жүйе: ұғымы, типологиясы.
Партиялық жүйе - азаматтармен, мемлекетпен, өзара және басқа саяси институттармен әрекеттесуші әрі осы қоғамда қандай да бір деңгейде саяси-билік қатыстарына араласушы партиялардың жиынтығы; қоғамнын саяси жүйесінің кұрамдас бөлігі.[1]
Партиялық жүйе партиялардың ресми санымен емес, олардың қаншалықты дәрежеде саяси биліктің қызмет етуі және құрылуы тетігіндегі шынайы атқаратын рөліне байланысты анықталады. Партиялық жүйенің қалыптасуына бірқатар факторлар әсер етеді: қоғамдағы экономикалық даму деңгейі, әлеуметтік- таптық күштердің арақатынасы, қоғамдық қатынастардың пісіп-жетілу дәрежесі, халықтың этникалық қүрамы, тарихи және діни дәстүрлер және т.б.
“Партия” этимологиясы саяси жүйенің “бөлімі”, “бөлшегі”, элементі дегенді білдіреді.
Партия - бұл билік немесе билік жүргізу үшін күресетін саяси қоғамдық ұйым.
55. Электораттың ұғымы және сайлау жүйесі.
Электорат – халықаралық ұйымдарға, мемлекет басқару органдарына қызметкерлерді сайлау кезінде дауыс беруге құқығы бар адамдар тобы. Сайлау жүйесі – бұл саяси билікті заңды түрде қалыптастыруды қамтамасыз ететін ережелердің, әдістер мен процестердің жиынтығы. Сайлау жүйесі 3 түрге бөлінеді: пропорциялық жүйе, мажориторлық жүйе, аралас жүйе. Пропорциялық сайлау жүйесінің негізгі принципі: парламенттегі депутаттық орындар, партиялар ұсынған кандидаттардың тізіміне парламенттік сайлауларда берген дауыстардың санына қарай бөлінеді. Пропорциялы сайлау жүйесі Австралияда, Бельгияда, Грецияда, Италияда, Норвегияда қабылданған. Мажоритарлық сайлау жүйесінің негізіне көпшілік дауыс алу принципі алынады. Аралас сайлау жүйесі пропорциялық және мажоритарлық жүйелерді біріктіруді көздейді. Ондағы мақсат-жекелей алғанда олардың әрқайсысына тән кемшіліктерді мейлінше азайту.
56.Демократия: мәні мен анықтамасының көптүрлілігі және тарихи формалары
“Демократия” – сөзі гректің “демос” – халық және “кратос” – билік деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:
1.Мемлекет түрі.
2.Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.
3.Қоғамдық құрылымның мұраты.
Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген.
Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады.
Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады.
Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс.
Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек.
Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.
Демократияның тарихи формаларына
Демократия саясат пен билік сияқты саясат ғылымының негізгі категориясына жатады. «Демократия» терминін ежелгі грек тарихшысы Фукидид (б.э.д. – V ғ.) өзінің 8 томдық «Тарих» деген еңбегінде пайдаланған. Пайда болған кезінде бұл сөз сол кездегі Афина республикасында болған мемлекеттік басқарудың белгілі бір формасын суреттеу үшін қолданылды.Демократияның тарихи формалары:
1) рулық демократия, бұл алғашқы қауымда және дәстүрлі қоғамда болған мемлекетке дейінгі форма. Оның негізі: қоғамның барлық мүшелерінің тең болуы, олар қоғамды жалпы жиналыс арқылы, ру көсемдері мен ақсақалдары арқылы, тайпа көсемдері арқылы басқарған. Олардың басқаруы күштеу арқылы емес, моральдық мәртебе, салт-дәстүрді құрметтеуге бағытталған;
2) антикалық демократия – демократияның бірінші мемлекеттік формасы. Мысалы – Афины республикасы. Оның ерекше белгілері: еріктілер үшін демократия, биліктің жоғарғы органы – халықтық жиналыс, оның заң жасаушылық күші болған;
3) Сословиелік демократия – ортағасыр демократиясы. Онда мемлекеттік басқару міндетті түрде абсолютті монархтың қолында болғандықтан демократия туралы тек шартты түрде ғана айтуға болады. Азаматтардың бірыңғай құқығы болмады. Қоғамдағы адам орны олардың қандай тап өкілі екеніне қарап анықталды;
4) либеральдік демократия – жаңа заман демократиясы. Феодализмнің капитализмге ауысқан кезеңінде пайда болды. Отаны – Англия. 1989 жылы «Даңқты төңкеріс» нәтижесінде қабылданды, онда жеке адам бостандығы мен қандай топқа жататынына қарамай заң алдындағы теңдігі жарияланды. Мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшеліктері: билікті бөлу; заң шығару парламенттің құзырына көшті; оны халық сайлады; патша – ел басшысының рөлінде қалды; үкіметті парламент сайлайды және есеп береді; тәуелсіз сот өмірге келді; жергілікті өзін-өзі басқару ісі жүзеге асты;
5) Кеңестік демократия. 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Ресейде пайда болды және 70 жыл өмір сүрді. Оның ерекшеліктері: таптық сипаттама; еңбекшілерге арналған демократия, қанаушы тапты күштеп жою; пролетариат диктатурасы, оның негізгі саяси формасы; еңбекшілердің депутаттар кеңесі; кейіннен халық депутаттар кеңесі. ХХ ғасырдың 90-жылдарында жеңіліске ұшырап, саяси аренадан кетуге мәжбүр болды. Қазіргі кезде социалистік демократия Қытайда (халықтық демократия формасында) және солтүстік Кореяда, Вьетнамда, Кубада бар.
демократияның қазіргі түсінігі ол – адам құқығы мен тәуелсіздігінің кепілдігі (сөз бостандығы, діни бостандық, бірлестіктер бостандығы), азшылықтың құқық кепілдігі, дүниеге өзгеше көзқарас құқықтарының кепілдігі, соның ішінде саяси оппозицияға да бостандық. Осы кепілдіктер демократия сөзінің отаны Афинада болған жоқ. Онда саясаткер сайлауда қарсыласынан жеңіліп қалса оқшауланып, яғни елден 10 жылға аластатылған. Басқаша ойлануға кепілдік берілмеді.
