Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sayasattanu_p_1241_ninen_emtikhan_s_1201_ra_117.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151.17 Кб
Скачать
  1. Саяси ой-сана дамуының бастапқы кезеңдері

Әдетте, саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым Аристотельді атайды. Себебі ол өз заманында лицей ашып, сонда сасяи ғылымды жеке пән ретінде оқытып, өзі жүргізді; «Саясат» деген еңбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің (онда әр қала мемлекет деп есептелді) саяси жүйесін зерттеді. Дегенмен ұлы ғалым саясаттану ғылымын біздің қазіргі түсінігіміздей ашып бере алмады. Ол саясаттың негізі адамның өзімшіл, хайуанаттық табиғатында деп ұқты. Жеке адам көзсіз құмарлыққа берілгіш келеді. Сондықтан оның соқыр сезімін тежеп, жалрыға ортақ игілікке, әділеттілікке жетуді жеңілдету, адамгершілік қасиетін арттыру үшін саясат жүргізу керек деп түсінді. Ол саясаттану мәселелерін философия мәселелерімен бірге қарады. Орта ғасырда саясаттың діни-этникалық түрі қалыптасады. Оның негізін салушы Ф.Аквинский саяси билікті құдай орнатады, бірақ мемлекет басшылары құдай қалауына қарсы шықса, халықтың оларды құлатуға болады деді. Саясаттануға ХVІғ. Италияда өмір сүрген Макиавелли зор үлес қосты.ол мемлекеттік билікті қолға үйретудің, пайдаланудың неше түрлі әдіс-тәсілдерін көрсетті.

2.Азматтық қоғам идеясы және оның саяси ой тұжырымдамасына айналуы

Азаматтық қоғам пайда болуы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулер оны буржуазиялық қоғамның желісі дей келіп, нарықтық қатынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада қашан болмасын болған дейді.

Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған. Аристотель еңбектерінің өзінде біз азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлерін кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адамгершіліктің де иесі болады деп жазды.

Кейінірек бұл мәселеге елеулі үлес қосқандар: Т.Гоббс, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо, Т.Пейн және т.б. Дегенмен, азаматтық қоғам тұғырнамасын жасауда ерекше еңбек еткен немістің атақты фәлсафашысы – Гегель.Оның ойынша, азаматтық қоғам мемлекеттен тәуелсіз нарықтық экономиканы, әлеуметтік топтарды, таптарды, корпорацияларды, институттарды қамтиды. Олардың мақсаты қоғамның өміршеңдігін және азаматтық құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады. Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына өте-мөте шек қойылады. Ал олардың атқаратын міндеттерін азаматтар өз еркімен оларға берген және орындалуын өздері тексереді.

Азаматтық қоғамда адамдардың экономикалық саяси, рухани өмірінің түрін еркін таңдауына және жүзеге асыруға заң жүзінде кепілдік беріледі. Олар мемлекет тарапынан қатаң тәртіпке алынудан сенімді түрде қорғалады. Адамның жалпы құқықтары сақталады, бұзылмайды.

Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуы өзгеше жағдайда өтіп жатыр. Кеңестік кезеңде өмірі барынша мемлекеттендірілген болатын. Ол жүйе күйрегеннее кейін азаматтық қоғамға өтуге «жоғарыдағы» мемлекеттің өзі ұйытқы болып отыр. Халықтың сана-сезімі, жүріс-тұрысы әлі ондай деңгейге көтеріле қойған жоқ. Сондықтан біраз уақытқа дейін, белгілі бір сапалық деңгейге қол жеткізгенше бұл процеске мемлекеттің елеулі ықпалы болмақ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]