- •«Көлік және машинажасау» кафедрасы «Көлік құралдары құрылғыларының элементтерін есептеу» пәнінен курстық жобаның түсініктеме жазбасы
- •Петропавл
- •Автомобиль каз-608в
- •1.Берілістерді ауыстыру қорабының арналуы
- •Беріліс қорабының негізгі арналуы
- •1 Сурет
- •1.2. Берілістерді ауыстыру механизмі
- •2. Механикалық беріліс қораптарының ақаулығы
- •2.1. Беріліс қорабының жалпы ақаулықтары
- •2.2. Беріліс қорабының сыртқы белгілері бойынша ақаулықтар
- •3.1. Есеп үшін бастапқы мәліметтер
- •3.2. Басты берілістің беріліс санын есептеу
- •3 Сурет. Трансмиссияның кинематикалық схемасы
- •1 Кесте. Тісті доңғалақтардың геометриялық параметрлері
- •7. Тісті берілістердің материалдарын таңдау және рұқсат берілетін кернеуді анықтау
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.2. Берілістерді ауыстыру механизмі
Берілістерді ауыстыру механизмі қораптағы берілістерді ауыстыру үшін қызмет етеді және автомобильдің салонынан берілістерді ауыстыру үшін иінтіректің (рычаг) көмегімен жүргізушімен басқарылады. Бұл кезде құлыптау құрылғысы біруақытта екі беріліске қосылуға мүмкіндік бермейді, ал блоктау құрылғысы берілісті өздігінен өшіп қалуын тойтарады.
Картердің оң қабырғасында орналасқан мойын арқылы қорапқа май құйылады. 2 суреттегі 1 тығынында май деңгейін көрсеткіш орналасқан. Картердің ішінде аралық бар, сондықтан майды міндетті түрде тығыны бар 2 ағынды тесіктер арқылы ағызу керек. Алдымен төменгісі, кейін бүйіргісі арқылы. Майдың ішінде болуы мүмкін металлдық бөлшектерді ұстап қалу үшін алдыңғы тығында магнит орнатылған. Картердің екі жағынан қуатты іріктеу қораптарын орнату үшін люктар бар. Люктар тығыздатқыш төсемесі бар қақпақтармен жабылған. Рұқсат етілген қуатты іріктеу әр люктан 30 л.с. Қозғалыс кезінде қуатты іріктеу рұқсат етілмейді.
2- сурет
Өлшем кезіндегі майдын деңгей көрсеткішінің орналасуы: 1 – майдың деңгейін көрсеткіші бар тығын; 2 – беріліс қорабының картері
Техникалық қызмет көрсету.
Қызмет көрсету май деңгейін қадағалау мен оның тұрақты ауыстырылуын бақылаудан тұрады. Майдың деңгейін тексеру үшін, 1 тығынын меңзермен алып шығу керек. Одан кейін, 2 суретте көрсетілгендей, меңзерді сүртіп, жіпке тірелгенше мойынға тығу керек. Май деңгейі, меңзердегі жоғарғы бөлігіне дейін жетіп тұруы тиіс. Майды ауыстыру үшін, меңзері бар 1 тығынын және ағын тығындарын алып шығу керек. Төменгі тығынның магнитін металлдық бөлшектерден тазартып, майды ағызғаннан кейін тығындарды орнына қою керек. Майды ағызудың соңы, май ағынының тамшы құлауына дейін ауысуымен анықталады. Майды химмотологиялық картаға сәйкес құю керек.
2. Механикалық беріліс қораптарының ақаулығы
2.1. Беріліс қорабының жалпы ақаулықтары
Жүк көліктеріне орнатылатын механикалық беріліс қорабы құрылысында айтарлықтай өзгешеліктерге ие. Сәйкесінше жеке ақаулықтары да бар. Сонымен қатар механикалыө беріліс қорабының жалпы ақаулықтарын да атап өтуге болады. Шартты түрде оларды екіге бөліге болады: беріліс қорабының ақаулықтары мен берілістерді ауыстыру механизмінің ақаулықтары. Беріліс қорабының жалпы ақауларына келесілер жатады:
1) муфталар синхронизаторларының қажалуы;
2) муфталар синхронизаторларының шлицтык қосылысының қажалуы;
3) тістегеріштердің қажалуы;
4) қораптағы май деңгейінің төмендігі;
5) жетекші, жетекті және аралық біліктердің мойынтіректерінің қажалуы;
6) беріліс қорабының бекітпесінің резьбалық қосылыстарының әлсізденуі;
7) сальниктардың қажалуы.
2.2. Беріліс қорабының сыртқы белгілері бойынша ақаулықтар
Беріліс қорабының ақауларын сыртқы белгілері бойынша анықтауға болады:
1) беріліс қорабының шуылы;
2) берілістердің қиын қосылуы;
3) берілістердің өз бетінше сөнуі;
4) майдың аздап ағуы.
|
Ақаулар |
Бейтарап позициядағы шу |
|
Берілістерді қосы кезіндегі шу |
|
Қораптың жұмысы кезіндегі шу |
|
Берілістердің қиын қосылуы |
|
Берілістердің өз бетінше сөнуі
|
муфталар синхронизаторларының шлицтык қосылысының қажалуы;
|
Майдың аздап ағуы |
|
3. КАЗ- 608в берлістерді ауыстыру қорабының есебі

Белгілер