Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
JavaScript сабатары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
128.17 Кб
Скачать

Құжатты оқып-үйренуді жалғастырамыз

document обьектісінің де қасиеттері мен әдістері бар. Әдістеріне мыналарды жатқызуға болады:

Әдісі

Сипаттамасы

getElementByName

Параметр ретінде берілген NAME атрибутының мәнімен бірге элементтер коллекциясын қайтарады. Қазіргі HTML-де NAME атрибуты сирек қолданылатындықтан бұл әдістен пайда аз. document.getElementByName("myownname")

Internet Explorer-дің 5.0-нұсқасынан бастап қана қолдайды.

getElementByTagName

Бұл әдіс параметр ретінде берілген тэгтер арқылы құрылған элементтер коллекциясын қайтарады.

document.getElementByTagName("H1")

Internet Explorer-дің 5.0-нұсқасынан бастап қана қолдайды.

tags

Коллекция элементтерін олардың тэгі бойынша сүзуге мүмкіндік беретін All (әрі қарай қара) коллекциясына әдіс ретінде қолданылады. Параметр ретінде керекті тэгтің жолдық мәні қабылданады.

document.all.tags("img")

Қайтарылатын мән <img ...> суреті бар коллекцияға сілтеме түрінде болады. 

write

write("Жол") синтаксисі; Параққа жолды немесе жолдық мәнді шығарады.

writeln

writeln("Жол") синтаксисі; Жаңа жолға көше отырып, параққа жолды немесе жолдық мәнді шығарады.

Осы айтылған әдістердің көмегімен браузерге шығу, онша маңызды емес. Алайда оқиғаларды өңдеу кезінде немесе қандай да бір шарттың орындалуында пайдалану, парақты әлдеқайда жандандыруға көмектеседі.

document  обьектісінің мынадай қасиеттері бар. 

Қасиеті

Сипаттамасы

all

Парақтың тэгтерді қоса алғандағы барлық элементтері. IE-ні 4-нұсқасынан бастап қана қолдайды

anchors

Парақтың барлық "якорлері"

applets

Барлық Java-апплеттер, суреттер мен ActiveX элементтері

embeds

Параққа ендірілген барлық объектлер мен кеңейтілімдер.

forms

Бізге белгілі форма элементтері.

frames

Фреймдер жинақталымының барлық фреймдері. document обьектісінің қасиеті ретінде тек IE ғана қолдайды.

images

Парақтағы барлық суреттер.

layers

Парақтың барлық қабаттары. Netscape Navigator-ды 4.0-тен бастап қана қолдайды

links

Парақтағы барлық гиперсілтемелер. Netscape Navigator жағдайында <AREA>ның барлық «қызу» аймақтары.

location

Осы құжатқа арналған location обьектісі. document обьектісінің қасиеті ретінде тек IE ғана қолдайды.

scripts

Параққа ендірілген барлық скриптілер.

IE-ні 4-нұсқасынан бастап қана қолдайды.

selection

Парақ бетіндегі пайдаланушы ерекшелеген мәтінді көрсететін selection объектісі. IE-ні 4-нұсқасынан бастап қана қолдайды. Netscape Navigator –да getSelection әдісі қолданылады.

styleSheets

Параққа қоса орнатылған немесе оған байланған барлық кесте стилдері. IE-ні 4-нұсқасынан бастап қана қолдайды.

title

Құжаттың тақырыбы

links  tags әдісіне ұқсас жұмыс істейді.

document  обьектісінің басты қызметі – HTML-құжаттың жеке элементтеріне қатынас жасауға қол жеткізу.

all: қасиетін пайдалану мысалы:

document.all("myimage").outerHTML

немесе images: коллекциясы арқылы:

document.images("myimage").outerHTML

Internet Explorer document обьектісіне сілтеме түсіруге мүмкіндік береді. Сонда ол мына түрде болуы мүмкін:

all("image1").outerHTML

images("image1").outerHTML

Netscape Navigator-да бұл мүмкіндік жоқ. Ол document-ке міндетті сілтемені талап етеді. Оның үстіне ол all коллекциясын қолдамайды.

document.images("myimage").src

Web-парақ элементінің аты ID және NAME атрибуттарының көмегімен беріледі. Егер парақтың әр элементінің ерекше аты болса, онда элементтерге тікелей қатысу деп аталатынды пайдалануға болады, яғни, оған коллекция элементі ретінде емес, жеке обьект ретінде қатынас жасайды. Бұл IE мен Netscape Navigator-да жұмыс істейді.

image1.outerHTML

layer1.top

Тікелей қатынас жасау әлдеқайда жылдам жүреді, ал егер ғаламшардың 95%-ы Internet Explorer-ді пайдаланатынын есерсек, онда тікелей қатысу барлық жағынан тиімді. Нақты коллекцияларға қатыс жасау арнайы талап етілсе, онда амал жоқ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]