Ұбт тапсыруға қалай дайындалу керек?
Алдымен стол үстінен артық заттарды алып, керекті кітаптарды ,
көмекші құралдарды, қарындаштарды ыңғайлап орналастырып,
жұмыс орынды дайында.
Бөлме жабдықтарын сары және күлгін түстерге ендіруге болады,
себебі олар интеллектуалдық белсенділікті арттырады. Ол үшін
осындай түстен картиналар жеткілікті болып табылады.
Жұмыс жоспарын құрастыру. Ең алдымен «жапалақ» немесе
«торғай» екенінді анықта, одан соң осыған байланысты азаңғы
немесе кешкілік уақытты тиімді пайдалан.
Басқасына қарағанда өте аз білетін бөлімнің қиынынан баста. Бірақ
егер саған қиын болса , басқасына қарағанда сен үшін қызықты және
көңілді материалдардан бастауға болады.Біртіндеп жұмыс ырғағына
еніп, жұмыс әрі қарай жандануы мүмкін.
Жұмыс пен демалысты кезектестіре біл, айталық 40 минут жұмыс,
3
одан соң 10 минут – үзіліс. Бұл уақытта ыдыс жууға, гүлдерді
суаруға, жаттығу жасауға, душ қабылдауға болады.
Сабақ № 2
Тақырыбы: ҰБТ –ға психологиялық тұрғыдан дайындық.
Сана-сезім қалыптастыру әдістері.
Сана-сезім туралы мағлұмат беру.
Мақсаты: Оқушыларға сана-сезім туралы түсінік беру және сана-сезімін қалыптастыру үшін не істеу керектігі туралы кеңес, ұсыныстар беру.
Міндеттері:
1. Оқушыларға Сана-сезім туралы мағлұмат беру.
2. Оқушылардың ҰБТ-ға дайындық кезінде сана-сезімдерін
қалыптастыру.
3. Оқушылардың позивті ойлау қабілеттерін тәрбиелеу.
Адам санасының дамуы. Жер бетіндегі тіршіліктің қолы жеткен ең жоғарғы жетістігі ойлай білетін адамның дүниеге келуі. Адамның еңбек етуі, еңбек құралдарын жасап, оны пайдаланауы, оның
санасының дамуына зор ықпал етеді. Еңбек ету арқылы, ол өзінің
4
Жаттығу «Менің көңіл-күйімнің түсі».
Қатысушылар шеңбер құрып, бір-біріне допты немесе ойыншықты беріп, олардың көңіл-күйлерінің түсі қандай болғандығың атайды. Содан кейін, қатысушылардың сабақ аяқталуға таяп қалғандығын және қоштасу керек екендігін хабарлайды.
Неге адамдар қоштасады? Талқылау кезінде жүргізуші ережелерді сақтауын талап етеді. Талқылау барысында, ең қызықты пікірлерге назар аударып, қоштасу рәсімін ойлап табуға ұсынады. Талқылаудаң кейін келесі нұсқауды ұсынуға болады: барлығы шеңбер құрып, қолдарынан ұстап, бір-біріне «ҚОШ САУ БОЛ», соңғы сөзге қолдарын жоғары көтеріп, шеңбердің ортасына қадам жасайды. Бір неше рет қайталау.
Жүргізуші, сәлемдесу рәсімі әлі ойлап табылған жоқ, деп назар аударады, сол үшін бұл сендердін үй тапсырмаларын болады. Одан басқа, үйде ата-аналарымен бірге тренингтегі ережелерді талқылап, оған тағы да бір нәрсе қосу қажет пе деп, ойланып келу керек.
Жүргізушінің есіне. Кіріспе бөлімінде, еркін талқылау жүрген кезде, шу болып кетуі мүмкін. Қатысушыларға ескерту жасамауға ұсынылады, олар өздері бір-бірін естімегеннен ыңғайсыздықты сезінеді.
Сабақ № 11
ТРЕНИНГ
«Релаксацияның әдіс-тәсілдері және күйзелісті жою».
Мақсаты: Жүйке-бұлшық еттері релаксациясының және босаңсыту әдіс-тәсілдерін үйрету; оқушыларды өздеріңнің психотәндік жағдайларын игеруін қалыптастыру.
Бұл тренингке арналған жаттығуларды тыныш және жақсы желдеткен, онша жарық емес бөлмеде өткізген жөн. Жаттығуларды, аутотренингке арналған, байсалды әуенмен өткізуге тырысыңыз.
Жүргізуші: Ми тиімді тәртіпте жұмыс жасау үшін ,ең бірінші сендерге емтиханға дайындалып, тапсыруға көмек беретің бірнеше қатар әдіс-тәсілдер мен ережелерді білу қажет.
25
Жаттығу «Менің мекен-жайым»
Барлығы бір ауыздаң өздерінің мекен-жайын айтады, соның ішінде әр қайсысы, оның мекен-жайын айналадағы барлығы естісін деп талпыну керек; содан соң жүргізуші кез келген қатысушыға кімнің болса да мекен-жайын қайталауға ұсынады.
