Жаттығу 3. «Ойша сурет»
Жүргізу уақыты 10 минут.
Мақсаты: Жүйке – бұлшық еттерінің босаңсыту үшін қиялдауға үйрету.
Нұсқау
Бұлшықеттеріңізге күш салмай, жайғасып отырыңыз. Қолыңыз бен
аяқтарыңызды айқастырмаңыз. Демалыңыз. Дененіді босаңсытыңыз.
Өкпеңіз толғанша, терең демалып, мұрын арқылы ауа толтырыңыз.
Мұрын арқылы, өкпеңіздегі ауаны жай шығарыңыз. Мұны ырғағымен жасауға тырысыңыз. Тез толтырып, шығармай.
Жаңа циклді бастаңыз, өзіңіздің деміңізді тындаңыз, өкпеңіз қалай толып жатқанын, содан кейін жай ғана ауаны жіберіңіз. Сіздің деміңіз толқындардың қимылына ұқсайды, жағаға шығатың (сыртқа шығару) және қайтадан артқа жылжыйтың (ішке демалу). Теңіздегі толқындарды, теңіз суының дәмін, теңіздін шуын және жай ғана желді қиялдаңыз.
Жаттығу 4. «Күшімізді сақтаймыз».
Мақсаты: Эмоционалдық күш салуды жою.
Нұсқау
Деміңізді сыртқа шығарып, асықпай, алақандарыңызды, бас бармағыңызды ішке қарай жұмыңыз. Сондан сон, алақаныңызды ашып, демалыңыз. 5 рет қайталаңыз. Енді бұл жаттығуды, көзіңізді жұмып жасап көріңіз, ол әсерлеріңізді күшейтеді.
Жай ғана кішкентай бармағыңызды ұқалаңыз.
Тұрыңыз және терең деміңіз шығарыңыз. Содан кейін өкпеңізді ауаға толтырып, дауыстап деміңізді шығарыңыз. Дем шығару кезінде«ааааа» деп дыбыс шығарыңыз. Ойша елестетіңіз, бұл кезде сізден күш салу және шаршағаныңыз шығып бара жатқанын.
Бір сәтке орныныздаң тұрып, «Жедел жәрдем» дабыл көлікке айналып кетіңіз. Қолыңызды өзініздің басыңызға қойып, қатты, жоғары дауыспен «Иииии!» деп айтыңыз. Сіздің басыңыз даусыныздаң дірілдегенің сезінініз. Ал енді осы дыбысты, дабыл көлігі сияқты айқайлап айтыңыз, - бір кезде жоғары, бір кезде төмен. (30 секунд).
Сіздер өзіңіздің күшіңіздің сақталғанын байқадыңыз ба?
28
Мектеп бітірушілердің Ұлттық бірыңғай тестілеуге психологиялық тұрғыдан дайындық.
Кіріспе
Қазіргі таңда заманымызға сай мектептердің даму жолында көптеген қуандыратын өзгерістер енгізіліп жатыр, сонымен қатар мектеп бітірушілердің Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуы. Оның барлығы мектеп қабырғасында білім және тәрбие алып отырған оқушылардың жан-жақты дамыған жеке тұлға болуына арналады. Осы үлкен мақсатты іске асыруға мұғалім қауымымен бірге мектептегі психологиялық қызметте ат салысып жатыр.
Келешек ұрпақтың сапалы білім , саналы тәрбие алуы қай кезде болмасын өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Ал ХХІ ғасыр азаматын тәрбиелеп өсіруде барлық оқу-тәрбие орындарында білім алуға қолайлы жағдайлар қамтамасыз ету-жалпы білім берудің негізгі мақсаттарының бірі. «Білім сапасын арттырудың тиімділігіне қарым-қатынастың ықпалы» , - деген бағытта біз жұмыс жүргізудеміз.
Бәрімізге құпия емес – бала, яғни оқушы қарым-қатынас үрдісінде өзін қолайлы, сәтті нысанасын сезінгенде ғана білім сапасын көтеруге талаптанады. Осы қарым-қатынас үрдісінде оқушыны қатты қиналдыратын , қобалжитын жағдайлар кездеспесе, оның денсаулығына, психикасына зиян келмейді, яғни бар ынтасымен, көңілімен білім алуға, ұмтылуға жағдай жасалады.
Қазіргі таңда мектеп бітірушілерді қатты мазалап жүрген ҰБТ тапсыру мәселесі. Соған байланысты мектептегі психологиялық қызмет оқушылардың ҰБТ-ға психологиялық тұрғыдан дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ең бастысы жұмыс жоспарын құрудан басталады.
Джон Кехоның «Подсознание может все» кітабына сүйене отырып, оқушының сана –сезіміне ықпал тигізетін психологиялық әдістер құрастырып, осы «Оқушының ҰБТ-ға психологиялық дайындығы» бағдарламасын психологтарға ұсынғым келеді.
1
«Оқушының ұбт-ға психологиялық дайындығы.» Оқушының сана-сезіміне ықпал тигізетін психологиялық әдістер.
Бұл бағдарлама мектеп бітірушілармен жалпы мектеп оқушыларына арнап жасалған. Осы бағдарламадағы жаттығу әдістерін күнделікті қолданылатын тиімді әдістер деп қарастыруға болады. Өте қызығарлықтай - өзіңнің сана-сезімін және белсенділігіңді арттыру арқылы күшіңді меңгеру, өмірдегі мақсатына қол жеткізу.
Бұл бағдарлама мектеп бітірушілерді , жалпы мектеп оқушыларын емтихан алдында әртүрлі әдіс – тәсілдермен таныстырып, жан дүниесін байытып, рухтандырады. Тек қана мектеп бітірушілер осы әдіс-тәсілдерді күнделікті, үзбей қолданып отыру қажет.
Бағдарламаның жемісті болатынына сенімдімін. Мектеп бітірушілер, осы жаттығуларды игергеннен кейін Ұлттық бірыңғай тестілеуді өз ойларындағыдай сәтті тапсыруға тілектестік білдіремін.
Тақырыбы: «Сана сезім барлығын жасайды.»
Мақсаты:
Оқушылардың өмірдегі әр түрлі жағдайларды жеңіл қабылдап, дұрыс шешімге клу, мақсаткерлік, табандыылқ қасиеттерін белсендендіру. Өз-өзіне сенімділігін артырып, рухтандыру, көңіл –күйлерін көтеру.
Ішкі сана-сезім – бұл сіздің өміріңізге, жан дүниеңізге жан-жақты әсер ететін күшті күш қуат.
Сабақ № 1
Тақырыбы: ҰБТ – ға психологиялық тұрғыдан дайындық.
ҰБТ тапсыруға қалай дайындалу керек?
Мақсаты:
Мектеп бітірушілерді психологиялық тұрғыдан дайындау. Қарым-қатынас үрдісінде оқушының денсаулығына, психикасына зиян келтірмейтін, яғни ол бар ынтасымен, көңілімен білім алуына, ұмтылуына жағдай жасау.
Міндеттері:
Оқушыларға ҰБТ-ға дайындық кезінде кеңес, ұсынытар беру.
Материалды қайталауға арналған жоспарымен таныстыру.
Оқушылардың бойында мақсаткерлік қасиетің дамыту.
2
Жүргізуші: Ыңғайлы отырыңыз. Оң қолыңызды жұдырық қылып жұмыңыз. Күш салып, қатты жұмыңыз! 10-12 секундтан кейін қолыңызды санынызға босатып тастаңыз, көзіңізді жұмып, алақаныңызда және оң қолыңызда не сездіңіз, соны байқаңыз. 3минут бойынша сол сезімде шоғырланыңыз. Жаттығуды тағы қайталаңыз.
Талқылауға арналған сұрақ
Қандай сезімде болдыңыз?
Қолға үш салып, босаңсытқаннаң кейін, қолда әртүрлі нәрселер сезіледі. Көбнесе қолда жылылық, ысып бара жатқан, ауырлық, бұлшықеттерінде тарсыл сезімдері сезініледі. Сабақ барысында, оқушыларды эмоционалдық босаңсыту бенелеріне мән беру қажет.
Жаттығу 2. «Бұлшық еттерінің релаксациясы»
Жүргізу уақыты 20 минут.
Мақсаты: жүйке-бұлшық еттері релаксациясының әдісін үйрету.
Нұсқау
Жайғасып орындыққа отырыңыз, аяғыңызды айқастырмай, табаныңызды жерге қойңыз. Қысып тұрған тұймелерінізді ағытыңыз және аяғынызға күш салмаңыз.
Табан мен аяғыңыздың бұршықеттеріне күш салып, аяқ бармақтарын алға созыңыз. Солай 10 секунд тұрып, содан кейін бұлшықеттеріңізге күш салмаңыз (тез босаңсыныз). Күш салғаннан кейін, жағымды босаңсыну сезіміңізге шоғырланыңыз. 3-5 рет қайталаныз.
Өкшеңізбен жерді тіреп, табан мен аяғыңыздың бұршықеттеріне күш салып бармақтарыңызды жоғары қарай бүгіңіз. 10 секунд осы қалыпты сақтаңыз, содан кейін 10 секундқа босаңсыңыз. 3-5 рет қайталаңыз. Босаңсынғаннан жағымды әсер алуға тырысыңыз.
Аяғыңызды жерден 10 сантиметрге көтеріңіз, бармақтарыңызды өзіңізге қарай бүгіңіз (өкшеңізбен жерді тіреп тұрған жаттығудай). Енді жаңа бұлшықеттер тобы қосылады – санның бұлшықеттері. Сол күйде 10 секунд қалыңыз, содан кейін босаңсыныз, аяғыңызға бостып,түсіріңіз. 3-5 рет қайталаңыз, сіздің табаныңыз, аяғыңыз, саныңыз босаңсыту кезінде жылу керек, сіз жағымды сезімдерді сезініп отырсыз.
27
Не үшін босансыңу қажет? Белгілі, бұлшықеттеріне күш салу жағымсыз эмоцияларды және әртүрлі күштің тынышсыздықтың тұғызады. Эмоциялар өте әсерлі болса, онда олар ойлау үрдістерін қоршайды. Сондықтан стресс жағдайында ойлау жұмысының тиімділігін қолдау үшін
бұлшықеттерінің күш салуын жою қажет.
Бұгін біз стресс жағдайында релаксацияға себеп болып және соңымен қатар күш салуды жеңуге арналған жаттығуларды жасап үйренеміз. Сендерге ұсынылған жаттығулардың ішінде кейбіреулері онша ыңғалы емес, ал кейбіреулері сендерге лайық болады. Бұл жағдайда оларды өзіңе керек жағдайларда ғана қолдана аласың.
