Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курсовой.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
555.52 Кб
Скачать

4 Карьерлік көлік

4.1 Карьерлік көлік түрін таңдау және жабдық типін негіздеу

Көлік типін таңдау үшін негіздеу болатындар: тасымалданатын жыныстың сипаттамасы, аршу схемасы, қазып-өндіру жүйесі, карьерлік алаң өлшемдері, тау-кен жұмыстарының масштабы мен аяқалысы (екпіні). Осының негізінде көлік типі мен көлік құралдарының қуаты таңдалады, сондай-ақ, көлік коммуникацияларының өлшемдері таңдалады.

БелАЗ – 549

Жүккөтергіштігі, т 75

Салмағы (жүксіз), т 66

Шөміш сыйымдылығы, м3 37,8

Масимальды қозғалыс жылдамдығы, км/сағ. 50

Автосамосвал ені, м 5,36

Қозғалтқыш қуаттылығы, кВт 11

4.2. Трассаны сипаттау

Трассыны сипаттау көлік коммуникациясының типтік схемасына байланысты жасалады – пайдалы кенді жер бетіне төгу пунктіне тасымалдау және жынысты – үйіндеге. Тасымалдау аралығын бастапқы мәліметтерде берілген карьер алаңына байланысты тағайындайды.

Темір жолмен тасымалдау кезіндегі жол саны (автомобильді болғанда жолдар саны және т.б.), бөлу пункттерінің орналасуы мен сипаты (сонымен қатар, станцияның орныласуы, жол саны және схемасы) өткізу қабылетімен негізделеді [1].

4.2.1. Карьерлік автомобиль жолдарының өткізу қабілеттілігі

Жолдың өткізу қабілеттілігі бірлік уақыт ішінде белгілі жол пункті арқылы өте алатын машиналардың максимальді санын анықтайды және ол қозғалыс жолақтарының санына, жүру жолының сапасына, автомобильдердің қозғалыс жылдамдығына байланысты болады:

машина/сағ , (4.1)

мұндағы v - автомобильдің есептік қозғалыс жылдамдығы, км/сағ;

n - қозғалыс жолақтарының саны, бірлік;

Kн- қозғалыстың біркелкісіздік коэффициенті (Kн= 0,5...0,8);

S - машиналардың еру интервалы (көру қашықтығы), м.

машина/сағ

Машиналардың жүру интервалын келесі формуламен есептеуге болады:

,м, (4.2)

мұндағы a - машиналардың тоқтағандағы арасындағы рұқсат етілген аралығы, м;

lа - машинаның ұзындығы, м;

tд – жүргізушінің реакциясының уақыты, ч (tд= 0,5 .. 0,8 с);

v - қозғалыстың есептік жылдамдығы, км/сағ;

LТ – тежегіш жолының ұзындығы, м.

,м,

4.1-кестеде карьерлік автомобильдердің ұсынылғанжылдамдықтары v келтірілген.

Тасымалдау аралығы 1,5 км аз болғанда қозғалыстың орташа жылдамдығы азаяды: 1 км болғанда – 10 %-ға, 0,5 км болғанда – 20 %-ға, 0,25 км болғанда – 30 %-ға. Бос машиналардың қозғалу жылдамдықтары жүкті машиналарға қарағанда 15...25 %-ға жоғары. Күзгі және көктемгі периодта жоғарыда айтылған жылдамдықтардың мәндері ората шамамен 23...28 %-ға төмендейді. Сонымен қатар, жылдамдықтар түнгі уақытта азаяды (8...10 %-ға – жүкті, 16...17 %-ға бос машиналарда), сондай-ақ, қарқынды қозғалыс болған жағдайда (200...300 машина/сағ) – жолдың жүру бөлігінің 2...3 м-ге қосымша кеңейтудің болмаған кезінде.

4.1-кесте

Жабу түрі және тербелістің меншікті кедергісі

Жүккөтерімдігі,т

автосамосвалдардың

жартылай тіркегішті тартқыш

7-ге дейін

10-27

40-75

45-120

Күрделі жетілдірілген, 200 Н/т

30

28

25

22

Жеңіл жетілдірілген, 300 Н/т

28

25

22

20

Өтпелі, 400 Н/т

25

20

20

16

Төмен (дөрекі жоспарланған), 600 Н/т

18

16

15

12

Тежегіш жолы ұзындығы LТ үлкен жүк көтерімді автосамосвалдар үшін еңісі 40...80о/оо түсулерде (щебенкалы жолда) 22...25 м құрайды; қозғалу жылдамдығы 50 км/ч,еңісі 100 о/оо болғанда, тежегіш жолы жүкті машиналар үшін 80...120 м және 60...80 м – бос автомобильдер үшін.

Жолдың жазық түзусызықты учаскелері үшін S шамасы машиналар бірінің артынан бірі ерген кезде қарапайым жағдайларда 50 м кем болмау керек. Қарама-қарсы келе жатқан машиналар үшін жолдар қиылысқан кезде бірін бірі көру қашықтығы, сәйкесінше, екі есе көп болу керек. Жол категориясы мен қозғалу жылдамдығы жоғарылаған кезде S шамасы 50-ден 75-ке дейін артады.

Бұл бөлімде, сонымен қатар, тиеу және төгу кешендерін, жасанды ғимараттарды, қоймаларды және т.б. сипаттау керек.