- •Мазмұны
- •1 Курстық жобаны орындау жүйелілігі
- •Жобалаудың бастапқы мәліметтері
- •Карьер параметрлерін есептеу
- •2 Жыныстарды қазуға дайындау
- •2.1. Бұрғылау түрі мен ұңғыма диаметрі
- •2.2. Бұрғылау станогының еңбек өнімділігі
- •2.3 Жару жұмыстарының параметрлерін есептеу
- •2.4 Қауіпті зоналар өлшемдерін анықтау
- •3 Қазып-тиеу жұмыстары
- •4 Карьерлік көлік
- •4.2. Трассаны сипаттау
- •4.3. Доңғалақты көлік құралдарының қажетті санын анықтау
- •5 Үйінді жасау
- •5.1 Бульдозерлі үйіндінің параметрлерін есептеу
2.4 Қауіпті зоналар өлшемдерін анықтау
Жару жұмыстарын жобалау кезінде кесектердің ұшырау бойынша, ауалық соққы толқыны бойынша және сейсмикалық қауіпті зоналардың өлшемдерін дұрыс табу аса маңызды .
2.4.1 Ауалық соққы толқыны бойынша қауіпті зона
Ауалық соққы толқынның адамға әсер етуі бойынша қауіпті зонасының радиусы:
, м,
(2.24)
мұндағы kв - ашық беткейлерге қтысты оқтамалардың орналасуын ескеретін коэффициент, kв = 10...15;
- бір
уақытта атылатын ЖЗ оқтамаларының жалпы
массасы, кг.
м
Құрылыс шынысының ауалық соққы толқыны әсернен бұзылуын болдырмайтын радиус шамасы:
, м, (2.25)
, м
Құрылыстар мен ғимараттардың бұзылуы болмаған кездегі ауалық соққы толқының әсер ету радиусы:
,
м. (2.26)
, м
3 Қазып-тиеу жұмыстары
Қазып-тиеу жұмыстарының технологиясы мен механизациясы аршу және қазу жұмыстары үшін бөлек қарастырылады. Бұл бөлімде келесі сұрақтар қатары қарастырылады:
1. Жыныстардың физика-механикалық қасиеттеріне қатысты олардың экскавациялану қиындығы анықталады да оның негізінде қазып-тиеу машинасының типі қабылданады.
2. Қабылданған типті қазып-тиеу машинасының типтік өлшемін таңдау бірнеше типтік өлшемді машиналардың өнімділіктері мен қажетті санын анықтау арқылы іске асырылады. Бір жағынан - сәйкес технологиялық кешен (аршу немесе қазу) жұмысының сенімділігін қамтамасыз ету және екінші жағынан - көліктің жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз ету шарттарына сүйене отырып, сәйкес технологиялық кешен бойынша машиналардың керекті саны 4-тен 10...12-ге дейін типтік өлшем қабылдаған жөн.
3. Қазып-тиеу жабдығының эксплуатациялық өнімділігі мен оның қажетті жұмысқа шығатын және тізімдік құрамы толыққанды есептеледі.
4. Қазып-тиеу жадбығының қасқаша техникалық сипаттамалары келтіріледі.
Экскаваторлардың қажетті саны бір экскаватордың өнімділігі мен жылдық жұмыс көлемі бойынша анықталады. Аршу және қазу жұмыстарының жылдық көлемдері бастапқы мәліметтерде беріледі.
Экскаватор өнімділігі академик В.В. Ржевскийдің әдісі немесе типтік Технологиялық схемаларда келтірілген сәйкес формулалар бойынша есептеледі.
Экскавациялану қиындығының В.В. Ржевский және Технологиялық схемаларда қабылданған жіктеулерін сәйкестендіру үшін, экскавациялану қиындықтар категориясының келесі сәйкестендіру түрі ұсынылады (3.1-кесте).
3.1 - кесте - Экскавациялану қиындықтар категорияларының сәйкестіктері
Экскавациялану қиындығының категориялары |
|
Технологиялық схема бойынша |
В.В.Ржевский бойынша |
1 |
2 |
I II III IV |
1 - 5 6 - 10 11 - 15 16 - 20 |
Технологиялық схемаларында қабылданған экскавациялау қиындығы бойынша жыныстардың жіктелуі 3.2-кестеде келтірілген.
Экскаватордың өнімділігі мен қажет етілген санын есептеудің келесі реті ұсынылады (В.В.Ржевский бойынша [1]).
Экскаватор өнімділігінің келесі түрлері болады:
паспорттық;
техникалық;
тиімді;
эксплуатациялық.
Сонымен қатар, эксплуатациялық өнімділік ауысымдық, айлық және жылдық болуы мүмкін.
3.2 - кесте - Экскавациялау қиындығы бойынша жыныстардың жіктелуі
Жыныс кате- гориясы |
Жыныстардың петрографиялық сипаттамасы |
Тау-кен массасы-ның ты-ғыздығы, т\м3 |
Көсудің меншікті қарсыласуы, Н/см2 |
Тау-кен массасының қазуға дайындау әдісі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
I |
Торф және тамыр диаметрі 30 мм дейін болатын өсімдікті топырақ Құм және қиыршықтаспен немесе жұмыстас араласқан өсімдікті топырақ Гравий, жұмыстас, қиыршықтас өлшемі 40 мм дейін Алевролиттер |
1,0-1,2 1,65 1,75 1,5 |
0,016-0,025 0,03 -0,1 0,03 -0,1 0,03 -0,1 |
Алдын ала қопсыту болмайды |
II |
Торф және тамыр диаметрі 30 мм артық болатын өсімдікті топырақ Осал (жұмсақ) қоңыр және тас көмір Ауыр тығыз балшық Қиыршықтас және жұмыстас араласқан құмдақ және балшық |
1,4-1,5 1,15-1,45 1,75 1,9 |
0,125 0,15 0,16 0,18 |
Бұл да солай |
III |
Қатты қоңыр және тас көмір Балшықты-көмірлі тақтатас Қатты плиталы аргиллит Балшықты құмтас Қатты алевролит Көмірлі тақтатас қабатты тас көмір |
1,5-1,75 1,75 1,8-2,2 2,0 2,2 1,8-2,2 |
0,17 0,22 0,2 0,29 0,29 0,28 |
Бөлікті қопсытумен ату |
IV |
Кремнийлі немесе кварцты цементтегі қатты құмтас Массивті аргиллит Қатты мәрмәрланған құмтас, тығыз доломит |
2,3-2,5 2,1-2,3 2,5-2,7 |
0,32 0,3 0,34 |
Тұтас қопсытумен ату |
Бір шөмішті экскаваторлар үшін паспортты өнімділік келесі формуламен анықталады:
м3/сағ, (3.1)
мұндағы Tц.п. - жұмыс циклінің паспорттық өнімділігі, сек;
E - экскаватор шөмішінің сыйымдылығы, м3.
м3/сағ
Экскаватордың техникалық өнімділігі, осылайша, келесі формуламен анықтауға болады:
м3/
сағ, (3.2)
мұндағы Kэ - экскавациялау коэффициенті;
Kт.в. - қазу технологиясының әсер ету коэффициенті.
Kэ коэффициенті төмендегі қатынаспен анықталады:
(3.3)
мұндағы Kн.к.- шөміштің толу коэффициенті;
Kр.к.- шөміштегі жыныстың қопсытылу коэффициенті.
м3/
сағ.
Көрсетілген коэффициенттердің мәні қазу шарттарына, дәлірек, жыныстың сілемнен не бұзылудан қазылуына байланысты. Kэ коэффициентінің мәнін жынысты сілемнен қазу кезінде 0,95-тен бастап – құм және супесь үшін, 0,6-ға дейін - мықты тығыз жыныстар үшін қабылдауға болады.
Атылған жынысты қазу кезінде Kр.к. шамасын келесі өлшемдермен қабылдауға болады:
әмбебап құрылыс экскаваторлары үшін - 1,4;
карьерлік мехкүректер үшін - 2,0;
аршу мехкүректер мен драглайндар үшін - 1,7.
Kн.к. коэффициентінің шамасы экскавацияланатын массаның кесектер шамасына және экскаватор шөмішінің сыйымдылығына байланысты. Бұл коэффициенттің ұсынылатын шамалары 8.3, 8.4 және 8.5 кестелерінде келтірілген [1].
Kт.в. коэффициентінің шамасы көптеген факторлармен анықталады, олардың ішіндегі бастысы қазылатын жыныстың ату дайындығының әдісі және шөміш сыйымдылығы мен ұсатылған тау массасы кесектерінің орташа өлшемінің қатынасы табылады. Көрсетілген коэффициенттің ұсынылған шамасы 8.6 кестеде келтірілген [1].
Экскаватордың тиімді өнімділігі келесі формуламен анықталады:
м3/
сағ, (3.4)
мұндағы hп - жыныстың іс жүзіндегі және паспорттық экскавациялау қиындығы мәндерінің арасындағы сәйкессіздікті ескеретін коэффициент;
Kпот. - экскавацияланатын жыныстың жоғалымын ескеретін коэффициент;
Kу - паспорттық және іс жүзіндегі экскавациялау шарттарының сәйкессіздігін, сондай-ақ, экскаватор машинисінің квалификациясын ескеретін басқару коэфициенті;
Kтр. - көлік шарты бойынша минимальді керекті іркілістерді ескеретін коэффициент.
м3/
сағ
hп шамасын төменгі формуламен анықтауға болады:
(3.5)
Kпот. коэффициентін 0,9...0,97 аралығында қабылдауға болады, бұл жағдайда үлкен шамалар жыныстың сілемнен қазлуына сәйкес келеді.
Kу коэффициентінің шамасы көптеген факторларға байланысты, бірақ бұл жобадалауда 0,92...0,98 аралығында қабылдауға болады.
Дөңгелекті көлік түрлерінде Kтр. коэффициентін кенжарды жүксіз көлікпен қамтамасыз ету коэффициентімен анықталады.
Kтр. темір жол көлігі кезінде 0,6 тең етіп, автомобильді көлік кезінде – 0,8, конвейерлі үшін – 0,95 болып қабылданады.
Экскаватордың эксплуатациялық өнімділігін анықтағанда аяқтау операцияларына кеткен уақыт жоғалымдары (ауысымның басы мен соңында), жалпы карьерлік іркіліс және т.б. есепке алынады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, ауысымдық эксплуатациялық өнімділікті келесі формуламен анықтауға болады:
(3.6)
мұндағы Tсм - ауысым ұзақтылығы, сағ;
Kсм - ауысымдық қор уақытын пайдалану коэффициенті.
Экскаваторлардың ауысымдық қор уақытын пайдалану нәтижелерінің статистикалық өндеулер негізінде Kсм мәнін 0,7...0,8 аралығында қабылдау ұсынылады.
Экскаватордың ауысымдық, айлық және жылдық эксплуатациялық өнімділіктері ауысымдық эксплуатациялық өнімділікті сәйкес уақыт периодындағы ауысым санына көбейту арқылы анықталады. Оларды келсідей қабылдауға болады:
Tсм = 8 немесе 12 сағ.
Nсм = 3немесе 2.
Nмес = 90
Nгод = 305
Осылай, экскаватордың эксплуатациялық өнімділігі келесі формуламен анықталады:
м3,
(3.7)
мұндағы N - ауысымның сәйкес саны.
м3
Экскаваторлардың қажетті саны, мысалы, аршу жұмыстары үшін, мына формуламен анықталады:
(3.8)
