Santo компаниясы
SANTO компаниясы – Орталық және Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия нарығында жұмыс істейтін халықаралық фармацевтикалық Polpharma тобының мүшесі болып табылады. Компания қолжетімді жоғары сапалы дәрілік заттарды өндіріп, Қазақстан және Орта Азия нарығына жеткізеді. Компанияның өндірістік қуаты жылына 1 миллиард таблетка, капсула және түйіршіктер, 300 миллион ампула, 24 миллион антибиотик құтысын, 4 миллион инфузия қаптамаларын өндіруге жетеді. SANTO компаниясы Қазақстан фармацевтикалық нарығының жетекшісі бола тұрып қоржынында түрлі емдік салада қолданылатын 12 фармакотерапевтикалық топтың 200 ден астам генерикалық және түпнұсқалық дәрілік заттар өндірушісі болып табылады.
Қазіргі уақытта Компания халықаралық GMP стандартына сәйкес фармацевтикалық өндірістің аса ірі модернизация бойынша құны 100 миллион АҚШ доллары болатын инвестициялық жобаны іске асыруда. Осы жоба барысында Шымкент қаласында жаңа инфузия және ампула өндіру цехы тұрғызылып, қолданысқа берілді. SANTO компаниясы Қазақстан Республикасындағы фармацетикалық өндірісте халықаралық үш GMP сертификатын иемденген алғашқы және жалғыз өндірушісі. Сертификаттар - стерильді дәрілік форма өндірісіне - антибиотик ұнтақтарын асептикалық себу, инъекциялық ерітінді өндірісіне – инъекция және инфузия өндіру цехына және инъекциялық ерітінді өндіруге - шприцпен толтырылатын ампулалар өндірістеріне берілген. Компания ішкі нарықты қамтамасыз ете отырып, Ресей, Қырғыстан, Тәжікстан, Монғолия, Түркменстан елдері нарығына экспорттайды.
«Медсервис плюс» Қазақ фармацевтикалық компаниясы" жшс
Қазақ фармацевтикалық компаниясы «Медсервис Плюс» - Қазақстанда дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың ірі ұлттық дистрибьюторы.
Компания 1995 жылдан бастап жұмыс атқарады. Бірте-бірте айналымдарды ұлғайта отырып, 20 жыл ішінде берік позицияларды иеленді фармацевтикалық нарығында жанданып, сенімді бизнес-серіктес атанды.
Жаңа технологиялар, тұрақты ассортиментін кеңейту, дұрыс баға белгілеу саясаты жүргізі мен қатар, клиенттердің алдындағы міндеттемелерді нақты орындау – біздің компанияның негізгі артықшылықтары болып табылады.
Біз Қазақстанда сапалы дәрілік өнімдер өндіреміз жане дәрі дармектер сақтау үшін барлық қажетті жағдайды жасаймыз емдеу мекемелері мен дәріханалрға дәрі-дәрмекді жеткізу мәселесі де дұрыс қарастырылған. Қазақстан Республикасында халықтың денсаулығын жақсарту бұл біздің жұмысымыз болып табылады, әрі сапалы дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Қызметінің негізгі бағыттары:
1. Дәрі-дәрмектері көтерме саудада сату
2. Кешенді логистикалық қызмет көрсету
3. Дәрілік заттарды өндіру
4. Фармацевтика өнімдері және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатудың маркетингтік ілгерілету саясатын жүргізу
Медсервис плюстің бәсекелестік жағдайындағы артықшылықтары:
Қазақстан бойынша17 филиалдары бар
Халықаралық стандарттар ІЖӨ-нің орындалуы
SAP ERP Hana сату болжау және қаржылық рәсімдерін жүзеге асыру.
Меншікті қоймаcы бар
Жетекші өндірушілермен жұмыс жасауы
300 –ден артық негізгі дарі өндірушілермен келісім-шарттар қойылған
6000 нан астам әр түрлі дәрілік өнімдер
Тұтынушылардың базасына 2500ден астам дәріханалар және денсаулық сақтау мекемелері кіреді
Кәсіби ұжым.
Компанияда ішінде қызметкерлердің білітілігін көтеру оқыту саясаты қолданылады.
Арнайы сату бөлімі.
2017 жылдың 1-ші тоқсанында меншікті дәрі-дәрмектерді өндіретін зауыты іске қосу жоспарланып отыр
