Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
арым-атынас ерекшеліктерін зерттеу.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
558.59 Кб
Скачать

8.Әр топ жағдайды көрініс арқылы көрсетеді. Талдау жасалынады.

Жүргізуші:

Ал, енді қорытындылайық...

  • Қандай жағдай болды?

  • Кейіпкерлер бір-біріне жақсы әсер етті ме?

  • Қайсысының тәртібі мінез-құлығы жақсы, қарым-қатынас орнатуға лайық болды?

  • Басқа адаммен сөйлескен кезде тек қана өзі туралы әңгіме лайықты ма?

  • Жастар, қыздың сізге ғашық болуы үшін не істеу керек екенін білесіз бе?

  • Менің сіздермен осы құпияммен бөліскім келеді.

  • Қызбен сөйлескен кезде - өзі туралы сөйлесу керек. Қыздар, сіздер де соны істеңіздер, сонда олар сіздерді кешке дейін тыңдай береді.

Д.Карнегидің алтыншы ережесіне көңіл аударыңыздар. Қалай сіз оны түсінесіздер? «Сөйлесіп отырған адамның сана-сезіміне, оның мәнділігін сендіру керек».

Талқылау.

Әрбір адам оның қасиеттеріне қарай дұрыс бағалағанды ұнатады. Бұл бағалау шынайы болуы керек, осы барлық ережелерге бағынсақ, біз ешқашан пәлеге ұшырамаймыз. Біз бұл барлық ережелерді ұстансақ, бізде көо дос болады және біз бақытты бола аламыз. Өзімізге не тілейміз, соны басқаларға тілеп үйренейік. Мен сіздерге қарап қуанып тұрмын, сіздерді барлығыңызды дұрыс қарым-қатынас жасай аласыз ба және достарыңыз көп па деген ой ойландырады деп ойлаймын. Біз сіздермен көп уақыт қарым-қатынас туралы әңгіме айттық және жаттығулар орындадық. Бұл сіздерге өмірде өте қатты көмек береді деп ойлаймын. Осы ережелердің барлығы сіздердің естеріңізде қалып, өмірлеріңізде қолданасыздар деп мен үміттенемін және олар сіздердің ұйымшылдықтарыңыз бен достықтарыңызды нығайтады.

«Жүректен шыққан мойындау».

Әрбір қатысушының арқасында «Жүрек» ілінеді, сол «жүрекке» барлық қатысушылар сол адам туралы өз пікірін жазады. Мен, сіздер туралы шындықты жазған дұрыс деп ойлаймын. Басқа адамдарды қуантатын қарым-қатынастағы жақсылықтарыңызды және адамдармен қарым-қатынаста бөгет жасайтын әлсіз жақьарыңызды. Кім өзі туралы шындықты жазғанды қалайды?

Сіздер асықпай еркін жүріп, тағы бір-бірлеріңіздің көздеріңізге қарап, бір-бірлеріңіз туралы өз ойларыңызды жазасыздар. Артық сөздер жазбай, тек қана бастысын жазыңыздар.

8.Жаттығу жасалынады.

Негізгі жұмыс әуен қостау арқылы 10-15 минут жүргізіледі. Әуен біткен кезде барлық арқаға ілінген жүректер алынып, оған жазылған ойлар оқылады. Қатысушылар содан алған әсерлерімен бөліседі.

Жүргізуші:

Рахмет! Біздің сабағымыз аяқталды. Бүгін сіздер көп ұнамды сезімдерді сынадыңыздар, өздеріңіз үшін нәтиже шығарып, тренингтен нәр алдыңыздар.

9.Оқушылар тренингке талдау жасайды

Т. Рысқұлов атындағы № 48 орта мектеп

Психологиялық тренинг

өткізген: мектеп психологы

Қарамырзаева Ж.Б.

Тараз қаласы

«Дипломалды» тәжірибе

ЕСЕБІ

Мен, Айтбекова Гульназ Жолдыбайқызы, Педагогика және Психология мамандығының ІV курс білімгері, 23.02.2009 –дан бастап 28.03.2009-ға дейінгі уақыт аралығында Тұрар Рысқұлов атындағы № 48 орта мектепте өзімнің «дипломалды» тәжірибемді өттім.

Тәжірибе барысында 8 «Д» сыныбына зерттеу жүргіздім, мектеп психологының жеке жұмыс жоспарымен таныстым. Оқушыға әлеуметтік ортаның қалай әсер ететінін анықтауға байланысты оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім, бала мен ата-ана арасындағы психологиялық ахуалды, қарым-қатынасты зерттедім. Зерттеуге мынандай тесттерді, атап айтқанда «Сіз жақсы доссыз ба?», «Сенің мінез-құлқың қандай?», «Өз құрбыңа ықпал ете аласыз ба?», «Досыңа көмектесе аласың ба?», «Сізбен қарым-қатынас жағымды ма?» тесттерін қолдандым. Қарым-қатынас деңгейін анықтауға байланысты әдістеме, сонымен қатар, «Сіз қаншалықты қарым – қатынасқа түсе аласыз?», «Кактус» әдістемелерін де зерттеуде пайдаландым. Сынып ұжымындағы психологиялық ахуалды, оқушылардың бір-біріне деген қарым-қатынастарын анықтау мақсатында «Сыныпта кім лидер?» деген сұрақты пайдалана отырып, социометрия әдісін жүргіздім. Оқушыларды Д.Карнеги қарым-қатынас техникасымен таныстыру, қарым-қатынасты нығайту, жылы психологиялық ахуал орнату мақсатында «Біз бәріміз әртүрліміз - өз-өзімізді танимыз және бағалаймыз» атты психологиялық қарым-қатынас тренингін 8 «Д» сыныбына өткіздім. Сондай-ақ, «Мен туралы не ойлайсыңдар?», «Қиын бала қалай пайда болады?», «Қарым-қатынас» тренингі және «Менің ішкі әлемім» атты психологиялық тренингтер өттім. Сынып ұжымына және жеке оқушыға мінездеме жаздым. Әрбір атқарған жұмысымды мектеп психологымен кеңесе отырып атқардым.

Қорытындылай келе, тәжірибе барысында мектеп психологының көмегімен білімімді толықтыра түстім, оқушының бір-бірімен қарым-қатынасын ескере отырып, әр түрлі тесттер, әдістемелер мен тренингтерді белсенді өткізуді үйрендім. Мен үшін бұл тәжірибенің берері мол.