- •Топпен жұмыс істеу бағдарламасы
- •Тесттің кілті «Сіз жақсы доссыз ба?»
- •Досыңа көмектесе аласың ба?
- •Қарым-қатынас деңгейін анықтау.
- •Қарым-қатынас деңгейін анықтау
- •Сіз қаншалықты қарым-қатынасқа түсе аласыз?
- •«Сенің мінез-құлығың қандай?»
- •«Өз құрбыңызға ықпал ете аласыз ба?»
- •«Кактус» әдістемесі
- •Әдістеменің нәтижесін өңдеу.
- •Жеке оқушыға психологиялық-педагогикалық мінездеме
- •6. Сыныптас құрдастарымен өзара қарым – қатынас .
- •Тренингтің тақырыбы: «Қиын бала» қалай пайда болады?
- •1 Тапсырма: «Қиын бала» - ол кім?
- •2 Тапсырма: «Жағдайлар»
- •3 Тапсырма: «Жасөспірім бейнесі»
- •4 Ойын: «Жақсы тілек»
- •«Мен туралы не ойлайсыңдар?» тренингі
- •«Біз бәріміз әртүрліміз - өз-өзімізді танимыз және бағалаймыз».
- •Жетекшінің рөлі және оның тәртіп стилі.
- •Тренингтің барысы:
- •Анықтау мәліметтері туралы әңгіме.
- •3. Екі топ бір-біріне қарама-қарсы тұрып, бір-біріне жақсы тілек айтады.
- •8.Әр топ жағдайды көрініс арқылы көрсетеді. Талдау жасалынады.
- •8.Жаттығу жасалынады.
- •Мінездеме
- •V ойын
- •VI тапсырма:
- •Viі Практикалық жұмыс:
Топпен жұмыс істеу бағдарламасы
Мақсаты:
сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін және қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу, ұжымдағы психологиялық ахуалды анықтау.
Міндеттері:
Оқушының қарым-қатынас деңгейін анықтау, араларындағы қарым-қатынасын нығайту, көңіл-күйлерін көтеру, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Жоспары:
Әңгіме
Бақылау
Әдістер
Социометрия
Қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтауға арналған тесттер
Ойын
Жаттығулар
Сабаққа психологиялық талдау.
Дарындылықты анықтау.
10.Өзіндік баға.
11. Экономика негіздері туралы білім деңгейін анықтау.
12. ҚР рәміздері туралы білім деңгейін анықтау.
13. «Қылмыс неден басталады?» - сауалнама
14. «Экономика негіздері» сауалнама
Сіз жақсы доссыз ба?
1. Сіз өзіңіздің бір танысыңыз туралы қызықты оқиғалар білсеңіз:
А) басқа адамдарға оларды айтып бересіз
Б) айтасыз, есімдерін атамайсыз
В) ішіңізде қалдырасыз
2. Сіздің досыңыз жиі сізден бір нәрсе қарызға алады, бірақ алған затын ешқашан
қайтармайды. Қазір ол сізден бір қымбат аспап алғысы келеді. Не істейсіз?
А) бересіз оны
Б) сізде ол зат жоқ деп айтасыз
В) себебін түсіндіріп бермейсіз
3. Байқаусыз сіздің досыңыз сіздің сағатыңызды сындырып қойды.
А) онсыз да мен басқа сағат сатып алайын деп жүр едім дейсіз
Б) сағаттың ақшасын төлеуін өтінесіз
В) жаңа сағаттан бас тартасыз, бірақ аз ғана шатақ шығарасыз.
4. Досыңыз сіз жақсы көрмейтін адаммен қарым-қатынас жасайды. Бұл жағдайда
сіз:
А) досыңызбен көріскенді қоясыз
Б) ештеңе айтпайсыз, достығыңызды жалғастырасыз
В) досыңызға екеуіміздің біреуін таңда дейсіз
5. Досыңызда жақын арадаүлкен ұнамсыз жағдай болатындығын сезесіз.Сонда сіз:
А) өзіңіз зардап шегіп қалмас үшін достығыңызды үзесіз
Б) онымен ашық сөйлесесіз
В) бұрынғыдай, достығыңызды жалғастырасыз
6. Нағыз дос қандай болу керек деп ойлайсыз?
А) сізбен бәрін бөлісетін
Б) тек қана өзінің айтқысы келгенін айтатын
В) өз ойын, мәселелерін ішінде қалдыратын
7. Досыңызға ақша керек, оған жағдай жасау үшін сіздің ақшаңыз жетеді. Сіз
айтасыз:
А) менен ақша ал, мен риза боламын
Б) есіңе түсірші, сен маған қанша рет көмектестің, сенікімен салыстырғанда менікі ештеңе тұрмайды.
В) өлмейсің үнемдеу керек еді
8. Досыңнан қарызға ақша алғың келсе, не істейсіз?
А) алыстан тұспалдап жеткізесіз
Б) қарызға сұрайсыз
В) оған ештеңе айтпайсыз
9. Сіздің досыңыз өзіне жараспайтын киім сатып алады. Онда сіз
А) оған жараспайтындығын айтасыз
Б) себебін түсіндіріп, оған неге жараспайтындығын айтасыз
В) ештеңе айтпайсыз
10. Сіздің досыңыздың мәдениеттілігі сізден:
А) жоғары
Б) төмен
В) сізбен бірдей
Тесттің кілті «Сіз жақсы доссыз ба?»
|
а |
б |
В |
1 |
1 |
2 |
3 |
2 |
2 |
1 |
3 |
3 |
3 |
2 |
1 |
4 |
2 |
3 |
1 |
5 |
1 |
3 |
2 |
6 |
1 |
3 |
2 |
7 |
2 |
3 |
1 |
8 |
1 |
2 |
3 |
9 |
1 |
2 |
3 |
10 |
2 |
1 |
3 |
Балдарды санаңыз
21-30 балл: Сіз жақсы дос екенсіз. Сіздің достарыңыз сізге сеніп, сізді мақтайды. Олар керек уақытта сізге көмекке келеді. Әрине, сіз жақсы болсаңыз.
15-20 балл: Сізде достар бар, бірақ сіздерде кей бір кезде түсініспеушіліктер болып қалады. Жауап қалай қайтаруды білмей қалсаңыз, өзіңізді басқа адамның орнына қойып көріңіз.
10-14 балл: Басқаларға қарағанда, сіз өзіңізге көп көңіл бөлесіз. Бұл сізге достық орнатуға көп кедергі жасайды. Жақсы дос болу үшін айналадағыларға, олардың жағдайларына көбірек көңіл аудару керек.
