Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жасспірімдерге маманды тадауда психологиялы олдау крсету.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
102.82 Кб
Скачать

Өз болашағыңды анықтауда мынадай ережелерді ұстан

1. Ары қарайғы өмірлік жоспарың қандай болмасын, шет тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істеуді игергенің аса пайдалы. Бұлардың кез келген мамандықта қажеті болары сөзсіз!

2. Мамандық таңдауға байланысты сені, сенің қалаған мамандығыңды толық білмейтін адамдардың ақыл-кеңесіне құлақ салудың қажеті шамалы.

3. Мамандық таңдауда оның сырт келбетіне, көңілге қонымды жақтарына ғана назар аударудың қажеті жоқ, мүмкіндігінше қалаған мамандығыңның жұмыс мазмұны жөнінде көбірек білуге тырыс.

4. Егер мамандық сенің досыңа ұнаса, саған да ұнайды деген қорытынды жасауға болмайды.

5. Сен қолыңнан келетін істі мамандық етіп таңдаған пайдалырақ болмақ. Әйтсе де бұл сөз қарапайым естілгенімен, көбінесе назардан тыс қалып жатады.

6. «Жақсы адам» - бұл мамандық емес. Егер саған бір адам ұнаса, оның меңгерген мамандығын мен де таңдауым керек деп жаңсақ қорытынды жасауға болмайды.

7. Мүмкіндігінше өзің таңдаған мамандықтың өзіңнің денсаулық жағдайыңа тура келетін-келмейтіндігі жөнінде дәрігерден кеңес алғаның жөн.

8. Заманауи ағымға қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнын жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандығың болуы қажет.

9. Өзің таңдаған мамандығыңның мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы, кәсіби өсу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере алғанда ғана сенің мамандық таңдаудағы ой-ниетің салмақтана түспек.

10. Өзіңмен алдын ала психологиялық жұмыс жүргізбей-ақ, нық қадам жасай беруге болатын бірде-бір мамандықтың жоқ екендігін есіңде сақта! Әр адамның өзінің құрылымдық ерекшеліктері бар, дегенмен қатып қалған заңдылық жоқ болғандықтан, уақыт өте келе олар даөзгеретіні сөзсіз. Ұпай түрінде берілетін даму ерекшелігінің психологиялық көрсеткіштерінің «затқа айналуы» және бейімдік тест болашақ мамандыққа дайындық жасауға және өз қабілеттерінің құрылымы, дамуындағы түзетуді қажет ететін кейбір кемшіліктерді дер кезінде көруге мүмкіндік береді[22].

ҚОРЫТЫНДЫ

«Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді»[23]. Адам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін –ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін - әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін өз бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне

  • «Мен кіммен?»,

  • «Осы өмірдегі менің орным қандай?,

  • «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем . 

Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе , бойына жаңа күш қосылып , еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс-табыс биігіне жеткізген қанат.

«Жасөспірімдерге мамандық таңдауда психологиялық қолдау көрсету» тақырыбы бойынша жүргізілген зерттеулер нәтижесінде жасөспірімдер арасында мамандық таңдауға психологиялық көмектің қажетті екенін дәлелдедік. Оған негіз болған келесі қорытындылар:

1. Психологиялық ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде психологиялық қызмет көрсету тарихи кәсіби бағдар беруден басталған. 19 ғасырдың аяғында және 20 ғасырдың басында көптеген Еуропа елдері мен АҚШ-та мамандық таңдау және мамандыққа жарамдылықты анықтау зертханалары ашылып, мамандықтың адамдар психофизиологиялық ерекшеліктеріне қоятын талаптарын анықтап, сол талаптарға сай іріктеу жүргізу әдістемелері қалыптасқан.

2. Мамандықтар бойынша ағарту жұмысын жүргізу және кәсіби бағдар беру жұмысының мәні өте терең. Өйткені әр мектеп бітіруші өзінің болашақ мамандығын жекелік психофизиологиялық ерекшеліктеріне сай анықтағанда ғана олар мамандық қызметінде табысты болады. Сондықтан мектеп психологиялық қызметінің міндеттерінің бірі -балаларға мамандықты дұрыс таңдатуы болып табылады. Мамандық таңдаудың негізгі үш саласы анықталған:

  • әлеуметтік ортаның даму ерекшеліктері бойынша қажетті мамандықтарды насихаттау;

  • оқушылардың қызығушылығы мен бейімділігін анықтап, сол зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып олардың икемі келетін қызмет салаларын болжамдау;

  • мамандық таңдау мотивтерін зерттеп олардың құндылықтарға сай келетінін талдау.

3. Оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеу барысында балалардың басым көпшілігінің темперамент типінің доминантасы холерикке жақын екені анықталды. Сонымен қатар олардың мектеп бітіру алдындағы мазасыздануы, невротизмінің көрсеткіші жоғары, байсалдылығы төмен, қозу процесі тежелуден басым болды. Мұның бәрі мектеп бітірушілерге жедел психологиялық көмек керек екендігіне дәлел болды.

4. Мамандық таңдау жұмысының тиімділігін арттыру мақсатымен коррекциялық ойындарын қолданып,тренинг элементтерін жүргізу. Ойын барысында балалар көптеген мамандықтарға қойылатын талаптармен танысады, мамандарға қойылатын талаптарды талдай алады.

5. Психологиялық қызмет балаларды мамандыққа баулу жұмысын балалар мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап жүйелі түрде жүргізу қажет.