- •1.2. Жасөспірімдерге мамандық таңдауға ықпал ететін факторлар
- •2.2. Жасөспірімдерге мамандық таңдауда темперамент және мамандық типтерінің рөлі
- •Сауалнама
- •Айзенк тесті бойынша зерттелінушілердің темпераментін бағалау кестесі.
- •Оқушылар зерттеу нәтижесімен таныстырылып, қеңес, ұсыныстар берілді.( д. Голланд тесті бойынша).
- •2.3.Жасөспірімдерге арналған түзету –дамыту техникалары
- •Өз болашағыңды анықтауда мынадай ережелерді ұстан
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
Айзенк тесті бойынша зерттелінушілердің темпераментін бағалау кестесі.
Бағаланатын көрсеткіштер |
Зерттелінушілер саны |
1. Экстраверттер |
21 |
2. Интроверттер |
8 |
3. Амбиверттер |
7 |
4. Невротиктер |
21 |
5. Эмоционалдық тұрақтылар |
15 |
6. Өтірікшілер |
31 |
Зерттеу нәтижесі көрсеткендей зерттелінген 36 баланың 21 невротиктер, 31 өтірікшілер, басым көпшілігі холерик-экстраверттер болып шықты. Олардың мінез-құлық ерекшеліктерін балалардың өздеріне түсіндіру үшін талдауды тереңірек жүргізіп, темпераменттер көрсеткіштері бойынша әр зерттелінушінің мінездемесін жасадық.
Адамның қандай темпераментке жататыны балалық шақтан-ақ белгілі болады. Темперамент табиғаттан беріледі. Дегенмен, адам есейген сайын, қоршаған ортаға деген қарым-қатынас та күрделене береді.Бәрі әркімнің ортаны қалай қабылдауына, дүниені қалай тануына байланысты. Ашық мінезді адамның өсе келе тұйықталып кетуі, керісінше, тұйық адамның ашылуы өмірде кездесетін құбылыс.
Темпераменттің төрт түрі белгілі. Темперамент түрлері мен оларға қандай мамандық жарасатыны туралы мәлімет.
Сангвиниктер менеджер, мұғалім, дәрігер, психолог, тәрбиеші, ұйымдастырушы, сатушы, даяшы, инженер-технолог т.б. мамандықтарды иелене алады.
Флегматиктер механик, электрик, инженер, агроном, жүргізуші, ғылыми – ботаник, астроном, физик, математик т.б. мамандық иелері бола алады.
Холериктерге әртіс, дипломат, журналист, кәсіпкер, хирург, ұшқыш, диспетчер, жүргізуші, тренер, менеджер, құрылысшы, режиссер, аспазшы, геолог, электрик т.б. мамандықтар жарасады.
Меланхоликтерге педагог, суретші, тігінші-модельер, бояушы, сазгер, жазушы, мал дәрігері, геолог, агроном, зоотехник, есепші, радиомеханик т.б. мамандықтар сай келеді.
Сонымен қатар қосымша Д.Голланд тестін қолданып кәсіби-тұлғалық типін анықтауға кірістік.
Тақырыбы: Д.Голландтың кәсіби-тұлғалық типін анықтау тесті
Мақсаты: Тұлғаның әлеуметтік бағытын анықтау және кәсіби типін бағалау. Оқушыларға өздерінің кәсіби-тұлғалық типін анықтау қорытындысын айтып, ұсынылған мамандықтармен таныстыру. Анықталған әлеуметтік типі бойынша мінез-құлық ерекшеліктері туралы айтып беру. Таңдаған мамандығы мен мінез-құлық ерекшеліктерін салыстыра отырып, кеңес, ұсыныстар беру.
Нысанасы: 11 сынып оқушылары
Нұсқауы: Бұл тестте оқушыларға тұлғаның кәсіби типтерінің сипаттамаларымен танысу ұсынылды. Ары қарай түрлі мамандықтар жұптары келтірілген кесте беріледі. Оқушы әр жұптан өзіне ұнамды мамандықты таңдап, тұсына «+» белгісін қояды немесе дөңгелектеп белгілейді. Әрбір қойылған таңба 1 ұпай деп саналады. Әр графа бойынша ұпайлар қосылады. Қай графада ұпай саны көп болса, оқушы сол кәсіби типке жататыны белгілі болады.
Зерттеу нәтижесі тест нөміріне сәйкес қосымшадағы арнайы кестеге енгізіледі. Кестеде оқушының аты-жөні толық, сыныбы көрсетілуі тиіс.
Зерттеу нәтижесі: Зерттеуге 36 оқушы қатысты, оның ішінде:
шынайы тип – 4 оқушы
интеллектуалды – 3 оқушы
әлеуметтік – 9 оқушы
конвенционалдық – 5 оқушы
предпреимдіқ – 5 оқушы
әртістік – 10 оқушы
