- •1.2. Жасөспірімдерге мамандық таңдауға ықпал ететін факторлар
- •2.2. Жасөспірімдерге мамандық таңдауда темперамент және мамандық типтерінің рөлі
- •Сауалнама
- •Айзенк тесті бойынша зерттелінушілердің темпераментін бағалау кестесі.
- •Оқушылар зерттеу нәтижесімен таныстырылып, қеңес, ұсыныстар берілді.( д. Голланд тесті бойынша).
- •2.3.Жасөспірімдерге арналған түзету –дамыту техникалары
- •Өз болашағыңды анықтауда мынадай ережелерді ұстан
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі:
Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе[1].
Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін-өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек[2].
Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. ҰБТ өткен соң талай талапкердің тағдыры шешіліп, бағыты бағдарланады. Осы сынақтан соң өмірдегі басты қадам – мамандық таңдау мәселесі көп талапкердің алдынан шығары анық. «Білемін мағынаны ашу кезеңі мамандық таңдау – өмірдегі маңызды қадамның бірі. Өміріңнің ажырамас бөлшегіне айналар істі таңдар алдында ойың сан-саққа жүгірері анық. Мамандықтың қыр-сырын жетік игеру, өз білім дәрежесін әрқашан жетілдіріп отыру – білікті маманның басты қағидасы. Жүрек қалауымен таңдалған мамандық – өмір тірегі. Қазіргі таңда сұранысқа ие мамандарды дайындау – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Өзінің икемі мен қабілеті бар мамандықты игерген адам іс көзін табады. Әр мамандықтың өз қызығы мен шыжығы бар. Соның бәрін ұршықтай үйіріп әкете алатын, кәсібін тыңғылықты игерген маман – қазіргі қоғамда үлкен сұранысқа ие. Алайда, кейбір мектеп түлектерінің мамандық таңдардағы алғышарты жоғары жалақымен байланыстыралатыны өкінішті. Дегенмен, нарықтық заманда жалақының да елеулі орны бар. Ата- ана да баласының мамандық таңдар кезінде құқық қорғау, қаржы, заң саласын таңдауына ықпал жасайды. Ел тәуелсіздік алып, нарықтық экономикалық қатынасқа өтер алдында аудит, қаржы саласындағы мамандар үлкен сұранысқа ие болды. Бүгінгі күні өнеркәсіптің дамуымен техникалық мамандықтарға сұраныс артып отыр. Дамушы Қазақстанның өнеркәсіп саласында жаңа техникаларды игеру, оларды дұрыс қолдана білу жаңа мамандарға деген сұранысты арттырып отыр. Бірақ, жастардың басым бөлігі техникалық, яғни дәнекерлеуші, электрик сынды мамандықтарға барғысы келмесі анық. Алайда, жоғары білімді деген аты бар дипломды алып, «екі қолға бір – күрек» таба алмай жүргендер қаншама?! Сол себепті нәпақасын өз мамандығынан өзге саладан тауып жүрген жастар саны көп. Бүгінгі таңда сұранысқа ие, қоғамға қажет мамандықты игерген жастың асығы алшысынан түсері мәлім. Сондықтан, «мамандығым – мақтанышым» деп айта алатын, өз ісінің хас шеберлері болып, қазақ елінің өркендеуіне үлес қосатын азамат болу үшін әуелі жаныңызға жақын, екіншіден, сұранысқа ие кәсіпті таңдаған дұрыс деп санаймыз. Арнайы зерттеулер көрсеткендей 14-16 жас аралығындағы жеткіншектер өз бетінше мамандық таңдай алмайды, себебі мамандық таңдағанда олар тек бір ғана белгіге назар аударып, жағдайды жан –жақты талдай алмайды. Жасөспірімдердің 40% -ы ғана еңбек мағынасын қызығушылықпен таңдайды. Сондықтан олардың көбісі өздерінің мамандықтарын тез таба қояды жұмысқа деген шығармашылық қатынасы да ерекшеленеді. Негізінен, мамандық таңдауды жас адам мектепті бітіру кезінде түсінеді, сосын өз қызығушылықтары мен мүмкіншіліктерін, өздерінің жеке қасиеттерін, мамандықтың қажеттіліктерін, еңбек нарқының қажеттіліктерін біле отырып, сұранысқа қарай таңдайды. Өз жеке қабілеттерін біліп, мамандық таңдауы жас адамды кәсіби түрде мамандық таңдау ережелерімен таныстырады[3].
Зерттеудің мақсаты: жасөспірімдерге мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау. Кәсіптік бағдар беру. Оқушыларды қоғамдағы еңбектің, мамандықтардың әр түрлерімен таныстыра отырып, олардың өсу деңгейі және қоғамдағы қажеттілік орны мен сұранысы жайлы білімді меңгерту, мамандық әлемінен ақпарат беру.
Зерттеудің объектісі: Жасөспірімдердің мамандық таңдау қабілеті
Зерттеудің пәні: Жасөспірімдерге мамандық таудауда кәсіби бағдар беру процесі
Зерттеудің болжамы: Егер жасөспірімдерге мамандық таңдауда психологиялық қолдау көрсететін болсақ, онда жасөспірімнің алдағы уақытта мамандығына деген қызықпаушылық, қанағаттанбаушылық, реніш сезімдерінің туындауының алдын алуға болады.
Зерттеудің міндеті:
Жасөспірімдерге мамандық таңдауда психологиялық қолдау көрсетуге теориялық талдау жасау.
Жасөспірімдердің кәсіптік мамандықтарға деген ынта –ықыластарын анықтау.
Жасөспірімдерге мамандық таңдауға эксперименттік жұмыстар жүргізу.
Зерттеудің теориялық әдіснамалық негіздері: Д.Сьюпера Теория профессионального развития; Дж.Холланд Профессиональные типы. Теория; А.Г.Ковалев Самовоспитание школьника А.В.Карпова Психология труда. –М., 2004; Психодиагностические методы. Под ред. А.А.Бодалева.- Ленинград, 1976; Психологическая диагностика. Под ред. К.М.Гуревича. - М., 1981.
Зерттеудің әдістері: темперамент типін анықтауға арналған Айзенк тесті, Д.Голландтың кәсіби-тұлғалық типін анықтау тесті, Ситуативті-коммуникативті ойындар (Ассоциация ойыны, ең жақсы ойыны, елсіз арал, әріпті мамандық,).
Зерттеудің құрылымы: Зерттеу кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ
Мамандық таңдаудың қазіргі ғылымда және тәжірибеде қарастырылуы
Қазақстан Республикасының білім жүйесін жаңартудың басты міндеті - саналы біліммен қамтамасыз ету, білім беру жүйесінің барлық компоненттеріне жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің болашақ талабымен сәйкестендіру болып табылады.
Қоғамға да, өзіне де пайдалы еңбек ету, адамның қалыпты және жақсы өмір сүруіне жағдай жасайды. Осы мәселені шешу үшін жастар есейе бастаған кезден мамандықты саналы таңдайды.
Мамандық – латын сөзінен шыққан, «profession» - анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді[4]. Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай –ақ өз мамандығының 10 -20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өз –өзіне «Мен кіммін?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоя отырып, жауап таба білу керек. Өз ісіне сенімді дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді[5].
«Адам өз өміріне екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі –жар таңдау, екіншісі –мамандық таңдау» деп М.Мақатаев[6] атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы –адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындый болуы шарт. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс –табыс биігіне жеткізетін қанат. Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе»[7] деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамдықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамадықтар қатарына жоғарғы технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамдықтары жатады. Қоғамның дамуына біздің өңірде, қазба байлықтарын игеретін мамандық иелері қажет.
Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 мың адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12% -і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан өздерің сияқты жас мемлекет, сондықтан біздің болашағымыз да жастар»[8], -деп тегіннен –тегін айтқан жоқ. Мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде болғандықтан біз сауатты, білімді, бәсекеге қабілетті болуымыз үшін өз мамадықтарымызды дұрыс таңдап ,дұрыс игеріп өмірден өз орынымызды дұрыс таба білуіміз керек!
Мамандық таңдау – ол өмірлік таңдау. Өзінің қай салада қабілеттілгінің бар екенін 40 жасқа келгенде біліп, қайтадан мансабыңның іргетасын салмас үшін қазірден бастап дұрыс шешім қабылдаған жөн.
Болашақта үлкен мамандық иесі болатынын армандамайтын бала болмайды. Алғашқы кезде біздің ойымызда «Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықты қалай таңдауға болады?» деген сұрақ болды. Бірақ әркім өзі ұнатқан мамандығына оқуға түседі. Ал өз еркімен түспейтіндер менің ойымша өте кем. Өкінішке орай, біз балалардың таңдауының ақылмен емес,біреудің сөзіне ере отырып немесе ата –анасының ықпалымен «қай жерге оқуға түсу оңай» деген көзқарастармен болып жатқанын байқаймыз. Адам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдар мен келеді. Біреулер үшін –ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін –жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге –әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б.
Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамадығын қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді.
Мамандық таңдауда ең бір мән беретін қасиет –ол мінез –құлық. Адам баласы мамандық таңдауда сол мамандықтың мінезгеде сәйкес келуі міндетті деп ойлаймын. Мінез таңдаған салаға үйлессе, жұмыс бабында да үлкен жетістіктерге жетелейтіні анық[5].
Мамандық –адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін білім мен практикалық дағды жиынтығы. Мамандық таңдау- күрделі процесс. Бұл процессте адам өзінің жолын қателеспей дұрыс табуы үшін ойланады, пікірлеседі. Мамандық таңдау- жасөспірім жастағы ең маңызды шешімдердің бірі. Ал, бүгінгі күні сан-алуан мамандықтың түрі бар. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Барлық мамандық адам үшін пайдалы, қажетті. Әрқайсысының өз орны, өз міндеті бар. Мамандықтың жаманы жоқ. Қарапайым кәсіптен бастап, күрделі инженерлік мамандықтарға дейін адамдар үшін қажетті. Қажетсіз мамандық болмайды және де әр мамандық адамдардың белгілі бір қажеттіліктерін өтейді, олардың дұрыс, қалыпты өмір сүруіне жағдайлар туғызады. Осы орайда оқушылар белгілі жазушы, ғалым Ж.Аймауытовтың «Жан жүйесі және өнер таңдау» еңбегінен де жақсы ақыл-кеңестер алуына болады. Автор «мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» дейді[9]. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен, өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Қандай жұмыс болса да, оған жауапкершілікпен қарау керек және оны құрметтей білу қажет. Әр істің өзіндік қиындығы мен қызығы болады. Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс уақытында бұл негізгі өмір талабы болып табылады. Тәжірибелік кәсіби бейімделудің қазіргі таңдағы жағдайы, оның ауқымын кеңейту қажеттілігінде ғана емес, сонымен қатар оқушылардың өзін-өзі кәсіптік және жеке анықтауда көмек көрсету деңгейін сапалы көтерумен де сипатталады[10].
Бүгінгі маман қандай болуы қажет?
Бұл сұрақ көптен бері жастар арасында кеңінен талқыланып келеді. Нағыз маман –өз ісін жетік білетін және өз мамандығына байланысты жан –жақты дамыған адам болуы керек. Міне, сонда ғана ол өзіне және өзін қоршаған адамдарға қуаныш әкеледі. Ал, мамандық таңдау ісінде ата-аналардың ролі қандай? Өз баласына болашақта лайықты азамат болуына мүмкіндік жасайтын сапалы білім беру әр ата-ананың арманы екені даусыз. Олардың міндеті –жастарға бағыт-бағдар беріп, балаларының ойларын біліп, тиісті ақыл-кеңесін айту. Мамандық таңдау кей жағдайда баланың жанұялық жағдайына, денсаулығына байланысты да болады. Ата-аналар балаларының болашақ мамандығы жөнінде ертерек ойлағаны жөн. Ертерек ойланып, белгілі бір мамандыққа баланы жастай баулыса, ол баланың еңбекке көзқарасын қалыптастырып, бейімділігін арттырады. Егер ата-ана мен баланың және мұғалім, тәрбиешінің оқушының болашақ мамандығы туралы пікірлері үйлессе, онда мамандық таңдаушы қателеспеген болар еді. Еліміз егемендік алғаннан кейін тұрақты экономикалық дамуды көздеп, еңбек қатынасына бәсекеге қабілеттілікті арттыру мәселесін бірінші кезекке қоюда. Оның негізгі басымдылықтары президент жолдауында көрсетілген. Сондықтан жас ұрпаққа кәсіптік бағдар берудің маңызы артып келеді. Бүгінгі таңда нәтижеге бағытталған білім беру, тұлғаның қабілеті мен бейімділіктеріне сай қалыптасуына негізделеді. Әлеуметтік ортада жеке тұлғаның бейімделуі олардың қажеттіліктерін қанағаттандырып, іс-әрекет барысында қалыптасуынан көрінеді. Сондықтан оқушыларға кәсіптік бағдар беруде бұл мәселені ескеруіміз керек[11].
ҚР Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасында кәсіби міндеттерді дербес әрі шығармашылықпен шешуге, кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсінуге,оның нәтижелері үшін жауап беруге қабілетті кәсіби құзыретті жеке тұлғаны, бәсекеге қабілетті маман қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді жүйесі құрылатын болады деп атап көрсетілген. Кәсіптік бағдардың басты міндеті –мектеп бітірушілер мен оқушылардың әлеуметтік –кәсіптік бейімделуі үшін жағдайлар жасау болып табылады. Кәсіптік бағдар беруде аталған мәселелерді шешу, оқушылардың өзін-өзі іске асыру ғана емес, олардың қызығушылықтары мен бейімділіктерінің таңдаған мамандықтарына және оның қоғам сұранысына сай болуын үйлестіреді[12].
Мектеп-интернат ұжымы есту қабілеті бұзылған балалардың тілдік және жеке тұлғалық дамуына қолайлы жағдай туғыза отырып, оларды әлеуметтік өмірге бейімдеу жолында қызмет атқарып келеді. Білім беру жүйесіндегі жасалып жатқан талпыныстар нәтижесінде, кәсіптік білім беру мәселесі басым бағыттардың біріне айналып отыр. Қазіргі күнде мектебімізде көп өзгерістер болып, мүмкіндігі шектеулі балаларға жағдай жасалынып, оларды толыққанды ел қатарлы өмір сүрулеріне және мектеп түлектерінің еңбекке араласа алмай үйде отырып қалуы түрткі болып, оларды қоғам өмірінде өз орындарын таба білуге бағыттайтын кәсіптік бағдар беру сыныптары ашылды. Осы бағытта жұмыс жасап жатқанымызға үш жылдай уақыт болды. Мұнда балалар кәсіптік білім алу үшін екі жыл оқиды. Оқушылар «электронды есептеу және есептеу машиналарының операторы», «шаштараз ісі –визажист», «әмбебап тігінші» кәсібі бойынша еңбекке даярланып, мектеп бітіргеннен кейін аттестатпен бірге кәсіптік мамандығы бойынша сертификат алады. Келешекте кәсіптік бағыттағы мамандықтардың санын көбейту, толықтыру көзделіп отыр. Осылайша, мүмкіндігі шектеулі жандарға сапалы білім, саналы тәрбие беруде және оларға өмірге жол табу жолында аянбай еңбек етіп жүрген мектеп ұжымының жұмысы әлі де толастамасы сөзсіз[13].
1.2. Жасөспірімдерге мамандық таңдауға ықпал ететін факторлар
Жүздесуге шақырылған оқу орталығының өкілдері балаларға болашақ мамандығын таңдау да жанұяның көмегінің мүмкін жолдары туралы айтып береді. Сондай –ақ, басқа да мамандықтар жөнінде мәліметтермен бөлісу, еңбек нарығында енді ғана пайда болған мамандықтар жөнінде мағлұмат беру. Ата-аналардың балаларының жөнінде мамандық немесе қандай да бір пікірмен, не баласына көмек сұрай келген жағдайларда да мамандар оған дайын болуы керек[14].
Мамандық таңдау –адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Себебі, адам тағдырының бір бөлігі таңдаған мамандығымен ұштасып жатады. Адам асқақ арманға, биік мақсатқа ұмтылады. Осы кез ұлы Абай атамыздың «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан»[15] деген сөзін қалайша естен шығарамыз? Әр мамандық өзінше тартымды, өзінше ерекше, қажетті болып саналады. Бірақ сол мамандықтардың ішінен жастардың өзіне сай мамандықты дұрыс таңдауына ықпал ететін отбасы мен мектеп мамандары да өздерінің ақыл-кеңесін ортаға салып, балаларды дұрыс бағыттап, тура жолға салып жіберсе, нұр үстіне нұр болар еді.
Мамандық таңдау-белгілі бір даярлықты қажет ететін іс-әрекет түрі, тіршілік көзі, дағды жүйесі және жасөспірімдік кезеңде қабылданатын жауапты шешімдердің біреуі. Осы арада мамандық таңдауға ықпал ететін негізгі 7 факторды ескере кеткен жөн.
Икемділік.
Икемділік дегеніміз –ол адамның қоршаған ортада өзін –өзі асқан ептілікпен жаңадан құрылып жатқан заманауи талабына сай адам болуы, адаспай өз жолын дұрыс таңдай білуі және заман талабына сай азамат болып өсуі.
Мағлұматтылық
Мағлұматтылық дегеніміз – ол адамның өзі таңдаған және жан-жақты білімді болуына, әр нәрседен хабардар болуы; әрдайым ізденісте және жаңа заман талабын дер кезінде дұрыс түсіне білуі.
Тартылу деңгейі.
Тартылу деңгейі дегеніміз – бұл елімізде болып жатқан өзгерістер, нәтижелі еңбек жемісін, одан әрі дамытуға өз жанын аямай еңбек етсе және халқының мүддесін жоғарылатуға өз үлесін қосып, одан әрі мықты мемлекет болуына ықпал ету.
Мүмкіншілік.
Мүмкіншілік дегеніміз – қазіргі таңда Елбасымыз Н.Назарбаевтың қолдауымен көптеген жаңалықтар және бұрын соңды болмаған жаңа заман талабына сай азамат болуға зор мүмкіншіліктердің болуы; өзінің ішкі –жан дүниесіне үңіліп, өз қабілеттілігін дұрыс жолға қою, бар мүмкіншілігін одан әрі арттыру.
Ата-аналардың көзқарасы.
Қай ата-ана болмасын өз баласының жақсы болғанын қалайды. Бұл жерде отбасының да өнегелі сөздеріне құлақ аспауға болмайды. Осыны ескерген жеткіншектің қалаған мамандыққа баруына құқығы бар екендігін ұмытпаған жөн.
Құрдастарының көзқарастары
Мұнда айтыла кететін жәйт, ол құрбы –құрдастардың да айтқан ақыл кеңестерін ескере отырып, өз бойындағы мүмкіншілікті сарапқа салып, ой елегінен өткізу, белгілі бір мамандықты тек таңдап қана қоймай, оның белгілі бір шыңдарға жетелейтіндігіне және еліне орасан зор пайда әкелетіндігіне көз жеткізу. Дана халқымыз айтқандай: «Бірлесе пішкен тон, келте болмас», -деген дана сөзі осыған дәлел.
Нарық қажеттілігі.
Нарық қажеттілігі дегеніміз – қай мамандықты болмасын таңдау – әр жасөспірімнің өз еркінде. Бірақ тағдаған мамандық заман талабына сай, еліміздің болашағын одан әрі дамытуға, әрі нығайтуға жұмаслып жатса, міне, осыны нарық қажеттілігі деп білуге болады. Нарықтық қоғамда өзіне қажетті саланы терең оқып және жаһандану кезеңінде салауатты өмір сұру үшін жан-жақты бәсекеге қабілетті азамат болу.
Мамандық таңдаудың мынадай ережелерін есте сақтаған жөн:
Барынша көптеген мамандықтарды зерттеу керек және тіршілік еткен аймақта қандай мамандықтар керектігін анықтау қажет;
Өзін-өзі зерттеу маңызды (қызығулар, мінез ерекшеліктері, бейімділіктер, өзін-өзі бағалау, талаптану деңгейі);
Өзіне ұнамды және ыңғайлы мамандықты таңдауы тиіс;
Таңдаған мамандықты зерттеу;
Таңдаған мамандық бойынша өз күшін байқап көру;
Мамандық туралы жетік білмеу-мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеледі. Оның соңы таңдаған мамандығы өзіне ұнамай, жұмыс орнын жиі өзгертуге әкеліп соқтырады.осы жағдайға байланысты ата-аналарға төмендігі жадынаманы ұсынғым келеді.
Баланың өз қалауымен мамандық таңдауына мүмкіндік беру;
Баланың өзі таңдаған мамандықтың пайдасы мен кері әсерлерін бірлесе шешуге тырысу;
Болашақ мамандықты таңдау кезінде материалдық жағынан пайдасы мол мамандықтарды ғана емес, сонымен қатар моральдық сезімдерді қанағаттандыратын мамандықтарды да қарастыру;
Мамандық таңдау кезінде баланы эмоционалдық қысымға алмау;
Егер баланың тілегі мен шыдамы бойды алып бара жатса, көмек беріп, әңгімелесу;
Егер бала мамандық таңдау кезінде қателессе, ол үшін баланы жазаламау, қайта қатені түзетуге ұмтылу;
Егер ата-ана баласының қандай да бір мамандықпен айналысып, жұмыс жасай бастағанын байқаса, онда балаға қолдау көрсету керек.
Мамандық таңдау –әркімнің өз жүрек қалауы. Жүрек қалауымен таңдалған мамандық биік шыңдарға жетелері анық.
Баланың мектептегі және қоғамдық пайдалы іс-әрекеті оның кейін әлеуметтенуінде өте үлкен мәнге ие. Мамандық таңдауына, рухани құндылықтарға араласу, мінезінің қалыптасуына әсер етеді.
Бұған мыналарды жатқызуға болады: жасөспірімдердің қазіргі нарықтық қатынасқа кіруі, өзінің өмірлік позициясының қорғай алуы, қоғамдық өмір туралы экономикалық және саяси білім алу, құқықтық мәдениетті дамытуы[14].
Мамандық таңдаудың екі тәсілі бар:
Бірінші әдісі – сынақ және қателік, адам нағыз қажетті мамандықты таппайынша адаса жүріп әр түрлі салаларда жұмыс істеуіне болады, бұл оған жақсы өмір сыйлаумен қатар, еңбектің қуанышын сыйлайды. Бұған адам өмірінің жартысы кетуі мүмкін.
Екінші әдіс –қандай мамандық таңдаса да, әрбір адамға қажетті өзін-өзі тану, өзінің қызығушылығын, қабілетін, ойын, есте сақтауын, қабылдауын, жүйке жүйесінің қалыбын білу.
Өзің туралы білген соң, мамандық әлеміне танысуға, сол мамандықтағы өз мүмкіншілігін білуі қажет.
Тағы бір үшінші жол бар. Ол –өзінің ата-анасының немес бабаларының мамандығын таңдау. Мұндай жағдайда егер отбасында мамандықтың ұрпақтан –ұрпаққа берілу дәстүрі болғанда таңдауға болады. Бірақ ең бастысы –адамның өз мамандығына деген қарым-қатынасы, өз ісіне деген сүйіспеншіліктен туындамақ.
1.3.Жасөспірімдердің мамандық таңдауының басты түрткілері
Болашақ мамандық таңдау кезінде үлкендердің көмектескеніне қарамастан, соңғы шешімді баланың өзі қабылдайды және одан арғы жауапкершілікті де өз мойынына алады. Мамандық таңдау –маңызды және жауапкершілікті талап ететін жұмыс! Мамандық таңдауда ең бірінші орында қызығушылық пен қабілетіңе, арман –тілектеріңе назар аудару керек, тек содан кейін ғана отбасының салт- дәстүрлерін, отбасының қызығушылығын ескеріңіздер.
1. Өз қалауыңызбен таңдалған мамандықтың пайдасы мен кері әсерлерін отбасы мүшелерімен бірлесіп шешуге тырысыңыз!
2. Болашақ мамандықты таңдау кезінде, материалдық жағынан пайдасы мол мамандықтарды ғана емес, сонымен қатар моральдық сезімдеріңізді қанағаттандыратын мамандықтарды да қарастыруға тырысыңыз!
3. Болашақ мамандықты таңдау кезінде, таңдалған кәсіпке тұлғалық қасиеттеріңнің сәйкес келу, келмеуін де ескере отырыңыз!
4. Егер мамандық таңдау барысында қарама-қайшылық туындап жатса, психологпен кеңесу мүмкіндіктерін пайдаланыңыз.
5. Өзі қалаған мамандығы бойынша жұмыс істеу адамға зор ләззат береді, оның нәтижесі де мол болмақшы!”
6. Естеріңізде болсын! Балалар ата-ананың таңдаған мамандықтарын салт –дәстүр ретінде жалғастыруға жақын тұрады[16].
Өскелең ұрпақты еңбекке даярлаудағы әлеуметтік тапсырыс бұл мәселенің психологиялық аспектісін зерттеудің өзектілігін белгілеп отыр.
Кәсіби қалыптасу мәселесіне Д.Сьюпердің кәсіби даму стадиялық теориясы қызығушылық танытады. Д.Сьюпер бес стадияны қарастырды: пайда болу, зерттеу, консолидация, сақталу және құлдырау. Зерттеушілердің көпшілігі кәсіптік бағдарлау процесінде екі кезеңді белгілейді. Бірінші кезең тұлғаның мамандық әлеміне бағдарлануына ұмтылумен, олардың мазмұны туралы өзінде түсінікті қалыптастырумен сипатталады. Ал екінші кезең тұланың кәсіптік әрекетті меңгеруге ұмтылумен, нақты бір кәсіптік топтың құрамына енумен сипатталады. Бірінші кезеңде тұлға өзінің ақпаратталған деңгейіне қанағаттанады, ал екіншісінде –өзінің мамандыққа жақындасуына немесе жұмысқа қабылдауына қанағаттанады[17].
Дж.Холланд 6 кәсіптік топтарды немесе әрекет типтерін анықтады: моторлы (жүргізушілер, машинисттер), интеллектуалды (зерттеушілер), ұстамдылар (мұғалімдер, дәрігерлер), келісуші (хатшылар, мекеме қызметкерлері), көндіруші (сауда қызметкерлері, бизнесмендер), эстетикалық (музыканттар, суретшілер). Оның ойынша, әрбір кәсіптік топ өзіндік мәселелерімен, орындайтын рольдерімен ерекшеленетін спецификалық образ.
Әлеуметтік зерттеулер бойынша жастардың мамандық таңдауының басты түрткілер: мамандыққа деген қызығушылық, өз білім деңгейінің көтерілу перспективасы, жаңадан бір нәрсені ойлап табуға деген құлшыныс[18].
А.Г.Ковалевтің көрсетуінше жеткіншектердің мамандық таңдауы екі белгімен сипатталады:
1. Таңдалатын мамандықтың эмоционалдық тардымдылығымен.
2. Жеткіншектердің қабілеттері мен икемділіктерінің сәйкес келуімен[19].
Мамандықтың беделділігі әлеуметтік –экономикалық факторлардың әсері негізінде басты белгі ретінде қалыптасады. Мамандықтың беделділігіне әсер ететін жағдайлар мыналар болып табылады: еңбек механизациясының деңгейі, оның санитарлық-гигиеналық жағдайы, материалдық қамтамасыз етуі, интеллектуалдық мазмұны т.б.
Ю.К.Васильев еңбек тәрбиесі процесінде кезеңдік кәсіптік бағдарлауды ұсынды:
1. Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын зерттеу.
2. Оқушылардың белгілі бір әрекет түріне бағдарлануы.
3. Кәсіптік қызығушылықтарды қалыптастыру.
4. Кәсіптік таңдау жасау.
А.Климов кәсіптік жарамдылықтың төрт деңгейін атап айтты:
1. Қандай да бір мамандыққа жарамсыздық. Кейде ол уақытша болуы мүмкін.
2. Мамандыққа жарамдылық.
3. Әрекеттің аймағына сәйкестілік.
4. Әрекеттің кәсіптік аймағына құлшыныстық –бұл адамның кәсіби жарамдылығының ең жоғарғы деңгейі.
Б.А.Федоришин кәсіптік бағдарланудағы адамның саналы мамандық таңдауының үш компонентін көрсетті: кәсіптік ақпарат, кәсіптік консультация және бастапқы кәсіпті таңдау. Кәсіптік ақпарат барлық мектептік кәсіби бағдарлау жұмысының орталық элементі болып табылады. Кәсіби ақпарат –бұл оқушыларда түрлі кәсіптік әрекеттер туралы жағымды көзқарасты қалыптастыру. Кәсіптік консультация –оқушыға мамандық таңдауға көмектесу.
Көптеген психологтар кәсіптік бағдарланудың төрт негізгі компонентін бөліп қарастырады: кәсіптік ақпарат, оқушылардың психофизиологиялық қасиеттеріне талдау жасау, кәсіптік бағдар және мамандық таңдау. Олар кәсіптік бағдарлануды принциптер, әдістер туралы арнайы ғылым ретінде анықтады. Кәсіптік бағдарлану –арнайы фазалары бар ұзақ процесс: дайындық, қалыптастырушы, бағыттаушы және бекітуші.
Мамандық таңдау мотивациясының теориялық және әдістемелік мәселелерін В.В.Ярошенко қарастырды. Мамандық таңдаудың мотивациясы –өзара әрекеттесетін күрделі түрткілер комплексі. Мұнда мамандық таңдайтын оқушының ролі шешуші болып табылады. Өз күші мен қабілеттерін көрсетуге тырысу, өзінің кәсіби жарамдылығын бағалау мамандық таңдаудағы жетекші түрткілердің біріне айналды. Автор саналы таңдаудың негізін құратын мамандық таңдау түрткісінің үш негізгі комплексін көрсетті: қызығушылық, міндет, кәсіптік жарамдылық. Ол мамандық таңдау түрткілерінің жіктелуін, түрткілердің өзара байланысын, оқушылардың мамандық таңдауына әсер ететін факторларды, оқу –тәрбие процесінде оларда мамандық таңдау түрткілерін қалыптастыру жолдарын қарастырады[20].
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДА ЗЕРТТЕУ ЭКСПЕРИМЕНТТЕРІ
2.1. Жасөспірімдердің алдын ала мамандық таңдауын психологиялық диагностикадан өткізудің маңыздылығы
Мамандықты дұрыс таңдаудың әр адамның өз өмірінде табысты болуына және әлеуметтік ортада барлық қабілетін толық ашуға негіз болатындығын көптеген ғалымдар өз еңбектерінде дәлелдеп шыққан.
Жалпы және кәсіби білім беру мектептерінің тұжырымдамасында оқушыларды қандай да бір іс-әрекет түріне баулу және әр баланың психофизиологиялық ерекшеліктерін, қабілеті мен білімділігін анықтауға мүмкіндік беру қажет екені анықталған. Бұл мәселені шешу әр мектепте әр түрлі жолдармен жүргізіліп жатыр. Психологиялық қызмет ұйымдастырылған мектептерде балалардың жекелік психикалық қасиеттерін анықтаумен шектелуде. Ал шын мәнінде бұл қызмет көпқырлы және көпсырлы болуға тиісті.
Оқушыларды алдын-ала кәсіби диагностикалаудан өткізу проблемасын зерттеу үшін көптеген арнайы және жалпы диагностикалық әдістемелер жасалған.
Оның ішінде Айзенк пен Стреляудың темпераментті өлшеу тестері, Бине-Симон жасаған интеллектуалдық қабілеттілікті анықтау шкаласы, Айзенктің интеллекті зерттеу тестерінің вербалдық, математикалық және техникалық субтестілері, Филипстің баланың мазасыздану деңгейін анықтау тесті, коммикациялық және ұйымдастырушылық қабілетті зерттеу тестері тағы сол сияқты көптеген әдістемелер. Олардың нәтижесін кәсіби бағдарлауда қолдану ережелерін Айзенк, Лемтес т.б. анықтаған.
Бұл жұмыстың мазмұны жеке адамның психофизиологиялық қасиеттерін жан-жақты зерттеп келесі компоненттер бойынша мағлұмат алудан тұрады:
- мінез-құлқының жеке-даралық ерекшеліктерін анықтау;
- жүйке қызметінің жеке-даралық ерекшеліктерін анықтау;
- қызығушылығы, бейімділігі, қабілеті, кәсіби ниеттері туралы мағлұматтар алу;
- құндылық бағдарлануы;
- білімі, іскерлігі және дағдылары.
Мамандық таңдауды жүргізуге негіз болатын идеялар жастарға білім беру тұжырымдамасында анықталады. Біздің мектеп тұжырымдамасында мамандық таңдау идеясы әр адамға мамандықты дұрыс таңдауға қажетті қабілеттері мен қызығушылығын анықтауды ұйымдастыру. Әдіснамалық сипатта бұл проблема оқушылардың өмірлік және кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізудің даралық ұстанымы жатады. Бұл ұстаным бойынша оқушылардың өмірлік және кәсіби жоспарларына байланысты топтау арқылы, сыныптастыру жұмысын жүргізу негізінде оларға бағдар беру программасы анықталады.
Мамандықтарды таңдау мотивтерін алты топқа бөлуге болады:
-жалпы мотивировка;
-мамандықтың романтикасы;
-танымдық сипатындағы мотивтер;
-қоғамдық мәні бар мамандық таңдау мотиві;
-беделге, үлгіге сүйену;
-мотивацияланбаған таңдау.
Барлық мотивтерді сипаты бойынша төрт топқа бөлеміз:
- нақты еңбекке бағытталған, мақсаты анықталған, дәлелге негізделген мотивтер;
-нақты емес, жеткіліксіз себептестірілген мотивациялар;
-сенгісіз, негізсіз мотивациялар;
-ешқандай негізі жоқ мотивациялар.
Өзінің қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтыла отырып, адам өз алдына нақты бір мақсат қояды, бірақ бұл мақсат өз бетімен жүрмейді, ол адамның бағыттылығымен тығыз байланысты жүреді де оның барлық іс-әрекеттерінің бағдарламасын болжамдайды. Қажеттіліктерді, қызығушылықтарды қанағаттандыру, мақсатын жүзеге асыру нақты бір мәселелерді шешусіз, сәйкесінше жұмысты орындаусыз мүмкін емес. Сондықтан әрбір жағдайда адам объект, құбылыс немесе іс-әрекет түрлерін таңдайды. Осылайша таңдау жеке адамның қажеттілігін өтейді.
Мамандық таңдау мотивтерін анықтауға арналған көптеген әдістемелер бар. Оларды қолданып зерттеу жүргізу нәтижесінде балалардың мектеп бітіру шағында мотивациялық сферасы өте нашар көрініс беретіндігі анықталған. Бұл жағдай мектеп түлектерінің қалаулары анықталмастан, болашақ өмір жолын анықтауға өздері үлес қосуға шамасы келмейтіндігін көрсетіп отыр.
Жеке адамның басқа психикалық қасиеттері де өзара тығыз байланыста болады. Осы байланыстылықты былайша көрсетуге болады:
қажеттіліктер - қызығушылықтар - объективті
құндылықтар - мотивтер - мақсат - таңдау.
Психологияда темпераментті деп адамның психикалық процестерінің динамикасын анықтайтын қасиетті айтады. Темпераменттің табиғатын И.П.Павлов зерттеген. Оның ілімі бойынша жүйке жүйесінің негізгі қасиеттері –қозу мен тежелудің жүру күші, олардың алмасуы, динамикасы.
Темперамент олардың тек қана біреуіне тәуелді болмайды, олардың үйлесімділігіне тәуелді. Бұл үйлесімділікті И.П.Павлов жүйке қызметтерінің түрлері деп атаған. Неміс ғалымы И.Канттың сыныптастыруы бойынша темперамент төрт типке бөлінген. Кант берген типологияны Павловтың сипаттамаларымен толықтырып, қазіргі кездегі психологияда ең кең қолданылыатын сыныптастыру негізінде темперамент типтері холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик деп бөледі.
1 –холерик. Бұл темперамент өкілдерінің жүйке процестері күшті жүреді, барлық іс-әрекеттерге белсенді кіріседі де шалағай орындап тастайды, сапаға терең үңілмейді, қозу процесі күшті және басым болғандықтан олар көп жерде ұшқалақтық көрсетеді, жаңалықты қуанышпен қолдайды, тәуекелге барғыш, ұрысқақ, кек сақтамайды, жүріс-тұрысы үйлесімсіз.
2 –сангвиник. Сангвиниктердің жүйке процестері күшті жүреді, қозу мен тежелу процестері тепе –тең, жеңіл алмасады, іскер, сөзшең, адамдармен тіл табысқыш, барлық әрекетке ынтамен бастайды, бірақ қызығушылығы тез басылады, барлық жұмысты қызықты және қызықсыз деп бөледі, икемделгіш.
3 –флегматик. Флегматиктердің жүйке процестері күшті жүреді, байсалды, барлық нәрсені ойланып, асықпай сапалы орындайды, сыйысымды, тіл табысқыш, ашушаң емес, жай қимылдайды.
4 –меланхолик. Меланхоликтердің жүйке процестері баяу жүреді, салмақты, қозу және тежелу процестері жай алмасады, үйреншікті жерде іскерлік, ашық-жарқындық көрсетеді, жаңалықтан қорқады, сасқаншақ, кейде ұстамалы.
Темперамент ерекшеліктерін диагностикалауға Айзенк, Стреляу тестерінен кеңінен қолданады. Осы әдістемелерді қолдану арқылы тек трмперамент типі анықталып қана қоймастан, сонымен қатар балалардың экстраверсия-интроверсияның қайсысына жақын екені анықталып, невротизмнің байқалатындығы да диагностикаланады.
Адамның темпераменті таза бір типте болуы сирек кездеседі. Көбінесе темперамент бірнеше түрінің қосындысы болып келеді. Сондықтан темпераментті зерттеу нәтижесінде доминанта көрсеткіші темпераменттің қай типінен екенін анықтап, қосалқы көрініс берген типтердің де мінездемесіне үлкен көңіл аударған дұрыс болады. Темперамент типін анықтау негізінде балаларға олардың жүйке процестерінің күшті және әлсіз, теріс көрсеткіштерін анықтап беріп, өзін-өзі тәрбиелеу барысында теріс көрсеткіштерінің әсерін төмендету қажет екені түсіндіріледі.
Сондай-ақ жеке адамның даралық ерекшеліктеріне мінез-құлық жатады. Психологияда мінез-құлық ерекшеліктерін келесі төрт көрсеткіштермен бағалайды:
-ұжымға және басқа адамдарға деген қатынасы, сыйласуы, сыйысымдылығы;
-еңбекке деген қатынасы, еңбеккерлігі, шыдамдылығы, табыскерлігі;
-заттарға деген қатынасы, мұқияттылығы, үнемділігі, пысықтығы немесе салақтығы, ықтиярлы немесе ықтиятсыздығы;
-өзіне деген көзқарасы, өзін-өзі жақсы көруі, көкіректігі, мақтаншақтығы, атақ құмарлығы.
Адамның мінезі кез-келген қасиеттердің кездейсоқ жиынтығы емес. Мінездің жеке көрсеткіштері бір-бірімен тығыз байланыста болып бір тұтастық құрады. Мінездің барлық көрсеткіштері және темперамент ерекшеліктері біріне-бірі тәуелді байланыста. Дегенмен, темпераментті өзгертуге болмайды, ал мінез-құлық көріністері тәрбиеленеді, оны адам өзін-өзі тәрбиелеу барсында жетілдіруге болады.
Мінез-құлық ерекшеліктерін анықтауға арналған әдістемелер ішінде Филипс жасаған оқушылардың мектептегі мазасыздану деңгейін анықтау тесті, Шмишектің мінез акцентуациясын анықтау әдістемесі, бала агрессиясын зерттеуге арналған Басса-Даркидің тесті тағы сол сияқты бірнеше әдістемелерді қолданып, әр адамның мінез ерекшеліктерін толық, және жан-жақты бағалап шығуға мүмкіндік береді. Бала агрессиясын зерттеушілер оған әр түрлі анықтамалар береді. Біреулері ол адамның қоршаған орта құбылыстарынан өзін қорғауға арналған тұқым қуалаушылыққа негізделген қасиет деп көрсетсе (Лоренд, Анри), екіншілері жетекші роль атқаруға бағытталған әрекет (Моррисон) деп түсіндіреді. Агрессияны фрустрация мен байланыстыратын теориялар да бар (Маллер, Дуб, Доллард).
Агрессия терминімен жеке тұлғаның субъект-субъекттік қатынаста деструктивтік әрекетке жақындығын белгілейді. Деструктивтік әрекет дегеніміз адамның алдында тұрған бөгетке шабуыл жасап, қиындықты жеңуге деген белсенділігі. Сондықтан агрессияның оң және теріс көріністері бар екенін жақсы түсіну қажет. Мысалы, адам өз өмірін, немесе басқа адамдардың өмірін сақтауға, табыс көзіне төнген қауіпті жоюға бағытталған агрессияны ақтауға болады. Сонымен қатар, ешқандай ақтауға болмайтын агрессия байқалуы мүмкін.
Жасөспірім жас кезеңінде себепсіз агрессия, немесе жалған қауіпке бағытталған шабуылшылық орын алуы мүмкін. Бұл құбылыстың түрлерін, себебін, және мөлшерін анықтауға болады. Психолог осы мәселені зерттеп, агрессиясы нормадан тыс дамыған балалармен түзету жұмысын жүргізуі керек.
А.Басс және А.Дарки агрессияны сипаттағанда оны негізгі екі топқа бөледі. Біріншісі -мотивациялық агрессия, осы құбылысты туғызған себеп-сылтаулар. Психолог ең алдымен агрессияның осы түрін анықтап алуға тиіс. Екіншісі -инструменталдық агрессия, немесе өзін қорғау үшін, басқаларды зәбірлеуге қолданатын әрекеттері. Бұл қасиеттің көрініс беруі сегіз формада болуы мүмкін. Оларды кәсіби бағдар беру барысында анықтау арқылы мінезді тәрбиелеу туралы кеңес ұйымдастыруға негіз болады.
Кәсіби бағдар беру барысында балалардың іс-әрекет түрлеріне қабілеттілігін анықтаудың орны ерекше. Осы заңдылықты ескере отырып, біртіндеп бейімділікті тәрбиелеу керек. Бейімділік деген адамның тіршілік объектісіне ықыласымен, жасампаздықпен, шығармашылықпен қарауы және оны меңгеруге белсенділік білдіру. Әдетте оқушының тапсырмаға деген бейімділігі болса, оны орындауға бала уақытын үнемдемейді және өз тілегін сапалы орындалғанын талап етеді. Осы әрекет барысында бала табысты болса, ол қабілетінің бар екенінің кепілі.
Қабілеттіліктің негізгі көрсеткіші ретінде жаңа білімді және іскерлікті тез және сапалы меңгеруі, ептілігін жетілдіруге ынтасы, іс-әрекет нәтижесінің жоғары дәрежеде болуы. Оқушыларда кәсіби бағдарланудың нәтижесі ретінде біз тек мектеп бағдарламасын меңгеруі емес, сонымен қатар қандай да бір мамандықты меңгеруге бейімділігін қарастырамыз. Қабілет дегеніміз адамның білімді, іскерлікті, дағдыны тез және сапалы меңгеруі, іс- әрекетте табысты болуы, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі.
Білімге, ептілікке және дағдыға деген қатынасында адамның қабілеті, қандай да бір мүмкіндігі ретінде көрінеді. Білім, іскерлік, дағдыларды адамның меңгеруі көптеген жағдайларға байланысты жүреді. Мысалы, қоршаған ортасының әсері адам қалай оқытылғаны, оның іс-әрекеттері қалай ұйымдастырылғаны, қарым-қатынас мәдениетіне үлкендердің қандай үлгілері негіз болды бұлардың бәрі күнделікті өз әсерін тигізіп, сол адамның барлық адамдық қасиеттерді меңгеріп, өзінің қабілеттерін ашуға негіз болады. Адамның қандай да бір мамандыққа қабілетін дамытатын қолайлы жағдайлар туындаған кезде жоғарыда аталған шарттар мен физиологиялық процестер көрініс береді. Соның нәтижесінде адамның қабілетінің нышаны ашыла бастайды. Адамның мамандықта табысты болуын болжамдау оның табиғи қасиеттерінің ерекшеліктерін зерттеуден бастау керек. Сонымен қатар қабілеттен басқа жеке даралық ерекшеліктерге мінез-құлық ерекшеліктері темпераментпен өте тығыз байланысты. Бұл қасиеттер консервативтік, кертартпа әсері бар, тұрақты қасиеттер.
Қабілет ерекшеліктерін жан-жақты зерттеген Б.М.Теплов оны жалпы және арнайы қабілеттерге бөлген. Жалпы қабілет адамның өміріне қажетті барлық іс-әрекет түрлерін тез меңгеруі және оларды сапалы орындауы. Арнайы қабілет адамның іс-әрекет түрлерінің бір саласында ерекше табысқа ие болуын қамтамасыз етеді. Мысал ретінде музыкалық, көркем-өнерлік қабілеттерді атап өтуге болады.
Мамандық таңдау барысында балалардың психикалық ерекшеліктерін жан-жақты диагностикалау арқылы олардың болашақта қай салада табысты болуға мүмкіншіліктері молырақ екенін анықтауға көмек көрсетіледі. Зерттеу нәтижелері бойынша балалармен кеңес жүргізіліп, олардың пәнге деген қызығушылығы, мектептен тыс қызығушылығы, мамандық таңдау мотивациялары, ата-аналарының мамандықтары, мамандықтар туралы мағлұмат алу көздері тағы көптеген мәселелер анықталады.
