Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 Лекция БДТГ-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
170.97 Кб
Скачать

2. Қазіргі кезеңдегі балалардың мектепке дейінгі мекемелерін салудың гигиеналық аспектілері.

2030 – шы жылға дейінгі болашақтық жоспарында  6 жасқа дейінгі балалардың  98-100 %  мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз ету ұйғарылып  отыр,  оның  ішінде  80- 85%  жалпы профильді  МДМ (зерделік және дене   дамуы   қалыпты  дамыған  балалар  үшін ), 12 – 15%  шипажайлық-сауықтандырушы  МДМ (естуінде,  көруінде, тірек – қимыл  аппаратында т.б. ауытқулары бар балалар үшін).

Бүгінгі таңдағы күші бар нормативтер:

- құрылыстануы қалыптасқан қалаларда жалпы профильді МДМ үшін  1000 тұрғынға  100-110 орын және 120 орын – жаңа салынушы қалаларда;

- естуінде ауытқулары  бар  балалар үшін 200 мың  тұрғынға – 72 орын;

- көруінде ауытқулары бар балалар үшін 600 мың тұрғынға – 96 орын;

- тірек – қимыл аппаратында ауытқулары бар балалар үшін  600 мың тұрғынға – 100 орын; Қазіргі  таңдағы өмірлік сынаудан өтіп  жатқан тенденцияның бірі жалпы типті МДМ «жол – жөнекей бару» принципі бойынша орналастыру болып   келеді, яғни көлік аялдамаларына қарай жаяу жүрушілердің жолы бойында. Бұл тенденция қала салу тәжірибесінің бір бағытын – яғни тұрғын массивтерді қала маңайындағы жасыл желек аймағына шығаруды ескеріп отыр. Бұл жағдайда аялдамаға дейін жаяу жүру уақыты  15 минуттан  көп  болмау керек.

Болашақ тенденцияның бірі – МДМ–ні тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында орналастыру, ол селитебті территорияны едәуір үнемдеуге және халыққа қызмет көрсету  ыңғайлығын жоғарлатуға мүмкіндік береді.

МДМ  учаскесін жобалауда және салуда  балалардың  жан-жақты дамуына  ықпал етуші, олардың  әр түрлі  ойындарына (автомобильдік, ертегілік, құрылыстық, теңіздік және т.б.) арналған тақырыптық алаңдарды ұйымдастыру  тенденциясы  ұйғарылуда. Балалардың  осы  алаңдарда болуын мезгіл-мезгіл ауыстырып тұру (топтарды бір алаңнан екінші алаңға ауысулары) балалардың қиялын  маңызды әртүрлендіріп, олардың бос уақытын көңілді толықтырып,  көңіл-күйін  жадыратады. Жазғы  уақытта  МДМ  барлық сауық-тандырушы және тәрбие жұмыстарының  бір бөлігі ашық алаңдарда жүргізілетінін ескерсек, оның маңыздылығы арта түседі.

Қазіргі  уақытта балалар  мекемелерін  салуға  МДМ  140-160-230-320 орындық (біртипті  номенклатура) жобалары қабылданған. Одан ірі кешендер (560-640 балаға) Республиканың білім Министрлігінің рұқсатымен эксперимент ретінде салынады.

Мектепке дейінгі мекеменің жаңа құрылысын салуда немесе барын қайта конструкциялауда ведомстволық құрылыс нормаларының талаптарын орындау керек. ВҚН – 49-86. «Мектепке  дейінгі  мекемелер. Жобалау нормалары».

Ауылдық елді мекендердегі балабақшаларды, жазғы уақыттарда олардағы орындардың санын көбейту перспективасымен салынады.

Осындай балабақшалардың біртипті номенклатурасына енгендері:

-   50 орындық – 95 орынға дейін көбейтілетін балабақша;

-    90 орындық – 180 орынға дейін көбейтілетін балабақша;

Кішігірім  елді  мекендерде  балабақшаны  бастаушы  мектеппен бірлестіріп жобалауға  рұқсат  етілген:  балабақша  25 орынға  және  мектеп   40 орынға немесе балабақша 50 орынға және мектеп 80 оқушыға.

МДМ – нің ерекше түрі – қала сыртындағы жазғы саябақтар. Олар  қаладан көлікпен 2 сағатта жетуге болатын,  ең жағымды табиғи-климаттық жағдайда орналасуы керек.

Қала сырты саябақ ретінде, ең алдымен, жыл бойы пайдаланатын  ғимараттарды  ұсынады  (орман мектептері,  пансионаттар т.б.). Арнаулы  МДМ  осы  профильді  арнайы  мектебіне  жақын  орналастыру  ұсынылады,  бірақ 

оқушылар  МДМ  балаларынан  толық оқшаулануы керек.

Сәби  үйлерін  және  балалар  үйлерін  кішігірім  қалаларда  немесе  ірі қала маңайында орналастырған дұрыс; балалар үйлерін қарттар үйлерінің жанында, ал сәби үйлерін – балалар ауруханаларының, босанатын үйлердің және жалпы типті клиникалардың жанында орналастырады, өйткені, бұл жастағы балалар дәрігердің тұрақты бақылауында болуы керек. Келешекте  универсалды  ғимараттардың  құрылымын белгілейтін болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]