Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 Лекция БДТГ-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
170.97 Кб
Скачать

3 Жас дағдарысының 7 сипаттамалары:

  1. Негативизм - бала ересектер қойған талаптарға жағымсыз реакция көрсетеді. Негативизм таңдамалы да болуы мүмкін, ол отбасы мүшесінің біреуінің тілін ғана алмайды немесе бір ғана тәрбиешіні тыңдамайды, ал басқаларымен қалыпты қатынаста болады. Әрекеттің басты мотиві - барлығын керісінше жасау.

  2. Қыңырлық ( упрямство) - бұл баланың өзі қалаған нәрсесін жасауға ұмытылуы. Өтпелі кезеңде қырсықтық ( строоптивость) көрініс беруі мүмкін. Бұл нақты бір адамға емес, ерте балалық шақта қалыптасқан қатынастар жүйесіне бағытталған. Дербестілік тенденциясы байқалады: бала барлығын өзі жасап өзі шешкісі келеді. Негізінен бұл жақсы құбылыс, дегенмен дағдарыс кезінде бұл өз еріктілікке алып келуі мүмкін.

  3. Наразылық бүлікші ( қасарыспалық)- кейбір балаларда ата-аналарымен конфликтілі жағдай жиі кездесуі мүмкін, олар үлкендермен үнемі соғыс күйінде болады.

  4. Деспотоизм ( шексіз билеушілік )- отбасында бір ғана бала болса көрініс береді. Бала қоршаған адамдарға өзінің билігін көрсетеді.

  5. Бағасыздану (обесценивание)- 3 жас дағдарысының ең қызық сипаттамасы. 3 жасар бала ұрыса бастайды, сүйікті ойыншығын лақтырып тастауы мүмкін, бұл құбылыстың барлығы баланың басқа адамдарға деген өзіне деген қатынасының өзгеруі жайында хабар береді. Бала 3 жасқа келгенде көптеген жаңа әрекеттердің түрі пайда бола бастайды. Осы кезде психикасы да ерекше қарқынмен дамиды. Мұндай жаңа әрекеттерге сәбидің ойнайтын ойынының түрленуі, сурет салуы, жапсыру, құрастыруы жатады. Бейнелеу әрекетінің әр түрі мен шұғылданып, қарандашпен қағазға өзінше жазу жазып, шимайлап, түзу таяқшалар сыза бастайды. Бұлар сурет салу дегеннің өзі бір заттың бейнесін қағазға түсіру екенін түсінеді. Баланың алғашқы сурет салуы үлкендердің басшылығымен жүзеге асады.

Сәбилік кезеңде пайда болатын негізгі әрекеті рөлддік дидактикалық қимылды ойындар. Осы кезде бала үлкендердің әрбір әрекетіне еліктеп, көптеген заттармен әрекет етуді меңгереді. Қоршаған орта туралы түсінігі кеңейеді. Барлық психикалық үрдістер дамиды. Заттар мен әрекеті де ойын арқылы дамиды.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Сөздің грамматикалық құрылымын игерудің заңдылығын талдаңыз

  2. Сәбилік кезеңдегі баланың сөздік қоры

  3. Сәбилік кезеңдегі бала психикасының даму ерекшелігіне тоқталыңыз

  4. Грамматикалық құрылысты игерудің өз даму кезеңдері

  5. Үш жастағы балаларда жаңадан пайда болатын дағдарыстарды атаңыз

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.

2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011

3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014

4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014

7. Лекция тақырыбы: Мектепке дейінгі балалық шақтағы (үш жастан төрт жасқа дейін) бала дамуының ерекшеліктері.

Лекция мақсаты: Мектепке дейінгілердің өз-өзіне қызмет ету дағдыларын меңгеруі - өнегелі, жігерлі, дербестік, және табандылық сияқты қасиеттерін тәрбиелеудің тиімді жолы екендігін түсіндіру.

Лекция жоспары:

  1. Үш жастағы баланың даму ерекшелігі

  2. Төрт жастағы баланың ерекшелігі

Лекция мәтіні: Балаларды мектептегі оқуға бейімдеп, жетілдіруде психологиялық-педагогикалық диагностикаға қатысты негізгі жағдайларды белгілі бір қисынға келтіруге болады:

- Мектепке жетілдіру мен оқуға бейімдеу барысы деңгейінің өлшемдері, оқу бағдарламасындағы оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарымен байланысты болып табылады;

- Балаларды мектептегі оқуға және жағдайларға бейімдеуде, педагогтар мен психологтардың психодиагностикалық іс-әрекеттері, бала тұлғасын дамытудың құрамды бөлігі болуы тиіс;

- Мектепке жетілдірудегі педагогтар мен психологтардың психодиагностикалық әрекеттерінің ең бірінші міндеті, балалардың мектептегі оқуға бейімделуі, сынып ұжымы немесе балалар жайлы психологиялық ақпаратты алу болып табылады.

- Балаларды мектептегі оқуға және жағдайларға бейімдеуде, педагогтар мен психологтардың психодиагностикалық іс-әрекеттері, бала тұлғасын дамытудың құрамды бөлігі болуы тиіс;

- Мектепке жетілдірудегі педагогтар мен психологтардың психодиагностикалық әрекеттерінің ең бірінші міндеті, балалардың мектептегі оқуға бейімделуі, сынып ұжымы немесе балалар жайлы психологиялық ақпаратты алу болып табылады. Оқуға бейімделу әрекетін талдау психологиялық диагностиканың қолданылу бөлігін анықтайды. Балаларға психодиагностикалық зерттеулер жүргізгенде, мынандай моральді-этикалық сипаттамасы бар талаптар қойылады, олардың ең негізгілері:

1. Психодиагностикалық зерттеулердің нәтижелері балаларға зиянын келтірмеуі керек.

2. Балаларға диагностикалық зерттеулер, тек балалардың өздерінің және олардың ата-анасының рұқсатымен жүргізілуі тиіс. Балалар мектепке баратын кезге дейінгі уақытта ата-аналар балаларынсыз рұқсат беруіне болады.

3. Ата-ана құқығынан айырылған ата-аналар өз балаларының психологиялық зерттеулерінің нәтижелерінің қорытындысын психолог маманнан білуге болады, сонымен бірге психолог, ата-аналарға өз балаларының психологиясына тиісті білгісі келген сұрақтарына дұрыс және нақты жауапты беруі тиіс.

4. Психодиагностикалық зерттеудің нәтижесінде анықталған басқа факторлардан баланың тағдырын, яғни мектептегі оқуға бейімделуі мен тәрбие мүмкіндігін, ата-аналар мен психолог-педагогтардың пікірінсіз шешілмеуі тиіс.

5. Мектепке дейінгі мекемелер мен мектепте қызмет атқаратын психологтар психодиагностикалық жұмыстарды тәрбиешілер мен мұғалімдермен бірге тығыз байланыста болып атқаруы қажет.

Психодиагностикалық әдістердің көпшілігі мектепке баратын балалардың түсінігіне байланысты психологиясы мен физикалық жағынан сау балалардың, зерттелініп отырған қасиеттер дамуының орта деңгейін сипаттайды және осындай зерттеулердің нәтижелерінен ауытқуы бар балалардың да қасиеттерінің даму деңгейі де анықталады. Егер оның жеке көрсеткіштері нормадан жоғары болса, онда осы бала өзінің дамуы жағынан құрдастарынан жоғары болады, ал керісінше, егер оның жеке мәліметтері нормадан төмен болса онда құрдастарынан қалып қояды. Психодиагностикада балалардың мектептегі оқуға қабілеттілігіне байланысты жүргізілетін эксперименттердің қиыншылығының ең бір негізгі себебі, баланың белгілі қабілеттерін психологтар тапсырма беру кезінде, осы тапсырманы орындауы оның қабілеттілігіне ғана байланысты болмайды, сонымен бірге, мотивацияға, мектептегі оқуға бейімделіп, қалыптасуына және дағдыларына байланысты.

Мектепке баратын балаларды зерттеу үстінде ғылыми-зерттеу жұмыстарына барлық  әдістерді қолдануға болады. Бірақ, кейбіреулері өте күрделі және арнайы бір құралдарды  қажет ететіндері де кездеседі. Сондықтан практикада салыстырмалы жеңіл тесттерді  сұрақнамаларды, бақылауды, құжаттарды талдауды және психодиагностикалық  эксперименттерді қолданады. 

Интеллектуалды тестте қоршаған ортаның әсерін ескеру қажет. Көптеген жеке  тесттерде, баланың жеке қасиеттерін анықтау үшін қарастырылып зерттелг ен. Жаңа  шарттарға бейімделу тесттің ең қажетті талабы. Белгілі бір жасқа арналған тесттер басқа  жастағы балаларға қолдануға болмайды. Балаларды мектептегі жағдайға жетілдіріп, оқуға бейімделу мәселелеріне байланысты психологтар мен педагогтардың көп жағдайларда ынтымақтастығы көрінеді, әсіресе мектеп практикасында психологиялық міндеттерді шешу маңызды жағдайда болады.

Мектепке қабылданар баланың психологиялық даярлық деңгейін тексеру; диагноз қою; дамыту жолдарын белгілеу – қысқа мерзімдік диагностикалық шара болып табылады. Осы даярлық диагностика мазмұнын үнемі жаңа ізденістермен жетілдіріп отыру – теорияның жемісі. Сондықтан да мектепке психологиялық даярлықты анықтау мазмұнын теориялық ғылым, тәжірибелік іс-әрекет ретінде қарастырады. 

- мектеп жасына дейінгі балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеу.

- мектеп жасына дейінгі балаларда танымдық процестерінің денгейлерінің диагностикасы.

- баланы мектепке дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолданудың психологиялық мүнкіндіктерін айқындау.

Зерттеу әдістері-танымдық процестерді зерттеуге арналған стандартты әдістер комплексі:

- түрлі әңгіме әдістерін қолдану.

- шағын тестік тапсырмалар

Мектепке дейінгі балалық шақта (үштен жеті жасқа дейін) организімнің қарқынды жетілуі жалғаса түседі. Жалпы өсумен қатар ткандар мен мүшелердің анатомиялық қалыптасуы және функциялық дамуы жүріп жатады. Скелеттің сүйектеніп, бұлшық еттердің сомдануының, тыныс алу, қан айналу мүшелерінің дамуының үлкен маңызы бар. Ми салмағы 1110 грамнан 1350 грамға дейін өседі. Үлкен ми сыңарлары қабықтарының реттегіш ролі мен оның ми қабығы астындағы орталықтарды бақылуы арта түседі. Шартты рефлекстердің пайда болу жылдамдығы артып, әсіресе екінші сигнал жүйесі қарқынды дамиды. Дене дамуы баланың дербестігінің арта түсуі үшін, тәрбие мен оқыту процесінде қоғамдық тәжірибенің жаңа формалары игеруі үшін қолайлы жағдайлар жасайды. 

П.П.Блонский өзінің педалогиялық-бағдарлану концепциясында баланың үлгермеушілігі, мектептегі сәтсіздіктерін оның жүріс-тұрыстарынан емес, әуелі семья жағдайына, әлуметтік экономикалық мәселелерінен қарау керек деп тұжырымдаған  Егер сөйлеу, ойлау, қабылдау процестерінің дамуы қалыпты жағдайда жүрмесе баланың ой-өрісінің дамуы да кейін қалады. Бала бұл жаста өзін еркін ұстап, өз бетімен әрекет жасап үйрене алмайды, олардың дамуында жол көрсететін, өмірге бейімделуіне жағдай жасайтын адам болу керек. Қандай адамзат баласы болмасын баланың әлеуметтік жағдайына бейімдейтін, үйрететін ата-анасы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамыту үшін өткізілген эксперементалдық жұмыс. Балалардын ойлауын сезімін,еркін зерттеу керек болса, бұл үшін психолог қандай болмасын бір әрекет ұйымдастырады. Мысалы, өзіне тән ережелері бар ойын ұйымдастырылса, сол ойын үстіндегі балалардың психологиялық ерекшеліктері жазылып, кейін оған мұқият талдау жасалынады.Осы зерттеуде оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты ақыл-ой әрекетіндегі сөз бен көрнекіліктің ара қатынасы үнемі өзгеретіндігі, балалардың жасы өсіп, білім қоры молайған сайын олардың ойлауы тереңдеп, жалпыланып қана қоймай, ондағы образдардың біртіндеп толық және мағыналы бола түсетіндігі де байқалған. Мектепте оқытуға баланың психологиялық дайрлығы - мектепке дейінгі балалық шақ кезеңіндегі психикалық дамудың қорытындыларының бірі. Қазіргі уақытта баланы мектепке дайындау, белгілі бір дағдыларды игеруге бейімдеу заманымыздың көкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр. 

Ендігі жерде мектеп жасына дейінгі баланың бүкіл өмірін ұйымдастыру, оның денсаулығын нығайту, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін жетілдіріп, түптеп келгенде мектепке даярлау, тікелей ата-ананың үлесіне тиеді. Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады. А. Едігенова бойынша баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүреді. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады.

Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланы дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін.В.С. Мухина бойынша мектеп жасына дейiнгi және бастауыш мектеп жасындағы балаларда мiнез-құлық мотивациясы: мiнез-құлықтың саналы регуляциясы күшейедi, мотивтер мен қажеттiлiктер көлемi ұлғаяды, рухани және материалды қажеттiлiктер сферасы кеңейедi, қарым-қатынасқа деген қажеттiлiк, жетiстiкке жету, басқарушылыққа қажеттiлiк сияқты әлеуметтiк қажеттiлiктер нығая түседi. Көп бiлу, басқалардан жоғары болу, өзi жасай алу сияқты қарапайым қажеттiлiктер пайда болады .

Д.Б. Эльконин пікірінше, мектепке дейінгі кезеңде балалар іс-әрекетінің күрделенуіне жалпы ақыл-ой дамуының ілгеруіне байланысты зейін күшті шоғырланып, тұрақтылыққа ие болады. Мысалы, мектепке дейінгі кезеңдегі кішкентайлар бір ойынды 30-50 минут ойнайтын болса, 5-6 жасқа жеткенде ойынның ұзақтығы 1,5 сағатқа дейін созылады. Мұны ойында адамдардың күрделірек іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарының бейнеленуімен және ойынға үнемі енгізілетін жаңа ахуалдардың қолдау табуымен түсіндіруге болады. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейін тұрақтылығы арта түседі. Мысалы, мектепке дейінгі шақтың соңында суретті көру ұзақтығы екі есе артады, мектепке дейінгі кішкентайға қарағанда алты жасар бала суретті жақсырақ түсінеді, оның өзіне қызықты жақтары мен егжей-тегжейлерін бөліп алады .Бірақ мектепке дейінгі кезеңде зейіннің негізгі өзгеруі баланың алғаш рет өз зейінін меңгере білуінде, оны саналы түрде белгілі заттарға құбылыстарға бағыттай білуінде және кейбір тәсілдерді пайдалана отырып, соларға зейін қоя білуінде. Мектепке дейінгі шақ ішінде өз зейінін ұйымдастыру үшін сөзді пайдалану күрт өседі. Мұны, атап айтқанда, мектепке дейінгі ересектер үлкеннің нұсқауы бойынша тапсырманы орындағанда мектепке дейінгі кішкентайларға қарағанда нұсқауды 10-12 рет жиі қайталады. Сонымен, баланың мінез-құлқын реттеуде сөздің маңызының жалпы өсуіне байланысты мектепке дейінгі шақта ықтиярлық зейін қалыптасады.В.С. Мухина мектепке дейінгі шақта балалар ықтиярлы зейінді меңгере бастаса да, бүкіл мектепке дейінгі балалық шақта ықтиярсыз зейін басым болып қала береді. Балаларға өздері үшін бір текті әрі тартымы шамалы іс-әрекетке зейін қою қиынға түседі,сонымен бірге ойын процесінде немесе әсерлі сезімге бөлерліктей тапсырмаларды шешерде олар едәуір ұзақ уақыт бойы ықыласты болып жүреді. Мектеп жасына дейінгі бала зейінінің ерекшелігі мектепке дейін оқыту ықтиярлы зейінге үнемі күш салуды талап ететін тапсырмалар бойынша құрылуы мүмкін емес себептердің бірі болып саналады. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтері, іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс-әрекет формаларын жиі өзгерту балалардың зейінін айтарлықтай жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.Сенсорлық даму, бала заттардың түсін, пішінін, мөлшерін және олардың кеңістіктегі орналасуын айырып қана қоймай, оларды мөлшеріне қарай сәйкестендіріп (үлкен, кіші, аз, көп) анықтай алады.Зейін тікелей қызығушылықпен байланысты (ырықсыз зейін), өйткені қызықты іске бала көңілі тез ауады. Егер 6 жасар бала ойынмен айналысқан болса, ол алаңдамай 2, тіпті 3 сағат ойнай береді. Алайда, бұлай зейінді шоғырландыру – баланың айналысқан нәрсесіне қызығушылығынан туындайды. Балаға зейінін тәрбиелеуде көмектесу қажет. Үлкендер сөз нұсқаулары арқылы баланың зейінін ұйымдастыра алады. Оларға біркелкі жалықтыратын және тартымдылығы аз іс-әрекетпен айналысу өте қиын. Зейіннің бұл ерекшелігі сабақтарда ойын элементтерін енгізуге және іс-әрекет түрлерін жеткілікті ауыстырып отыруға негізгі себеп болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі баланың есі негізінен ықтиярсыз сипатта болады. Бұл бала көбіне өзінің алдына бір нәрсені есінде қалдыру үшін саналы мақсаттарды қоймайтындығын көрсетеді. Есте сақтау мен еске түсіру баланың еркі мен санасына байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс-әрекет арқылы жүзеге асады әрі іс-әрекеттің сипатына байланысты болады. Бала іс-әрекетте неге зейін қойса, оған не әсер етсе, не қызық болса, соны ғана есінде сақтайды. Заттарды, картиналарды, сөздерді ықтиярсыз есте сақтаудың сапасы, баланың осыларға қаншалықты әсерлі іс-әрекет істеуіне іс-әрекет процесінде оларды егжей-тегжейлі қабылдау, ойластыру, топтастыру қандай дәрежеде өтетіндігіне байланысты. Мысалы, суреттерді жай ғана қарап шыққанда оларды баланың есінде сақтау анағұрлым нашар балады, ал осы суреттерді, өз орындарына, мысалы, бақшаға, ас үйге, балалар бөлмесіне, қораға дәл келетін жеке заттарды қою ұсынылғанда бала оларды есінде жақсы сақтайды. Ықтиярсыз есте сақтау баланың орындайтын қабылдау және іс-әрекеттерінің жанама қосымша нәтижесі болып табылады .Мектепке дейінгі жастағылардың ықтиярсыз есте сақтауы мен ықтиярсыз еске түсіруі – ес жұмысының бірден-бір түрі. Бала бірдеңені есте сақтау немесе еске түсіру жөнінде алдына әлі мақсат қояды, ал бұл үшін арнаулы тәсілдерді қолдануды білмейді. Мысалы, үш жастағы балаларға суреттер тобының біреуін сұрағанда балалардың басым көпшілігі өзін мүлде бірдей ұстады. Суретке көз жүгіртіп өткеннен кейін бала оны шетке ығыстырып қойып, үлкен адамнан басқа суретті көрсетуді сұрады. Кейбір балалар бейнеленген заттар жөнінде әңгімелеп беруге тырысты, суретке байланысты өткен тәжірибенің жағдайларын еске түсірді («Көзілдірікті көзге киеді. Мынау- көбелек, құрт деп аталады». «Қарбыз. Мен, анам және әкем- үшеуіміз үлкен қарбыз сатып алғанбыз, алқоры одан әлдеқайда кіші», тағы осындайлар). Әйтсе де есте сақтауға бағытталған балалардың ешбір іс-әрекеттері байқалмады .В.С. Мухинаның пікірінше есте сақтау мен еске түсірудің ықтиярлы формалары мектепке дейінгі естияр шақта қалыптаса бастайды және мектепке дейінгі ересектерде жетіледі. Ықтиярлы есте сақтау мен еске түсіруді меңгерудің неғұрлым қолайлы шарттары ойын үстінде жасалады, бала өзіне алған рольді жақсы орындап шығу есте сақтау шарты болған кезде жасалады. Мысалы, сатып алушының ролін алған бала дүкеннен белгілі заттарды сатып алу жөніндегі тапсырманы орындаушы ретіндегі баланың есте сақтайтын сөздерінің саны үлкен адамның тікелей талабы бойынша есінде сақтауға тиісті сөздерден көп болып шығады. Естің ықтиярлы формаларын меңгеру бірнеше кезеңнен тұрады. Олардың біріншісінде әлі қажетті тәсілдерді меңгере алмай тұрып бала есте сақтау мен еске түсіру міндетінің өзін бөле бастайды. Мұнда еске түсіру міндеті бұрын бөлінеді, өйткені бала алдымен дәл еске түсіруді, елестетуді қажет ететін ахуалдарға кездеседі. Бұған дейін ол нені қабылдап, жасағанын көрсететін іс-әрекетті білуі керек. Есте сақтау міндеті еске түсіру тәжірибесінің нәтижесінде пайда болады.В.С. Мухинаның айтуынша, есте сақтау мен еске түсірудің жолдарын бала өз ойынан шығара алмайды. Ондай жолдарды белгілі түрде баланың есіне үлкендер салады. Мысалы, үлкен адам балаға тапсырма бергенде оған осы арада дәл оны қайталап беруді талап етеді. Үлкен адам баладан бір нәрсе сұрағанда, оның еске түсіруіне бағыт береді: «Сосын не болады?», «Жылқыға ұқсас сен тағы қандай жануарларды көрдің?» Тағы сол сияқты. Бала біртіндеп қайталай білуге, түсіне білуге, материалды есте сақтау мақсатында байланыстыра білуге, еске түсіргенде байланыстарды пайдалана білуге үйренеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың кейбіреулерінде эйдетикалық ес деп аталатын көру есінің ерекше түрі байқалады. өзінің айқындығы мен дәлдігі жағынан эйдетикалық естің бейнелеріне жуықтайды: бұрын қабылданған бір нәрсені есіне түсірген бала соны көз алдына қайтадан көріп тұрғандай болады. Эйдетикалық ес – жас шағының құбылысы. Мектепке дейінгі жаста осындай есі бар бала, кейінірек, мектепке оқыту кезеңінде, әдетте өзінің бұл қабілеттілігін жоғалтады.Мектепке дейінгі жас – естің қарқынды даму жасы. Ес – бала үшін маңызды оқиғалар мен мәліметтерді жаданда қалдырады және сақтайды.Сондай-ақ мектепке дейінгі балалардың ойлау үрдісіне тоқталсақ, ойлау – тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігінде дамиды. Бала заттың бейнесін ғана емес, оның қимыл-қозғалыстары туралы да ойлайды. Бейнелі ойлау – 6 жасар бала ойлауының негізгі түрі. Әрине, ол жекелеген жағдайларға логикалық ойлауды да орындай алады, бірақ та бұл жаста көрнекілікке сүйенген оқыту басымырақ болады. Мұның өзі осы жастағы балалардың естері еріксіз жақсы дамиды. Ерікті естері жаңа ғана қалыптасады. Сондықтан жақсы қабылдап алған заттардың түсін есінде жақсы сақтайды. Көру және есту елестері көрген нәрселердің мазмұнымен байланысты болады.Мектепке түсу балалардың логикалық есін дамытуда үлкен роль атқарады. Оқушылардың есін тәрбиелеуде де мұғалім олардың жас және дара ерекшеліктерін ескере отырып, жұмыс жүргізеді. Кіші мектеп жасындағы балаларды оқу тәсілін өз бетімен таңдап ала алмайтындықтан мұғалім үйге тапсырма бергенде, материалды қалай оқу керектігін балаларға ұдайы ескертуі керек. Бұл жөнінде оқулықтардың бәрінде мәтінді қалай оқу, тапсырманы қалай орындау керектігі айтылған. Бірақ баланың назары кейде бұған жөнді түсе қоймайды. Мұғалім мұны қатты ескерген жөн. Атақты психолог ғалымдары Л.С. Выготский, А.И. Леонтьев, А.С. Запорожец, Л.Д. Венгер, Д.Б. Эльконин, Е.И. Игнатьева, Ю.К. Бабанский, И.Я. Лернер т.б. зерттеушілердің еңбектерінде мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басының қалыптасуына әсер ететін әртүрлі іс-әрекеттердің ішіндегі ең маңыздысы шығармашылық белсенділіктің сапалығына назар аударады. Алайда мектепке бару қарсаңында баланың психологиялық даму деңгейінде жекелей өзгешеліктер өсе түседі. Бұл өзгешеліктер мынадан көрінеді: балалар бір-бірінен ақыл-ой, адамгершілік және жекелей дамуымен ажыратылады. Олай болатын болса, балаларға психологиялық қолдау жасау бiлiм беру мекемелерiнiң (балабақша, мектеп) ең негiзгi мiндетi болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.  Астана – 2009.

2. Выготский Л.С. Собр. соч. Т.4. Детская психология. Москва,  Педагогика, 1984.

3. Рубинштейн С.Я. Экспериментальные методики патопсихологии и опыт применения их в клинике. Москва, 1970.

8 Лекция тақырыбы: Мектепке даярлық шақтағы (бес-алты жас) баланың жас ерекшелігі

Лекция мақсаты: Балаларға берілетін білім мазмұнын игерту және оларды тұлғалық жағынан үйлесімді қалыптастыру басты бағыттардың бірі екендігін түсіндіру.

Лекция жоспары:

  1. 5-6 жасар балалардың дене дамуы мен психикалык саулығын қорғау және нығайту

  2. 5-6 жасар балалардың жас ерекшелігі.

Лекция мәтіні: Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту мәселесінің өрісі кеңейіп келеді. Әсіресе мектепалды даярлық тобындағы балаларды оқу іс-әрекетін меңгеруге даярлау ерекше мәнге ие болып отыр. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі мектепке дейінгі тәрбие және оқытуда баланың бойында оқу қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеуге, яғни мектепалды дайындыққа ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы құжатта көрсетілгендей, мектепалды даярлықтың негізгі мақсаты 5-6 жасар балалардың дене дамуы мен психикалык саулығын қорғау және нығайту, ақыл-ойын жетілдіру, олардың бойында қарапайым білім негіздері, іскерлік пен дағдылардың алғышарттарын қалай отырып, бастауыш мектепте білім алуға бірдей бастапқы мүмкіндіктермен қамтамасыз ету.

5-6 жасар балалардың мектепалды даярлығы отбасында, мектепке дейінгі ұйымдардың мектепалды даярлық топтарында немесе жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарында, мектепке дейінгі шағын орталықтарда мектепалды даярлық бағдарламасы негізінде жүзеге асады. Дүние жүзілік тәжірибе балаларды алты жастан бастап оқытудың пайдалы екенін растады және алты жастағы балаларға тән білуге құмарлығы белгілі жүйемен қанағаттанып, және олардың дамуы қарқынды түрде жүре бастайды. Жаңа зертеулерде, бала бес-алты жаста болатын интеллектуалдық деңгейдің 2\3 бөлігіне жететіндігін дәлелдеді.

«Денсаулық» білім беру саласында балалардың денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтының ережелерін саналы түрде сақтауын қалыптастыруға, бала ағзасы мен маңызды қозғалыс дағдыларының функционалды мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталған педагогикалық жұмыстардың шарттары мен мазмұны, міндеттері белгіленген.

«Қатынас» білім беру саласында байланыстырып сөйлеуін, мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тілдік іс-әрекетке жеке қабілеттерін, мазмұнды диалог пен монолог құра білу іскерлігін, сауат ашу және жазуды меңгеруге дайындау мақсатында тілдік шығармашылығын көрсетуге бағытталған жұмыстардың мазмұны мен міндеттері қарастырылады.

«Таным» білім беру саласында баланың қоршаған ортада бағдарын кеңейтіп, толықтыру, салыстыру, талдау, жалпылау, байқау, үлгілеу, қарапайым іздеу іс-әрекеттерін меңгеру, табиғатты қорғау тәсілдерін меңгеруі, түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған педагогикалық жұмыстардың міндеттерін, мазмұны мен шарттарын айқындап көрсетеді.

«Шығармашылық» білім беру саласында баланың әлемге деген эстетикалық қатынасы мен ұлттық, классикалық және заманауи көркем құралдарының дамуымен бірге қалыптасуы қарастырылады. Балалар шығармашылығы мен іс-әрекеттерін біріктіру арқылы балалардың көркемдік қабілеттерін қалыптастырды.

«Әлеуметтік» білім беру саласында – әлеуметтендіруді қоғамдық қатынастар жүйесіне енуге қажетті балалардың әлеуметтік-мәдени тәжірибелерінің дамуы ретінде қарастырып, еңбек және білім-білік дағдыларын, қағидалар, құндылықтар, салт-дәстүрлер, ережелер, тұлғаның әлеуметтік қасиеттерін қалыптастыру мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар, бұл сала кіріктірілген сипатта жұмыс атқарып, бес білім беру саласының мазмұнын іске асырады. Балалардың іс-әрекеттерін түрлендіруді ұйымдастыру негізінде олардың үлкендермен, құрбыларымен қарым-қатынас жасауда қарапайым өзін-өзі бақылау мен реттеу дағдыларын қалыптастырды.

Мектепалды жастағы балаларды бейімдеп, мектеп жағдайларында жетілдіру үшін педагог пен психологтар арасында әрбір баланың жан-жақты дамуы үшін ең жақын жолды іздестіріп, ортақ мақсатпен анықталатын серіктестік қатынасы орнығуға тиіс. Осындай әдістемелік принциптен психодиагностикалық әдістердің қолданылуы мен жасалуы үшін екі негізгі қорытынды келіп шығады. Педагогикалық нәтижелерді жасауға мүмкіншілік беретін әдістерді жасау қажет. Психодиагностика педагогикалық процестермен тығыз байланыста болып, психодиагностикалық сараптама негізінде құрылатын 5-6 жастағы балалар дамуының педагогикалық дамуын қарастыруда жауапкершілікті болады.

Психологиялық-педагогикалық диагностика – жеке баланың немесе топтың педагогикалық-психологиялық даму күйін немесе деңгейін, қасиеттерін, мектептегі оқуға бейімделуін, мектеп жағдайларына қалыптасуын нақты бағалау. Ол теорияны, әдіснаманы және әдістемені қарастырумен байланысты арнайы білімдерді психодиагностикалық бағалаудың обьекісі ретінде балалардың түйсінуімен басталып және бір-бірімен өзара әрекеттескенде сонымен бірге, қарым-қатынас үстінде пайда болатын күрделі әлеуметтік-психологиялық процестерге дейін мүмкін болады.

Мектепалды жастағы балаларға білім беруде диагностикалық әдістер арқылы, олардың:

1. Дүниетанымдық түсініктерін анықтау.

2. Тапсырманы ауызша орындауын тексеру.

3. Балалардың заттарды тану ептілігін анықтау.

4. Оқиғаның жүйелілігін анықтап, ептілікпен тауып орнатуға бейімделуін қалыптастырады.

Балалардың диагностикалық міндетін, алдын-ала өтілген материалдарды меңгеру деңгейін, мүмкіншілігінше жеке түрде анықтау қажет. Бұл жағдай баланы мектептегі жағдайларға қалыптасуының жандануын қамтамасыз етеді және осының негізінде жаңа материалдарды меңгеру үшін жағымды жағдайлар жасалынады. Жаңа материалдарды меңгерудің тиімділігі осындай базистердің қаншалықты негізделіп құралатындығына байланысты. Мектепалды оқуға бейімделгенін анықтайтын психодиагностикалық әдістеменің сенімділік дәрежесі үш жағдайға: әдіс обьективтігіне, тест міндеттерінің біртектілігіне және балалардың өлшенетін қасиеттерінің тұрақтылығына байланысты. Сондықтан, сенімділікті тексерудің дәстүрлі тәжірибесі қажет болмаса да, ол өз кезегінде, оның анықтауының жаңа модельдерін қалыптастыру қажеттілігін тудырады.

Диагностика негізінде балалардың дамуын, мектепке жетілу жағдайларын талдауда, психодиагностикалық әдістер көмегімен нақты мәліметтер жасалынады және олардың негізінде балалардың белгілі бір талаптарды орындау барысында іс-әрекеттерінің жүйелі даму жолы және деңгейі жайлы нәтижелер жасауға болады. Ал, педагогикалық диагностикада әрбір сараптама, әрине, мүмкіндігінше мынандай көзқарастар тұрғысында қарастырылуы тиіс:

а) мектепалды жастағы балалар тобына берілетін тәрбие мен оқыту мақсаттарын, баланың жеке басының даму деңгейі жайлы салыстырылған мәліметтерден (қалыпты деңгейде);

ә) осы жастағы балалардың дамуындағы жеке айырмашылықтар жайлы мәліметтерден;

б) алдынғы жас кезеңдеріндегі дамуы жайлы мәліметтерден;

в) болашақтағы дамуы жайлы мәліметтерден: дамуы үшін қажет ететін нәрселерді, балалардың ары қарай жақсы дамуына қолайлы жағдайларды анықтау (өзгерістер жағынан). Психологиялық-педагогикалық диагностикада балалардың мектептегі оқуға қабілеттілігіне байланысты жүргізілетін тәжірибелердің қиыншылығының ең бір негізгі себебі, баланың белгілі қабілеттерін педагогтар тапсырма беру кезінде, осы тапсырманы орындауы оның қабілеттілігіне ғана байланысты болмайды, сонымен бірге, мотивацияға, мектептегі оқуға бейімделіп, қалыптасуына және дағдыларына байланысты.

Біз стандартқа сәйкес тәжірибелік жұмысымызды балалар көркем әдебиетімен танысу, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, сауат ашу және жазу негіздері, тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде және қосымша тәрбие жұмыстары бойынша жүргіздік. Оқу материалын балаға ойын арқылы жеткізіп, оны жалықтырып алмас үшін дер кезінде сергіту жаттығуларын жасату керек. Сонымен қатар, баланың жас ерекшелігіне сай, тиімді әдіс-тәсілдер қолданылды.

«Тіл дамыту», «Балалар көркем әдебиетімен танысу» ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері бойынша балаларға ұсынылатын аталған мазмұнды мәтіндерде жас ерекшелігіне сәйкес таным мүмкіндігі ескеріледі және оқыту мақсаты бала тұлғасын тәрбиелеуге бағытталады. Сонымен бірге, баланың санасына, сезіміне, мінез-құлқына әсер етудің бірлігі қарастырылады. Мәтіндердің мазмұнында қабылданған, мойындалатын құндылықтарға тікелей баға беріледі, эмоциялық қабылдауды белсендіретін, құндылыққа сендіруді көздейтін және қарама-қайшылық арқылы құндылықтарды көрсететін тұстары мол болады. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруда балалардың танымдық іс – әрекетін дамыту, олардың құзіреттілігін қалыптастыруда зерттеу жұмыстарының маңызы өте зор. Көптеген зерттеулер балалардың көзқарасын кеңейтуде және қасиеттерінің дамуына әсер етеді. Балалардың ойлау қабілетін дамытуда математика пәнінің алатын орны ерекше. Оның әрбір жұмысы ой белсенділігін қажет етеді. Зерттеу балалардың ойлау қабілетін жетілдіретін жаттығу жұмыстарын жүргізуге көп көңіл бөлу керек. Олар әртүрлі математикалық логикалық есептер, сөзжұмбақтар, математикалық ребустар, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, санамақтар.

«Сауат ашу» пәні – мектепалды даярлық балаларына ана тілінің байлығын меңгертудің алғашқы сатысы. Сауат ашу, қазақ тілінің дыбыстық, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісі. «Сауат ашу» пәнінің басты мақсаты – оқу және жазу дағдылары қалыптасқан, алғашқы тілдік мағлұматтарды, сөйлеу әрекетінің түрлерін меңгерген, байланыстырып сөйлей алатын; ана тілін сүйетін, адамгершілік, Отансүйгішік сезімдері қалыптасқан, шығармашылыққа бейім жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау. Сауат ашу және жазу негіздері : мектепалды даярлық балаларын оқу іс-әрекетіне психофизиологиялық тұрғыдан дайындауға; мектепалды даярлық балаларының тілін дамыту жұмыстарын сауат ашу кезеңдеріне сәйкес ұйымдастыруға; сөйлеу әрекетінің түрлерін (оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым) меңгерту және сөйлеу жанрларын әр түрлі жағдайларда қолдана білуге үйрету; алғашқы тілдік фактілерді танымдық нысан ретінде меңгерту, оларды талдау, салыстыру, топтау және жинақтау дағдыларын қалыптастыруға; оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіруге; оқушының бойында адами құндылықтарды: қайырымдылықты, сүйіспеншілікті, елжандылықты, имандылықты дамытуға; қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас жасауға тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Мектеп алды жасындағы балаларда интеллектуалдық операцияларының қалыптасуында баланың алмасу көзқарасының ролін анықтады және сынып құрамындағы оқыту барысындағы қатынас жүйесінің әлеуметтік құрамында болды. Мектепке дейінгі балалар ойлауының дамуы үшін бұл тәсіл ең қолайлы тәсіл болып табылады.

Әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.Астана,2010.

2. ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімі.

3. Мұханбетжанова Ә.М., Мұханбетчина А.Г. Мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекеттік құзыреттілігі. //Ізденіс. Алматы, №1 (1)., 2009., 247-249б.4. Мухина В.С. Шестилетний ребенок в школе.-М., 1986.-143с.

9 Лекция тақырыбы: Мектепке дейінгі балалықтың жалпы сипаттамасы

Лекция мақсаты:

Лекция жоспары:

Лекция мәтіні: 3 жасынан 6-7 жасына дейінгі дәуірде балада ой-өріс дамуы жылдамдасады, қоршаған дүние жөніндегі танымы қалыптасады, өмір ағысындағы өзін-өзі және өз орнын түсіне бастайды, өзіндік баға беру ептілігі шыңдала түседі. Оның бұл күндөгі негізгі іс-әрекеті — ойын, енді бірте-бірте ойынның жаңа септүрткілері басты рөл атқара бастайды, бала өзін қияли жағдайларға салып, сондағы қимыл-әрекеттерді орындауға тырысады. Бұл кездегі басты үлгі — ересектер. Егер кешегі күні өнегелік әсерлерді анасынан, әкесінен, тәрбиешілерінен алатын болса, бұл күнде ол теледидардың өрескел ықпалына түсіп, қарақшылардың, тонаушылардың, зорлықшылардың, ланкестердің қылықтарын қайталағанды қызық көреді. Бала-лар экранда не көрсе, соның бәрін тікелей тұрмыста қайталауға құштар келеді. Осыдан, баланың психикалық және әлеуметтік дамуында өмір шарттары мен тәрбие шешуші рөл атқаратыны жөніндегі тұжырымның дұрыс екеніне көзіміз жетіп жүр. Табиғи қасиеттер, нышандар тек тәрбие жағдайлары бола келіп, бірақ бала дамуында қозғаушы күш міндетін атқара алмайды. Бала қалайынша қалыптасады, қалай ол өседі — мұның бәрі оны қоршаған адамдарға тәуелді, олардың қалай тәрбиелеуіне бай-ланысты. Мектепке дейінгі балалық шақта даму үдерісі барша бағыттарда өте қарқынды жүріп жатады. Оның миі әлі жетіле қойған жоқ, қызметтік ерекшеліктері дараланбаған, қызметі шектеулі. Сәби бала өте икемді, оқу әрекетіне берілгіш. Оның мүмкіндіктері ата-аналары мен педагогтардың шамалағанынан көп жоғары. Осы кезеңдік ерекшелікті тәрбиедө толығымен пайдалана білу қажет. Сонымен бірге тәрбиенің жан-жақты және үйлесімді сипатын қамтамасыз етуге тырысу керек. Тек қана ізгілік дамуын тән-дене тәрбиесімен, еңбек қабілетін көңіл-күймен, сананы эстетикалық сезіммен табиғи байланыс-тыра отырып, мектеп жасына жетпеген баланың барлық сапа-қасиеттерін бірқалыпты және үйлесімді дамытуға болады.

Мектеп жасына дейінгі баланың қабілеттері дәл, сезім-тал қабылдауға, күрделі жағдайларда жол таңдауға епті, сөз байламы пайымды, бақылағыш және тапқыр келеді. 6 жасқа жақындағанда арнайы, мысалы, музыкалық, көркемөнөрлік — қабілеттері дами бастайды. Баланың ойлау қабілеті оның таным-білімімен байланысты, неғұрлым көп білген балада жаңа ойлар құрастыруға қажет ұғымдар қоры ұлғая түседі. Бірақ, жаңа білімдерді жинақтау барысында бала өзінің алғашқы ұғымдарын жетілді-ре түсумөн бірге, мағынасы күңгірт, белгісіз болған болжаулар мен түсініксіз сұрақтар шеңберіне шырмалады. Бұл қарқынды дамудағы танымдық үдеріске кедөргі жағдайларды тудырады. Түсініксіздерге кезіккен бала дамуы өнді сәл тоқырауға кез бо-лады. Ойлау үдерісі жас шектеуіне кезігіп, «балалықтан» шыға алмай әурө болады. Әлбетте, әртүрлі айла жолдарымен бұл жағдайдан аттап өтуге болар, бірақ, 6 жасар баланы оқыту тәжірибесі көрсеткендей, мұнымен айналысудың қажеті жоқ. Кіші жастағы бала өте қызыққыш, көп сұрақтар беріп, қапелімде жауабын талап етеді. Бұл жаста ол шаршап-шалдығуды білмейтін зерттеушіге айналады. Педагогтардың көпшілігі мұндай жағдайда баланың талғамдарын қанағаттандырып, құмарын басу үшін ол неге қызықса, не жөнінде сұрап жатса, соған жауап беріп, үйрету, оқыту орынды болатынын алға тартады. Бұл жаста баланың сөйлеу тілі жемісті дамуда болады. Сөздік қоры ұлғайып (4000 сөзге дейін), тілдің мағыналық та-рапы өрістей бастайды. 6-7 жаста балалардың көпшілігі дұрыс дыбыстауды игереді.

Бірте-бірте балалардың үлкендермен қатынастар сипаты өзгеребастайды. Әлеуметтікшарттарменеңбекдағдыларының қалыптасуы жалғаса түседі. Осы жаста дағдыланған өзін-өзі күту, жуыну, тіс тазалау сияқты әрекеттері өмірлік әдеттерге айналады. Егер осы қасиеттердің қалыптасу дәуірін байқамай, өткізіп алсақ, онда олардың орнын толтыру өте қиынға түседі. Бұл жастағы баланың сезімі ауысымды, қозғыш келеді. Әр күні көретін теледидардағы қысқа хабарлардың өзі оның денсаулығы үшін өте зиянды. 2 жасар баланың ата-аналарымен бір сағат, кейде одан да артық теледидар алдында отырып қалатын жағдайлары көп ұшырасады. Бала әлі өзінің не тыңдап, не көріп отырғанын түсіну дәрежесіне жеткен жоқ. Сондықтан, оның жүйке жүйесі үшін шектен тыс тітіркендіргіш болған теледидар оны шаршатып, көз жанарын әлсіретеді. 3-4 жастан бастап балаға кішкентайларға арналған хабарларды аптасына 1-3 рет 15-20 минут уақыт арасында қарап тұруға рұқсат берген жөн. Егер жүйке-жүйесінің қозулары жиі және ұзақ қайталанатын болса, бастауыш мектеп жасында-ақ бала жүйке сырқаттарына тап болуы сөзсіз. Кейбір деректердің айғақтауынша, мектеп жасына жеткен балалардың төрттен бірінің ғана денсаулығы күмәнсіз өз қалпында. Қалған балалардың қандай да науқас белгілеріне шалдығуының басты себепшісі — телөдидар. Күн ұзақ экранға үңілген сәби қалыпты тән-дене дамуынан қалады, қажетсіз жүйкесін шаршатады, тіпті керек болмаған ақпаратпен әлі жетіліп болмаған миін ластайды. Ал ата-аналар болса, педагогтар мен дәрігерлердің кеңесін жол-жөнекей тыңдап, құлақ асқысы келмейді. Мектепке дейінгі жастың соңғы кезөңінде балаларда саналы белгіленген мақсат және ерік-күшімен байланысты ырықты, белсенді зейін нышандары көрінеді. Ырықты және ырықсыз зейін бірінің орнына бірі келіп, алмасып тұрады. Зейіннің бөліну және ауысу қасиеттері әлсіз дамыған. Сондықтан да, бала бір орнында отыра алмайды, алаңдағыш, назары шашыраңқы. Мектеп алды баласы көп нәрсе біледі және көп нәрсені орындай алады. Бірақ, оның ақыл мүмкіндіктерін, былдырлаған тіліне қызығып, артықша әсірелеуге болмайды. Ойлаудың қисынды қалпы әлі онда қалыптаспаған. Бұл кезеңдегі жетілген ақыл-ес дамудың қортындысы — көрнекі-бейнелі ойлаудың ең жоғары түрі. Баланың ақыл дамуында математикалық ұғымдар маңызды рөл атқарады. Кейінгі он жылдықтарда әлемдік педагогика 6 жасар балаларды оқыту мәселелеріне орайлас логикалық, математикалық, жалпы абстракт ұғымдарды қалыптастырудың көптеген қырларын түбегейлі зерттеді. Осының арқасында мұндай абстракциялар пайда ету үшін бала ақылы әлі жетіспегені дәлелденді. Дегенмен, орынды әдістерді қолданып, оқытатын болсақ, бала білім игеруде көңіл толарлықтай табыстарды иеленуі мүмкін. Ақыл дамуы желісінде түсінім «кедергілері» ұшырасады. Бұл құбылыстың мәнін ашуда швед психологы Ж.Пиаже көп еңбектенген. Балалар ойын барысында ешқандай оқымай-ақ заттардың формасы, көлемі, саны жөніндегі түсініктерді жеңіл игеріп алады. Бірақ, арнайы педагогикалық басшылық болмай, қатынастарды түсіну «кедергілерінен» балалардың аттап өтуі қиын. Мысалы, мектепке дейінгі бала қай жерде көлемдік, ал қай жерде сандық артықшылық барын түсіне алмай дал болады. «Бір кілә мақта ауыр ма, бір кілә темір ауыр ма?» деген сұраққа бала ойлануға ақылы жетпегендіктен — бір кілә темір ауыр дей салады. Бұл қарапайым мысал ойлаудың принцип-тік мүмкіндіктерін ашып береді. Мектеп жасына дейінгі баланы өте қиын және күрделі заттарға (мысалы, интеграл есептеу-лерге) үйретуге болады, бірақ, одан түсер пайда жоқтың қасы. Халықтық педагогика, әлбетте «Пиаже кедергілерін» білген, сондықтан да, бала тәрбиесіне даналықпен келесі тұжырымды қосқан: «Жас күнінде — жаттасын, есейгесін — түсінер».

№ 10 Лекция тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоционалдық күңіл-күйінің дамуы

Лекция мақсаты:

Лекция жоспары:

Лекция мәтіні: Қазіргі психологиялық - педогогикалық теорияда м. ж д. баланың жағымды эмоцияларын дамыту тек кәсіби мамандыққа ғана байланысты емес ол, тәрбиешінің жеке дербес қасиеттеріне де байланысты деп тұжырымдаған. Мектепке дейінгі ерте жас шамасындағы балаларға ерекше қарым - қатынастар талап етіледі Олар өте мейiрiмдi, нәзік, өте сенгіш келеді. Сондықтан бұл жас шамасындағы балдырғандарды қамқорлыққа алу, жараламай тәрбиелеу өте маңызды. Топта балаларға жақсы және жайлы болу қажет. Ерте жас шамасындағы сәбиді тәрбиелеуде ешкім де анасын алмастыра алмайтыны туралы ұмытпау керек. Сондықтан, ұстаз - психолог оларды ананың тұлғасындай жұмыс істей білу керек.. Мысалы, шығармашылық жұмыстарды сәбимен бірге анасына көрсету үшiн iстеу. Ата - ананың сенімділігі арта түсіп балаға деген анасынан басқа да сүйіспеншіліктер оятады. Сәбидің эмоционалды көңіл - күйі саласының психологиялық диагностика әдiстерi өте көп. Бірақ бұл әдістердің барлығын пайдалану мүмкіншілігі бола бермейді.

Бiрiншiден, тәрбиешілер тестеудiң нәтижелерiн дұрыс түсiндiрiп беру үшiн жеткiлiктi психологиялық дайындықта болу қажет.

Екiншiден, тәрбиешiге тестiң нәтижелерi жиi үрейлi немесе қияңқы балалардың тобы көрсеткішінде жеке балаға деген қарым - қытынаста әрекетсiздiкке әкеп соғады. Диагностиканың нәтижесі осы жағдайда үлкен қателікке әкеліп соқтырады.. Эмоцианалдық көңіл - күй пайда болуын бағалауда Г. Степанова баланың іс - әрекет реакцияларын ескере отырып бес балдық шкала жасаған. Бұл шкала бойынша баланың эмоциялық күйiн бағалауға болады.

М. д балалық шақ - денсаулықты қалыптастыру және жеке тұлғаның дамуындағы адамның өмiрiндегi ең маңызды кезеңі. Сонымен қатар - бұл кезде бала айналасындағы ересектерге, яғни ата - аналары мен ұстаздарға тәуелді. Келеңсіз жағдайлар, жүрiс - тұрыс, әлеуметтiк және эмоционалдық мәселелер зардаптылары баланың болашағына тікелей әсерін тигізеді.(баланы құқығы және жеке басының қасиетi). Баланың іс - әрекетін сипаттайтын ең маңызды салалардың бiрi - негiзiнде нормалар және ережелердiң меңгеруi оның әлеуметтiк дамытуы болып табылады: бiр жағынан, баланың заттық әлемнің қағидаларын түсінуі қажет. Екінші жағынан - адамдарға деген қарым - қатынастың ережесi. Бұл процессте баланың мінез - құлқының эмоционалды күйзеліске ұшырауы ата - аналары мен айналасындағылардың кері әсерінен тууы мүмкін. Мiнез - құлық эмоционалды күйзеліске ұшырайды. Баламен - аналық қатынастардың бұзушылығы, қолайсыз психологиялық ахуал тағы басқалар патологиялық факторлар негативтi факторлардың бiр қатарының әсерiмен бiрақ балада әлеуметтiк - эмоцианалды сәтсiздiктiң белгiлерi қалыптасады. Орынсыз терiс эмоциялар болады, жеке организмнiң дамуының процессiне кері әсер етеді. Демек, педогоктар мен психологтерiнiң алдында осыған байланысты балаларды өмірге деген сүйіспеншілігін арттырып, қоғамда және жеке адам басындағы қайғырулар, басқа адамдардың сезiмiнде елең ету. (оған көмекке келу, қуану және қайғыру т.с.сс). Өз эмоцияларымен басқара білу - мектепке дейiнгi жастағы балалардың ең басты жетістігі. Сондықтан эмоцияналдық функция ол мектеп жасына дейінгі баланың орталық психикалық функциямен деп аталады және соған еріксіз түрде айналады.

Л. С. Выготскийдің айтуынша мектепке барғанша баланың эмоцианалды - реакциялары баланың мiнез - құлығына тiкелей үстемшiлдiк етуін жоғалтады. Сәби өз эмоцияларымен басқаруды үйренедi.” Бұл, алайда, мектеп жасына дейінгі мерзiмнiң соңғы кезінде қызу өмiрдiң жеткiлiктi тәжiрибесiмен ғана ие болатындай жағдай болуы мүмкiн. Ұлы педогоктардың пiкiрiнше, м.ж.д. баланың эмоцианалды көңілінің дамыуы оның тәрбиесiнiң ең маңызды шарттарының бiрi болып табылады. Мектеп ж.д. баланың эмоционалды күйзелуі болашақта жеке тұлға болып қалыптасуы үшін қауіп - қатер тудырады. Баланың iшкi эмоция көңіл - күйінің қатынасы әлеуметтік жағдайы даму үшін ықпал етеді. Міне осыған орай м. ж. д. баланың эмоционалды, әлеументті және адамгершілік жағынан дамуы тығыз байланысты деген ұғым қалыптасады.

Қазіргі заман педагогика ғылым тұрғысынан қарасақ сәбидің әлеументтік - эмоцианалды дамуы ол м.ж.д баланың өте күрделі социализациялық мәселесі. “Социализация - әлеуметтiк ортаға баланың бейімделуінің күрделi, көп жоспарлы процессi. Бұл мәдениеттену, адамгершiлiк құндылықтардың жүйелері.

Мынадай негізгі мақсаттар ерекшеленедi:

Мектепке дейiнгi ересек жас балаларының әлеуметтiк және эмоцияналды салаларының жұмыстардың мазмұнын анықтау.

Балалармен жалпы дәстүрлер, адамгершілік қағидалары туралы ойластыру жене өткізу.

Бала - бақшада баланың бейiмделуi қалай болады?

Баланың бақшаға алғаш келуі ол бала организмі мен психикасы үшін өте күрделі процесс. Ол шынымен жаңа кезеңге өтедi, организмнің дамытуы үшін жаңа шарттар енгізіледі.. Мамандар баланың балабақшаға бейімделуінің (адаптация) 3 негізгі түрлерін ерекшелейді: жеңіл, орташа және ауыры.

Жеңіл бейімделуі - балабақшаға келудің алғашқы күнінен бастап баланың тәбеті төмендеп, балалармен ойнауға ниеті жоғалады, бірақ бұл бастапқы 10 - 20 күндей болады. Ата - аналар баласының бiрiншi айда кенеттен ауыратынын есте сақтауға керек, бірақ ауру зардапсыз 7 - 10 күннен аспайтын түрде өтеді.

Орташа ауырлау бейiмделуi - балалардың эмоционалдық көңіл - күйі нормада (20 - 40 күндерден кейiн) ұзақ мерзiмнен астам келедi. Алғашқы екі ай бойы балада тілдік немесе физикалық белсендiлiктiң нақтылы өзгерiстерi байқала алады. Бұдан басқа, балаларда 30 - 40 күндерде салмақтың ептеген жоғалтуы байқалады.

Баланың ауыр бейiмделуi - (пневмония, бронхиттер, құлақтың қабынуы және тағы басқалар) кедергiлермен ағатын көп ауруларда (бала көп жылайды, анасынан ажырағысы келмейдi, отыруға арналған жағдайда ұйықтайды, бұғады, мiнез - құлықтағы табанды өзгерiстерi болады. (өсу, салмақ) физикалық көрсеткiштер де, зерделi дамыту да ауыр формасы бар балалардың бейiмделулерiнде балабақшада кенет баяулайды. Егер баланың күйi 60 күннен астам бiр ыңғайланбаса ата - аналар шара қолдану керек.

Психологтар баланың бейiмделуiн жеңілдету үшiн бірнеше негізгі жаттығуларды қабылдауына көңіл бөлу керек.

Баланы бақшаға баруға алдын ала әзiрлеуi, және үйрету (горшокпен қолдану қасықтар, шыны аяқ, пайдалану, жуыну) өзiне қызмет көрсетудiң дағдыларын балдырғандар сөзсiз жасайды. Сәбидің ата - аналарымен бiрге алдын ала мектепке дейінгі мекемеге кiрiп - шығуы, топ бөлмесімен және тәрбиешiлермен, бақшаның тәртiбiмен танысуы керек. Балабақшаға баласын беретiн, ата - аналардың алдында бақша туралы тек қана жағымды сәттерді балаға айтуы, сонымен бiрге баланың жанында аз уақыт қалуға мүмкіндік беруге болады. Ата - анасы баласын бақшаның ауласында серуенге шығарып балаларды бақылатады. Балабақшада баланың машықтануы 1 - 2 сағаттан бастауға керек, бiр жұмадан кейiн түскi тамақ және ұйқыға қалдыруға талаптануға болады. Ата - аналар қашан бала күні бойы қалдыруға мүмкiн болатынына көз жеткiзгенде қалдырады.

Сәбидің жеке басының дамуы ерте кезеңнен басталады. Баланың дамыуында ықпал етуші ол бала өмірінде кездесетін жағдайлардың түгелдей дерлiк бола алады! Баланың даму процессiндесiнде ересектер үлкен ықпал етеді. Бiрақ баланың дамыту ортасына беру өз ерекшелігімен көрінеді. Баланың эмоцияналды көңіл - күйін дамытуы, баланың тілін дамытуы, баланың психикалық және психологиялық дамытуы – баланың жан жақты дамытуы жанашыр адамдардың қатысуысыз өте қиын болар едi.

21 - ғасырда телевизор, интернет, реклама, тб. Баланың дамуына әсер етпейді деу мүмкін емес. Медия - деген үлкен «әлем терезесі» деуге болады, мұнда ең бастысы кішкентай сәбилеріміздің осы «терезеге» дұрыс қарай білуге ықпал ету. Сондықтан баланың аналитикалық қабілеттілігі мен ойлау жүйесін дамыту. 1 - ден 3 жасқа дейінгі баланың эмоционалды көңіл - күйінің дұрыс дамыту үшiн оның жетiстiгiн дәлелдеп, үнемі мадақтау маңызды. 3 - тен 6 жастағы баланың эмоционалды көңіл - күйінің дұрыс дамуы әлеуметтiк белсендiлiкпен де байланысты. Бұл жас шамасында балалар әдетте сюжеттi - рөлдi ойындар қызықты. Ойын кезінде әртүрлі жағдайларда адамдардың қарым - қатынасын түсінуге көмектеседі. Баланың дамуы мектеп жасындағы балаларда да де жалғасады. Балалардың дамытудың орталары (спорт орталықтары, арт - студия) мамандандырылған орта бiлiм болады. Баланы дамытуы үшiн орталықтың әсері көп. Бiрiншiден, баланың өз таңдауы, және сабақтан кейінгі эмоция жағдайын байқауға болады.

Баланың психикасының дамуына ықпал ететін ол биологиялық және әлеуметтiк факторлар.

Биологиялық фактор: (жүйке жүйесiнiң дамытуы) адам психиканың ортақ ерекшелiктерi, сонымен бiрге тұқым қуалаушы жеке ерекшелiктердi бұл жерде есепке алынады.

Әлеументтік фактор: баланы қоршаған жақындары және дұрыс тәрбие беру. Басқа балалармен ойын кезінде баланың эмоционалды портреті айқындалады. М. ж. д. балалар үшін оқу - іс әрекетін ұйымдасыруда баланың эмоционалды көңілінің ықпалы зор. М. ж. д. баланың эмоционалды компоненттерін есепке алуымыз қажет. Бiлiм беру жолдары және әр түрлi іс - әрекет кезінде сәбидің эоционалды көңіл - күйіне ойын ықпал етеді. Эмоционалды компоненттiң функциялары адамның бағалы құндылықтарының ең маңызды шарттары.

Психологтар эмоция парасатының 5 тармағын ерекшелейдi.

1. Сезiм, яғни ол пайда болатында сезiмді ажырату. (өзін - өзі тану)

2. Олар лайықты шеңберлерден шықпау үшiн сезiммен қарап анықтайтын эмоциялармен басқару

3. Эмоцияларды бақылау - бұл қабiлеттiлiкті арттыру, тыныштық күйiне өзiн келтiру.

4. Өзара арақатынастардың сүйемелдеу.

5. Жас ерекшелікке байланыстысы мiнездемелер:

М. ж. д. кіші балалар ертегiлердiң кейiпкерлерiне еліктейді және қиыншылықта болысуға ниет қылады.

Негізгі эмоциялар: ренжу, қуану, тынышталу, қорқу. 3 - 5 жаста құрдастарына құштарлық сезiмi дамиды. Жаңа әзiлдесу сезiмi оянады, әзiлдердi түсiнедi және әзiлдеуді жақсы көредi, өз эмоцияларын баяулатып, кез келген ым арқылы және ымдап сөйлесу эмоциялардың сыртқы белгiлерiн бiлдiреді. Негiзгi эмоциялары: қайғы, ашу, қорқыныш, таңдану, қызығушылық. тыныштық, қуаныш. 5 - 6 жаста – мектепке баратын уақыттың жақындауын сезiнедi: біреулер үрей сезiмдерi, ал, екіншісінде қуаныш сезiмдері пайда болады. Негiзгi эмоциялар: қорқыныш, ашу, ыза, қайғы, таңдану, мүдде, тыныштық, ар, жазалау, қуаныш, күндеушiлiк, жиіркенушiлiк.

Эмоционалды көңіл - күйдің дамытуы бағдарламада осындай 3 бөлiмнен тұрады: М. ж. д. баланың эмоц дамуында (театр) сахналаудың әсері. Эмоциялар, бiр жағынан, бала күйiнің индикаторлары болып табылады, екіншіден оның танымдық процесстерi және мiнез - құлық, логикаларына оның ықыласы, қоршаған ортаны қабылдауды ерекшелiктiң бағытталғандығын анықтауда ықпал етедi.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында бала тәрбиесі мен білім беру жүйесін нығайтуда баланың эмоциялы күй - жағдайына көбірек көңіл бөле отырып дамытудың негізгі мәселесі болып қарастырылған. Қоғамның дамуындағы жеке адамның эмоциясы тұрақты нормада болуының қоғамға әсері, экономикалық техниканың жетістіктеріне жетуге итермелеуіне орай, бүгінгі таңда осы проблема ауқымды, өзекті мәселе. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың бойында неғұрлым көбірек психологиялық көмек көрсетіп, ойындар ұйымдастыру арқылы олардың сеніміне кіріп кері әсерден арылуға көп мүмкіншілік жасау қажет. Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық күйінде көрінетін жағымды және агрессия түрлерін ашып көрсетіп олармен жұмыс жасау мақсатын алға қойсақ дегім келеді.

11 Лекция тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдісінің дамуы

Лекция мақсаты:

Лекция жоспары:

Лекция мәтіні: Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады.

Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағытталуы шарт.

Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету қажет. Сондай-ақ, отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте маңызды.

Үшіншіден, балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес қосып отырса.

Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы.

Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше. Даму барысы:

1. Зердесін дамыту

2. Эмоциясы мен сезімдерін дамыту

3. Күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту

4. Өзіне-өзінің сенімділігін, өзін-өзі қабылдау, жақсы көруді дамыту

5. Танымдық үрдісін дамыту

6. Өзін-өзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту

7. Өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі жетілдіруге ынтасын дамыту.

А. Едігенова бойынша баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүреді. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады.

Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланы дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін.

В.С. Мухина бойынша мектеп жасына дейiнгi және бастауыш мектеп жасындағы балаларда мiнез-құлық мотивациясы: мiнез-құлықтың саналы регуляциясы күшейедi, мотивтер мен қажеттiлiктер көлемi ұлғаяды, рухани және материалды қажеттiлiктер сферасы кеңейедi, қарым-қатынасқа деген қажеттiлiк, жетiстiкке жету, басқарушылыққа қажеттiлiк сияқты әлеуметтiк қажеттiлiктер нығая түседi. Көп бiлу, басқалардан жоғары болу, өзi жасай алу сияқты қарапайым қажеттiлiктер пайда болады.

Т. Рибоның айтуынша, баланың шығармашылық қабілеті тәжірибелілігіне байланысты дамиды деп тұжырымдайды. Мектеп жасына дейінгі кезең – қиялдың тез дамитын уақыты. Сондықтан қиялдың дамуын төрт ерекше кезеңдерге бөлуге болады (2 жастан 6-7 жасқа дейінгі аралықта):

1. Бірінші кезең баланың қабылдауының ерекшелігіне байланысты (бір заттан басқа бір затты көре бастауы);

2. Екінші кезең – қиялдың ойыншықтарды жандандыру құдіретінің байқалуы;

3. Үшінші кезең – ойындағы рөлдерге байланысты өзгеруі;

4. Төртінші кезең – бала қиялында өзіндік көркемдік шығармашылықтың басталуы (бейнелерді қайта құруы, жасауы).

О.М. Дьяченко мен А.И. Кирилованың тәжірибелік зерттеулерінде бала дамуында қиялдың екі түрі (сезімдік және танымдық) жүзеге асады. Танымдық қиялдың басты міндеті – ақиқат өмірдің белгілі бір түрде бейнеленуі. Сезімдік қиял, белгілі бір жағдайға байланысты қайшылық болғанда, баланың өзіндік «Мені» қалыптасқанда және оның құрастырудағы бір механизм болады. Е.Е. Кравцованың зерттеуінде қиялдың даму қызметінде үш түрлі компонентті бөліп көрсетті:

1. Көрнекілікке сүйену;

2. Өткен тәжірибесін қолдану;

3. Ерекше ішкі позицияны қолдану.

Осы үш компоненттің қолдануында халық ертегісінің айрықша орнын анықтап, зерттеуге мән берілді.

Мектеп жасына дейінгі кезеңде қиял – қоғамдық тәжірибені меңгерудегі алғышарттары болып келеді, өйткені балалар қоршаған ортаны, адамгершілікті, эстетикалық идеяларды өзіндік көзқараспен қабылдайды. Баланың қиялы ересектерге қарағанда әлсіз. Л.С. Выготскийдің тұжырымына сүйенсек, «Бала қиялының дамуы біртіндеп, шамасына қарай қабылдауынан басталады. Қиялда болатын барлық образдар, қаншама таңғажайып болып көрінгенмен де, баланың өмірден көрген-білгенінен негізделеді. Кейде бала өмірде кездескен кейбір жағдайларды өзіндік қабылдаумен түсіндіргенде, бізге үлкендерге күтпеген таңқаларлықтай болып естіледі».

С.Л. Рубинштейннің айтуынша «Қиял – бұл образдық форманы іске асыру, өзгеріске енгізу» деп түсіндіреді. Л.С. Выготский мен А.Н. Леонтьев қиялдың ерекшелігіне қарай оған арнайы психикалық процесс деп қарауға мән береді.

Атақты психолог Л.С. Выготский баланың қиялы біртіндеп өмір тәжірибесінің молаюына байланысты қалыптасады деген қорытындыға келеді.

Қазіргі кездегі психологтар мен педагогтар баланың жеке басының дамуындағы қиялдың маңыздылығының ең тиімді жолы шығармашылық жұмыста көрсету, үйрету, көркемдік әдебиетте нақтылау, өз бетінше жұмыс жасауына жағдай жасау, яғни, еркіндік беру керектігін айтады. Сонымен қиялдың дамуы төмендегідей үш компоненттен тұрады:

Бірінші дәрежеде қиял қоршаған болмыспен байланысты, дайын нәтижені ойластыруға мүмкіндік береді.

Екінші дәрежеде баланың өткен тәжірибесімен байланысты, бірақ сонда да заттық байланыстың рөлі бар.

Үшінші дәрежеде қиялдың дамуы балаға ақиқаттан қиялдың қозғалысының жоғарғы формасы – ой – пікірден оның іске асуына байланысты.

Сонымен, қорыта айтқанда, біздің тәжірибемізге негіз болған 5-6 жастағы балалардың құрастырған ертегілері мен қызықты әңгімелері ұйымдасқан түрде мағыналы, жүйелі, өз бетінше еркін жүргізілген жұмыс, қиялдың дұрыс дамуына апаратын көп жолдың бірі болды деп есептейміз. 6 жасар бала өз қиялында алуан түрлі жағдайлар құра алады және баланың өзі сонда әртүрлі жағынан көрінеді. Ойын барысында қалыптаса отырып, қиял басқа да іс-әрекет түрінде өте алады. Тілі және қиялы жақсы дамыған бала қызықты сюжетті тез арада жанынан ойлап шығара алады. Қиялдың үздіксіз жұмысы – баланың айналадағы әлемді танып-білуінің және игеруінің маңыздылығы, бұл жеке тәжірибе аумағынан шығудың әдісі.

В.С. Мухина теориясы бойынша өзінің бастамалары жағынан баланың қиялы сәбилік шақтың соңында пайда бола бастайтын сананың белгілер функциясымен байланысты. Белгілер функциясын дамытудың бір желісі заттарды басқа баламалармен және олардың бейнелеулерімен алмастырудан тілдік, математикалық және басқа белгілерді пайдалануға, ойлаудың логикалық формаларын меңгеруге әкеледі. Екінші желі нақтылы бұйымдарды, оқиғаларды қиял арқылы толықтыру мен алмастыру мүмкіндігінің пайда болуы мен кеңеюіне, жинақталған түсініктердің материалынан жаңа бейнелер құруға жетелейді.

Баланың қиялдауы ойын үстінде қалыптасады. Алғашқы кезде қиял заттарды қабылдаудан және ойын іс-әрекеттерін орындауынан ажыратылмайтындай. Ойын үстінде қалыптасқан қиял мектепке дейінгі бала іс-әрекеттерінің түрлеріне де ауысады. Бала сурет салғанда, ертегілер мен тақпақтарды ойлап шығарғанда қиял неғұрлым айқын байқалады.

Сондай-ақ мектепке дейінгі шақта зейіннің, естің, қиялдың дамуында ұқсастықтар бар. Егер сәбилік шақта өзінде қабылдау мен ойлау іс-әрекеттері ретінде анықтауға болатын бағдарлау іс-әрекеттерінің ерекше формалары ретінде бөлінсе, мектепке дейінгі кезеңде мұндай іс-әрекеттер үздіксіз күрделілене және жетіле түседі, ал зейін, ес, қиял ұзақ уақыт жеке сипат ала алмайды. Бала бірдеңеге назар аударарлықтай, көргені мен естігенін жадында сақтарлықтай, бұрын қабылдағанының аумағынан шығарлықтай арнайы іс-әрекеттерді игере білмейді. Мұндай іс-әрекеттер тек мектепке дейінгі кезеңде қалыптаса бастайды.

В.С. Мухина бойынша мектепке дейінгі бала әрекетінің жаңа түрлерін, үлкендердің оған қойған жаңа талаптарын игерудің ықпалымен баланың алдында бір нәрсеге зейінін шоғырландыру және оған зейін қою, материалды есте ұстау және оны жаңғырту, ойынның, суреттің т.б ой желісін құру сияқты жаңа ерекше міндеттер пайда болғанда ғана бетбұрыс жасалады. Осы міндеттерді шеше білу үшін бала үлкендерден үйренген тәсілдердің қандай да біреуін пайдаланады. Міне, сонда ғана зейіннің, естің, қиялдың арнайы іс-әрекеттері қалыптаса бастайды.

Мектепке дейінгі кезеңде баланың зейіні төңіректегі заттарға және осылар арқылы орындалатын іс-әрекеттерге қатысты ынтамен сипатталынады. Бала бір нәрсеге ынтасы өшпей тұрған кезде ғана зейінін шоғырлайды. Жаңа бір нәрсе пайда болысымен-ақ баланың зейіні лезде соған ауады. Сондықтан балалардың ұзақ уақыт бір іспен шұғылдануы сирек болады.

Д.Б. Эльконин пікірінше, мектепке дейінгі кезеңде балалар іс-әрекетінің күрделенуіне жалпы ақыл-ой дамуының ілгеруіне байланысты зейін күшті шоғырланып, тұрақтылыққа ие болады. Мысалы, мектепке дейінгі кезеңдегі кішкентайлар бір ойынды 30-50 минут ойнайтын болса, 5-6 жасқа жеткенде ойынның ұзақтығы 1,5 сағатқа дейін созылады. Мұны ойында адамдардың күрделірек іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарының бейнеленуімен және ойынға үнемі енгізілетін жаңа ахуалдардың қолдау табуымен түсіндіруге болады. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейін тұрақтылығы арта түседі. Мысалы, мектепке дейінгі шақтың соңында суретті көру ұзақтығы екі есе артады, мектепке дейінгі кішкентайға қарағанда алты жасар бала суретті жақсырақ түсінеді, оның өзіне қызықты жақтары мен егжей-тегжейлерін бөліп алады. Бірақ мектепке дейінгі кезеңде зейіннің негізгі өзгеруі баланың алғаш рет өз зейінін меңгере білуінде, оны саналы түрде белгілі заттарға құбылыстарға бағыттай білуінде және кейбір тәсілдерді пайдалана отырып, соларға зейін қоя білуінде. Мектепке дейінгі шақ ішінде өз зейінін ұйымдастыру үшін сөзді пайдалану күрт өседі. Мұны, атап айтқанда, мектепке дейінгі ересектер үлкеннің нұсқауы бойынша тапсырманы орындағанда мектепке дейінгі кішкентайларға қарағанда нұсқауды 10-12 рет жиі қайталады. Сонымен, баланың мінез-құлқын реттеуде сөздің маңызының жалпы өсуіне байланысты мектепке дейінгі шақта ықтиярлық зейін қалыптасады.

В.С. Мухина мектепке дейінгі шақта балалар ықтиярлы зейінді меңгере бастаса да, бүкіл мектепке дейінгі балалық шақта ықтиярсыз зейін басым болып қала береді. Балаларға өздері үшін бір текті әрі тартымы шамалы іс-әрекетке зейін қою қиынға түседі,сонымен бірге ойын процесінде немесе әсерлі сезімге бөлерліктей тапсырмаларды шешерде олар едәуір ұзақ уақыт бойы ықыласты болып жүреді. Мектеп жасына дейінгі бала зейінінің ерекшелігі мектепке дейін оқыту ықтиярлы зейінге үнемі күш салуды талап ететін тапсырмалар бойынша құрылуы мүмкін емес себептердің бірі болып саналады. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтері, іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс-әрекет формаларын жиі өзгерту балалардың зейінін айтарлықтай жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.

Сенсорлық даму, бала заттардың түсін, пішінін, мөлшерін және олардың кеңістіктегі орналасуын айырып қана қоймай, оларды мөлшеріне қарай сәйкестендіріп (үлкен, кіші, аз, көп) анықтай алады.

Зейін тікелей қызығушылықпен байланысты (ырықсыз зейін), өйткені қызықты іске бала көңілі тез ауады. Егер 6 жасар бала ойынмен айналысқан болса, ол алаңдамай 2, тіпті 3 сағат ойнай береді. Алайда, бұлай зейінді шоғырландыру – баланың айналысқан нәрсесіне қызығушылығынан туындайды. Балаға зейінін тәрбиелеуде көмектесу қажет. Үлкендер сөз нұсқаулары арқылы баланың зейінін ұйымдастыра алады. Оларға біркелкі жалықтыратын және тартымдылығы аз іс-әрекетпен айналысу өте қиын. Зейіннің бұл ерекшелігі сабақтарда ойын элементтерін енгізуге және іс-әрекет түрлерін жеткілікті ауыстырып отыруға негізгі себеп болып табылады.

Заттарды, картиналарды, сөздерді ықтиярсыз есте сақтаудың сапасы, баланың осыларға қаншалықты әсерлі іс-әрекет істеуіне іс-әрекет процесінде оларды егжей-тегжейлі қабылдау, ойластыру, топтастыру қандай дәрежеде өтетіндігіне байланысты. Мысалы, суреттерді жай ғана қарап шыққанда оларды баланың есінде сақтау анағұрлым нашар балады, ал осы суреттерді, өз орындарына, мысалы, бақшаға, ас үйге, балалар бөлмесіне, қораға дәл келетін жеке заттарды қою ұсынылғанда бала оларды есінде жақсы сақтайды. Ықтиярсыз есте сақтау баланың орындайтын қабылдау және іс-әрекеттерінің жанама қосымша нәтижесі болып табылады.

Мектепке дейінгі жастағылардың ықтиярсыз есте сақтауы мен ықтиярсыз еске түсіруі – ес жұмысының бірден-бір түрі. Бала бірдеңені есте сақтау немесе еске түсіру жөнінде алдына әлі мақсат қояды, ал бұл үшін арнаулы тәсілдерді қолдануды білмейді. Мысалы, үш жастағы балаларға суреттер тобының біреуін сұрағанда балалардың басым көпшілігі өзін мүлде бірдей ұстады. Суретке көз жүгіртіп өткеннен кейін бала оны шетке ығыстырып қойып, үлкен адамнан басқа суретті көрсетуді сұрады. Кейбір балалар бейнеленген заттар жөнінде әңгімелеп беруге тырысты, суретке байланысты өткен тәжірибенің жағдайларын еске түсірді («Көзілдірікті көзге киеді. Мынау- көбелек, құрт деп аталады». «Қарбыз. Мен, анам және әкем- үшеуіміз үлкен қарбыз сатып алғанбыз, алқоры одан әлдеқайда кіші», тағы осындайлар). Әйтсе де есте сақтауға бағытталған балалардың ешбір іс-әрекеттері байқалмады.

В.С. Мухинаның пікірінше есте сақтау мен еске түсірудің ықтиярлы формалары мектепке дейінгі естияр шақта қалыптаса бастайды және мектепке дейінгі ересектерде жетіледі. Ықтиярлы есте сақтау мен еске түсіруді меңгерудің неғұрлым қолайлы шарттары ойын үстінде жасалады, бала өзіне алған рольді жақсы орындап шығу есте сақтау шарты болған кезде жасалады. Мысалы, сатып алушының ролін алған бала дүкеннен белгілі заттарды сатып алу жөніндегі тапсырманы орындаушы ретіндегі баланың есте сақтайтын сөздерінің саны үлкен адамның тікелей талабы бойынша есінде сақтауға тиісті сөздерден көп болып шығады.

Естің ықтиярлы формаларын меңгеру бірнеше кезеңнен тұрады. Олардың біріншісінде әлі қажетті тәсілдерді меңгере алмай тұрып бала есте сақтау мен еске түсіру міндетінің өзін бөле бастайды. Мұнда еске түсіру міндеті бұрын бөлінеді, өйткені бала алдымен дәл еске түсіруді, елестетуді қажет ететін ахуалдарға кездеседі. Бұған дейін ол нені қабылдап, жасағанын көрсететін іс-әрекетті білуі керек. Есте сақтау міндеті еске түсіру тәжірибесінің нәтижесінде пайда болады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың кейбіреулерінде эйдетикалық ес деп аталатын көру есінің ерекше түрі байқалады. өзінің айқындығы мен дәлдігі жағынан эйдетикалық естің бейнелеріне жуықтайды: бұрын қабылданған бір нәрсені есіне түсірген бала соны көз алдына қайтадан көріп тұрғандай болады. Эйдетикалық ес – жас шағының құбылысы. Мектепке дейінгі жаста осындай есі бар бала, кейінірек, мектепке оқыту кезеңінде, әдетте өзінің бұл қабілеттілігін жоғалтады.

Мектепке дейінгі жас – естің қарқынды даму жасы. Ес – бала үшін маңызды оқиғалар мен мәліметтерді жаданда қалдырады және сақтайды.

Сондай-ақ мектепке дейінгі балалардың ойлау үрдісіне тоқталсақ, ойлау – тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігінде дамиды. Баланың сау психикасының ерекшелігі – танымдық белсенділігі. Ойлау – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының адам миында жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ақыл-ой жағынан бала қаншалықты пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды және оның сұрақтары соншалықты алуан түрлі болады. Бала заттың бейнесін ғана емес, оның қимыл-қозғалыстары туралы да ойлайды. Бейнелі ойлау – 6 жасар бала ойлауының негізгі түрі. Әрине, ол жекелеген жағдайларға логикалық ойлауды да орындай алады, бірақ та бұл жаста көрнекілікке сүйенген оқыту басымырақ болады. Мұның өзі осы жастағы балалардың естері еріксіз жақсы дамиды. Ерікті естері жаңа ғана қалыптасады. Сондықтан жақсы қабылдап алған заттардың түсін есінде жақсы сақтайды. Көру және есту елестері көрген нәрселердің мазмұнымен байланысты болады.

Мектепке түсу балалардың логикалық есін дамытуда үлкен роль атқарады. Оқушылардың есін тәрбиелеуде де мұғалім олардың жас және дара ерекшеліктерін ескере отырып, жұмыс жүргізеді. Кіші мектеп жасындағы балаларды оқу тәсілін өз бетімен таңдап ала алмайтындықтан мұғалім үйге тапсырма бергенде, материалды қалай оқу керектігін балаларға ұдайы ескертуі керек. Бұл жөнінде оқулықтардың бәрінде мәтінді қалай оқу, тапсырманы қалай орындау керектігі айтылған. Бірақ баланың назары кейде бұған жөнді түсе қоймайды. Мұғалім мұны қатты ескерген жөн.

Мектепке дейінгі балалық шақта заттардың, құбылыстардың, іс-әрекеттердің арасындағы байланыстар мен қатынастарды бөлу мен пайдалануды талап ететін күрделі де сан алуан міндеттерді баланың шешуіне тура келеді. Ойында, сурет салуда, құрастыруда , жапсыруда, оқу және еңбек тапсырмаларын орындауда бала үйреніп алған іс-әрекеттерді жай ғана пайдаланып қана қоймайды, жаңа нәтижелер ала отырып олардың тұрақты түрін өзгертеді. Мектеп жасына дейінгі балалар өздерін қызықтырған мәселелерді түсіну үшін өзіндік эксперименттер жасауға кіріседі, құбылыстарды бақылайды, оларды талқыға салып, қорытындылар жасайды. Мектепке дейінгі балалық шақтың соңында кейбір механикалық физикалық және басқа байланыстар мен қатынастарды түсінуді, осы байланыстар мен қатынастар туралы білімді жаңа жағдайларда қолдана білуді талап етеді. Осы жастағы балалардың жылдың соңына дейін абстрактылы логикалық ойлауы жақсы дами түседі. Бірақ тәжірибе түрінде, бала затты көрмей тұрса, берген сұраққа толық жауап бере алмайды. Бала ойлаудың барлық операцияларын жақсы қабылдауға тиіс. Балалардың ойлауын дамытуда мектептегі оқу-тәрбие процесі шешуші роль атқарады. Бала ойлауын дамыту үшін мұғалім тиісті жұмыстар жүргізіп отыруы тиіс. Ой тәрбиесі адамның психологиясын жан-жақты етіп тәрбиелеумен ұштасып жатады. Таным әрекетінің бірі - қабылдау. Тілдік мәліметтерді және жазылымдағы қатысымдық тұлғаларды ұғыну қабылдаудан басталады. Тілді меңгеру барысында тіл үйренуші есту, көру, сезу арқылы дыбыстарды, сөздерді, сөйлемді қабылдауға үйренеді. Бала қоршаған ортаны жақсы қабылдауға тиіс. Д.Б. Эльконин бойынша кіші мектеп жасындағы балаладың танымдық үрдістердің дамуына келсек, олардың оқу ісіндегі қабылдауы – формамен түстерді тану және атауға келіп тіреледі. Мысалы, түрлі түсті құмыра салу үшін, олар форма, көлем жағынан әртүрлі болып келеді. Төменгі сыныптарда оқитын балалардаң қабылдауында төмендегідей ерекшеліктер болады. Олар әлде де болса құбылыстарды тұтас зат күйінде жөндеп қабылдай алмайды. Мәселен, ол заттың өзіне ұнағанын, олардың көзге бірден көрінетін сыртқы белгілерін қабылдауға ұмтылады. Мұндай қабылдауда белсенділік жағы аз болады. Үшінші сыныптан бастап балалардың қабылдау саласындағы қателер азая бастайды. Оқушы заттың негізгі белгілерін байқай алатын болады. Қабылдауда анализ бен синтез қатар жүреді. Бала әр заттың өзіндік белгісін ұққысы келеді, оның мәніне ішкі,сыртқы құрылысына, жасалу принципіне зе сала бастайды. Қабылдау процесінің күрделене түсуі балаларда байқай алу қабілетінің көрінуімен ұштасады. Алайда, байқаудың қарапайым элементі бірінші сынып оқушыларында да бар. Байқау – белсенді ой-әрекетінің балада дамып келе жатқандығының көрінісі.

Мектепке дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын педагогтар мен тәрбиешілер, ата-аналар балалармен жылдың қай мезгілінде болмасын далаға шығып, серуендегенде, әртүрлі ойын ойнағанда осы ойланту әдісіне баса көңіл бөлуі қажет. Бала бойына ерекше әсер етіп түрткі болатын айналадағы өлі және тірі табиғаттардың сан түрлі құбылыстары.

К.Д. Ушинский – баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалық ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол екенін көрсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді. Сондай-ақ, кімде-кім баланың тіл қабілетін дамытқысы келсе, ең алдымен оның ой қабілетін дамытуы тиіс, - деп көрсетеді.

Онтегенездің бастапқы кезеңдерінде қарым-қатынас бала өмірінде аса маңызды функция атқарады. Бала мен ересектің қарым-қатынасы білім, іскерлік, дағдыны біреудің жай қасында емес, өзара әсерлесу нәтижесінде, өзара баю мен өзгерудің күрделі процесі.

Бала өзіне берілетін басқаның тәжірибесін белсенді түрде ой елегінен өткізіп, өңдеп пайдаланады. Психолог ғалым Б. Спок ересек адамның жанұяда және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас тиімді құра алуы, мектепке дейінгі кезеңде басқа балалармен жасаған қарым-қатынастың тиімділігімен анықталатынын тұжырымдаған. Ол бала басқа балалармен қарым-қатынас барысында өз құқығын қорғауға т.б жатқызады. Қарым-қатынас жасаудың адам өміріндегі қоғамдық-әлеуметтік және психологиялық негізі ең алдымен адамның күнделікті тіршілік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен байланысты екендігі айқын.

Мектепке дейінгі балалар әдетте ойынды, сурет салғанды жақсы көреді, ересектермен және өзі қатарлы балалармен лезде тіл табысып кетеді. Мектепке дейінгі шақтың әсіресе, алғашқы үш жылы психологияда «қауіпті» кезең аталып, өзіне зерттеушілердің үлкен зейінін аударуда. П. Бадалян «...осы уақытта сәби арнайы үйрету мен тәрбие көрмесе, кейін ол өте қиынға түсіп, тіпті кеш болуы да мүмкін» деген. Дер кезінде тәрбие мен үйрету көрген бала бес жасында еш қиындықсыз таза сөйлей білуі тиіс.

Сонымен мектепке дейінгі жас - ерте онтогенез кезеңіндегі ең ұзақ және күрделі психикалық даму көрінісі болып табылады. Мұның өзі психологиялық зерттеулердің объекті ретінде қосылды және ол ғылыми әдебиеттерде оқиғалардың әр алуандығылығы ретінде көрсетіледі.

Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Л.С. Выготский пікірінше, ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырып, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып үйрене бастайды. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойнайды, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері мен таным үрдістері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.

Атақты психолог ғалымдары Л.С. Выготский, А.И. Леонтьев, А.С. Запорожец, Л.Д. Венгер, Д.Б. Эльконин, Е.И. Игнатьева, Ю.К. Бабанский, И.Я. Лернер т.б. зерттеушілердің еңбектерінде мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басының қалыптасуына әсер ететін әртүрлі іс-әрекеттердің ішіндегі ең маңыздысы шығармашылық белсенділіктің сапалығына назар аударады. Алайда мектепке бару қарсаңында баланың психологиялық даму деңгейінде жекелей өзгешеліктер өсе түседі. Бұл өзгешеліктер мынадан көрінеді: балалар бір-бірінен ақыл-ой, адамгершілік және жекелей дамымен ажыратылады. Олай болатын болса, балаларға психологиялық қолдау жасау бiлiм беру мекемелерiнiң (балабақша, мектеп) ең негiзгi мiндетi болып табылады.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Возрастная и педагогическая психология. Тексты. - М.: МГУ, 1992.

  2. Выготский Л.С. Педагогическая психология. – М., 1991.

  3. Грэйс Крайг. Психология развития. - СПб., 2000.

  4. Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. - М., 1996.

  5. Мухина В.С. Возрастная психология. - М., 1998.

12 Лекция тақырыбы: Балалардың дамуы мен өсуінің жалпы заңдылықтары

Лекция мақсаты: Сәбидің туған күнінен бастап ер жеткенге дейінгі өсу және даму процессінде байқалатын заңдылықтарды меңгеру.

Лекция жоспары:

  1. Өсу мен даму қарқынының біркелкі еместігі

  2. Генетикалық және сыртқы орта факторларының маңызы

Лекция мәтіні:

Адам организмі толық ер жетіп, кемеліне келгенге дейін ұзақ өсіп, күрделі даму жолынан өтеді. Осыған байланысты адам өміріндегі 4 кезеңді айыруға болады: құрсақтағы даму, балалық шақ, ер жету және қартаю. Бұл түсінік бойынша өсу дегеніміз, тіндер мен органдардың сан жағынан ұлғаюы, ал, даму дегеніміз олардың сапалы түрде дифференциациялануы мен қызмет қаблетінің жетілуі болып табылады. Құрсақтағы даму мен балалық шақтағы дамуды бір кезеңге біріктіріп, ер жету кезеңі десе де болады, өйткені осы уақытта адамның жыныстық жетілуі, репродукцияға қаблеттілігі және әлеуметтік қызметтерді орындай алу мүмкіндігі қалыптасады.

Адам баласының жыныстық жетілуі, әлеуметтік қызметке жарауынан ертерек қалыптасады яғни біріншісі-13-15, ал екіншісі-17-18 жас аралықтарында жетіледі. Қазіргі кезде қыз балалардың етеккірінің пайда болуының орташа мерзімі 12 жас 7 ай деп алуға болады. Толық ер жету 20-21 жаста деп есептелінеді.

Сәбидің туған күнінен бастап ер жеткенге дейінгі өсу және даму процессінде байқалатын заңдылықтар:

Өсу мен даму қарқынының біркелкі еместігі; Өсу мен даму процессінің біркелкі жүрмейтіндігіне байланысты "баланың жасы" деген сөздің өзін дәлелдеу қажеттігі туады. Осыған байланысты төмендегідей жастарды айыруға болады:

Хронологиялық жас (немесе күнтізбе жасы) - дүниеге келген уақытынан бастап, бақылау жүргізіп отырған күнге дейінгі аралық. Жастың мұндай түрін айыру күнтізбе арқылы анықталатындықтан ешқандай қиындық туғызбайды.

Биологиялық жас. Әрбір сәбидің жеке өсу және даму дәрежесіне байланысты болатын, организмнің морфофункционалдық ерекшеліктерінің жиынтығы. Биологиялық жасты анықтау - бой ұзындығы көрсеткішіне, бой ұзындығының жылдық қоспасына, тұрақты тістердің санына, екінші жыныстық белгілеріне және menarche жасына байланысты жүргізіледі.

Әр түрлі органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуының бір мезгілде орындалмауы; Организмнің бір бүтін жүйе екеніне қарамастан, онтогенез процессінде жеке органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуы бір мезгілде болмайды (гетерехронды). Жеке органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуының гетерохрондылығы қоршаған орта факторларының, балалар мен жасөспірімдердің іс-әрекеттерін жеке нормалаудың ғылыми негізі болып табылады.

Өсу мен даму процессінің жыныстық айырмашылығы (жыныстық диморфизм); Жыныстық диморфизм - өсу және жеке функционалдық жүйелер мен бүкіл организмнің даму қарқынының зат алмасу процессінің ерекшелігіне байланысты болады. Мысалы, жыныстық ер жетуге дейін, ер балалардың негізгі антропометриялық көрсеткіштері қыз балаларға қарағанда жоғары болып келеді. Ал керісінше, пубертатты кезеңде қыз балалардың бойының өсу параметрі, салмағы, кеуде шеңбері ер балаларға қарағанда жоғары болады.

Яғни, осы көрсеткіштер балалардың жас-жыныс ерекшелігіне сәйкес бірінші қиылысуы болады. Ал 15 жаста ер балалардың өсу қарқыны үдей түседі де, олардың антропометрлік көрсеткіштері қайтадан қыз балаларға қарағанда жоғары болады. Сөйтіп, екінші қиылысуды анықтауға болады. Бойдың өсуіндегі осы екі қиылысу - дене бітімі дамуының қалыпты жағдайдағы дамуына тән. Сонымен қатар көптеген функционалдық жүйелердің әсіресе бұлшық ет, тыныс алу және жүрек, қан-тамыры жүйелерінің даму қарқынының бірдей жүрмейтіндігі байқалады.

Органдар мен жүйелердің биологиялық сенімділігі; Организмнің әрбір қызмет етуші жүйелеріне сәйкес биологиялық сенімділікті анықтайтын потенциалды мүмкіндіктердің генетикалық қоры берілген. Бұған өкпе, бүйрек, көз, құлақ сияқты бірқатар органдардың жарыса қызмет етуі мүмкіндік береді, яғни тірі организмдегі негізгі жүйелердің көбі бірінің қызметін бірі қайталай алады және организмге қажетті элементтердің қоры шексіз деп есептеуге болады. Жүйелердің осындай биологиялық сенімділігі және тіршілік мүмкіндігінің молдығы болмаса, өмірге тұрақты түрде төнетін қауіптен организмнің өсіп, дамуы қорғана алмас еді.

Генетикалық және сыртқы орта факторларының маңызы; Балалардың дамуына әсер ететін барлық факторлардың жиынтығын екі үлкен негізгі топқа бөлуге болады: Биологиялық (генетикалық) және қоршаған орта(қоршаған орталық және әлеуметтік) факторлары. Биологиялық факторларға тұқым қуалау заңдылықтарын анықтайтын генетикалық белгілердің барлық кешені жатады. Қоршаған орта факторлары деп, сыртқы әсердің нәтижесінде пайда болған өзгерістерді айтады. Олардың ішінде абиотикалық (қоршаған орта) және биотикалық (әлеуметтік орта) факторларды бөлуге болады.

Биологиялық және қоршаған орта факторларының өсіп келе жатқан организмдердің дамуына тигізетін әсерін зерттеуге көптеген іздену жұмыстары арналған. Бірақ, қандай да бір топты бөліп, басқалардан артығырақ етіп көрсетуге мүлде болмайды. Мысалы, тұқым қуалаушылық ролін артығырақ бағалау даму процессінің артығырақ екенін мойындауға мәжбүр етеді. Олай болса, сәбиге ата-анасының барлық жаман, жақсы қасиеттерінің бәрі (соның ішінде аурулары да) міндетті түрде берілуі керек. Солай десек те, тұқым қуалағыштықтың бағыт беруші роль атқаратынын ешкім жоққа шығара алмайды.

Қоршаған орта және әлеуметтік себептердің әсерін артығырақ көтермелеу, екінші бір қиыншылыққа әкеліп соғуы мүмкін. Егер осындай болжамдарға сенетін болсақ, организмнің мүмкіншіліктері шексіз бола отырып, қоршаған ортаның әсері арқылы кез келген баладан "вундеркинд" жасап шығаруға болады. Сондықтан екі фактордың да әсерін естен шығармау керек.

Акселерация; латынша (accelarae) - жылдамдық деген сөзден шыққан. Акселерация қазіргі замандағы адамдардың биологиясындағы жалпы қарқындылықты көрсетеді, табиғаты көп факторлы болып келеді. Көптеген гигиенистердің пікірлері бойынша балалар мен жасөспірімдердің қызмет функцияларының үйлесімді дамуын бұзатын болғандықтан және қызмет қаблетін азайта-тындықтан акселерация балалар организмі үшін қолайсыз болып табылады. Сондықтан, өсіп келе жатқан балалардың дене бітімінің дамуын бақылауға ерекше көңіл бөлінуі керек.

Организмнің өсіп, даму заңдылықтары балалар мен жасөспірімдердің қалыпты өсіп, дамуы үшін, қоршаған орта факторларын гигиеналық нормаландырудың теориялық негізі болып табылады. Бұл заңдылықтарды білу, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің дәрігеріне жеке органдар мен жүйелердің баланың әртүрлі жас кезеңдерінде бүтін организм ретінде қызмет етуін, оның қоршаған ортамен байланысын анықтауға және осы жағдайдың мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын, даму жағдайын бақылау кезінде жиналған мәліметтерге, санитарлық дәрігер, өсіп келе жатқан организмнің жас ерекшеліктерін терең ескеру негізінде ғана дұрыс анықтама бере алады.

Яғни, осы заңдылықтарды терең түсініп алмайынша балалардың күн тәртібін ұйымдастыру, тәрбиелеу, оқыту процесстеріне, тамақтану жағдайына ғылыми негізделген талаптар қою және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізу мүмкін емес.

Әдебиеттер

  1. Неменко Б.А. Оспанова Г.К Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы(Оқулық).- Алматы 2002.344б.

  2. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков., М., Медицина, 2004.

13 Лекция Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы сыртқы ортаны ұйымдастырудың гигиеналық негіздері

Лекция мақсаты:

Жоспары:  

1. Балалар мекемелерін жобаудың  гигиеналық негіздері.

2. Қазіргі кезеңдегі мектепке дейінгі мекемелер салудың гигиеналық аспектілері.

3. Балалардың сауықтандыру мекемелерін жоспарлаудың кейбір   аспектілері.

Лекция мәтіні: Балалар мекемелерін жобалаудың гигиеналық негіздері.

Балалар тәуліктің белсенді уақытының көбін оқу тәрбиелеу мекемелерінде өткізеді, сондықтан олардың жоспарлануы мен гигиеналық жағдайлары оқу-тәрбиелеу процесінің оңтайлы жағдайын қамтамасыз ететін, балалар мен жеткіншектердің жанжақты дамуына және денсаулығын нығайтуына ықпал ету кер.

Қалаларда  балалардың оқу-тәрбиелеу мекемелерінің орналасуына, жоспарлануына және құрлыстарын салуға қойылатын негізгі талаптар балалар мен жасөспірімдер бойынша көптеген қазіргі құрылыс нормалары мен ережелерінде ескерілген ( Қ Е Н ).

Бірақ қалалардың дамуы, қала салу принциптерінің өзгеруі, көлік түрлерінің дамуы, тұрғын ауданда оларды орналастырудың жаңа принциптерін қолдануы, жаңа архитектуралық жоспарлау шешімдерін әзірлеуді, жаңа құрылыс материалдарын, элементтерін және конструкцияларын, инженерлік-техникалық жабдықтарын  жаңа үлгілерін еңгізуді талап етеді.

Бұл орасан жұмыс, ескертпелі және ағымды санитарлық қадағалау кезеңдерінде санитарлық инспекцияның барлық сұрақтарын оперативті шешуіне шақырылған, санитарлық-эпидемиологиялық органдардың тікелей бақылауында жүргізіледі.

Балалар  мекемелерін  жоспарлау  және  салуда  ескертпелі санитарлық  қадағалау  4 кезеңнен  тұрады:

1. Құрылысты салуға жер учаскесін таңдау және бөлу бойынша қорытынды беру. Жер учаскесін бөлу қалалық, аудандық әкімшіліктердегі архитектуралық құрлыстың басшыларымен, елді мекенді болашақта салу жоспарына сәйкес жүргізіледі. Осы кезеңдегі санитарлық дәрігердің міндеті – құрылысты салуға ұйғарылған жердің жағдайлық жоспарын зерделеу және оны таңдауда, тұрғын ауданында балалар мекемелерінің әр түрлі типтерін орналастырудың қазіргі санитарлық  нормаларының  орындалу  тұрғысынан бағалау.

2.Балалар мекемесінің жобасын гигиеналық бағалау. Құрылысты салуды ұйғарылған жер учаскесіне берілген жоба құжаттары келісімделуге санитарлық дәрігерге жіберіледі, оның құрамында мыналар болуы керек:

-архитектуралық- құрылыс сызбалары (фасадтар, қабаттары бойынша жоспары және кесіктері);

-түсініктеме ( хат ) жазбасы;

-салынушы объектінің  санитарлық- техникалық жабдықтарының альбомдары;

Жобаны санитарлық сараптау барысында оның қазіргі санитарлық нормаларына сәйкестігі анықталады да, құрылысын салуға келісім беріледі. Міндетті санитарлық сараптауға барлық жеке жоспарлау жобалары және мекемелерді қайта конструкциялау (реконструкциялау) жобалары жатады.

Біртипті жобалардың санитарлық нормаларына сәйкестігіне Мемлекттік құрылыс жүйесінің жобалау институттары жауапты болады, сондықтан олар міндетті санитарлық сараптауға жатпайды.

3.Құрылысты салу процесіндегі ескертпелі санитарлық қадағалау.

Оның негізгі мақсаты – жүргізілетін құрылыс жұмыстарының жобадағы сызбаларына және жобалық-сметалық құжаттарына, және де санитарлық-гигиеналық талаптарына сәйкестігін анықтау. Тексеру нәтижелерінің және санитарлық ауытқу протоколының негізінде СЭС құрылыстың жүруін тоқтату туралы қаулыны шығара алады.

Құрылыстың салынуына бақылау барысында бекітілген жобаға өзгерістерді енгізу мүмкіндігі туралы қорытынды береді. Оларға ең алдымен, қазіргі санитарлық нормативтерге қайшы келмейтін, жаңа, үнемділеу құрылыс материалдарын, санитарлық-техникалық жабдықтарын енгізуіне қатысты сұрақтар.

Салынған (қайта конструкцияланған) объектіні қабылдауда       мемлекттік комиссияның құрамына қатысу.

Қабылдау барысында санитарлық дәрігер, ең алдымен, орындалған жұмыстардың санитарлық нормалар мен ережелеріне сәйкестігін және жасалған жұмыстардың сапасын бағалайды. Комиссиялық тексеру негізінде объектінің дайындығы және оны іске қосу туралы қорытынды шығарылады. Егер санитарлық дәрігер мемлекеттік қабылдау комиссиясының мүшелерімен келіспесе, ол объектіні іске қосу бойынша қабылдау актісіне қол қоймауына және объекті туралы жазбаша түрде пікірін бере алады. Санитарлық дәрігердің қолысыз объектінің іске қосылуы мүмкін емес. Объектіні іске қосу сәтінен бастап, объектіні пайдалану кезінде санитарлық ережелердің орындалуын бақылауға бағытталған ағымды санитарлық қадағалау басталады.

Салудың және пайдаланудің көп жылдық тәжірибелері, және балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайын және әр типті мекемелерінде тәрбиелеу сұрақтарын кешенді зерделеу кейбір негізгі жағдайларын тұжырымдауға мүмкіндік берді.

Балалар мекемелерін (бала бақшаларын, мектептерді т.б.) салудың  қазіргі дәуірі ғимараттың сиымдылығын жоғарлату тенденциясымен сипатталады. Бұл тұрғын кварталдарды, көпқабатты үйлерді салуымен туып отыр, осының нәтижесінде мөлтек аудандарда тұрғандардың тығыздығы жоғарылап, балалар мен жас өспірімдер саны көбеюде. Бұдан басқа, ол экономикалық жағынан тиімді келеді, өйткені тұрғын (селитебті)  территория маңызды үнемделеді, қазіргі ірі елді мекендік территорияның   І га құны,  бір ЗЗ  сыныптық ірі мектептің құнымен теңбе-тең.

2.  Балалар мекемелерін кварталдың ішінде  (мөлтекауданның ішінде) орналастырған оңтайлы болып келеді, мұнда тұрғын үйлер осы мекеменің барлық периметрлері бойынша орналасады, ал көлік магистралдары  100 м қашықтықта орналастырылады. Бұл балалар мекемесінің территориясындағы ауаны ластамау, шудың деңгейін төмендету сияқты жағымды жағдайлар туғызып,  тұрғын  массивтерімен қатынасын ыңғайлатып, көшелік жарақаттану ықтималын төмендетуге ықпал жасайды.

3.  Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің қайсысына болмасын ажыратылмайтын бөлімі, тағайындалуы көп жақты жер учаскесі болып келеді. Жер учаскесінің көлемі, жоспарлануы, жабдықталуы және көркейтілуі мекеменің сипатымен, оқу-тәрбиелеу жұмыстарының спецификалық ерекшеліктерімен белгіленеді және сәйкес құрлыс нормаларымен және ережелерімен регламенттелген.

4. Жер учаскесін көркейтудің міндетті элементі болып жасыл желектер саналады. Гигиеналық нормативтеріне сәйкес жасыл желек аймағы жер учаскесінің ең кемінде 50 пайызын алу керек.

5. Қоршаған  объектілердің  жағымсыз әсерлерінен шектеу және учаскенің периметірлері бойынша жақсы қорғаушы аймақтарды құру мақсатымен, балалар мекемесінің территориясында ғимаратты қызыл  сызықтан  ең   кемінде  25 м  алшақ орналастырады.

6.  Бөлмелердің құрамы мен көлемдері мекеменің  оқу-тәрбиелеу жұмыстарының кешеніне және құрлыстық-климаттық талаптарына байланысты белгіленеді.

7. Ғимараттың архитектуралық –  жоспарлық композициясы келесі тұрғыдан шешілу керек:

-балалар ұжымдарын жас принциі бойынша бөлу;

- бөлмелерді функционалдық тағайындалуы бойынша біріктіру;

- олардағы шуды және ластанудың алдын алу мақсатымен, негізгі бөлмелерді ұтымды орналастыру;

- жүрістің қарсы ағымдарын болдырмайтын, бөлмелердің жеке топтарының араларында ыңғайлы функционалдық байланыстарды қамтамасыз ету;

- сәулелік режимді қолайлы жағдайда шешу;

- ауа- жылулық режимдерін ұтымды шешу;

8. Барлық климаттық аудандар үшін ғимараттың оңтүстік және оңтүстік-шығыс бағытталуы оңтайлы болады, мұнда күннің бірінші жартысында, яғни негігі оқу сағаттарында бөлмелер жақсы жарықтанады.

9. Балалар мен жасөспірімдерінің барлық мекемелерінің қабаттығы шектеліп жобаланады: мектепке  дейінгі мекемелері – екі қабаттан жоғары емес, ал мектептер – үш қабаттан биік емес.

Жеке  мекемелерді  жобалауына гигиеналық талаптарды қойғанда  осы принципиалды жағдайларда арнаулы сипатты мәліметтермен  толықтыруға және нақтылауға болады.

Гигиеналық нормалаудың маңызы тіршілік жағдайының тұрғындардың денсаулығына әсерін зерделеуге ғана арналған емес, сонымен қатар оны жақсартушы және нығайтушы шараларды әзірлеуші ғылыми  пән  ретіндегі гигиена түсінігінің өзімен анықталады. Тап сол, гигиеналық нормативтер организмнің қоршаған ортамен ең жағымды өзара қатынасын, адамның денсаулығына  және  іскерлігіне  қолайсыз  факторлардың рұқсатталатын  әсер етпеуші деңгейін қамтамасыз етуші жағдайларын сипаттайды.

Гигиеналық нормалау қоршаған ортаның факторларының организмге әсер етуіндегі физиологиялық реакцияларды зерделеуіне негізделген.

Шет  елдерде  көптеген  ғалымдар  осы күнге дейін нормалау деп «норма және  патология»  шекарасындағы  организмнің  қалыпты функцияларын қамтамасыз етуді санайды. Осындай көзқарасқа біздің гигиеналық ғылым қатаң  қарсы  шығуда. Біз, гигиеналық нормалау критериясы ретінде осы немесе  басқа  факторлардың  зияндығын анықтау емес, оның зиянсыздығын анықтау және оның дәрежесін градиациялау деп санаймыз. «Норма» функционалдық жүйелерге сәл ғана күш түсіріп, барлық тіршілік функцияларының жайлы етуімен сипатталатын организмнің «оңтайлы» (қалыпты) жағдайын қамтамсыз ету керек. Соның өзінде, гигиеналық нормалау жеке факторлардың параметрлерінің «рұқсатталған» шекараларын белгілейді, бірақ олар организмнің патологиядан алшақ жағдайын қамтамасыз ету керек. Бұл шекара маңызды, бірақ олар қайтымды физиологиялық өзгерістер аймағына белгіленеді, яғни оңайлы және рұқсатталған  параметрлерінің айырмашылығы тек функционалдық жүйелеріне күш түсу дәрежесімен ғана анықталады.

Гигиеналық нормалауға осындай көзқараспен келу, әрине, құрылыстардың қабаттығын көбейтеді, олардың салу мерзімдерін ұзартады, балалар мекемелерін қатаң режимде ұстауына мәбжүр етеді.

Келесі жағдайға ерекше көңіл аудару керек, егер қоршаған ортаның бірқатар  табиғи факторларының (температураның, ылғалдықтың, ауа қозғалысының, жылу және көрінетін ультракүлгін радиациясының) оңтайлы параметрлері жастық дифференцировканы қажет етпейтін болса, онда олардың ауытқуларының рұқсатталған шектері баланың жасы төмен болған сайын, оларда төмендей түсіп, «норманың өзіне» жақындай түсуі керек. Осы  жағдай балалар бойынша  факторларды тым қатаң режимде гигиеналық нормалауына келтіріп отыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]