- •Bdtg4424 бала дамуы пәнінен Лекция тезистері Түркістан – 2017 ж.
- •2. Жүктілік күнтізбесі
- •Бөбекке көмектесіңіз
- •Кедергілер тудыру
- •3 Жас дағдарысының 7 сипаттамалары:
- •2. Қазіргі кезеңдегі балалардың мектепке дейінгі мекемелерін салудың гигиеналық аспектілері.
- •3. Балалардың сауықтандыру мекемелерін жоспарлаудың және салудың кейбір аспектілері.
Бөбекке көмектесіңіз
Балаға еңбектеуге көмектесу үшін мына тәсілдердің біреуін көріңіз.
Орамал: бала үшін ең қиыны – жердің тартылыс күшін жеңіп шығу. Орамалды орап, сәби екпетінен жатқан кезде, оның кеудесінен өткізіп, астына салыңыз. Орамалдың екі ұшынан ұстап, баланы ақырындап көтеріңіз. Оны өз салмағының ауырлығын сезбейтіндей, бірақ қозғала алатындай етіп ұстаңыз. Қолдар: балаға көмектесудің тағы бір амалы – өз алақандарыңызды баланың табанына тіреп тұру. Бұл сәбиге алға қозғалған кезінде итерілуге мүмкіндік береді.
Кітап немесе шағын қорап: баланың алдына үлпектердің жеңіл қорабын немесе кішігірім кітапты қойып қойыңыз да, оған баланың қолдарын қойыңыз. Қозғалғанда оның қолдарының астындағы зат жылжып, оған қозғалудың мәнін түсінуге мүмкіндік береді.
Кедергілер тудыру
Бала екпетінен жатып, ішімен жорғалауға үйренгенде, оның міндетін қиындатыңыз – жан-жағына көпшіктер мен жұмсақ ойыншықтарды қойып тастаңыз. Бала мен Сіздің араңызда кедергілер жататындай, бөлменің басқа жағына отырып алыңыз – бұл баланың Сіз жаққа еңбектеуіне себеп болады. Бөгеттерден өткен сайын бала төзімділігін, көру машықтарын және қимылдарын дамытады. Әдетте, балалар 6 айдан 10 айға дейінгі жаста еңбектей бастайды, алайда кейбір бөбектер мүлдем еңбектемейді, және де бұл қалыпты нәрсе. Олар еңбектеу кезеңін тастап өтіп кетеді, бірақ тез-ақ тұрып, жүріп үйреніп алады. Еңбектеп үйрену – ұзақ әрі оңай шаруа емес, сондықтан балаңыз әлі ондайға дайын болмаса, көңіліңіз бұзылмасын. Дамудың әр сатысы уақытты талап етеді, сол себепті шыдамдылық танытып, сәбиіңіздің жетілгенін күтіңіз.
Автоматты жүру және тірек рефлексі. Егер баланы горизантальды бағытта табанын қатты жерге тигізіп тұрғызсақ, ол аяқтарын түзеп тұруға ұмтылады. Тұрған баланы алға сәл еңкейтсек, баладене салмағы ығысқан жаққа еңкейеді, бұл автоматты жүру. Осы кезде бала аяғын балтыр аймағында айқастыра басады, бұл құбылысты нәресиелер бұлшықетінің гипертонусымен түсіндіруге болады.
Робинсон рефлексі. Нәрестенің қолына қандай да бір затты жақындатсаңыз, нәресте ессіз қолының саусақтарын жиырады, кейде бұл әректтің күштілігі соншалық баланы көтеруге болады. Бұл рефлекстің физиологиялық өмірі 4 ай, кейін бұл рефлекс орнына саналы түрде заттарды ұстау келеді.
Галант рефлексі. Нәрестенің арқасын, яғни паравертебральды аймақпен сызық жүргізсек бала арқасын жазады. Н«әресте арқасын жазып тексеруші жаққа доға жасайды. 3-4 ай сақталады.
Перез рефлексі. Нәресте үшін жағымсыз процесс. Тексеруші нәрестенің омыртқаның өсіндісінен саусақпен жүргізсек бала өз жауабын береді. Кеудесін жазып, аяқ қолын бүгіп, жылайды.
Моро рефлексі. Нәрестені төсекке жатқызып 1-см биіктікте жатқызып қолмен шапалақтаса, екі қолын жанына созып, алақанын ашады. Нәрестенің жауабы екі сатыдан тұрады. Бірінші екі қолын бірден созып, алақанын жазады, екіншіде өзін құшақтағандай болады.
Симметриялық мойын тоникалық рефлексі. Басын біртіндеп иегіне жақындатып иетін болсақ қолдарын бүгіп, аяқтарын жазады. Ассиметриялық мойын тоникалық рефлексі арқасымен жатқан баланың басын бір жағына бұратын болсақ, иегі иық деңгейінде, бала басын бұрған жақтағы қол аяғын жазып, қарама қарсы жағын бүгеді. Баланы медициналық тексеруден өткізгенде рефлекстерді тексеру және динамикада дамуын үнемі бақылау маңызды. Қандай да бір рефлекстің жетіспеушілігі кейін анықталуы мүмкін ОЖЖ ақауларының алдын алу үшін қажет.
6-дәріс. Тақырыптың аталуы: Ерте сәбилік шақтағы (бір жастан үш жасқа дейін) бала дамуының ерекшеліктері.
Жоспары:
Сәбилік кезеңдегі бала дамуына психологиялық сипаттама
Сәбилік кезеңдегі баланың сөздік қоры
Сәбидің сөйлеуге түсінуі және алғашқы сөздері
Сөздің дыбыстық, ерекшеліктерінің қалыптасуы.
Үш жастағы балаларда жаңадан пайда болатын дағдарыстар.
Сәбилік кезеңдегі бала дамуына психологиялық сипаттама. Сәби жасының ерекшелігі 1-3 жасқа дейін сәбилік кезең деп аталады. Осы кезде баланың денесі де, психикасы да ерекше қарқынмен дамиды. Бала өмірінің алғашқы жылында басы біршама үлкен, кеудесі ұзын, аяғы қысқа болады. Осы кезде бұлшық еті де баяу дамиды. Бала өмірінің алғашқы жылында көбінесе сұйық тамақпен тамақтанады. Алғашқы жылмен салыстырғанда бойы 1,5 салмағы 3 есе артады. Екі жасқа келгенде салмағы 200-250 грамм қосады. Бойы ай сайын 1 см өсіп, балаларда 20 сүт тісі болады. Бұлшық еттері дамиды. Тыныс алуы баяулап бірқалыпты ырғаққа келеді. Бір жастың соңында баланың бас миының салмағы 780-800 г болады. Осы кезде ай сайын 30 грамнан қосылып отырады. Үш жаста миының салмағы 1100-1200 дейін болады. Осыдан кейін мидың салмағының артуы баяулайды:
7 жасқа келгенде 1250 г болады
8-9 жасқа келгенде 1300 г бболады
15 жасқа келгенде 1350 г болады
21 жасында мидың салмағының артуы тұрақталады. Баланың жоғарғы жүйке жүйесінің алғашқы үш жыл бойында өте тез дамиды.
2.Сәбилік кезеңдегі баланың сөздік қоры. Алғашқы кезде баланың сөздік қоры дамымай тұрғанда үлкендерге қоятын сұрағы көп болады. Ал екі жастың соңында бала 300-ге тарта сөзді қолданады. Үш жасында 1500 сөзді пайдаланады. Алғашқы кезде сәбидің сөзі үлкендердің сөзіне аздап қана ұқсайтын болады. Мұндай сөзді дербес ( автономиялық) сөз деп аталады. Тіпті кейде үлкендер пайдаланбайтын сөздерді де қолданады. Мысалы олар мағынасы бірдей бір сөздің өзін үш түрлі етіп айтады. (ням-ням, мам-мам, ня-ня) тамақ ішемін деген сөзі және баланың мұндай дербес сөздері үлкендердің нағыз сөзінен бұрмаланып алынған сөз болады. Мысалы: сүт- түт, шәй-тәй, ішемін-тем.
Бала тілінің тез шығып, өз мағынасында дамуы дұрыс тәрбие жұмысына байланысты. Сөздік қорының молаюы, олардың психикасының дамуына да әсер ертеді. Сөздік қоры жақсы дамыған бала материалды жақсы қабылдап, есінде сақтап, зейінін шоғырландырып, кең көлемде ойлайтын, қиялы ерекше дамыған сезімтал болады. Өзінің қоршаған орта туралы түсінігі де кең болып, жан-жақты дамиды. Сәбилік шақта (1-3 жас) бала қарқынды дами бастайды. Психикалық дамуы үлкен өзгерістерге ұшырайды. Үш жас кезеңіндегі баланың ақыл –ойы едәуір жетілген болады. 3 жасқа дейін осындай үлкен өзгерістердің болуына бірнеше факторлар себеп болады.
Бірінші себеп- баланың тік жүре бастауы. Бала бір жастан асқаннан кейін өз бетімен тік жүріп, түрлі заттардың қасиеттерін үлкендердің көмегінсіз зерттей бастайды. Өздігімен жүрген соң заттардың кеңістіктегі арақашықтығын да ажырата бастайды, кеңістікте бағдарлану қабілеті дамиды.
Екінші себеп- әр заттың өзіне тән қызметін ажырату немесе балада заттық әрекеттің дамуы
Үшінші себеп- баланың ойыны және тиісті өнерге үйренуі.
Бұл әрекет түрлі, сондықтан ойын мен іс-әрекеттер бала психикасының дамуына үлкен әсер етеді. Алдымен ойыншық түріне немесе дыбысына қызықса, кейін оның нені бейнелейтініне мән береді. Баланың бойы бірінші жылына қарағанда 1,5 есе өседі, ал салмағы 2 есеге артады.
Автономды сөйлеу балада тез ( әдетте жарты жыл көлемінде) өзгеріске түсіп, жылдам жойылып кетеді. Айтылуы және мәні жағынан түсініксіз сөздер «үлкендердің» сөзімен алмаса бастайды. 3 жасқа қарай баланың белсенді сөздік қоры 1000-1500 сөзге жетеді. Шамамен 1,5 жастағы сөйлемі 2-3 сөзден тұрады. Бұл көбінесе субьект және оның әрекеті (« мамам келе жатыр»), әрекет және объект әрекеті («мам берші») немесе әрекет және әрекет орны («кітап анда») 3 жасқа қарай ана тілінің негізгі грамматикалық және негізгі синтаксистік құрылымдарын меңгере бастайды. Бала сөзінде барлық сөздер бөлігі кездеседі, мысалы: «Есіңде ме суға барғанымыз, әкем мен Мерей шомылды, ал анам қайда болды?», «Мен әкем мен анамның баласымын, атам мен апамның немересімін», «Мен сенің келгеніңе өте қуаныштымын». Баланың сөйлеу белсенділігі көбінесе 2-3 жас аралығында дамиды.
3. Сәбидің сөйлеуге түсінуі және алғашқы сөздері. Баланың тілінің дамуы. 2 жастың өзінде бала атқаратын қызметіне байланысты:
-1) бір сөзбен бір сөйлемнің мағынасын түсіндіретін кезі болады. Ф-ф-ф-ф-ф-у- сіріңке, темекі, пеш, газ, шам, т.б тамақ ішем, ет жеймін су ішемін.
-2) тұрған орынына қарай
-3) сыртқы ұқсастығына қарай бөлу: га-га-га- қаз тұмсығы созылып тұрған саз балшықты құсқа ұқсатады, жүннен тоқылған затты бөки дейді.
-4) дыбысты бойынша атау. Ля-ля- радио, музыка, ән. Қоқ-қоқ тауық, мияу- мысық деген сияқты т.б.
2 жастың соңында бала үлкендермен үнемі қарым-қатынас жасау нәтижесінде сөздік қоры жылдам артады. Үлкендерден білмегендерін сұрайды, үлкендердің сұрағына жауап береді. Алғашқы сұрағы бұл не? Бұл қалай аталады?- деп сұрап, әр заттың өз атауы болатынын біледі.
1 жастың соңында 18-25 активтік сөз болса, 3 жаста 1000-1200 сөз. Екі жастың соңында да баланың тілі анық емес, грамматикалық тұрғыда байланысы жоқ болады. Сөздің грамматикалық құрылымын игерудің белгілі бір заңдылығы болады:
60-70 сөзге жеткен соң қарапайым сөйлем құрастырады.
Сөзді тыңдап отырып қайталайды.
Ситуациялық сөз.
Баланың жалпы даму деңгейіне байланысты, яғни ақыл-ойының, дербестігінің дамуына байланысты.
1-ден 3- жасқа дейінгі аралықта баланың сөзді меңгеруінің өзіндік мәні болады. Бала айналасындағы құрбы-құрдастарымен, үлкендермен қарым-қатынас жасау арқылы өзін-өзі танып біледі.
Тілдік қарым-қатынас нәтижесінде әр заттың қасиетімен атқаратын қызметін ажыратады.
Қоршаған ортадағы заттарды таңдау, топтау, жалпылау негізінде қабылдап негізгі белгілерін ажыратады.
Заттар мен құбылыстардың өзара қарым-қатынас байланыстарын ажыратады.
Тілдік қарым-қатынас нәтижесінде алдына мақсат қойып ерікті әрекет етуге, дербестікке үйренеді.
Үнемі үлкендермен қарым-қатынас негізінде тәлім-тәрбие нәтижелерін игеретін болады, болмайды деген сөздер мәнін түсінеді
Бала өзін өзгелермен салыстырып қоғамдағы өз орнын түсінеді.
Өзіне және өзгелерге баға беріп, басқа біреулер үшін жауап беріп, жауапкершілік сезімі оянады.
Практикалық ойлауы дамиды. Тақпақ жаттау, ертегі, әңгіме айту, дидактикалық ойын ойнауы жүзеге асады.
Осы кезде бала тілінің дамуының үш жағын байқауға болады.
Психофизикалық
Психологиялық
Логикалық, грамматикалық, фонематикалық
Психофизиологиялық даму үшке бөлінеді:
Бақыру ( жылау)
Былдырлауы
Нағыз сөзі
Сәбилік кезеңде бала тілінің дамуы екі бағытта өтеді:
Үлкендердің сөзін түсінуі жоғарғы бағытта өтеді
Сәбидің өзіндік белсенді сөздік қоры қалыптасады.
Балада дыбыстарды есту негізі қалыптасады. Бірте – бірте өңделіп, сөздік дыбыстар құрайды, ақырында балада алғашқы сөзді түсінуі мен құрастыру дағдысы қалыптасады да үлкендермен айналасындағы құрбылармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі артып кеңейеді. Сәбилік кезеңде баланың тілінің дамуы үшін үлкендермен қарым-қатынас жасау мен заттармен әрекет етудің маңызы зор.
Кейбір үлкендермен сирек араласатын баланың тілі кеш дамиды. Тағы да ескертетін жай баланың барлық талап – тілектерін, айтқанын орындап, қажеттіліктерін қанағаттандыратын болсақ, бала көпке дейін сөйлей алмайтын болады.
Бір жарым жасқа дейін баланың күрделі активтік сөздік қоры жай дамиды. Осы кезде олар 30-40 тан 100 ге дейінгі сөзді меңгереді және оны өте сирек қолданады. Бір жарым жастан соң кенет өзгеріп, бала сөйлеуге ынталы боып, тек заттың атын атап қана қоймай, оны затпен байланыстырып айтатын болады.
4. Сөздің дыбыстық ерекшеліктерінің қалыптасуы. Белсенді сөздікті және сөзді дұрыс айтуды игеру жүзеге асады.
Грамматикалық құрылысты, игерудің өз даму кезеңдері болады. Бірінші кезең бір мен екі жасқа дейін – түбірлі сөздерден құралатын сөйлемдер кезеңі. Бұл кезеңде бір буынды және екі буынды сөйлемдер ажыратылады.
Белсенді сөйлеуді қалыптастыру баланың бүкіл психикалық дамуының негізі болады. Заттарды өз қолымен ұстап, әрекет етіп көріп, қасиетін ажыратады. Осының өзі баланың сөздік қорын дамытады. « Киіміңді әкел! «Әжені шақыр! «Атаға таяғын алып бер» десе баланың түсінігі кеңейіп, қарым-қатынас шеңбері артады. 3 жасқа қарағанда әр сөздің мәнін, қолданылатын орнын ажыратып, түсінеді. 2 жастың соңында сөздің мәні мен мазмұнын түсініп, қысқаша қызықты ертегіні тыңдап, бірнеше қайталап айтып беруі талап етеді. Әңгіме, ертегіні тыңдау арқылы қабылдау, есте сақтау, зейін қою, ойлаудың алғашқы белгілері байқалады.
5. Үш жастағы балаларда жаңадан пайда болатын дағдарыстар. Ерте балалық шақ және мектепке дейінгі жас арасында 3 жас дағдарысы болады. Өзінің «менін» бөлініп шығу дағдарысы, әлеуметтік қатынастар жүйесін қайта қарау. Бала бағыты өзгереді. Егер де жаңа қатынастар дұрыс қалыптаспаса, оның ұсынысы қолдау таппаса, дербестілік шектеледі, балада үлкендермен қарым-қатынасында көрінетін дағдарыстық құбылыстар пайда болады. Л.С.Выготский, Э.Келлер 3 жас дағдарысының 7 сипаттамасын суреттейді.
