Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 Лекция БДТГ-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
170.97 Кб
Скачать

Ф-ӘД-001/026

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Гуманитарлық ғылымдар факультеті

«Білім технологиялары» кафедрасы

Bdtg4424 бала дамуы пәнінен Лекция тезистері Түркістан – 2017 ж.

1. Лекция тақырыбы: Құрсақ тәрбиесі, оның мәні мен маңызы

Лекция мақсаты: Бала құрсаққа біткен сәттен бастап, ананың тәрбиесін алады. Ана құрсағында жатып, анасы нені үйренсе, нені білетін болса, соны бала тез игеріп алады. Сондықтан баланы туылған соң емес, құрсақтан бастап тәрбиелеу керек.

Лекция жоспары:

1. Баланың тәрбиесі ана құрсағынан басталады.

2. Жүкті әйелдердің күтімі.

Лекция мәтіні: Баланы анасының құрсағында жатқанда-ақ тәрбиелеу керек деген қағида қазір кеңінен таралып кетті. Мұны біреулер құптаса, біреулер жоққа шығарады. Әлі дүниеге келмеген бөбекпен сөйлесуге, оны тәрбиелеуге бола ма, оны қалай дұрыс жасаған дұрыс, соған үңіліп көрейікші.

Егер құрсақтағы балаңыздың интеллектін, ақылын, дарынын туылмай жатып дамытам деп ойласаңыз, қателесесіз, ондай ойдың бәрін бастан шығарыңыз. Ол мүмкін емес. Сіз бұл мерзімде тек баланың эмоциялық сезімталдығын ғана арттыра аласыз. Яғни, сезім мүшелерін жаттықтырасыз.

Егер құрсақтағы бала оған айтқан сөздерді түсінеді десеңіз, оның мүмкіндіктерін асыра бағалап жібергеніңіз. Ол не айтып жатқаныңызды түсіну үшін алдымен сөз мағынасын біліп алу керек (өзіңізді аудармашысыз өзге тілді адамдардың арасында елестетіп көріңіз). Сондықтан іштегі балаңыз сіз оқып берген «Мақта қыз туралы ертегінің» сюжетін түсінеді деп ойламаңыз: ол мақтаның не екенін, қыздың кім екенін білмейді, түсінбейді.

Алайда, бала сіз ертегі оқып жатқандағы, сөйлегендегі дауыс ырғағын, құбылмалылығын, интонацияны сезінеді, діріл деңгейінде сезеді. Ол діріл жағымды болса, бала рахаттанады.

Егер құрсақтағы тәрбие «музыка тыңдау», «поэзия оқу», «қарынды сипау» сияқты істерден тұратын болса, бұл әрекетте де нәтиже мардымсыз болады. Анасының ішінде жатқан сәби бәрін эмоциямен қабылдайтынын айттық, сіз сезінбей, сылдыратып оқып берген өлең балаға еш әсер етпейді. Анасының көңіл-күйі жақсы ма — іштегі бала да көңілді. Анасы мұңайды ма — баласы да мұңаяды. Сондықтан әр әрекетіңізді «сәннен қалмау» үшін емес, «шын жүректен» атқарыңыз, нәтиже де керемет болады.

Тіпті, балаға арнайы ештеңе оқмай-ақ, айтпай-ақ, анасы үнемі керемет көңіл-күйде, мейірімділікте жүрсе, соның өзі балаға керемет әсер етеді.

Жоғарыда жазылғандарды оқып алып, аяғы ауыр аналарға өмірінен жағымсыз эмоцияларды толықтай алып тастауға да болмайды. Баланы стрестен мүлде аластатып тастамау керек.

Баланың алғашқы эмоциялық күйлері анасынан беріледі дедік, сондықтан ол көңіл-күйдің барлық тұстарын көру керек: жылауды да, ашулануды да, уайымды да, тек мөлшерімен. Туылғаннан кейін кездесетін стрестерге солай дайындау керек баланы.

Баланың тәрбиесі ана құрсағынан басталады. Баланы дүниеге әкеліп тәрбиелеу, азамат ету – анаға да, әкеге де парыз. Десек те, ең бірінші әйел адамның бойында перзент 9 ай, 9 күн жататын болғандықтан, ең негізгі нәрсе соған байланысты. Осы ретте бала тәрбиелеудегі бірінші қасиет – сабырлылық.

Бала құрсаққа біткен сәттен бастап, ананың тәрбиесін алады. Ана құрсағында жатып, анасы нені үйренсе, нені білетін болса, соны бала тез игеріп алатын көрінеді. Тіпті медицинаның өзі құрсақтағы балаға сыртқы дыбыстың әр алуан әсері болатынын әлдеқашан дәлелдеп қойған. Бұл үрдісті біздің бабаларымыз да жақсы білген. Атам қазақ аттың жалында, түйенің қомында көшіп-қонып жүріп ән айтып, күмбірлете күй тартқан. Ән айту арқылы көңілдегі аурудың барлығының қашатынын олар әлімсақтан білсе керек. Шадыман көңіл жас анадан шаттық кернеген, мінезді ұрпақ туады деп сеніпті. Бала бойға біткен сәттен бастап, қазақтың ұлттық тәрбиесін, әдет-ғұрпын бойға сіңіріп, бойына қарап, денсаулығын күтіп, табиғаттың сұлу көріністерін тамашалап, қазақтың дәстүрлі әні мен жырын тыңдағаны абзал. Өйткені ана қуанса, іштегі бала да қуанады, ана қайғырса бала да қайғырады.

Адам жанының 12-мүшесі, яки арналары – түйсік – ұят – сүю – зерде – мінез – жігер – қабылет – ішкі бес сезімдері – бар жан дүниесі де, тәннің мүшелері – жүрек – ми – бауыр – өкпе – бүйрек – тағы басқалары тәрізді, тек ана құрсағында ғана жетіліп тәрбиеленетініне жете мән берілмейді.

Адамның тән құрылыстары – дамудың қандай күрделі жолдарынан өтсе, жан-дүниесі де қарапайым түйсіктен – санаға дейін жетіледі, бұл кезеңнің адам тәрбиесіндегі орны өлшеусіз. Жүрек тәрбиесінің жүйесіне енетін, жанның тума қасиеттерін ұштап тәрбиелеуші – тек ана. Егер адам тәрбиесінің 1-ші және 2-ші кезеңдерін салалай жіктеп ашып айтсақ: Ұрық тазалығы – еркектің аталық парызы болған да, ана құрсағындағы тәрбие – әйелдің аналық парасаты екенін, тіршіліктің бұлжымайтын заңындай етіп өмірге енгізу қажет. Ана атаулы жүкті кездерінде, жаратылыстың өзі бейімдеген қасиеттеріне ауысатындықтан, оның сыртқы бес сезімдері ғана емес, сондай-ақ ішкі бес сезімдері де, аса сезімтал қозғалмалы көңіл-күйде болатындықтары белгілі. Соның салдарындай, қазіргі дүниеге келіп жатқан нәрестелер түгелге жуық жүрек тәрбиелері оянбай, жан дүниелерінің арналары ашылмаған күйлері өмірге келіп жатыр. Сондықтан да, олардың зердесі таяз, жігерлері құм, мінездері дөкір, ұяттан безген, ешкімді де сүймейді, қабілеті әлсіз, түйсігі жоқ, көкірек көздері оянбаған, денсаулықтарының да ақаулары мол, адамдар тобырын көбейтіп отыр. Осының барлығы да бұған дейін ескерілмей келген адам тәрбиесіндегі аса ауыр қателіктер болып есептелінеді.

2. Жүкті әйелдердің күтімі. Жүкті әйелдер қалыпты жағдайдағыдан өзгеше күтім мен сақтықты қажет етеді. Сақ болуы тиіс әрекеттерге көңіл бөлгені жөн. Олай етпесе, құрсақтағы сәбиге зиян келуі әбден мүмкін. Сіздердің назарларыңызға жүкті әйелдердің жасауларына болмайтын іс-әрекеттерді ұсынамыз.

Жүктілік кезінде аяғы ауыр әйелге дұрыс күтім қажет. Әйелдің денсаулығы мен жалпы жағдайы іштегі ұрыққа тікелей әсер етеді. Сәбидің дені сау болып туылуы үшін қандай әрекеттерді істемеу керектігін айта кетейік.

Темекі шегу

Темекі шегудің зияны әйелдің денсаулығына ғана емес іштегі сәбидің денсаулығына кері әсерін тигізеді. Сәби туабітті ауру болады, денсаулығы нашар болады, тіпті, өлі туылатын да кездері болады.

Алкогольді ішімдіктер.

Құрамында спирттік қоспалары бар ішімдіктердің зияны дені сау адам үшін де аз емес. Ал іштегі шаранаға тигізер зиянын айтпаса да түсінікті. Ішімдіктерді тек жүктілік кезінде емес оның алдында да ішетін ер мен әйелдің балаларының денсаулығында қандай да бір кемістік болады. Өйткені қанға сіңген улы заттар еркектің аталық безіндегі ұрықта да болады. Сол ұрық ананың бойына өтіп, одан бала дамиды. Аздаған мөлшердегі алкогольдің өзі жатырдағы баланың дамуына зиянын тигізе алады.

Кофе мен Кола

Кофенің құрамында көфеин заты мол. Көфені көп мөлшерде пайдалану түсік тастауға алып келуі ықтимал, немесе баланың салмағы жетіспей туылады. Сондықтан, болашақ сәбидің денсаулығы үшін біраз уақыт кофеден бас тарта тұрған абзал. Дәл кофе секілді жағдай Кола ішкенкезде де болады. Сондықтан Коланың орнына табиғи минералды суларды немесе жай суларды пайдаланған жақсы болады.

Кейбір зиянды азық-түліктер

Аяғы ауыр әйелге шикі ет, теңіз өнімдерін, жұмсақ ірімшік жеуге болмайды және пастерильденбеген сүт ішуге болмайды. Мұндай жағдайлардың салдары түсік тастаумен не болмаса баланың кемтарлығымен аяқталу қаупі бар.

Шашты бояу

Шашты бояуға арналған бояғыштардың құрамында зиянды химиялық қосылыстар көп. Ол аллергия тудыруы мүмкін. Жүктілік кезінде гормональді өзгерістер болады. Нәтижесінде шаш ұсқынсыз күйге түсіп кететін кездер болады. Бірақ сұлулық үшін болашақ сәбидің өміріне қатер төндіріп керегі не?!

Ауыр зат көтеру, еңкею және жылдам қимылдау

Ауыр зат көтеру денеге күш түсіріп, буындар мен омыртқаны шамадан тыс шаршатады. Жүкті әйелдер үшін 3,5 келіден артық ауырлықтағы заттарды көтеуге болмайды.

Қатты еңкеюге және жылдам қозғалысты қажет ететін әрекеттерді істеуге болмайды. Бұндай әрекеттер ана мен баланың денсаулығына кері әсер етеді. Іштегі баланың дене мүшелері жылдам қозғалыстың нәтижесінде соққы алады.

Аяқта тік тұру

Аяғына түк тұрып жұмыс істейтін аналар әрбір сағат сайын 5-7 минуттай орындыққа отырып аяқтарын жазып, демалдырып тұруы керек. Егер демалып отырған кезде аяғыңызды аздап жоғары көтеріп тұратын зат тапсаңыз, аяқтарыңыз солай қойыңыз.  Ол сіздің аяғыңыздың қан айналымын жақсартады.

Үй шаруасындағы жұмыстар

Үй шаруасының жұмыстары көп жағдайларда әйелдің мойнына артылатыны белгілі, әсіресе, ауылды жерлерде. Бірақ аяғы ауырлаған әйелге мұндай істерден алшақ болғанның пайдасы зор. Малға қарау, сиыр, бие сауу секілді жұмыстардан босасаңыз, болашақ сәби үшін жақсы болады.

Әрбір үйдің ішіндегі тазалық жұмыстары кезінде жүкті әйелдерге химиялық қосылыстардан тұратын тазалағыш заттармен ұзақ уақыт жұмыс істеуге болмайды. Қалай дегенмен де, ондай заттардың кері әсері іштегі балаға тиеді.

Жүкті әйелдердің талғамы неге өзгереді?

Жүктілік әр әйелде әрқалай өтеді. Бірі – ешбір белгісіз, бірқалыпты өткізсе, екіншісінің тағамға деген талғамы ауысып, өзгелердің санасына сыйымсыз азық-түлікке жеріктігі пайда болады. Таныстарыңыздың бірі сыраға, енді бірі қыс ортасы бола тұра қарбызға, сағызға, шекілдеуікке, қандай да бір иіске құмар болады. Оған таңқала қараудың қажеті жоқ. Бұл — әйел ағзасында жүріп жатқан өзгерістердің белгісі. Бірнеше апта, тіпті бірнеше айға дейін созылатын процесс. Оның себебін қарапайым сөзбен түсіндіріп көрейік.

Прогестерон. Жүкті әйелдің бойындағы барлық өзгерістер мен өзгелер таңқаларлық іс-әрекеттерге кінәлі осы — прогестерон. Өйткені, бойға бала бітісімен әйелдің миында жатырмен байланыстыратын доминант пайда болады. 9 ай бойы іштегі бала мен ананы тікелей байланысына жауап береді. Ұрық жатырға бекігеннен кейін прогестерон түзіледі. Оның маңыздылығы неде? Прогестерон ананың сүт бездерін дамытып, жатырдың бұлшық еттерінің жұмысын арттырып, кеңеюіне сеп болады. Жүкті болғанға дейін де кез-келген әйел баласының бойында прогестерон кездеседі. Бірақ, жүктілікті 7-8 аптасына қарай екі есеге дейін белсенділігі артады. Дәл осы кезеңдерде ананың бойында өзгерістер жүре бастайды. Киімге, тағамға деген талғамы өзгереді. Бұрын тәттіні жақсы көрсе, енді ащы тағамдарға деген «махаббаты» оянады. Ал, оның кем не артық болуы дәрігерге жүгінудің белгісі. Тағы бір артықшылығы – болашақ ананың ағзасындағы қажеттіліктерді анықтап отырады. Мәселен, ағзаға қай дәруменнің жетіспей жатқандығына белгі береді. Белгі беріп қана қоймайды, орнын толтырудың «қамын» жасай бастайды. Осы сәтте аскорбин қышқылы жетпей жатса, жеміс-жидекке, кальций тапшы болса, борға, әкке, құртқа деген құмарлығы артады. Бұл сигнал түрінде асқазанға түседі де, ананың дәл сол дәрумен кездесетін тағамға деген тәбеті ашылады. Дәрігерлер мұндай жағдайда белгілі бір дәрумендерді ішуге кеңес береді /Ескерту: тек дәрігер нұсқаған дәруменді ішіңіз. Дәріханадағы кез-келгенін пайдалануға болмайды/.

2. Лекция тақырыбы: Нәресте тіршілігінің құрсақ ішіндегі дамуының функционалдық жүйелері.

Лекция мақсаты: Бала құрсаққа біткен сәттен бастап, ананың тәрбиесін алады. Ана құрсағында жатып, анасы нені үйренсе, нені білетін болса, соны бала тез игеріп алады. Сондықтан баланы туылған соң емес, құрсақтан бастап тәрбиелеу керек екендігін түсіндіру.

Лекция жоспары:

1. Нәресте тіршілігінің құрсақ ішіндегі дамуының функционалдық жүйелері.

2. Жүктілік күнтізбесі

Нәрестелік кезең – Жүктіліктің 3-айынан нәресте туғанға дейін созылады. Бұл кезеңде құрсақтағы нәрестенің тез өсуі, тіндердің жіктелуі, мүшелер мен жүйелердің дамуы жүреді. Нәрестенің тіршілігін құрсақ ішіндегі даму кезінде және туғаннан кейін қамтамасыз ететін жаңа функционалдық жүйелер тұрақтанады. Бала жолдасының функционалды белсенділігі артқан кезде ұрықтың дамуы ана организмімен өзара байланыста, тұрақты түрде жүреді. Ана мен құрсақтағы нәресте арасындағы өзара байланысқа биохимиялық, иммундық, эндокриндік, жүйкелік, т.б. механизмдер қатысады. Жүктілік кезінде әйел организмінде күрделі физиологиялық өзгерістер байқалады. Әйелдің сыртқы бейнесі, жүрісі өзгереді, бетіне сепкіл түседі. Тері қабаттары өзгереді. Жатырдың өсуіне байланысты құрсақ созылып, іштің ақ жолағы кеңейеді.

Ұрықтың дұрыс қалыптасып өсуі ананың денсаулығына, жасына, қанша бала тапқанына байланысты болады. Мысалы, түрлі аурулар (туберкулез, тұмау, диабет, бауыр ауруы, т.б.), дұрыс тамақтанбау немесе кейбір дәрі-дәрмекті дәрігердің рұқсатынсыз қабылдау, сондай-ақ, шылым шегу мен алкогольді сусындарды ішу – Жүктіліктің қалыпты дамымауына әкеліп соқтырады. Жүкті әйел мезгілімен жатып, күніне 8 – 9 сағат ұйықтап, витамині мол, көкөніс, жеміс-жидек, т.б. тағамдарды ішу қажет. Сондай-ақ гигиена талаптарын дұрыс орындап, денесін қыспайтын киім киіп, тазалық сақтауы, дәрігер белгілеген гимнастикалық жаттығуларды үзбей орындауы қажет. Денешынықтырумен шұғылданған әйел тез әрі жеңіл босанады. Жүктіліктің ұзақтығы – 280 күн (40 апта).

Әрбір ата-ананың арманы – сәби сүю, соңына шаңырағын құлатпай, әулетін жалғастыратын, өлгенінде өзіне Құран бағыштайтын ұрпақ қалдыру. Қасиетті Құран Кәрімде («Шура» сүресі, 49-50): «Алла қалаған пендесіне қыз береді, қалаған пендесіне ұл береді. Қалаған пендесіне ұлды да, қызды да нәсіп етеді. Сондай-ақ қалаған пендесін бедеу қылады» (тырнағына да зар етіп қояды) – деп айтылған. Яғни, сәби сүю – Аллаһ Тағаланың сыйы, Жаратқан Иеміздің өз қалауымен ғана берілетін осынау ұлы нығметті лайық көргені

Ұлды немесе қызды қалағанда. Екіқабат әйелдің ұл немесе қыз баланы тууы Аллаһтың бұйрығымен. Алайда халық арасында әйел екіқабат болар кезде сәбиінің жынысына әр түрлі емдік диеталар арқылы әсер ете алады деген де қызық бір түсінік, тәжірибе, ақыл-кеңестер бар.

Жүктіліктің үш кезеңі. Дәрігерлер жүктілікті үш тоқсанға бөліп қарастырады. Мұны жүктілік мезгілінің бастапқы 13 аптасы – алғашқы кезең, 14-26 апталар – орта кезең, 27 аптадан босанғанға дейін – соңғы кезең деп түсіндіретін де мамандар бар. Біз енді жүктіліктің үш тоқсанындағы жағдайларға тоқталайық. Бұл болжамдар медициналық зерттеулерге негізделіп жазылып отыр.

Бірінші тоқсанда (16 аптаға дейін):

Мамандардың айтуынша, бұл кезеңде іштегі нәрестенің көрер жарығының бар-жоғы шешіледі екен. Нақтырақ айтсақ, ол 6 аптаға дейін эмбрион. Жүктіліктің осынау алғашқы сатысында денсаулыққа, түрлі жағдайларға байланысты түсік тастау қаупі бар. Іштегі ұрық тек 7-8 аптада ғана жетіліп, адам кейпіне келеді де, осы уақытта жиырыла бастайды. Ал 13 аптада 30 грамдай ғана болатын шарананың басы, қолы, аяғы, саусақтары мен ішкі мүшелері, тіпті тіс төмпешіктері де болады, 12-14 аптаға қарағанда саусағын сорып, кіндігімен ойнап, айнала алатын көрінеді. Мінеки, осы кезде іштегі шарананың жынысы да білінеді. Бұл кезде жүкті әйелдің жылы киініп, ауыр заттарды көтермей, ашу-ызаға берілмей, күтінгені жөн. Кең киімдерді кию де осы кезеңде басталады.

Екінші тоқсанда (16-28 апта):

Осы уақытта баланың кейбір мүшелері жұмыс істей бастайтындықтан, ол әйелге салмақ түсіреді. Шешесінің ауруы бар болса оның іштегі нәрестеге де көшетіні белгілі. Қазіргі медицина ғылымының дәлелдеуінше, бала өмірінің алғашқы он бес жылындағы қандай да болмасын сырқаты жатырда алған ауру белгілері. 

Болашақ ұрпағының тағдырын ойлаған ана бала көтермес бұрын, бір жыл, жарты жылдан кейін ғана бала көтеруді жоспарлап, оған дейін жан-жақты емделіп алғаны дұрыс. Екінші тоқсанда шешесіндегі аурулардың жатырдағы нәрестеге берілген, берілмегенін дәрігерлер анықтай алады. Дәрігерлердің ескертуі бойынша, жүкті әйелге қауіпті кезең – 28 апта. Бұл кезеңде бала тез өсіп, 16 аптада дәм сезу қабілеті қалыптасып, шарана жанындағы судың (околоплодная вода) дәмін де сезетін болып шықты. Егерде шешесі қышқыл тағам, ащы жеміс-жидек жесе, мұрынын тыжырайтып, тәтті жесе жайланып, қуанатын көрінеді. Іште бала біткенін анасы көбінесе 4-5 айдан соң сезеді екен. 

Орта кезең ана мен балаға жайлы. Бұл мезгілде 1000 грамға дейін салмақ тартатын нәрестенің кірпік, қас, тырнағы да өседі, тыныс алу, жыныстық мүшесі дами бастайды.

Үшінші тоқсанда:

Іштегі баланың салмағы артады, қозғалысы жиілейді. Шешесі қатты қапаланса, жүйкесі тозса нәрестенің қозғалысы сирейді. Биоырғақ, магниттік тербеліс арқылы анасының көңіл-күйі сәбиіне беріліп отырады. Олай болса, бұл кезде аналар көп шаршамауға, қайғы-мұңға берілмеуге, қиналмауға тиіс. Мамандардың болжамынша, іштегі нәресте 7,5 айлығында ата-анасының дауысын ажырата алады, өлең мен әуенді есте сақтайтындай жағдайда болады. Нәресте жарыққа шығуына екі аптадай уақыт қалғанда туылар кезгі жатысына түседі, анасының жамбас сүйегіне тіреліңкіреп тұрады.

Ультрадыбыстық зерттеу. Оны қысқаша УЗИ деп атай береді. Жүктіліктің белгілі бір кезеңінде дәрігерлердің ұйғарымымен балаға үш рет ультрадыбыстық зерттеу жүргізсе, ол жеткілікті деп саналады. Зиянсыз деп танылғанымен, керексіз, жөн-жосықсыз мұндай зерттеулерді жасата бермеу қажет. Жүктіліктің алғашқы кезеңінде зерттеуден 1 сағат бұрын 0,7-1,0 литр шамасында таза су ішеді, соңғы екі кезеңде бұлай жасау керек емес. Жүктіліктің екінші кезеңінен бастап баланың жынысын, қозғалысын анық бақылауға мүмкіндік туады. Бұл кезде УЗИ-ге жұбайлардың бірге баруына болады.

Құрсақтағы сәбидің теріс жатуы. Іштегі нәрестенің қиғаш, көлденең жатуы, табиғи формада – басымен тік жатуы жатырдың ішкі қысымына байланысты екен. Анасы бұған дейін жасанды түсік жасатса, жыныс мүшесі ісік ауруымен сырқаттанса, іштегі бала қалыпты жағдайда жатпайды. Анасындағы қаны аздық, оның жұқпалы ауруларға шалдығуы да, тіпті тұмауратуы да құрсақтағы сәбидің теріс жатуына өз әсерін тигізеді.

Аяғы ауырға – тамақтың тәуірі. Әр адамға күніне 2000 калория қажет болса, жүкті әйелге 2500-2800 калория қажет. Жүктіліктің алғашқы кезеңінен-ақ әйелдер өз ағзасы талап еткен, қалаған асын жеуге, құнарлы тамақтарды, әсіресе, айран, сүт, сүзбе тәрізді ақты, дәнді дақылдарды, ет, балық, теңіз өнімдерін мол пайдаланғаны абзал. Аз-аздап жиі тамақтансын. Жеміс-жидектердің түріне емес, нәріне көңіл бөлу керек. Көктемде жаңа шыққан көкөністерді жеп, өткен жылғы картоп, асқабақ тәрізді көкөністерден бас тартқан жөн. Өте майлы, өте ащы асты, консервантты дайын тамақтарды, кофе, кола, тәттіні көп тұтынуға болмайды. Темекі тартпақ түгілі, шылым шегушілердің жанына да жақындамауға, арақ-шарап ішпеуге тиіс. 

Дәрі-дәрмек, дәрумендерді пайдалану. Жүкті әйелдердің бәріне бірдей кальций беруге болмайды. Әр әйелдің өз ерекшелігі бар. Дәрі-дәрмек ішерде сол ескерілсін. Кальцийдің ағзадағы артықшылығынан жаңа туылған балалардың көбісінің еңбегі туғаннан жабық немесе өте кішкентай болып туылған жағдайлар өмірде жиі кездеседі. Қалыпты жағдайда жас нәрестенің еңбегі 1 жасқа келгенде ғана жабылады, бұл мидың дамуына қажетті шарт. Жүкті әйелдің емдеуші дәрігердің рұхсатынсыз кез-келген дәріні, денеге жағатын майды өз бетінше қолдануы қауіпті.

Екіқабат әйелдің киімі. Жүктіліктің бесінші айында киім тарыла бастайды. Сол кезде жақсы сезіну үшін кең, жарасымды, арнайы киім киген қолайлы. Жүкті әйелдерге дәрігерлер синтетикалық бұйымдар мен киімдерді кимеуге кеңес береді. Және де аяқ киімі биік өкшелі болмасын, оның жайлы, жайдақ болып келу қауіпсіз, ыңғайлы.

Жүкті әйел жаттығулары. Екіқабат кезінде әйелдердің түк қимылдамай жатып алғаны дұрыс емес. Жүктіліктің әр кезеңіне байланысты орындайтын жеке жаттығулар бар. Оны жасап тұру босануды жеңілдетеді. Ал еш әрекетсіз жатып алған жүкті әйелдердің толғағы ұзағырақ болады. Қалаларда жүкті әйелдерге арналған жаттығу курстары ұйымдастырылған. Соған жазылып, ең құрығанда оған бір апта қатысып, әлгі жаттығуларды үйреніп алудың пайдасы зор.

Жүкті әйелдің салмақ қосуы. Мамандардың түсіндіруінше, екіқабат әйел босанғанша жалпы 10-12 кг салмақ қосады. Оның ішінде сәбидің өз салмағы – 3,5 кг болса, жолдасы – 0, 675 кг, ұрық жанындағы су – 0,8 кг, жатырдың үлкейгендегі салмағы – 0,9 кг, ананың ішкі клеткалық сұйықтығы – 1,4 кг, ананың майлы түйіршігі (клетчаткасы) – 3,25 кг болады (шамамен).

Ұрықтың дамуы жалпы 280 күнге, яғни 9 ай, 9 күнге созылады. Ұрықтың жатыр ішіндегі өмірі 3 кезеңнен тұрады. 1-ші эмбрионалъді алды кезеңде зигота бөлініп, көбейе бастайды. Бұл кезең 2,5 аптаға созылады. 5,5 аптаға жалғасатын 2-ші эмбрионалъді кезең басталады. Бұл кезеңде ағзаның басты мүшелері мен жүйелерінің қалыптасуы жүреді. Ал 3-ші феталъді кезең – жүктіліктің 8-ші аптасынан нәрестенің туғанына дейін жалғасады. Бұл кезеңнің бастапқы сатыларында ұзындығы тек 3 сантиметрдей ғана болатын ұрықтың барлық мүшелері қалыптасып, адам кейпіне келе бастайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтады: «Сендердің әрбіріңнің ана құрсағында жаратылуларың 40 күннен тұрады. Ұрық алдымен тамшы, кейін ұйыған қан, сонан кейін кесек ет болады. Осыдан кейін (яғни 120 күннен кейін) ана құрсағындағы балаға періште жіберіледі де, ол балаға 4 нәрсені белгілейді: 1. ризығын, 2. қанша өмір сүретінін, 3. істейтін амалын, 4. бақытты, не бақытсыз болатынын». Ғалымдар баланың 120 күннен кейін ойлау қабілеті пайда болады дейді, яғни жаны бар. Бұл жерде баланың өмірі, оған берілетін тәрбие, көрсетілетін қамқорлық ол дүниеге келгеннен басталады деген қате түсінік. Баланың өмірі аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуынан басталады. Бұл жасушалардың қосылуының өзі аса зор құдірет Иесі, он сегіз мың ғаламның Жаратушысы Аллаһ тағаланың қалауымен болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]