- •5. Мақалдың жалғасын тап.
- •6. Сөйлемге керекті сөзді көрсет.
- •9. Аралас буынды сөзді көрсет.
- •Сөздің тура және ауыспалы мағынасы.
- •1.Мақалдың жалғасын тап.
- •Сөз. Сөз тіркесі. Сөйлем.
- •4.Мақалдың жалғасын тап.
- •4. Мақалдың жалғасын тап.
- •Септіктер.
- •6. Мақалдың жалғасын тап.
- •5. Сөйлемге керекті сөзді көрсет.
- •12. Мақалдың жалғасын тап.
- •Табиғатты қорғау - баршаның міндеті. Есімдік.
- •Сын есімнің шырайлары.
- •Етістіктің шақтары.
- •Етістіктің райлары.
- •2. Мақалдың жалғасын тап.
- •7. Мақалдың жалғасын тап.
- •8. Мақалдың жалғасын тап.
Етістіктің райлары.
1-нұсқа.
1. Көктемде тойланатын мереке күнді көрсет.
А) Республика күні
Ә) Ата заң күні
Б) Жеңіс күні
В) Тәуелсіздік күні
2. 1-мамыр мерекесі қалай аталады?
А) Ынтымақ күні
Ә) Жеңіс күні
Б) Балаларды қорғау күні
В) Ата заң күні
3. Қай мейрамды Ұлыстың ұлы күні деп атайды?
А) Халықаралық әйелдер күні
Ә) Наурыз мейрамы
Б) Ынтымақ күні
В) Жаңа жыл
4.Әйелдер күнін атап өтуге кім ұсыныс айтты?
А) Алма Оразбаева
Ә) Клара Цеткин
Б) Надежда Крупская
В) Марта Олкот
5. Наурыз мейрамындағы дастарханның негізгі асы не?
А) ет
Ә) палау
Б) бауырсақ
В) наурыз көже
6. Қанша қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды?
А) 340
Ә) 518
Б) 633
В) 400
7. Кеңес Одағы Батырлардың ішіндегі қайсысы Қостанай облысында туған?
А) Иван Павлов
Ә) Талғат Бигелдинов
Б) Сергей Луганский
В) Әлия Молдағұлова
8. Қатардағы артық мейрам күнін белгіле.
Жаңа жыл, Наурыз мейрамы, Жеңіс күні, Халықаралық әйелдер күні.
А) Жаңа жыл
Ә) Наурыз мейрамы
Б) Жеңіс күні
В) Халықаралық әйелдер күні
9. 1910 жылғы әйелдердің халықаралық конференциясы қай елде өтті?
А) Белгияда
Ә) Англияда
Б) Данияда
В) Америкада
10. 7-мамыр қандай күн деп аталады?
А) Ынтымақ күні
Ә) Балаларды қорғау күні
Б) Жеңіс күні
В) Отанды қорғаушы күні
11. Етістіктің қанша райы бар?
А) 3
Ә) 4
Б) 5
В) 2
12. –са, -се жұрнақтар арқылы қандай рай жасалады?
А) шартты
Ә) қалау
Б) бұйрық
В) ашық
13. Сөйлемдегі етістік қандай райда тұр?
Сәби болғым келеді.
А) ашық
Ә) қалау
Б) бұйрық
В) шартты
14. Бұйрық рай етістігі бар сөйлемді көрсет.
А) Мен аннам мен әжемді құттықтадым.
Ә) Достар, мерекеңіз құтты болсын!
Б) Мерекеге дайындық жасап жатырмыз.
В) Анаңды мереке күнімен құттықтауды ұмытпа.
15. Сөйлемге керекті етістікті қой.
... , көп білесің.
А) Оқысаң
Ә) Оқығысы келеді
Б) Оқисың
В) Оқу
2-нұсқа.
1. Қай мереке көктемде тойланбайды?
А) Наурыз мейрамы
Ә) Ата заң күні
Б) Жеңіс күні
В) Ынтымақ күні
2. Мақалдың жалғасын тап.
Еңбек түбі - береке,
... ... ... .
А) көппен көрген ұлы той.
Ә) той тамағы тәтті.
Б) тойға барсаң, тойып бар.
В) көптің түбі - мереке.
3. 8-наурыз мерекесі қалай аталады?
А) Наурыз мейрамы
Ә) Халықаралық әйелдер күні
Б) Халықаралық баспасөз күні
В) Ынтымақ күні
4. Халықаралық әйелдер күні бірінші рет 1913 жылы қай елде өтті?
А) Ресейде
Ә) Данияда
Б) Қазақстанда
В) Германияда
5. Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған қазақ қызы кім?
А) Роза Бағланова
Ә) Ғазиза Жұбанова
Б) Мәншүк Мәметова
В) Шара Жиенқұлова
6. Талғат Бигелдинов соғыста кім болған?
А) ұшқыш
Ә) ғарышкер
Б) артиллерист
В) пулеметші
7. Неге наурыз мейрамы 22-наурызда тойланады?
А) Бұл күні жыл құстары ұшып келеді.
Ә) Бұл күні күн мен түн теңеледі.
Б) Бұл күні наурыз көже әзірленеді.
В) Бұл күні бәйшешек гүл жарады.
8. Наурыз көжеге неше азық түрлері салынады?
А) 5
Ә) 6
Б) 7
В) 8
9. Ұлы Отан соғысы қай жылы аяқталды?
А) 1641
Ә) 1942
Б) 1944
В) 1945
10.Әлия Молдағұлова қайда туған?
А) Ақтөбе облысында
Ә) Қарағанды облысында
Б) Ақмола облысында
В) Қостанай облысында
11. Барады, келдім, оқып отыр деген етістіктер қандай райда тұр?
А) қалау
Ә) шартты
Б) бұйрық
В) ашық
12. Қатардағы қай сөз рай аты емес?
Ашық, тұйық, қалау, шартты.
А) ашық
Ә) тұйық
Б) қалау
В) шартты
13. Сөйлемлегі етістіктің райын анықта.
Көп окысаң, көзің ашылады.
А) ашық
Ә) қалау
Б) шартты
В) бұйрық
14. Қалау райдағы етістік бар сөйлемді көрсет.
А) Мен сені көргім келеді.
Ә) Мен сені мейрам күнімен құттықтаймын.
Б) Сен маған хат жаз.
В) Сен келсең, кітапханаға барамыз.
15. Сөйлемге керекті етістікті қой.
Балалар, аналарыңды ... !
А) сыйласа
Ә) сыйлаңдар
Б) сыйлау
В) сыйла
14-модуль. Елтану.
Сөйлем мүшелері.
1-нұсқа.
1. Түйе сүтінен қандай сусын жасалады?
А) Қатық
Ә) Айран
Б) Қымыз
В) Шұбат
2. Қатардағы артық сөзді тап.
Қымыз, айран, қарта, шұбат.
А) қымыз
Ә) айран
Б) қарта
В) шұбат
3.Қазы, қарта, шұжықты ненің етінен дайындайды?
А) сиырдың
Ә) жылқының
Б) қойдың
В) түйенің
4. Қазақтың ұлттық тағамдары неше түрге бөлінеді?
А) 3
Ә) 2
Б) 4
В) 5
5. Қазы қандай тағам?
А) ет
Ә) сүт
Б) нан
В) дәннен жасалатын
6, Дәннен қандай тағам жасалады?
А) ірімшік
Ә) жент
Б) шелпек
В) қуырдақ
7. Шелпек қандай тағамдарға жатады?
А) дәннен жасалған
Ә) ет
Б) сүт
В) нан
8. Асықпен ойналатын ойынды көрсет.
А) көкпар
Ә) ханталапай
Б) қыз қуу
В) бәйге
9. Қандай сусынның емдік қасиеті бар?
А) қымыздың
Ә) айранның
Б) қатықтың
В) сүттің
10. Сүт тағамын көрсет.
А) қазы
Ә) талқан
Б) қуырдақ
В) құрт
11. Сөйлемдегі бастауышты анықта.
Қымыз қандағы гемоглобинді көбейтеді.
А) қымыз
Ә) гемоглобинді
Б) көбейтеді
В) қандағы
12. Қай сөйлемде тұрлаусыз мүшелер бар?
А) Балалар ойнап жатыр.
Ә) «Қыз қуу» - бұл ойын.
Б) Біз қонаққа бара жатырмыз.
В) Мен жеңімпазбын.
13. Қандай?Қай?Кімнің?Ненің? деген сұрақтарға қандай сөйлем мүшесі
жауап береді?
А) бастауыш
Ә) анықтауыш
Б) толықтауыш
В) баяндауыш
14. Сөйлемде асты сызылған сөз қандай сөйлем мүшесі?
Мен сені қонаққа шақырамын.
А) толықтауыш
Ә) пысықтауыш
Б) анықтауыш
В) бастауыш
15. Мақалдағы қай сөз баяндауыш?
Таиту үйдің тамағы тәтті.
А) тату
Ә) үйдің
Б) тамағы
В) тәтті
2-нұсқа.
1. Құрт қандай тағамға жатады?
А) ет
Ә) сүт
Б) нан
В) дәннен жасалатын тағам
2. Қатардағы қай сөз артық?
Ірімшік, айран, шұбат, қымыз,
А) ірімшік
Ә) айран
Б) шұбат
В) қымыз.
3. Ет тағамын көрсет.
А) жент
Ә) ірімшік
Б) бауырсақ
В) қуырдақ
4. Шұбат ненің сүтінен жасалады?
А) сиырдың
Ә) түйенің
Б) жылқының
В) ешкінің
5. Нан тағамын көрсет.
А) бесбармақ
Ә) қуырдақ
Б) бауырсақ
В) шұжық
6. Қай ойын ат ойыны емес?
А) бәйге
Ә) қыз қуу
Б) көкпар
В) алтыбақан
7. Қай тағам қазақ ұлттық тағамға жатпайды?
А) палау
Ә) қуырдақ
Б) ет
В) сорпа
8. Қазақтың басты ұлттық тағамы не?
А) ет
Ә) қуырдақ
Б) бауырсақ
В) айран
9. Бие (жылқы) сүтінен не жасалады?
А) шұбат
Ә) қымыз
Б) қатық
В) құрт
10. Адамның қуаты деп нені айтады?
А) атты
Ә) тасты
Б) денсаулықты
В) асты
11. Қатардағы артық сөзді тап.
Толықтауыш, баяндауыш, анықтауыш, пысықтауыш.
А) толықтауыш
Ә) баяндауыш
Б) анықтауыш
В) пысықтауыш
12. Қай сөйлем мүшесіне Атау мен Ілік септіктерінен басқа септіктердің
сұрақтары қойылады?
А) бастауышқа
Ә) баяндауышқа
Б) анықтауышқа
В) толықтауышқа
13. Сөйлемдегі сызылған сөз қандай сөйлем мүшесі?
Санаторий Бурабайда орналасқан.
А) толықтауыш
Ә) анықтауыш
Б) пысықтауыш
В) баяндауыш
14. Қай сөйлем мүшесі бастауыштың іс-әрекетін білдіреді?
А) баяндауыш
Ә) анықтауыш
Б) пысықтауыш
В) толықтауыш
15. Сөйлемдегі қай сөз баяндауыш?
Ет - дастарқанның басты асы.
А) ет
Ә) дастарқанның
Б) басты
В) асы
15-модуль. Жаз.
Үстеу.
1-нұсқа.
1. Жаз айларын көрсет.
А) наурыз, сәуір, мамыр.
Ә) мамыр, шілде, тамыз.
Б) маусым, шілде, тамыз.
В) қыркүйек, қазан, қараша.
2. Жазда ауыл қайда көшеді?
А) көктеуге
Ә) жайлауға
Б) күзеуге
В) қыстауға
3. Жазда адамдар қалай киінеді?
А) жеңіл
Ә) қалың
Б) жылы
В) ауыр
4. 1-маусымда қандай мереке атап өтіледі?
А) Отан қорғаушы күні
Ә) Қазақстан халықтарының бірлігі күні
Б) Наурыз мейрамы
В) Балаларды қорғау күні
5. Жазда ауа райы қандай болады?
А) суық
Ә) салқын
Б) ыстық
В) жылы
6. Қатардағы артық сөзді тап.
Көйлек, жейде, тақия, пальто.
А) көйлек
Ә) жейде
Б) тақия
В) пальто
