- •Сабақтағы рефлексия
- •3. Оқу нәтижесін анықтайтын оқу картасы (1-сынып үшін)
- •1.Бағалау парағы:
- •2.«Бағалау »
- •2.Бағалау картасы
- •5.Сабақтың оқу картасы
- •8.Өз жұмысыммен сабақта мен....
- •9.Сабақтың барысындағы сенің іс-әрекетің:
- •«Баға ағашы» рефлексиясы:
- •5.«Сен сабаққа қай баспалдақта болдың және онда не білдің?»
- •1.Көңіл –күйге арналған
- •2. Оқушылардың іс-әрекетіне арналған рефлексия
- •Әдебиет тізімі:
- •Мазмұны
БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУДЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ «ӨРЛЕУ» АҚ
СҚО ПҚБАИ ФИЛИАЛЫ
САБАҚТАҒЫ РЕФЛЕКСИЯ
Петропавл
2015
Кіріспе
Замануи сабақта жаңашылдықтың артуына байланысты оқушының өз-өзіне баға беру педагогикадағы алатын орны ерекше болып отыр. Соңдықтан бұл қазіргі кездегі білім саласындағы көкейтесті мәселелер қатарына жатады. Өз іс-әрекетіне сараптама жасауға жердемдесетін тәсілдерің бірі – рефлексия. Рефлексия сөзі латын тілінде reflexio - артқа қарайлау деген сөз. Шет тілдер сөздігінде рефлексия ой електен өткізу, өзін өзі тану, өз өзіне есеп беру деген сөз. Бұл адамның өз іс әрекетінің заңды түрде жүзеге асуының теориялық формасы. Ал педагогика саласында рефлексия іс-әрекеттің өзіндік талдауы және оның нәтижесі. Оқушылардың ой-өрісінің дамуы оқу үрдісі кезінде болады, ол оқушының өз бетімен білімін толықтыруы мен өзін өзі дамытуды қамтиды, бұл екеуі де рефлексиясыз жүзеге асуы мүмкін емес. Білімді саналы түрде меңгеру және белсенді болу дамыта отырып оқытудың негізгі қағидаларының бірі. Оқушы лілім алудың мақсатын саналы түрде түсінсе ғана белсенді болады. Рефлексияның мәні – адамның өзінің білімін, білімінің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау. Мұғалімнің рефлексиялық қызметінің мақсаты: педагогикалық әрекеттің негізгі компонентерін есіне түсіріп, олардың мәнін, алынған нәтиженің «дұрыс» не «бұрыс» болғанын дәлелдей алу, қолданылған әдіс пен құралдардың тиімді не тиімсіз болғанына байланысты өзіндік көзқарасын білдіру, орындалып өткен әрекеттің нәтижесін зерттеу. Тек сонда ғана алдағы жұмыстарда дұрыс мақсат қойып, алға қарай шығармашылықпен жылжудың жобасын жасау мүмкін болады.
Көрнекті ғалымдар Ш.А.Амонашвили, В.И. Загвязинский т.б. педагогикалық рефлексияны жаңаша ойлау стиліне жатқызады. «Рефлексия – адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы» - дейді Н.В.Кузьмина. Бұдан басқа да рефлексия жайында айтылған философиялық ойлар негізінен «адамның өзіне бағытталған зерттеу жұмысы», «өзіңнің ақылың мен рухыңды өзіңнің бақылауың» деген ойларды береді.
Психологтар мұғалімнің шығармашылығын дамытудың қысқаша формуласын «тәжірибе+сол тәжірибенің рефлексиясы=даму» түрінде ұсынады. Г.С.Сухобская мен Ю.В.Кулюткин екеуі бірлесе жазған педагогика оқулығында бұл үрдісті сипаттай отырып, оның мұғалімнің кәсіби әрекетінің өн бойында мына төмендегідей жағдайда байқалатындығы айтылады: біріншіден – мұғалімнің оқушының ойын, сезімдері мен іс-қимылдарын түсіну бығытындағы әрекеттесуінде; екіншіден – оқушылардың жас ерекшеліктері, даму мүмкіндіктерін ескере отырып, оқыту үрдісінің мақсаттарын аңықтау мен жобалауда; үшіншіден – оның өз әрекетін,сол әрекеттің субъектісі ретіндегі өзін талдауда. Тек сонда ғана мұғалімнің педагогикалық әрекетінде шығармашылыққа жол ашылады.
Рефлексияны адамның рухани әлеуетін ашу мен анықтаудың инновациялық жолдарының бірі деп тани отырып, Б.З.Вульфов пен В.И.Харькин «Рефлексияны ешкім және еш нәрсе алмастыра алмайды» деген пікір білдіреді.
Рефлексия білімдік әрекет ретінде екі салаға қатысты:
1) онтологиялық – пәндік білімдердің мазмұнымен байланысты;
2) психологиялық - әрекеттің өзіне арналған. Оның екеуінде де білім алушы өзінің білімдік-танымдық әрекетін талдай отырып әрекеттің өнімі мен сол нәтижеге әкелген істің жүру барысын ой елегінен өткізеді.
Мұғалім рефлексиялық тәжірибені меңгере отырып, өзі үшін қажетті шығармашылық біліктер мен дағдыларды да дамытады.
Рефлексиялық іс- әрекетке үйренген оқушы өзінің тұлғалық қасиеттерін шығармашылықпен өзгерте алады. Бұл - өзіндік сана, өзі-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі талдау, өзін-өзі іске қосу, өзін-өзі бағалау сияқты мәнді сапалармен сипатталады.
Өзіндік бағаның мотивизациялық-психологиялық тұжырымдамасы жетістіктерге деген қызығушылықты өзіндік бағалаудың жүйесі ретінде қарастырады. Өзіндік бағалау адамның көніл-күйіне, оның секемшілдіктен бастап жұмыста өзін-өзі ұмытуына байланысты. Сондай-ақ өзіндік баға адамның психологиялық-физиологиялық, психикалық күйзелістері, оның өмірлік тәжірибесі, ол өмір сүретін ортадағы және өмірге келген қарым-қатынас жүйесінде детерминалданғандығымен ерекшеленеді.
Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған, олардың ойлауын өздеріне, өздерінің әрекеттеріне қарататын рефлексиялық практикум рефлексиялық ортада тиімді жүреді.
Рефлексияны әр түрлі жүзеге асыруға болады, сабақтың соңындаң әр тақырыптың соңында, сабақ кезеңдерінің арасында, тарау соңында. Ол ақырындап оқушының ішкі рефлексиясына ұласу керек. Рефлексияның төмендегідей түрлері бар:
-оқу материалының мазмұнының рефлексиясы -көңіл-күй және эмоционалдық жағдайдың рефлексиясы - іс-әрекет рефлексиясы Рефлексияның бұл түрлерін жеке,топтық, жұптық түрде өткізуге болады.
Бастауыш сынып мұғаліміне жаднамалық нұсқаулар:
рефлексияның мәтіні оқушыларға тартымды, мазмұнды, қызықты болуы;
сабақта пайдаланған сайын түрлендірілуі қажет;
рефлексияның өткізу мерзімі кезенді және тәрбиелік мәні болғаны жөн;
Ұсынған әдістемелік жаднамаға бастауыш сынып мұғалімдері шығармашыл топ мүшелерінің сабақта пайдаланып жүрген рефлексиялық топтама енгізілген.
Сабақтағы рефлексия
Байтенова А.Н., Айыртау ауданы Саумалкөл ОМ бастауыш сынып мұғалімі
1. (1-сынып үшін) Смайлик арқылы:
Сабақ мен үшін :
Сабаққа менің қатысуым:
Достарымның қатысуы:
2.Сабақтың рефлексиясы (2-сынып үшін)
Сабақ аяқталды, менің ойым:
Мен үшін қандай жаңалық болды?
Қай жұмысты тез орындадым? (ауызша немесе жазбаша)
Қандай жетістіктерге жеттім?
Не ұнамады?
3. Оқу нәтижесін анықтайтын оқу картасы (1-сынып үшін)
Түстер және көлем арқылы
Бүгін сабақта менің:
1.үйренгенім |
|
|||||
2.орындай алмағаным |
|
|||||
3.қызыққаным |
|
4. Оқу нәтижесін анықтайтын оқу картасы (2-сынып үшін)
Бүгін сабақта маған:
1.үйренуге жеңіл болды |
|
2.бәрінен қызықты болды |
|
3.түсінуге қиын болды |
|
4.өте қажетті |
|
Кабдулмажитова Б.С., Қызылжар ауданы Бескөл «Парасат» мектеп – лицейінің бастауыш сынып мұғалімі
1. Сабақ қызықты өтті .....
Жаңа мәліметтер алдым ....
Назар аудару керек ....
Қосымша материалдар жинау ....
2.Сабақ:
Сабақта теориалық мәлімет алдым.....
Шығармашылық деңгейдегі сұрақтар ...
Ізденіске жетелейтін тапсырамалар ...
Есіңе сақта....
3.Сабақ жақсы өтті ,себебі мен ....
Бүгінгі сабақ ұнаған жоқ, өйткені .....
Қызықты өткен сәттері ...
4.Сабаққа деген қызығушылығым ....
Сабақтың сәтсіздігі меніңше ...
Келешекте мына жағдайларды ескерсе ....
5.Сабақтағы менің жауабым
Материалды қысқаша түрде мазмұндау |
|
Мазмұндау әдісі қосымша материалмен толықтырылған |
|
Сұраққа толық жауап беру |
|
Өзімнің жауабыма ризамын |
|
6.Сабақтағы менің жауабым
Сабақты түсінген жоқпын,өйткені ... |
|
Баяндау мазмұны күрделі ... |
|
Келешекте білу керек .. |
|
Өзімнің жауабыма риза емеспін,өйткені ... |
|
Сабитова А.С., Петропавл қ.Ә.Досмұхамбетов атындағы мамандырылған дарынды
балаларға арналған мектеп – интернатының бастауыш сынып мұғалімі
1.Қандай тапсырмалар қиындық туғызды?
Қай тапсырма орындауға қызықты болды?
2.Мұғалім: Сабақ аяқталуға жақындады. Бүгінгі сабақта жұмыс барысында әр топ, әр оқушы өзін әр түрлі сезінді. Бүгінгі сабақта айналысқан істерімізде әр баладан және тұтас сыныптан ішкі сезімдеріңнің жайлылығын бағалауларыңды өтінемін. Алдарыңдағы суреттке өзіңнің көңіл-күйіңді бейнеле.
Мұғалім: Маған да сендермен жұмыс істеу ұнады. Сабақты қорытындылайық.
Қалай ойлайсыңдар, бұл тақырып бойынша әлі де жұмыс істеу керек пе?
3.Тақтаға үш түрлі күнді ілеміз. Сабақ соңында әр оқушы тақтаға өз сәулесін апарып іледі.
Мұғалім: Балалар бүгін сендер сабақта күн сәулесі болдыңдар. Кім өзінің сәулесін қайда орналастырғысы келеді?
4.Ы. Алтынсаринның «Өнер- білім бар жұрттар» шығармасын өткеннен кейін.
- Егер мен 5-ке оқысам,....
- Егер мен 3-ке оқысам, ....
Абилева А.Ж., Петропавл қ. қазақ мектеп – гимназияның бастауыш сынып мұғалімі
1.Өзін-өзі бағалау
Оқу картасы
Сабақтағы мақсатым |
Үй жұмысына қалай жауап бердім |
Жаңа сабақ несімен қызықтырды? |
Менің сабақтағы белсенділігім |
Үйде не істеймін? |
|
|
|
|
|
Бүгін жоспарымда |
Өзіндік жұмыс |
Менің жауаптарым |
Қорытынды |
1 2 3 |
|
|
|
2.
3.Рефлексия
Бүгін сабақта мен
Тесттік тапсырма:
Үй тапсырмасы:
Кітапханамен жұмыс:
Неге әдеттену керек?
Не маған қызықты болды?
Мәтіннің мазмұнын түсіндім
Мәтіннің мазмұнын түсінбедім
Шотпаева А.Қ., Петропавл қ. ұлттық өркендеу № 17 ОМ бастауыш сынып мұғалімі
