- •Ауру тарихы
- •Паспорттық бөлім
- •Тыныс алу жүйесі.
- •Жүрек-қанайналым жүйесі.
- •Ас қорыту жүйесі.
- •Эндокриндік жүйе.
- •Аурудың графо- логиялық құрылысы:
- •Жетекші синдромдарды талдау:
- •Ажыратпалы диагноздың I этапы:
- •Алғашқы диагнозды негіздеу
- •Зерттеу жоспары:
- •Жалпы қан анализі 14.09.2016
- •Өкпе инфарктісі
- •Өкпенің қатерлі ісігі
- •Өкпенің инфильтрациялы туберкулезі.
- •Өкпенің бөліктік пневмониясы.
- •Клиникалық диагнозды негіздеу
- •Емдеу жоспары
- •Шығару эпикризі:
- •Жалпы қан анализі 14.09.2016
Өкпенің инфильтрациялы туберкулезі.
Жалпы қан анализінде: гипохромды анемия, нейтрофильді лейкоцитоз, лейкоцитарлы формуланың солға ағысуы, лимфопения, ЭТЖ-ң жоғарлауы болады;
Жалпы зәр анализінде: лейкоцитурия, гематурия, протеинурия, гипоизостенурия, кейде зәрде туберкулез микобактериясы анықталады;
Қанның биохимиялық анализінде: альбумин – глобулин коэффициенттерінің төмендеуі – бұл көп көлемде қақырық бөлетін науқастарда байқалады, қан плазмасында фибриноген, сиал қышқылдары жоғарылайды. С-реактивті ақуыз пайда болады (альбумин деңгейі төмендеп, глобулин мөлшері жоғарлайды).
Рентгенограммадағы өзгерістер: өкпе инфильтрациялық туберкулезінде келесі клинико-рентгенологиялық варианттар ажыратылады:
Бұлт тәрізді вариант – айқын емес контурлы, интенсивті емес гомогенді көлеңкемен сипатталады.
Дөңгелек вариантты айқын контурлы, дөңгелек гомогенді, аз интенсивті көлеңке, оның диаметрі 10 мл-ден жоғары.
Лобинфильтрациялы үрдіс өкпе бөлігін түгел қамтиды, көлеңкесі гомогенді емес.
Периоциссурит бөлік аралық саңылауларда орналасатын кең көлемді инфильтрат. Көлеңкенің контуры бір жағында айқын , ал екіншісінде жайылған.
Лобусты вариант – ірі және ұсақ ошақтарыдың бірігуімен түзілген гомогенді емес көлеңкемен сипатталады.
Қақырықтық қоректі орталарға еккенде: қақырықтағы туберкулез микобактерияларының бірнеше аздаған тіршілік етуге қабілетті қоздырғыш бар болған жағдайда анықтайды. Туберкулез микобактериялары егілгеннен бастап 15-25күн өткеннен соң, ақшыл қызыл – қошқыл таяқшалар түрінде көрінеді.
Ал менің науқасымда жалпы қан анализінде: лейкоцитарлы формуланың солға ығысуы, лейкоцитоз, ЭТЖ-ның жоғарылауы, осы аурудағы басқа көрсеткіштер менің науқасымның анализінде қалыпты. Ал зәр анализінде менің науқасымда қалыпты, өзгерістер байқалмайды. Биохимиялық қан анализінде сілтілі фосфатазаның, α2, г – глобулиндердің, С-реактивті ақуыздың мөлшері жоғарылаған. Кеуде қуысының жалпы рентгенограммасында: кеуде қуысына жасалған жалпы рентгенограммада, тура проекциясында сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде инфильтрация ошағы байқалады. Инфильтрация ошағының пішіні дұрыс емес, артқы контурлары жайылған, біртіндеп сау өкпе тініне ауысқан. Көлеңке сипаты – интенсивтілігі аз, гомогенділігі жоғары. Инфильтрация фонында өкпе суреті күшейген, өкпе түбірі кеңейген. Қақырықты БК(+) егу нәтижелері 3 рет зерттегенде де теріс мәнді болып шықты. Фтизиатр консультациясы: науқаста біріншілік және екіншілік туберкулезге тән өзгерістер жоқ, болжамды диагноз: Сол жақ өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясы.
Өкпенің инфильтративті туберкулезінде анықталатын лабораторлық – аспаптық (қанның жалпы анализі, жалпы зәр анализі, қанның биохимиялық анализі, қақырықты егу, кеуде клеткасының рентгенограммасы) зерттеу нәтижелеріне сәйкес келмегендіктен және фтизиатр консультациясын ескере отыра «Өкпенің инфильтрациялы туберкулезі» диагнозын жоққа шығарамын.
Өкпенің бөліктік пневмониясы.
Жалпы қан анализінде: лейкоцитоз, лейкоцитарлық формуланың солға ығысуы, ЭТЖ-ң жоғарлауы тән.
Қанның биохимиялық анализінде: фибрин, гаптоглобулин, С реактивті белок, жалпы белок фракциясының α2, г-глобулиннің, сілтілі фосфатаза деңгейінің жоғарлауы, лактатдегидрогенезаның (ЛДГ) активтілігінің жоғарылауы тән.
Жалпы шолу рентгенограммалық көріністе: өкпе тіні инфильтрациясының аймақтары өкпенің түгел дерлік бөлігін немесе оның бір бөлігін (жоғары,ортанғы,төменгі) қамтып, интенсивті қараюды береді. Қараю көлеңкесінің интенсивтілігі аз, гомогенділігі жоғары. Инфильтрация ошағының пішіні дұрыс емес, біртіндеп сау өкпе тініне ауысқан. Инфильтрация фонында өкпе суреті күшейген.
Қақырықты талдау: түсі: сары-жасыл, сипаты: шырышты-іріңді, тұтқыр.
Қақырықты бактериальді зерттегенде пневмококкты флора анықталды.
Менің науқасымдағы зерттеулер нәтижелерінің қорытындылары, өкпенің бөліктік пневмониясында жасалатын зерттеу нәтижелерінің қорытындысына ұқсас. Сондықтан, ажыратпалы диагноздың I және II этаптарының мәліметтеріне сүйене отырып клиникалық диагнозды қоямын:
Ауруханадан тыс сол жақ өкпенің төменгі бөліктік пневмониясы. Орташа ауырлық дәрежесі. ТЖ ІІ.
