- •Ауру тарихы
- •Паспорттық бөлім
- •Тыныс алу жүйесі.
- •Жүрек-қанайналым жүйесі.
- •Ас қорыту жүйесі.
- •Эндокриндік жүйе.
- •Аурудың графо- логиялық құрылысы:
- •Жетекші синдромдарды талдау:
- •Ажыратпалы диагноздың I этапы:
- •Алғашқы диагнозды негіздеу
- •Зерттеу жоспары:
- •Жалпы қан анализі 14.09.2016
- •Өкпе инфарктісі
- •Өкпенің қатерлі ісігі
- •Өкпенің инфильтрациялы туберкулезі.
- •Өкпенің бөліктік пневмониясы.
- •Клиникалық диагнозды негіздеу
- •Емдеу жоспары
- •Шығару эпикризі:
- •Жалпы қан анализі 14.09.2016
Ас қорыту жүйесі.
Жалпы қарағанда: Тәбеті төмендеген, жұтыну актісі сақталған. Ауыз қуысының шырышты қабаты қызғылт түсті, қабыну үрдістері байқалмайды. Тілі ылғалды, таза. Қызыл иегі қалыпты. Жұтыну актісі бұзылмаған. Іші қалыпты формада, тыныс алуға симметриялы қатысады.
Іштің беткей пальпациясында: іші жұмсақ, ауырсынусыз.
Образцов-Стражеско бойынша іштің терең топографиялық пальпациясында:
Сол жақ мықын аймағында беті тегіс, аз жылжымалы, тығыс консистенциялы, жұмсақ беткеймен, қозғалғыштығы 3-4 см, ауырсынусыз, шұрылдар байқалмайтын сигма тәрізді ішек анықталады.
Оң жақ мықын аймағында ауырсынусыз, жұмсақ беткейлі, тығыз консистенциялы, ені 2 см, қозғалғыш соқыр ішек анықталады.
Іштің оң жақ және сол жақ бөлімінде тоқ ішектің өрлеме және төменгі бөлімдері ауырсынусыз, ені 3 см, тегіс беткейлі, тығыз, шұрылы бар 2-3 см қозғалғыштық дәрежесінде анықталады.
Кіндік деңгейінде көлденең орналасқан, әлсіз тығыз консистенциялы, ені 2 см-дей ауырсынусыз, қозғалғыш, шұрылы жоқ, көлденең орналасқан тоқ ішек анықталады.
Ұйқы безі пальпацияланбайды.
Бауырдың Курлов бойынша өлшемі: 9х8х7 см, бауыр қабырға доғасынан шықпаған. Шеті үшкір ауырсынусыз.
Көкбауырдың Курлов бойынша өлшемі: 8х5 см
Нәжісінің түсі қоңыр, жоспарланған, ретсіз. Іш қату мен іш кебу байқалады. Антибиотикалық терапияға байланысты.
Зәр шығару жүйесі.
Бел аймағын қарағанда ісіну және басқа патологиялық процесстер көрінбейді, екі бүйрек те пальпацияланбайды. Соққылау симптомы 2 жақ бөлігінде: теріс мәнді. Пастернацкий симтомы: теріс мәнді. Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз. Зәр шығару жиілігі тәулігіне 3-4 рет. Қуық көлемі өзгермеген, пальпацияда ауырсынусыз.
Эндокриндік жүйе.
Бұл жүйе жағынан шағымдары жоқ. Қалқанша безі ұлғаймаған, консистенциясы жұмсақ, ауырсынусыз. Бездер жағынан патологиялар анықталған жоқ.
Жүйке жүйесі.
Санасы ашық, есі жеңіл эйфориялы. Тері сезімталдығы сақталған. Менингиальді және бас милық жүйкелердің зақымдалу симптомдары жоқ. Ұйқысы қалыпты, көңіл-күйі біркелкі. Иіс, дәм сезу мүшелерінде өзгерістер жоқ. Науқас есту аппаратының көмегімен естиді. Есте сақтау қабілеті сақталған. Ромберг сынамасы теріс. Терілік рефлекстер қалыпты.
Аурудың графо- логиялық құрылысы:
Жетекші синдромдарды талдау:
Науқас шағымдарына, анамнездік мәліметтерге, обьективті тексерулерге сүйене отырып, келесі симптомдар мен синдромдарды топтадым:
Синдром
|
Симптом
|
Өкпе тінінің тығыздалу синдромы
|
* Сол жақ өкпенің дем алу актісінде қалыңқы болуы; * Пальпация кезінде сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде дауыс дірілінің күшеюі; * Перкуторлы дыбыстың сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде қысқаруы, тұйықталуы; * Аталған аймақта аускультацияда везикулярлы тыныстың әлсіреуі, ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі.
|
Бронхтық-қабынулық синдромы
|
* Сары-жасыл түсті бөлінетін қақырықты жөтел
|
Ауырсыну синдромы
|
* Жөтелгенде, дем алғанда күшейетін сол жақ кеуде қуысының ауыруы; * Ауырсыну бірден пайда болуы.
|
Интоксикациялық синдром
|
* Дене қызуының 39ºC дейін жоғарылауы * Жалпы әлсіздік * Жұмысқа қабілетінің төмендеуі * Терлегіштік * Басының ауыруы * Қалтырау
|
Тыныс жеткіліксіздігі синдромы |
* Физикалық жүктемеде күшейетін ентігу * Цианоз әлсіз дамыған * ТАЖ 25 рет минутына |
Жетекші синдром: «Өкпе тінінің тығыздалу синдромы»
Осы синдромдар кездесетін аурулар тобы:
1.Өкпе инфарктісі
2.Өкпенің қатерлі ісігі
3.Өкпенің инфильтративті туберкулезі
4.Өкпенің бөліктік пневмониясы
