- •22. Атаксия түрлері
- •27.Энцефалиттер
- •28 Экономоның эпидемиялық энцефалиті
- •29.Миелиттер
- •30.Полиомиелит
- •31. Ми қан тамырлары зақымдануларының жіктелуі
- •II. Ми қан айналысы бұзылуының сипаты:
- •III. Мидағы зақымдану ошақтары:
- •IV. Ми қан тамырлары өзгерістерінің орналасуы мен сипаты.
- •32.Ишемиялық инсульт
- •33 Геморрагиялық инсульт
- •35 Ми қан айналысының өткінші бұзылымдары
- •37 Жедел ми қан айналысы бұзылуын дифф емдеу
- •II. Тыныс алу функциясын реттеуге арналған дәрі-дәрмектер.
- •V. Тамыр кеңітетін дәрі-дәрмектер.
- •41 Үшкіл нерв невралгиясы
- •42 Бет нервісінің невриттері мен невропатиялары
- •38 Полиневриттер мен полиневропатиялар
- •39 Шұғыл қабыну полиневропатиясы (Гийен-Барре синдромы)
- •43Бел-сегізкөз остеохондрозыньщ неврологиялық көріністері
- •57 Миотония синдромы бар тұқым қуалайтын нерв-бұлшық ет аурулары
- •55 Жұлындағы пирамида жолдары мен мишықты басым зақымдайтын аурулар
- •14.1. Этиологиясы
- •14.2. Патогенезі
- •14.5. Диагностикасы
- •14.6. Емдік шаралар
- •58 Сирингомиелия
- •48 Шашыраңды склероз
- •51 Бүйірлік амиотрофиялық склероз
- •53.Жұлындық және невралдық амиотрофиялар
48 Шашыраңды склероз
Шашыранды склерозды тұңғыш рет 1868 жылы француз неврологы Шарко дербес нозологиялық түр ретіңде сипаттап, оның патоморфологиялықөзгерістері мен даму ерекшеліктерін толық суреттеген. Шашыранды склероз нерв жүйесі органикалық ауруларының 5—8 %-ын құрайды, көбінесе ауа райы суық елдерде кездеседі, ал тропикалық және субтропикалық аймақтарда сирек ұшырасады.
Этиологиясы мен патогенезі. Осы күнгі ұғым бойынша шашыранды склероз әр түрлі инфекциялы уытты әсерлерге (егу кезінде организмнің өзіне жат белоктармен қайта кездесуі, қайталанған вирустық аурулар — қызылша, коклюш, грипп, т.б.) туындайтын нейро-аллергиялық ауру ретінде белгілі.
Аллергизацияның шашыранды склероздың пайда болуы мен дамуындағы ролін қазіргі заманда көпшілік мойындаған. А. Д. Адо мен А. X. Канчуриннің құтыртатын вирустан болатын аурудың нерв тканін кішкентай теңіз тышқанына қайталап кіргізу арқылы аллергиялық энцефалиттің моделін жасауы сәтті аяқталды. Шашыранды склерозбен ауырғандардың біраз бөлігінің қанынан шұғыл энцефало-миелиттің вирусын бейтараптайтын антидене анықталды (М. С. Маргулис, В. Д. Соловьева, 1943). Кейіннен шашыранды склерозбен ауырғандардың ми-жұлын сұйығынан қызылша, шешек вирустарына қарсы антиденелер табылды.
Шашыранды склероздың патогенезі ошақтық миелинсіздену (склероздық түйіндақтар) түрінде нерв тканінде арнаулы реакциялардың пайда болуына байланысты. Инфекциялы-аллергиялық көріністер (баспа, тонзилиттер, ревматизм, вазомоторлық ринит, есекжем, демікпе, Квинке ісінуі, дәріден болатын дерматиттер) шашыранды склерозбен ауыратындарда жиі кездесетіндігі ескерілуі керек. Сонымен бірге осы күнге дейін шашыранды склерозға тән патоморфологиялық өзгерістер туғызатын нақты агент табылған жоқ.
Патоморфологиялық өзгерістер пирамидтық және мишықтық өткізгіштердің миелинсізденуі мен склероздық түйіндақтар (сұр жене қызғылт-сұр түсті тығыз құрылымдар) пайда болуымен сипатталады. Олардың айналасында тамырлы-қабыну реакциялы микронекроздер ошағы байқалады. Түйіндақтар микроскопиялықтан көзге көріну
деңгейіне дейінгі мөлшерде білінеді. Олар жұлынның бүйірлік бағанында, ми бағанасында және мишықта басым орнығады. Түйін-дақтар аймағында миелинді талшықтардың ыдырауы байқалады да, біліктік цидиндр көбіне зақымданбайды немесе аз зардап шегеді (периаксиалдық үрдіс).
Шұғыл үрдіс басылғаннан кейін нерв талшықтарының аздаған ремиелизациясы байқалады да, білікті цилиндр арқылы өткізгіштік жеңілдейді. Ол бұрын жойылған функциялардың жартылай қалпына келуіне сәйкес болуы мүмкін.
Сонымен, шашыранды склерозға байланысты мембрананың миелиндеуші функциясы бұзылып, миелинді ыдырататын күрделі үрдіс пайда болады. Ыдыраған миелин талшықтарының орнында талшықты тыртықтар байқалады.
Клиникасы. Шашыранды склероздың клиникалық көрінісі пирамидтық және мишықтық бүлінулердің бірігуімен сипатталады. Аурудың алғашқы симптомдарына аяқтың шаршағыштығы, вестибулярлық бұзылымдар (бас айналу, лоқсу), парестезиялар, ауырсыну немесе көру қабілетінің уақытша төмендеуі, сонымен қоса құрсақ рефлекстерінің аса айқын білінбейтіндігі жатады. Шашыранды склеро-дың өршіген кезеңінде аяқтың парезі, патологиялық рефлекстер. атаксиялы жүріс. адиадохокинез, интенционды діріл байқалады. Патологиялық рефлекстер екіжақтан бірдей, сирек бір жақтан білінеді.
Шашыранды склероздың әдеттегі жағдайларында Шарко үштігі (нистагм, буын-буындарға бөліп, мәнерлеп сөйлеу, арнайы қимылдар кезінде пайда болып, тыныштықта білінбейтін интенционды діріл) анықталады.
Бас сүйек-ми нервтерінен көбінесе әкеткіш және көз қозғайтын нервтер зақымданады. Олардың зақымдану симптомдары көздің алдына қос көріну немесе көз қарас (назар) парезі (көздің ассоциациялық қимылдарының бұзылуы) түрінде өткінші сипатта болады. Кезбе нервтің қимылдатқыш ядросы зақымданғанда жұмсақ таңдай мен дыбыс байламдарының салдануы пайда болып, жұтыну бұзылады, сөзі мыңқылдақ, бір сазды болып шығады.
Патогномдық симптомдарының біріне құрсақтық рефлекстердің жойылуы жатады. Әдетте құрсақтық рефлекстер екі жағынан бірдей жойылады немесе олардың кейбіреуі білінбейді, тез әлсірейтіндігі байқалады. Сезімділік бұзылымдар тұрақсыз болғанымен, кейде үстірт және тереңдік сезімділіктің бұзылуы ықтимал. Жамбас қуысы ағзалары функцияларының бұзылуы (зәр шықпай қалу немесе оны ұстай алмау, еріксіз зәр шығару) аурудың алғашқы белгісі болып саналады.Шашыранды склерозбен ауырғандарда көру қабілетінің бұзылуы әр қилы. Кейде көргіштік төмендеу, скотома пайда болу, көз аясы тарылу түрінде білінетін ретробулбарлық неврит тез дамиды. Көру нерві үрпісі самай бөлігінің қуқылдануы жиі байқалады. Көру қабілетінің өзгеруі аурудың алғашқы белгілеріне жататындығын ескерген жөн.
Шашыранды склерозбен ауыратындарда психикалық бұзылыстар байқалады. Олар ашуланшақ, жылауық болады, есте сақтау қабілеті мен өз жағдайын бағалауы төмендейді.
Шашыранды склероздың клиникалық белгілерінде өзгеше диссоциациялар (ыдыраушы бұзылыстар) байқалады. Олар: 1) парездің аздап білінуі мен пирамидалық симптомдардың өте айқындығы; 2) тізе рефлексінің солғындығы мен аяқ ұшының ырғақты қимылдауы, патологиялық рефлекстер және бұлшық ет гипотониясы.
Ми-жұлын сұйығы өзгермейді немесе онда аса айқын білінбейтін өзгерістер байқалуы мүмкін. Жекелеген жағдайларда аурудьщ өршіген кезінде белок (0,45—0,66 %) пен клеткалардың аздап көбейгендігі байқалады, яғни ми-жұлын сұйығындағы өзгерістер патологиялық үрдістің белсенділік деңгейін көрсетеді.
Шашыранды склероздың барлық түрлерінің 60—70 %-ын құрайтын церебралды-жұлындық түрінен басқа, оның өзге де түрлері кездеседі.
1. Қыртыстық түрі психика бүлінуі мен эпилепсиялық ұстамалармен білінеді. Ол өте сирек кездеседі.
2. Гемиплегиялық түрі сәуле тәжіне, ішкі капсулаға немесе көру төмпешігі аймағына түйіндақтардың орнығуына байланысты. Ол, аурудың басқа түрлеріне қарағанда, шұғылырақ басталады, кейде тіпті инсультте болатын апоплексиялық сипат береді.
3. Мишықтық түрі қимыл үйлесімінің бүлінуі, мас адамша жүру, мүлт кетумен сипатталады. Бұл түрде Шарко үштігі жиі кездеседі.
4. Жұлындық түрі, әсіресе шашыранды склероздың алғашқы кезеңінде жиі кездеседі. Оның клиникасы аяқтағы үстірт сезімділіктің аздап бұзылуы мен жамбас қуысы ағзаларының аса білінбейтін бұзылымдарынан аяқтағы үдемелі парездер арқылы сипатталады.
5. Көздік түрі көру нервінің ретробулбарлық невриті, көру қабілетінің бұзылуы (көргіштіктің төмендеуі және парацентралдық скотома), қос көрінумен айғақталады. Ол түйіндақтардьщ көру нервіне (ретробулбарлы), көз қозғайтын нервтерге орнығуына байланысты. Бүл симптомдар жиынтығы аурудың алғашқы кезеңіңде жиі байқалады.
Шашыранды склероздьщ диагностикасында Шарко үштігін, көру нерві үрпісі самай бөлігінің қуқылдануын, құрсақ рефлекстерінің білінбейтіндігін және Д. А. Марковтың секстадасын (көру бұзылымдары, вестибулярлық ауытқулар, көз қозғайтын нервтер зақымдануы симптомдарының тұрақсыздығы, пирамидалық жүйенің алғашқы зақымдануы, вибрациялық сезімділіктің оқшау төмендеуі, ми-жұлын сұйығындағы коллолдты-белок диссоциациясы), сонымен бірге олардың ұзақ дамып, анда-санда қайталануын ескеру керек.
Емдеу. Шашыранды склерозды емдеу кезінде ауыр дене қимылдарьш қажет ететін жұмыстар істемеу, жеткілікті демалыс пен ұйқы, мезгілінде дұрыс тамақтану оңтайлы нәтижелерге жетуге ықпалын тигізеді.
Шашыранды склероздың инфекциялы-аллергиялық аурулар тобына жататындығын еске ала отырып, аурулар гормондық препараттарды
(0,3-0,4 мг преднизолон, 0,15—0,2 мг триамцинолон, 0,03—0,04 мг
дексаметазон) дозаларын біртіндеп төмендете отырьш, бір дүркін қолданған жөн, шұғыл жағдайларда біркеше дүркін инфекцияға қарсы терапияны (уротропин, антибиотиктер) жүргізу керек.
Жалпы денсаулықты нығайтатын емдік шаралар (витаминдер, дуплекс), аз мөлшерде — 100,0—150,0 мл қан құю жақсы нәтиже береді. Ескі патологиялық ошақтарды таратуға ықпал жасайтын дәрі-дәрмектерді (бийохинол, йодтық препаратгар, лидаза) қолданған да пайдалы.
Реактивтікке әсер ету мен қайта қалпына келтіру үрдістерін қарқындату мақсатында пирогеналды 25 МПД-дан біртіндеп 300 МПД-ге дейін көбейтіп, бұлшық етке жіберуді (бір дүркінде 10-15 рет) ұсынуға болады. Осы мақсатпен пропермилді де пайдалануға болады.
Бұлшық еттердің сіреспелік құбылыстарын азайту үшін бір дүркін қылқан ваннасын, сонымен бірге циклодол (0,002 мг), мидокалм (0,05 мг) тағайындауға болады, Дезоксирибонуклеазаны да қолдануға болады. Ол ДНК-лы вирустардың өсіп-өнуін тежейді. Аурудың алғашқы кезеңінде интерферонның оңтайлы әсер ететіні жөнінде мәліметтер бар. Оның вирустарға қарсы-кең көлемде ықпалы болатындығы белгілі.
