Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
невро 2 денгей.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155.47 Кб
Скачать

14.5. Диагностикасы

Эпилепсияны анықтау үшін ең алдымен науқаспен мұқият сұхбаттасып, қажетті деректерге толық талдау жасау керек. Эпилепсиямен зардап шеккен жандары бар отбасында тікелей тұқым қуалаушылық қаупі, ата-анасы алкоголизммен ауырғандарды анықтау маңызды роль атқарады. Анасының екіқабат кезіндегі денсаулығы, перинаталдық анамнез, баланың өсіп-дамуы мен ауырған аурулары жөніндегі мәліметтер, мінез-қүлқы мен интеллектісінде тиісті өзгерістердің бар-жоғы диагагстикаға қажетті факторлар болып есептеледі.

Элекгроэнцефалограммада эпилепсияға тән өзгерістер көрініс береді:

1. Шыңдар — төбесі үшкірленген, ұзақтығы 10—75 м/сек, амплитудасы 50—100 мкв, көбінесе бір фазалы оқшауланған толқындар.

2. Тығызданған толқындар — 10 секундтан аз ұзақтағы толқындар.

3. Үшкір толқындар — табаны кеңейген, төбесі сүйір (үшкір), ұзақтығы 75 м/сек көп, әр түрлі амплитудадағы (20—200 және одан да көп) толқындар. Олар бір, екі фазалы, жеке, топтасқан немесе көптеген болуы ықтимал.

4. "Тығыздалған толқындар" жиынтығы — екі тербеліс жиынтығы (шың мен тета- немесе дельта- толқыңдар, көбінесе ырғақты, секундына 2—3 жиілікте қайталанады).

5. Пароксизмалды ритмдер — секундына 8—12, 14—16, 20—39 жиіліктегі жоғары вольтажды ырғақты топтар.

Балалық шақта басталатын эпилепсия барлық жағдайларда дерлік бас сүйектің езгерістері арқылы (емізік тәрізді өсіндінің пневмати-

зациясы, сүйек қуыстарының шамадан тыс ұлғаюы, бас сүйек шұңқырларының тегістелуі, бас күмбезі сүйектерінің қалыңдауы және т.б.) білінеді. Пневмоэнцефалография, КТ, ЯМРТ эпилепсиялық ошақтың орналасуын анықтауға мүмкіндік береді. Патологиялық өзгерістер ми қабығы мен қарыншалар жүйесінде де байқалуы мүмкін.

Эпилепсиялық ұстамалар, өздерінің әр түрлілігіне қарамастан, пароксизмалдығымен, қысқа мерзімділігімен, әр ұстаманың нақтылы науқаста стереотиптігімен және көпшілік жағдайларда ес-түсінен айырылуымен сипатталады. Дегенмен кейбір эпилеспиялық ұстамалар диагностикалық ажыратуды қажет етеді.

Таралымды құрыспалы ұстамаларды истериялық ұстамалар мен талып қалудың құрыспалы түрлерінен ажырату керек. Таралымды құрыспалы ұстамаға пароксизм өтуінің фазалылығы тән: аура (егер ол болған жағдайда) — естен тану — құрысулар (тоникалық, соңынан клоникалық) — ес-түстің ұстамадан кейінгі өзгерістері (кома, сопор, ұйқы). Көз қарашықгарының кеңеюі мен олардың жарыққа реакциясының жойылуы байқалады. Эпилепсиялық ұстамалар қандай да болмасын жағдайларда пайда бола береді. Сырқаттар құлағанда көбінесе жарақаттанып қалады.

Истериялық ұстама әрқашан сырқаттың күйзелген шағында, маңайында басқа адамдар болғанда ұстайды. Истериялық ұстама көрермендерге арналған спектакль тәрізді, құлағанда олар жарақаттанбайды. Сіреспелі құрыспаларға әдетте описто-тонус титптес "истериялық доға" кірігеді, қол-аяқты, денені жазатын бұлшық еттердің сіресе құрысуы, әр түрлі астарлы кейіптер жиі көрініс береді, науқастар киімдерін жырта бастайды, бетін тырнайды, тістелеседі және т.б. Көз қарашығының кеңеюі әдетте оның жарыққа реакциясының жойылуы-мен қосарланбайды. Ұстама соңынан есінен тануы мүмкін, бірақ ол эпилепсиялық ұстамадан кейін де бола береді.

Талып қалудың құрыспалы түрлерінде әуелі естен тану мен бұлшық еттердің босауы байқалады, одан бірнеше секунд өткенде сіреспелі құрыспа пайда болады. Қарашық реакциясы өзгермейді. Науқастың түсі бозғылданады, артериялық қысымы төмендейді. ЭЭГ-да эпилепсиялық ұстамаларға тән өзгерістер көрінбейді.

Эпилепсиялық бас айналу ұстамасын бас айналудың басқа себептерінен ажырата білу керек. Эпилепсиялық бас айналу ұстамаларының ерекшелігі — олар қысқа мерзімді (секундтар), сыртқы әсерлерге байланысыз-ақ оқтын-оқтын қайталанады, ұстамалар болмаған аралықта вестибулярлық бұзылымдар болмайды. Бұл ұстамалар болып жатқан уақиғалардың шындыққа сай еместігін жиі сезінумен,сонымен қатар қорқыныш пен болуға тиісті оқыс оқиғаны сезумен, ал кейде естен танумен қосарланады.

Эпилепсия өзіндік ауру ретінде басқа ауруларда болатын эпилепсиялық синдромдардан ажыратуы керек. Эпилепсия көбінесе балалар мен бозбалаларда жиі болады. Эпилепсияның өту ерекшеліктері мен қосымша тексерістер арқылы алынған деректерді ескерген жөн.