- •22. Атаксия түрлері
- •27.Энцефалиттер
- •28 Экономоның эпидемиялық энцефалиті
- •29.Миелиттер
- •30.Полиомиелит
- •31. Ми қан тамырлары зақымдануларының жіктелуі
- •II. Ми қан айналысы бұзылуының сипаты:
- •III. Мидағы зақымдану ошақтары:
- •IV. Ми қан тамырлары өзгерістерінің орналасуы мен сипаты.
- •32.Ишемиялық инсульт
- •33 Геморрагиялық инсульт
- •35 Ми қан айналысының өткінші бұзылымдары
- •37 Жедел ми қан айналысы бұзылуын дифф емдеу
- •II. Тыныс алу функциясын реттеуге арналған дәрі-дәрмектер.
- •V. Тамыр кеңітетін дәрі-дәрмектер.
- •41 Үшкіл нерв невралгиясы
- •42 Бет нервісінің невриттері мен невропатиялары
- •38 Полиневриттер мен полиневропатиялар
- •39 Шұғыл қабыну полиневропатиясы (Гийен-Барре синдромы)
- •43Бел-сегізкөз остеохондрозыньщ неврологиялық көріністері
- •57 Миотония синдромы бар тұқым қуалайтын нерв-бұлшық ет аурулары
- •55 Жұлындағы пирамида жолдары мен мишықты басым зақымдайтын аурулар
- •14.1. Этиологиясы
- •14.2. Патогенезі
- •14.5. Диагностикасы
- •14.6. Емдік шаралар
- •58 Сирингомиелия
- •48 Шашыраңды склероз
- •51 Бүйірлік амиотрофиялық склероз
- •53.Жұлындық және невралдық амиотрофиялар
43Бел-сегізкөз остеохондрозыньщ неврологиялық көріністері
Рефлекторлық синдромдар. Аурудың басталуы шұғыл, кейде баяу болуы да мүмкін. Әдетте бел тұсында ауыру (люмбаго, люмбалгия), көбінесе екі жақтан бірдей болғанымен, бір жағында басым білінеді, ал кейінгі асқынуларында шонданай нерві бойымен таралуы ықтимал (люмбоишиалгия). Ауырсыну жөтелгенде, түшкіргенде, күшенгенде, белсенді қимылдар жасауға әрекеттенгенде, аласа орындыққа отырғанда, ұзақ уақыт түрегеп түрғанда, суық және ылғалды бөлмелерде болғанда күшейеді.
Көбінесе омыртқа маңындағы бұлшық еттердің рефлексті ширығуы байқалады да, оның өзі ауырсынуының пайда болуына ықпал жасауымен қатар, омыртқа желісінің керіле жазылуына кедергі келтіреді.
Люмбалгаямен зардап шеккендердің омыртқа жотасы қозғалмай қалатындықтан, төсек тартып жатуға мәжбүр болады, ал люмбоишиалгиямен сырқаттанғандар аяғының, жамбас-сан және тізе буын-дарының жартылай бүгілуі мен сирақ-табан буынының жазылу кейпінде болуын қалайды.
Л. С. Минордың (1901) суреттеуінде люмбалгаямен ауырып жатқан сырқат орнынан түруға әрекеттенгенде, әуелі тізерлеп, соңынан қолдарын санына тіреп жайымен көтеріледі де, белін қимылдатпауға тырысады (22-сурет). Люмбоишиалгиямен зардап шеккендер әуелі қолдары мен сау аяғын еденге тіреп тұрады, мұндайда ауыратын аяғы басқа жағына жылжытылады да, үнемі жартылай бүгілген кейпін сақтайды. Ауру орнынан тұрған кезде де ауыратын аяқ таяныш бола алмайды, табаны жерге толығымен емес, тек алдыңғы іш жағымен ғана жанасады. Зақымданған жағындағы бөксе бүкпесі жазылып, төмен қарай салбырайды.
Түрегеп түрғанда омыртқа жүйесінің кескіні өзгереді. Люмбалгиямен ауыратындарда шаншу қадалуы мен бұлшық ет ширығуы бел лордозының тіктенуімен қабаттасып, әдетте екі жақтан бірдей білінеді (тақта симптомы), ал люмбоишиалгаямен науқастанғандарда ауыратын жаққа бағытталған дөңестікті қорғаныс-рефлексті (шаншуға қарсы) сколиоз жиі байқалады. Мұндайда сырқат сколиоз бағытын өзгерткенімен, омыртқа жотасын тіктей алмайды.
Ауырсынуға қарсы қорғану кейпі отырғанда да өзгермейді. Сырқат омыртқа жотасына түсетін салмақты азайту үшін орындық шетіне, екі қолын оның арқасына таяу тіреп отырады (көпір симптомы). Люмбоишиалгия бір жақты болған жағдайда науқас орындық шетіне ауырған жағындағы бөксесін тигізбей отырады. Ауыратын аяқ тізе буынынан бүгіліп, сырты мен артына қарай жылжытылады.
Науқастың жүрісі әр түрлі вариантта өзгеруі ықтимал, бірақ белі қозғалмай қалады, оның адымы қысқа, люмбоишиалгия жағындағы аяқ аздап бір жағына ауытқиды. Кейде науқасқа сатымен жоғары шығу тегіс жермен жүргеннен гөрі жеңілдеу болады.
Бармақпен батыра басқанда паравертебралдық нүктелер мен қылқанды өсінділерде (Гар ауырсыну нүктелері) және маңдай нерві (Валле нүктесі) бойында ауырсыну білінеді. Түбіршектер мен нерв бағандарын қатты кергенде, тітіркеніске ұшыраған аймақта ауырсыну қарқыны күшейеді. Көру симптомдарын анықтау тәсілдері осыған негізделген, Люмбоишиалгиямен ауырғандардан көбінесе тұрақты түрде Ласег симптомы, кейде Сикар симптомы анықталады. Вассерман мен Мацкевич симптомдары санның алдыңғы жағында сан нервінің бойында байқалады.
Люмбаго мен люмбалгиялар бел деңгейінде белгілі бір омыртқа сегментіндегі патологиялық өзгерістер әсерінен синовертебралдық нерв рецепторларының тітіркенуіне, ал люмбоишиалгая патологиялық үрдіс түбіршектік синдром пайда болуына әсер ететін жұлын түбіршектері мен арқаншаларды қамтуына байланысты.
Патологиялық үрдіс симпатикалық талшықтарды қамтуына байланысты ауырсыну қарқыны жүргенде біршама азаятын, айқын локализациясы белгісіз симпаталгиялық реңге (дуылдайтын, күйдіретін, қышытатын, қысатын) ие болады.
Люмбалгиялар мен люмбоишиалгиялар ұзаққа созылған жағдайларда рентгенологиялық тексеріс жүргізу керек. Спондилография көмегімен омыртқадағы ісік метаздары мен туберкулездік спондилитті жоққа шығарып, жарақаттану мен деформациялайтын спондилез белгілерін анықтауға болады.
Аса айқын білінетін остеохондрозға байланысты пайда болатын түбіршектік синдромдар омыртқа өзегіне бағытталған омыртқааралық дискінің жарықшақтанып томпаюымен қосарланады. Мұндайда ауырсыну синдромы тұрақты болады. Клиникалық көрінісі негізінен сезімділік, рефлексті-қимыл және вегетативті-трофикалық бұзылыстар арқылы қалыптасады. Бірақ барлық жағдайларда ауырсыну сиңдромы зақымданған түбіршектер нервтендіретін аймақтарға таралу басымдығымен білінеді.
Бірінші бел түбіршегінің қысылуы шап аймағында ауырсыну мен сезімділік білінбеуі, кремастерлік рефлекстің көмескіленуі немесе жойылуы, ал екінші бел тубіршегінің қысылуы санның алдығы жоғарғы үштен бірі мен іш жағында сезімділік білінбеуі, тізе рефлексінің төмендеуі немесе жойылуы және алға қарай еңкею мүмкіндігінің қиындауы арқылы сипатталады.
Үшінші бел түбіршегі қысылғанда санның алдыңғы сырт жағына таралатын омыртқа жотасының бел тұсында ауырсыну, осы аймақ пен сирақтың іш жағының жоғарғы үштен бірінде гипестезия, тізе рефлексінің көмескіленуі және еңкею қиындығы пайда болады.
Төртінші бел үбіршегі қысылғанда бел аймағынан санның алдыңғы сырт жағына, сирақтың алдыңғы ішкі жиегіне және аяқ ұшының ішкі жағына дейін таралатын ауырсыну синдромы, осы аймақта үстірт сезімділік білінбеуі, саңды бұру қиыңдығы, тізе рефлексінің төмендеуі, сан бұлшық еттерінің семе бастауы мен әлсізденуі білінеді.
Бесінші бел түбіршегі қысылғанда бөксенің жоғарғы бөлігінде, санның сыртында, сирақтың алдыңғы сыртында, аяқ ұшының үстінде, ал кейде I немесе I—IV бақайлар маңында сезімділік білінбейді, үлкен бақай жазылмайды.
Бірінші сегізкөз түбіршегі қысылғанда ауырсыну аяқтың барлық бойында басым білінеді, ал табанда, сирақтың артында сезімділік білінбейді. Сонымен қатар өкше рефлексінің жойылуы мен аяқ ұшының салбырап қалуы (тырпылдата жүру) байқалады.
Екінші сегізкөз түбіршегінің қысылуына байланысты сан мен сирақтың артқы ішкі жағында ауырсыну айқын білінеді, санның артқы жағында сезімділік білінбейді және сирақ қиын жазылып-бүгіледі.Сирек болса да омыртқа өзегінің тарылуы мен ортаңғы жарықшақтық дөңестің пайда болуына байланысты ат құйрығының қысылуы байқалады. Мұндайда аяқ парапарезі мен жамбас қуысы ағзалары функциясы бұзылады. Кейде ат құйрығының өткінші қысылуына байланысты жүргенде аяқтың ауыруынан сырқат "жасырына" сылтып басады. Ол нерв бағанындағы ишемияға байланысты болуы да мүмкін.
Кейінгі жылдары компьютерлік томографияның кеңінен қолданылуына байланысты диск жарықшасы мен омыртқа өзегінің тарылуын миелографиясыз анықтауға қол жетгі.
Магнитті-резонанстық томография (МРТ) жұлын мен ат құйрығы қысылуын анықтауда аса құнды мәліметтер береді, бірақ оның құндылығы түбіршік компрессиясын анықтауда, компьютерлік томографияға қарағанда, әлдеқайда төмен.
59-54,Үдемелі бұлшық ет дистрофиялары
Үдемелі бұлшық ет дистрофиялары — негізгі патологиялық үрдістер бұлшық ет тканіңде орналасатын ең жиі таралған ауру түрлері. Олардың көпшілігі балалық немесе жігіттік шақта пайда болып, тоқтаусыз үдей береді және ерте ме, кеш пе ауыр мүгедектікке соқтырады, сырқат аурудың соңғы кезінде мүлдем қимылдай алмай қалады.
Үдемелі бұлшық ет дистрофиялары — әр түрлі тұқым қуалау типтерінің, симптомдарының басталу мерзімі мен қарқынының тұрақсыздығы, бұлшық ет зақымдануының әр алуан түрлерінің, сонымен қатар басқа да белгілерінің ерекшелігімен білінетін аурулар тобы.
Дюшеннің жалған гипертрофиялык түрі. Кәдімгі X хромосомаға тіркескен рецессивтік ауру болғандықтан, бұнымен ер балалар ғана ауырады. Жаңа туған ер балалардың әрбір 100000-ның 25—30-ында кездеседі. Миопатияньщ аталмыш түріне аурудың ерте басталуы (3—5 жаста) тән. Ол біртіндеп басқа бұлшық еттерге (балтыр, аяқтың жоғарғы жағы, арқа, құрсақ, т.б.) ауысатын сан мен жамбас бұлшық еттерінің үдемелі әлсізденуімен білінеді. Сырттай қарағанда бұлшық ет тканінің дәнекер және майлы тканьдерге айналуынан бұлшық еттер гипертро-фияланғандай болып көрінеді, ол әсіресе балтырда анығырақ білінеді.Науқастардың көпшілігінде, 1-2 жасқа келгендерінің езіңце, қимыл функцияларының кідіргендігі байқалады, олар кеш жүре бастайды, сирек жүгіруі, секіруі мүмкін. Көп ұзамай жүрісі ерекшеленіп, теңселе немесе ырғала басатын болды ("үйрек жүрісі"). Бел лордозы (тегістелуі) айқын білінеді. Кейін балалар құлағыш болады және әрең түрегеледі, сатымен көтерілуі қиындайды.
Балаларда болатын бұлшық ет дистрофиясының ауыр түрлерінде Говерс симптомы байқалады: еденнен көтерілгенде оң қолына сүйеніп, әуелі тізерлеп алады, содан кейін тізе буындарына және сандарына сүйеніп түрады. Әдетте бала 12 жасқа жеткенше жүре алмайды. Бұлшық ет көлемінің үлкею кезеңінен кейін гипотрофиялар пайда болады. Тізе рефлекстері, соңынан қолдағы сіңір рефлекстері ерте жойылады. Өкше рефлексі көпке дейін өзгермейді. Науқастардың көпшілігінде кенеттен өліп кетуге себеп болатын кардиопатия байқалады. Балалардың 25 %-ында ақыл-ой дамуы кешеуілдейді. Бұл аурудан балалар өмірінің екінші және үшінші онжылдығында өлім-жітімге ұшырайды (балалардың 75 %-ы 20 жасқа жетпей өліп қалады).
Қан плазмасына биохимиялық тексерістер жүргізу нәтижесінде бұлшық ет ферменттерінің, әсіресе креатинфосфокиназаның белсенділігі артқаны, бірнеше амин қышқылы мөлшерінің көбейгендігі байқалады. Бұл ауруға креатинурия тән.
Беккер миодистрофиясы. Миодистрофияның жиілігі жағынан екінші орын алатын X байланысқан түрі — Беккер қатерсіз жалған гипертрофиясы. Ауру клиникасы жағынан Дюшен миодистрофиясына ұқсас. Беккер бұлшық ет дистрофиясын жеке аурулар қатарына жатқызбай, Дюшенн дистрофиясының аллельдік варианты деп санайды. Миодистрофияның алғашқы түрлері 10—15 жаста және кешірек білінеді. Мұндайда интеллектуалдық өріс сақталады.
Миодистрофияньщ аталған екі түрі де (Дюшен жөне Беккер) X хромосомасы патологиясымен байланысты гетерогенді тұқым қуалайтын аурулар қатарына жатады (Мейогі К.еі.аі., 1989).
Эрб-Рот аяқ-бел миодистрофиясы аутосомды-рецессивтік түрде тұқым қуалайды. 1,5:100000 жиілікте кездеседі (ер балалар кыз балаларға қарағанда жиі ауырады). Алғашқы белгілерінің пайда болуына байланысты ерте, балалық және бозбалалық болып үш түрге ажыратылады. Ерте және балалық түрі 3—6 жаста білінеді.
Көптеген жағдайларда бұл миодистрофия бұлшық ет әлсіздігі, соңынан жамбас пен аяқтың жоғарғы жағындағы бұлшық еттер семуі түрінде белгі береді. Міндетті түрде арқа мен құрсақ бұлшық еттері зардап шегеді. Ол үйрекше жүріс, жатқан қалыптан тұру қиындығы, бел маңының айқын тегістелуі (лордозы) және іштің алға қарай шартиюымен білінеді. Науқастардың интеллектісі ұзылмайды.
