Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
невро 2 денгей.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155.47 Кб
Скачать

38 Полиневриттер мен полиневропатиялар

Полиневропатиялар (полиневриттер) — баяу (босаңқы) салданулар немесе парездер мен сезімділік, вегетативтік және трофикалық бұзылыстардың аяқ-қолдың төменгі бөлшектерінде басым байқалуымен сипатталатын шеткі нервтердін көптеп зақымдануы.

Этиологиясы. Полиневропатиялар біріншілік және екіншілік инфекциялар (тұмау, эпидемиялық паротит, аденовирустық инфекциялар, ботулизм, дифтерия, дизентерия, т.б.), уыттанулар (алкоголь, мышьяк препараттары, қорғасын, сынап, ортокреозилфосфат, марганец, көміртегі тотығы, т.б.), бауыр мен бүйректің созылмалы аурулары, коллагеноздар, генетикалық ферменттік ақаулар (порфирия), т.б. зат алмасу бұзылымдары әсерінен пайда болады.

Эметин, висмут, алтын тұздары, сульфаниламидтер, изониазид, антибиотиктер, т.б. дөрі-дәрмектердіәр түрлі патологиялық өзгерістерді емдеу үшін ұзақ уақыт пайдалану медикаментоздық полиневропатияньщ пайда болуьша себеп болады.

Полиневритгер мен полиневропатиялардың пайда болуына иммундық және аллергиялық реакциялар ықпалын тигізеді. Бұл реакциялар инфекциялар, вакциндер және организмге кіргізілетін бөтен белоктардьщ әсерінен болатындығы белгілі.

Клиникасы. Біріншілік және екіншілік инфекциялық полиневриттер дене қызуы 38—40°-қа шұғыл көтерілуімен басталады. Бүкіл денеде, аяқ-қолда ауырсыну, бас ауыруы, ұлтабар-ішек бұзылымдары пайда болады. Ауру басталғаннан кейін 2 немесе 3-ші күні қол мен аяқтың төменгі бөліктерінде парестезиялар байқальш, соңынан оларға сіңірлік және периостальдық рефлекстердің көмескіленуі немесе жойылуымен қабаттасатын қол мен аяқ парездері қосылады. Сонымен қатар үстірт және терең сезімділік бұзылыстары білінеді. Кейде патологиялық үрдіске III, VII және X жұп бас сүйек-ми нервтері және диафрагмалық нерв ілігеді (дифтериялық полиневрит, ботулизм).

Уыттанудан, авитаминоздан және аутинтоксикациялардан пайда болатын екіншілік полиневрит созылыңқы немесе созылмалы түрде өтеді. Аяқ пен қол ұштарындағы ауырсынулар мен парестезиялар және осыған тән қимыл мен сезімділік бұзылыстары ұзақ уақыт бойы (бірнеше айға дейін) үдей түседі.

Полинейропатиялардың бәріне қол мен аяқ ұшындағы бұлшық еттердің семуі, вегетативті-трофикалық және сезімділік бұзылыстары тән. Кәсіби жұмысына байланысты немесе уыттанудан болатын

полиневриттер көбінесе перифериялық парездің белгілерінсіз-ақ (вегетативтік-сенсорлық полиневропатиялар) бола беруі мүмкін.

Полиневропатияның жеңіл түрлері сауығып кетумен аяқталады. Аса ауыр жағдайларда парез, контрактура және сезімділік бұзылуы түрлерінде тұрақты қалып қоятын құбылыстар байқалуы мүмкін.

Емдеу. Ем аурудың пайда болуы мен әрі қарай дамуына себеп болатын жағдайларға қарсы бағытталуға тиісті. Мысалы, ауру инфекция әсерінен болғанда антибиотиктер, сульфаниламидтер және басқа да қабынуға қарсы емдік шаралар қолданылады, ал уыттанудан болатын полиневропатияларды емдеу үшін оны тудыратын заттармен байланысты жою (дәрі-дәрмектер, химиялық қосындылар, ауыр металдар, т.б.) керек. Полиневропатияньщ аса ауьлр түрлерінде өмір сүруге қажетті емдік шаралар мен дезинтоксикациялайтын препараттар пайдаланылады.

Алкогольдік полиневропатиямен ауыратындарға тиаминның жоғарғы дозасы (3—5 мл В( витаминнің 5 % ерітіндісі) және поливитаминдер ұсынылады.

Полиневропатиялардьщ барлық түрлерінде, олардың пайда болуына әсер ететін факторларға қарамастан, "В" тобыңдағы витаминдер, аскорбин қышқылы тағайындалады. Аса айқын білінетін ауырсынуларда новокаин электрофорезі, ҮЖЖ, индуктотермия, ультрадыбыс қолданылады. Бірінші күннен бастап дибазол беріледі, ал антихолинэстераздық препараттар (прозерик, галантамин, т.б.) тек неврологиялық симптомдардың үдеуі тоқтаған кезде тағайындалады. 4 бөлімді ванналар да пайдалы.

Резидуалдық кезеңде родондық, күкірт-сутегілік ванналар, біртіндеп жоғарылатылатын мөлшерде пирогенал, прозерин, жылулық ем шаралары (лай немесе озекерит аппликациясы, нафталанмен фонофорез) тиімді.