Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
невро 2 денгей.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155.47 Кб
Скачать

V. Тамыр кеңітетін дәрі-дәрмектер.

2,4 %-дық 10 мл эуфиллин венаға баяу 10 рет немесе 20 % папаверин бұлшық етке 10 рет; 2,0 мл — 2 % папаверин глюкоза ағымымен венаға; 2—4 мл — 2 % но-шпа бұлшық етке 7—10 рет; 1 таблетка никоверин күніне 3 рет 10 күн бойы; 2—4 мл галидор венаға, 300 мл — 10 % глюкозаға қосылған 20 мл — 5 % гаммолон тамшылатып венаға; 200 мг актовегин минутына 40 тамшыдан венаға жіберіледі.

Дифференцияланған терапия (емдік шаралар)

Геморрагиялық инсультті емдеу үшін коагулянттар: венаға 10 %-дық 10 мл хлорлы кальций, 10 %-дық 2,0 мг викасол; бұлшық етке Ш %-дық 10 мл кальций глюконаты, тәулігіне 2 рет Імл рутамин, 0,02 мл рутин апта бойы күніне 2—3 рет, антифибринолиздік препаратгар: 20—30 млн бірлік контрикал тамшы түрінде 2—4 сағат бойы (егер бірінші иньекциядан сырқаттың жағдайы түзелмесе, оны қайталайды, бірақ тәулігіне 2-ден артық болмауы керек); 100 мың бірлік тразилол (соңынан тамшы түрінде 4—10 күн бойы 12 сағат сайын), азепрамин (эпсилопаминокапрон қышқьшы ерітіндісі) 3—6 сағат аралығында тәулігіне 3 рет, 250 мг дицинон (циклонамин) венаға немесе 250-500 мг-нан бұлшық етке жіберіледі. Оның тәуліктік дозасы — 500-1000 мг.

Сиктетикалық ингибиторлар ми тамырларының аневризмі жарылуынан тор қабық асты кеңістігіне көп қан құйылған жағдайда қажет болады.

Ишемиялық инсультті емдеу үшін 30 минут бойы 1—2 млн бірлік стрептокиназа тағайындалады. Аллергиялық реакцияларды болдырмау үшін венаға 30 мг преднизолон салынады. Әрмен қарай оның әсерін сақтап қалатын дозалары (7—10 млн бірлік) 18—24 сағат бойы тамшы түрінде жіберіледі.

Магистралдық тамырлардың тромбозында 300—350 мл физиологиялық ерітіндіге қосылған 20—30 мың бірлік фибринолизин (осы ампуланың ішіне 10 мың бірлік гепарин қосылады) қолданылады. Бұл қоспа венаға 4—5 сағат бойы минутына 16—20 тамшыдан жіберіледі. Алғашқы күні венаға тәулігіне 6 рет, екінші күннен тәулігіне 3—4 реттен 10 мың бірлік жіберіледі. Фибринолизин бірінші күні нәтиже бермеген жағдайда сол дозасы екінші күні қайталанады.

Тікелей әсер ететін антикоагулянттармен емдегенде қан ұю уақыты алғашқы деңгейінен 2 есе артпауы тиіс. Егер артса, онда гепарин қайтып салынбайды.

Ауру басталғаннан екінші күннен әрі қарай тікелей әсері болмайтын антикоагулянттар (0,3 мг неодикумарин 2 рет, 4 мг синкумар 3 рет, 0,003 мг фенилин 3 рет, 0,05 мг омирин 2—3 рет) протромбин индексін бақылау арқылы тағайындалады. Ол 50 %-дан төмен болмау керек. Емдеу мерзімі 1 айдай немесе одан артық.

Қанды сұйылту (гемодимоция) оның микроциркуляциясын жақсартуға көмектеседі. Ол үшін венаға минутына 20 тамшыдан аспайтын 400 мл полиглюкин немесе реополиглюкин жіберіледі. Бүл жағдайда артерия қысымының артуы мен ангиоспазм болуы ықтимал. Сондықтан ерітіндіге 2,4 %-дық 10 мл эуфиллин қосылады. Емдеу мерзімі инсульт басталуынан 7 күнге созылады. Препарат тромболиттік терапия жүргізілмеген, артериялық қысымы төмен немесе қалыпты мөлшерден өзгермеген науқастарға тағайындалады.

41 Үшкіл нерв невралгиясы

Этиологиясы. Үшкіл нерв невралгиясы жалпы инфекциялар (тұмау, ревматизм) мен бет айналасындағы созылмалы қабыну үрдістеріне (шіріген тістер, гайморит) байланысты жиі пайда болады. Сүйек өзектерінің туа біткен тарлығы мен интоксикацияның да маңызы бар. Кейбір жағдайларда атеросклероз немесе гипертониялық ауру зардабынан нервтің жұлындық ядросында қан ағысы бұзылуы аталмыш невралгияға себеп болады.

Көптеген науқастарда аурудың себебі анықталмай қалады. Үшкіл нерв невралгиясының аса маңызды себептерінің бірі — одонтогендік инфекция. Ми қан тамырларының аневризмасы нервтің сезгіш түбіршегін қысуынан үшкіл нервтің бірінші және екінші тармақтары тарайтын тұстарында ауырсыну пароксизмі пайда болатындығы белгілі. Тригеминалдық ауырсыну варолиев көпірі мен көпір-мишық бұрышындағы немесе Гассер түйініндегі ісіктен де білінеді.

Үшкіл нерв невралгиясының пайда болуына нерв шығатын сүйек саңылауларының тарлығы да өзіндік ықпалын тигізеді. Оған невралгия көбінесе оң жақта болатындығы дәлел, өйткені сүйек саңылаулары мұнда, сол жағына қарағанда, тарырақ.

Үшкіл нерв невралгиясы нерв тармақтары өтетін сүйек саңылауларындағы периостит немесе сүйектің қатты жарақаттануына байланысты тығызданған тыртықтармен олардың қысылуы әсерінен пайда болуы мүмкін. Ауру көбінесе 35—40 жастағыларда кездеседі. Көбінесе нервтің екінші және үшінші тармақтары зақымданады.

Клиникасы. Үшкіл нерв невралгиясының клиникасы ол таралатын аймақтарда шұғыл пайда болатын дуылдатып күйдірген тәрізді ауырсынулармен сипатталады. Ұстама 5—10 секундтан бірнеше минутқа дейін созылады.

Әрбір ұстама оған тән ауырсына тыжырыңдаумен, сонымен қатар вегетативтік бұзылымдармен (беттің қуқылдануы немесе қызаруы, мұрыннан шырын бөліну, жас ағу) қабаттасады. Ол әр түрлі эндогендік және экзогендік факторлар (ыстық немесе суық тағам, эмоционалдық ауытқу, өте жарық сәуле, қатты дыбыс) әсерінен ушығады. Әдетте ұстама жеңіл тітіркенулерден-ақ пайда бола береді. Тағам қабылдау, әңгімелесу, сақал алу - осының бәрі ұстамаға әкеліп соғатындықтан, сырқаттар мүмкіндігінше мұндай шаралардан аулақ болуға тырысады. Ауырсыну ұстамаларының шыдатпайтындығы соншалық, науқастар кез келген, тіпті қауіпті операцияларға да келісім беруге дайын, көбінесе олар өзін өзі өлтіруге де таяу тұрады.

Ұстамалар арасында үшкіл нервтің қызметі бұзылмайды. Қатты ұстамалар кезінде ауырсыну көбінесе үшкіл нерв аймағына тегіс тарайды. Нерв шығатын сүйек саңылауларын батыра сипағанда ауырсыну жиі байқалады. Невралгияның зақымданған нерв аймағына сәйкестігін нақты анықтау қажет. Сол себепті үшкіл нерв тармақтары-ның қайсысында невралгия болғандығы жеңіл ұстамалар кезіндегі ауырсынудың білінетін жеріне байланысты анықталады.

Үшкіл нервтің біріншілік невралгияларын невралгизмнен (бет аймағына берілетін ауырсынулар) ажырату қажет. Мысалы, бауыр немесе өкпе, гинекологиялық, т.б. аурулар асқынғанда (сарғаю, бүйрек ұстамасы) бетте ұстамалы ауырсынулар пайда болады. Невралгизмге байланысты ұстамалар аса айқын білінбейтіндіктен үшкіл нерв тармақтары тарайтын аймақтарда ауырсыну байқалмайды, Үшкіл нерв невралгиясы беттегі шектелген аймақтарға (мұрын қанаттары, жоғарғы ерін) тән, яғни олардың тітіркенуі ұстамалар пайда болуына себеп болады. Зақымданған нерв таралатын аймақта гиперестезия немесе гаперпатия байқалады.

Емдік шаралар. Ауырсыну ұстамаларына қарсы аналгетиктер (аналгин, амидопирин, фенацитан, антипирин, бутадион, т.б.), кейде промедол, омнопон және морфин қолданылады.Үшкіл нерв невралгиясы асқынғанда эпилепсияға қарсы дәрі-дәрмектерді пайдалану арқылы айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуге болады. Олардың ішінде ең жиі қолданылатындары:

1) таңертең және кешке 100-200 мг карбамазепин (тегретол, финлепсин, стазенин), кейде оның мөлшерін тәулігіне 800—1000 мг-ға дейін жеткізуге болады;

2) тәулігіне 250 мг-нан сукцимид (сукцилеп, пикнолепсин), соңынан терапиялық нәтижеге жеткенше оның мөлшерін көбейтеді де, біртіндеп қажетті мөлшерге дейін төмендетеді;

3) 0,2 г триметин күніне 4 рет апта бойы, соңынан 0,2 г-нан күніне 3 рет - 1 апта, бұдан кейін 0,2 г-нан күніне 2 рет және 1 рет,

Л. Г. Ерохина (1982) аса ауыр және жиі қайталайтын ұстамаларды емдеу кезінде аминизинның 0,25 % ерітіндісін 1 мл-ден, 0,005 г дилантинге В12 витаминін (1000 мкг) қосып, күніне 2 реттен бұлшық етке 7-10 күн бойы жіберуді, одан әрі бір дүркінге 5—6 процедурадан диадинамикалық ток және 7-10 күн инерефлексотерапия қолдануды ұсынады.

Дәрі-дәрмекпен (консервативтік) емдеу нәтиже бермеген жағдайда симпатикалық және жұлдыздық түйіндерге новокаинмен блокада жасалады. Нерв тармақтары кіретін сүйек өзегіне спирт-новокаиндық блокада жасауға да болады.

Гассеров түйініне немесе үшкіл нерв түбіршегіне стереотаксистік гидротермиялық немесе электр тогы арқылы деструкция қолданылады. Л.Я. Лившиц (1960) және біздің клиникада Т.И. Изаков (1872) рентгенологиялық бақылау арқылы Гассеров түйіні артына тазартылған ыстық сумен үшкіл нервтің сезімталды түбіршегіне гидротермиялық деструкция әдісін жасауды ұсынған.

Көз асты саңылауы мен төменгі жақ өзегінің тарылғандығы рентгенологиялық зерттеу нәтижесінде дәлелденген жағдайда, оларды хирургиялық емдеу шаралары көмегімен кеңейту арқылы нерв түбіршегін декомпрессиялауға болады.

Ешбір емге көнбейтін жағдайларда артқы бас сүйек шұңқырын зақымданган жағынан тесіп, үшкіл нервтің түбіршегін тексеру қажеттігі туады. Тұрақты ауырсынуларда рентгенотерапия қолдануға болады (бір сеансқа 26-52 мки/кг, барлығы 4-5 сеанс).

Үшкіл нерв невралгиясы қан тамырлары ауруларына байланысты бболғанда трентал (5 мл тренталды 100 мл хлорлы натрийдің изотониялық ерітіндісіне қосып, тамшылатып венаға жіберу), никотин қышқылы (1%-дық 2 мл ерітіндісін бұлшық етке жіберу, бір дүркінде 20-30 инъекция), эуфиллин (2,4 %-дық 10 мл ерітіндісін глюкозаның 40 % ерітіндісіне қосып венаға жіберу) тағайындалады.

Ауырсыну басылған кезендерде (ремиссия) витаминдерді, биостимуляторларды және таратып сіңіретін препаратгарды қолдану керек,

Үшкіл нерв невралгиясымен ауырғандарда инфекциялық ошақтарды мұқият тазалау (санация жасау) қажеттігін ескерген жөн. Мұндайда кеңсіріктің қосымша қуыстары мен ауыз ішін санациялауға ерекше көңіл аударылуы керек.