Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
невро 2 денгей.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155.47 Кб
Скачать

22. Атаксия түрлері

1. Ромберг кейпінде тепе-теңдікті тексеру. Сырқат табандарын қатарластырып, екі қолын алдына алақанымен төмен созып, екі аяғынан әуелі кәзін ашып, одан кейін жұмып тік тұрады.

Ромберг тәсілінің күрделі түрін тексеру үшін:

а) сырқат бір табанын екінші табанының алдына бір сызық бойымен әуелі кәзін ашып, одан кейін жұмып тура қояды;

б) басын кезекпен екі жағы-на, алға, артқа бұрып, екі табанын біріне-бірін қатар тиістіріп, кәзін ашып, одан кейін жұмып тұрады;

в) аяғының ұшымен тұрады;

г) бір аяғын көтеріп, көзін ашып, одан кейін жұмып тұрады.

Егер мишықтың жарты шарының біреуі зақымданса сырқат сол зақымданған жаққа қарай теңселеді немесе құлап кетеді (атаксия). Мишықтың табаны зақымданған болса кез келген жаққа, көбіне шалқалап құлайды. Кәзбен бақылау атаксия құбылысна айтарлықтай әсер етпейді.

2. Жүрісті тексеру. Сырқат бөлме ішінде бір сызық бойымен кәзін ашып, одан кейін жұмып, алға-артқа, өлденең (флангалық жүріс) жүреді.

Мишығы зақымданған сырқат екі аяғының арасын ашып, сақтанып, шайқалып жүреді («мас кісінің жүрісі»). Мишықтың табаны зақымданса, сырқат екі жағына шайқалып жүреді (62-сурет), жарты шары зақымданса, зақымданған жаққа қарай қисая кетеді, көледенеңінен қырындап жүре алмайды.

3. Саусақпен мұрын ұшын табу. Сырқат көзін ашып, одан кейін жұмып, сұқ саусағының ұшымен мұрнының ұшын табуы керек.

Мишығы зақымданған адамда мына төмендегідей симптомдар пайда болады:

а) сырқат саусағын мұрнының ұшына дәл тигізе алмай, мишығының зақымданған жағына қарай ауытқып иегіне, ерніне т.б. тигізуі мүмкін;

б) қолы дірілцеп, саусағы мұрнының ұшына таяған сайын ол діріл күшейе түседі (интенциялық діріл);

в) саусағын мұрнының ұшына жеткізе алмайды (гипометрия) немесе саусағы одан әлдеқайда ауытқиды (гиперметрия).

4. Өкше мен тізе арқылы тексеру. Сырқат бір аяғының өкшесімен екінші аяғының тізесін тауып, төмен қарай жіліншік бойымен аяғының ұшына дейін, одан жоғары тізесіне дейін жылжылжыту керек. Мишығы зақымданған адам өкшесін тауып, оған жеткізе алмайды. Мишықтың жарты шары зақымданса, сол зақымданған жағында аты аталған белгілер көрініс береді.

5. Диадохокинез сыны (әдісі). Сырқат екі қолын алға созып, саусақтарының арасын кезекпе-кезек жылдамырақ темппен супинация және пронация қимылдарын жасайды. Мишық зақымданса бұл қимылдар бытыраңқы, баяу, қолайсыз болып білінеді (адиадохокинез). Мишықтың зақымданған жағында аталган құбылыстар басым болады.

6. Саусақпен дәл табу сыны. Сырқат қолын созып тұрып сұқ саусағымен біраз алшақтау тұрған дәрігердің саусағын немесе оның қолындағы невралгиялык балғаның басын дәл табуы керек. Бұл сын көлденең және тік жазықта көзі ашық және жұмылу кезінде орындалады. Мишық зақымданғанда сырқаттың саусағы зақымданған жағында көздеген межеге жете алмай, көбіне дәрігердің саусағының сыртына қарай ауытқи береді.

7. Бабинский асинергиясы. Сырқат шалқасынан жатып екі аяғын талтайтып, қолдарын кеудесіне айқастыра ұстап көтеріле отыруы керек.

Мишықтың екі жарты шары бірден немесе оның табаны зақымданса, сырқат отыра бергенде екі аяғын бірдей жоғары көтеріп қалады. Ал отыруға әрекеттенгенде бір аяғы көтеріліп қалса, онда онын мишығының осы жағындағы жарты шары зақымданғаны.

8. Алып, қайта қою (дисметрия) сыны- бір затты тұрған жерінен алып, кайтадан орнына дәл қою қабілеті. Сырқат столда жатқан нәрсені (қарындаш, кітап т.б.) алып, қайтадан орнына қоюы керек. Мишығы зақымданған адам тапсырманы дұрыс орындай алмайды, зақымданған жарты шар жағына ауытқи береді.

9. Сөзін (сөйлеу қабілетін) тексеру. Сырқат бірнеше сөзді немесе сөз тіркестерін, атап айтқанда, қиын айтылатын күрделі сөздерді (қанағаттандыру, ұйымдастырылманавдықтан, қауіпсіздендіру т.с.с.) дәрігермен бірге қайталауға тиіс. Егер мишық зақымданған болса сөздер бұзылып, созылып, буын-буынға бөгелініп, іркіліп-іркіліп айтылады (мәнерлеп сөйлеу).

10. Жазуын тексеру. Дәрігер сырқаттан оның жазуы, қол таңбасы өзгерді ме, жоқ па, соны сұрастырады. Жазу жазғызып тексеріп көреді. Мишық зақымданғанда сырқаттың жазуы бұзылып, түзу шықпайды, иректеліп, әріптері мүлде ірі болып келеді (мегалография).

11. Бұлшық еттердің тонусы (күш қуаты) мишықтың зақымданған жағында кемиді. Кейде сіңір (проприорецептивтік) рефлекстер бәсеңдейді.

12. Нистага — көз алмасының дірілдеуі. Дәрігер сырқаттың көз алдына неврологиялық балғаны ұстап оңға, солға, жоғары, төмен қозғап, көз алмасын осы бағыттарда қимылдатуын өтінеді. Мишық зақымданғанда сырқаттын көз алмасы екі жағына кезекпен-кезек ырғақты түрде тітіркенгендей болып дірілдейді (көздің өзіндік интенциалды дірілі) — көлденең нистагм.

Сонымен мишықтың зақымдануына байланысты дененің тепе-теңдігі бұзылады. Егер мишықтың жарты шары зақымданса сол зақымданған жақта қол немесе аяқтың тепе-тендігі жойылады (ста-тикалық атаксия), мишықтың ортасындағы табаны (табаншасы) зақымданса дене шайқала береді (динамикалық атаксия).

Жоғарыда аталған симптомдардың бәрі мишық атаксиясына тән. Алайда бұдан басқа да атаксия түрлері бар. Олар сенситивтік, вес-тибулярлық және маңдай атаксиялары.

Сенситивтік атаксия сыртқы нервтердің көптеп немесе жұлын-ның артқы түбірлері мен артқы бағаны, көру төмпешігі зақымда-нған кезде терең сезімділіктің жойылуына байланысты. Сырқат жүріп келе жатқанда аяқтарын жоғары көтеріп, тізесін немесе жам-бас-сан буынын бүгіп, бар салмағымен жерге тастап жібереді (штампалап жүру). Атаксияның бұл түрінің мишық атаксиясынан айырмашылығы, ол қараңғыда немесе көзді жұмғанда күшейеді де, жарықта немесе көзді ашқанда азаюы, тіпті білінбеуі де мүмкін.

Вестибулярлық атаксия (кіреберіс атаксиясы). Ми бағанындағы кіреберіс нерві немесе оның ядросы зақымданғанда тепе-теңдіктің бұзылумен қатар сырқаттың үнемі басы айналады, құсады, көлде-нең нистагм пайда болады, қан тамырлар соғуы бәсеңдейді.

Маңдай атаксиясы — ми қыртысы маңдай бөлігінің алдыңғы полюсқа жақын тұсы көп мөлшерде зақымданғанына байланысты тепе-тендіктің бұзылуы. Сырқат түрегеп тұра алмайды (атаксия), дұрыс жүре алмайды (абазия). Сонымен бірге сырқаттың мінез-құлқы өзгереді, жан-жағына сын кәзімен қарау кемиді, салақтық, ұқыпсыздық пайда болады.

25-26.Менингиттер

Менингит — ми мен жұлын қабықтарының қабынуы. Менингит ауруларына бактериалдық және вирустық инфекция себеп болуы мүмкін. Сирек жағдайда олар өсімдіктер микроорганизмдерінен де пайда болады. Нағыз қабыну процесі болмайтын әр алуан уыттанулардан (сынаппен, көміртегі тотығымен кенеттен улану, уремия, т.б.) ми қабығының тітіркенуін менингизм дейді,

Менингиттер қабыну сипатына қарай іріңді, сероздық және геморрагиялық, ағымына қарай шұғыл, созылыңқы, созылмалы жәке қайталама (рецидивтік), олардың пайда болуына әсер ететін себептеріне байданысты негізгі (біріншілік) жөне екіншілік (қосымша) болып бөлінеді. Біріншіліктерге менингококктық іріді мснингит пен шұғыл сероздық вирустық менингитті жатқызуға болады, екіншіліктері әдетте жалпы инфекциялық аурулар (туберкулез, сифилис, токсоплазмоз, сепсис, т.б.) әсерінен пайда болады.

Менингитті анықтау, этиалогиялық себептерді ескергенде, классикалық үштікке негізделген. Олар:

1) жалпы милық симптомдардан (бас ауыруы, құсу, тері мен сезім мүшелеріңдегі гиперестезия, "көрпе" симптомы, омыртқа бойы мен Керер нүктелерінің ауырсынуы) құралған менингеалдық симптомдар жиынтығы және менингеалдық симптомдар (жүйде бұлшық еттерінің құрысуы, "тазы ит" кейпі, Керниг, жоғарғы, ортаңғы және төменгі Брудзинский симптомдары, балаларда Лессаж симптомы мен еңбектің кернеуі);

2) менингеалды ликворлық синдром (сұйық қысымының жоғарылауы, плеоцитоз, белоктың көбеюі; түсінің өзгеруі);

3) дене қызуының көтерілуі.

Жұлын сұйығының физикалық қасиеттері мен құрамы өзгереді. Сұйық қысымы менингит кезінде жоғарылайды. Ірінді менингитте оның түсі айқын өзгереді (бұлдыр, жасылды-сары, тұтқыр). Сероздық менингиттерде ми-жұлын сұйығы әдетте түссіз және мөлдір, сирек жағдайда сұйық сүт тәрізді болады.

Ми-жұлын сұйығының құрамы әр уақытта өзгереді. Іріңді менингиттерде клеткалардың саны өте жоғары деңгейде көбейеді (1мм3-де бірнеше мыңнан ондаған мыңға дейін), нейтрофильдік сипаттағы плеоцитоз болады. Сероздық менингиттерде лимфоциттері басым плеоцитоз 1 мм3 -де бірнеше ондаған клеткадан бірнеше жүзге дейін көбейеді. Геморрагиялық менингитке байланысты ми-жұлын сұйығы қанмен араласады. Менингиттер кезінде клеткалар саны белоктың көбеюінен жоғары болады (клеткалы-белоктық диссоциация синдромы). Менингитгің шұғыл кезеңінде психикалық функциялардың бұзылыстары (есеңгіреу, сомноленттік кома немесе психомоторлық қозу, сандырақ, галлюцинациялар) байқалады. Балаларда эпилепсиялық талмалар жиі кездеседі. Бұл патологиялық үрдісті ми қабықтарына тығыз жанасатын қыртыстың тітіркенуімен түсіндіруге болады.

Менингиттің ақыры. Қазіргі кезде мезгілінде анықталып, дұрыс емдеген менингиттер әдетте сырқаттың сауығып кетуімен аяқталады. Егерде оларды анықтау бірнеше сағат-тәулікке кешеуілдесе, адамның өміріне қауіп төнуі немесе тұрақты патологиялық зардаптар (арахноидит, бас сүйек-ми нервтерінің немесе мидың, әсіресе аралық мидың зақымдануы) пайда болуы ықтимал.