- •2. Шуды өлшейтін кезенде жұмыс тәртібі бойынша дыбыс деңгейі және дыбыстық қысым диапазонда жиілігі 2-ден 18000 Гц капсюл болады.
- •Билет № 1
- •Билет № 2
- •Билет № 3
- •Билет № 4
- •Билет № 5
- •Билет № 6
- •Билет № 7
- •Билет № 8
- •Билет №9
- •Билет № 10
- •Билет № 2
- •Билет № 5.
- •Билет № 8.
- •Билет № 10
- •2. Термогигрометрдің жұмыс істеу тәртібі.
- •Есеп №2.
- •Есеп №5
- •Есеп №6
- •Есеп №7
- •Есеп №8
- •Есеп №9
- •Есеп №10
Есеп №9
Бетон бұйымдарын өндіретін цехтағы машинисттің жұмыс орнының ауа ортасының шаңдануына зерттеу жүргізілді. Технологиялық үдеріс негізгі 4 кезеңнен (операциядан) тұрады және әрқайссының ұзақтығы 70,193,150 және 67 минутты құрайды. Машинисттің жұмыс орнында технологиялық үдерістің әр кезеңінен 5 сынама алынды. Алынған сынаманың талдау нәтижелері цемет шаңының орташа концентрациясы 1-і кезеңде 91,3 мг/м3, 2-і 20,2 мг/м3, 3 және 4 кезең бойынша – 21,5 және 9,5 мг/м3 құрады. Цемент шаңының орта ауысымдық концентрациясын (ОАК) есептеу барысында =29,5 мг/м3. Нормада цемент шаңының орта ауысымдық ШРЕК – 8 мг/м3.
Сұрақ:
1. Машинист жұмыс орнындағы ауаның шаңдануы ШРЕК қанша есе жоғарылағанын анықтаңыз?
2. Қандай профилактикалық шараларды білесіз?
Есеп №10
Ұста цехы биіктігі 12 метр бір қабатты ғимаратта орналастырылған. Цех шатыры өшірілмейтін аэрациялық шаммен жабдықталған. Ғимараттың алдынғы жағындағы терезе орындары еденнен 1,8 м және 5 м биіктікте екі деңгейде орналастырылған. Аталған цехта температурасы 1000-12000С дейін қызған құймалар ұсталық престерде престеледі. Цех бөлмелерінде 4 ұсталық пресс және 3 қыздыру пештері орналастырылған. Жергілікті желдеткіштер қыздыру пештерінде өлшемі 0,5-1,0 м 3 зонтпен жабдықталған.Зонттың қабылдау тесігіндегі ауаның қозғалыс жылдамдығы -0,8 м/с. Ағымды ауаның берілуі температурасы 170С жлдамдығы 2,3 м/с жағдайда қыздырушылардың және престеушілердің жұмыс орнында орналасқан ауа себезгілері арқылы іске асырылады. Ағымды қондырғылардың жалпы өнімділігі 5000 м3/с құрайды.
Сұрақ:
1. Цехтағы табиғи желдетуге гигиеналық баға беріңіз?
2. Цехтағы жасанды желдетуге гигиеналық баға беріңіз?
3-кезең
Билет № 1.
1. «Кәсіптік ауру» түсінігіне анықтама беріңіз
2. Кәсіптік ауруды дамытатын себептерді атаңыз
Уақыт – 5 минут.
Максимальды балл – 6
Билет № 2.
1. «Жел раушаны» түсінігіне анықтама беріңіз
2. «Жел раушаны» суретін құрастыру қалай жүргізіледі?
Уақыт – 5 минут.
Максимальды балл – 6
Билет № 3.
1. ОЖЖ қызметтік жағдайын зерттейтін қандай әдістерді білесіз?
2.Назар салудың тұрақтылығын зерттеу қалай жүргізіледі?
Уақыт – 5 минут.
Максимальды балл – 6
Билет № 4.
1. «Еңбек шарты бойынша жұмыс орнын аттестациялау» түсінігіне анықтама беріңіз?
2. Санитарлық қадағалаудың қандай түрлерін білесіз?Ескертпелі санитарлық қадағалаудың кезеңдері жайында айтып беріңіз?
Уақыт – 5 минут.
Максимальды балл – 6
Билет № 5.
1. «Еңбекті қорғау» түсінігіне анықтама беріңіз?
2. СҚА. Кәсіпорынның қауіптілік сыныбы бойынша СҚА өлшемдері.
Уақыт – 5 минут.
Максимальды балл – 6
Билет № 6.
1. Желдету дегеніміз не? Желдеткіштің қандай түрлерін білесіз?
2. Желдеткіштердің жіктелуін айтып беріңіз?
Уақыт – 5 минут.
Максимальды балл – 6
Билет № 7
1. Қауіптілік және зияндылық сатысы бойынша еңбек жағдайының сыныптары.
2. Өндірістегі емдік-профилактикалық іс-шаралар.
Уақыт – 5 минут.
Максимальды балл – 6
Билет № 8.
1. Өнеркәсіптік улар. Өнеркәсіптік улардың ағзаға түсу жолдары.
2. Жедел кәсіптік улану. Улану түрлеріне анықтама беріңіз.
Уақыт – 5 минут.
Максимальды балл – 6
Билет № 9.
1. Токсикология – осы түсінікке анықтама беріңіз.
2. Зиянды және қауіпті өндірістік факторларға анықтама беріңіз.
Уақыт – 5 минут.
Максимальды балл – 6
Билет № 10.
1. ӘБҚД, ШРЕК, ШРЕШ анықтама беріңіз.
2. Топырақтың санитарлық жағдайын анықтау үшін қандай әдіспен алынады?
Уақыт – 5 минут.
Максимальды балл – 6
