- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 1
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетініңтехнологиялық картасы №2
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетініңтехнологиялық картасы №3
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №4
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетініңтехнологиялық картасы № 5
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 8
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетініңтехнологиялық картасы № 10
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 11
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетініңтехнологиялық картасы № 12
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 13
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 14
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 18
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 11
Күні:01.02.17ж
Тобы: «Ерке»
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Үй жануарлары»
Мақсаты:
Үйрету:
а) үй жануарларының адам өміріне пайдасын, төрт түлік малға не жататынын, олардың төлдерін атап айтуға үйрету;
Дамыту:
ә) үй жануарлары туралы түсініктерін дамыту;
Тәрбиелеу:
б) төрт түлік малды күтіп – баптауға тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар:төрт-түлік малдың, олардың төлдерінің суреттері
Әрекеттердің кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеттері |
Балалардың іс-әрекеттері |
Ұйымдастырушылық – оқытушылық қызықтырушылық
|
Шаттық шеңбері: «Қошақан» әніне музыка әуенімен орындайды Жазда апамның ауылына Барып едім қыдырып, Бір қошақан алдымнан, Шықты ойнақтап жүгіріп. Ақ маңдайлы ай ма екен, Шекер ме екен, бал ма екен, Кеттім оны сағынып, Қошақаным қайда екен.
|
Шеңбер бойымен тұрып орындайды.
|
Ұйымдастырушылық- ізденушілік
|
Төрт-түлік малдың төлдерін суреттерін таңдап алып, оларға жылы сөздер ойлап тауып, сипаттама беріп, амандасады.
-Балалар үй жануарларын атап бере аласыңдар ма? Төрт түлік малдың төлдері жырын тәрбиеші оқып береді. Түйе – малдың үлкені, Жылқы – малдың үркегі, Сиыр – малдың сүттісі. Қой – түліктің құттысы. Олардың етін жейміз, сүтін ішеміз, құрт, майын, ірімшігін жейміз. Жылқының етін, қазы-қартасын жейміз, қымызын ішеміз.Қойдың жүнінен көрпе жасаймыз, тоқыма бұйымдар киеміз. Түйенің шұбатын ішіп, шудасын пайдаланамыз. Міне, адам өміріне пайдасы осылай тиеді. Сондықтан малды қастерлеу керек. Сергіту сәті Лақша секіріп, Қозыдай маңырап, Құлындай ойнақтап, Сиырша асықпай, Ботадай маң-маң басып жүру. Жұмбақ жасырады 1.Кезікті бір жануар, үстінде екі тауы бар. 2.Мінсең желдей еседі, көңілің таудай өседі, Алып ұшар алысқа, «ер қанаты» деседі. 3.арға шығып ойнайды, ойынға бір тоймайды. Болса дағы сақалы, секеңдеуді қоймайды. 4.Кішкене ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар. 5.Басында екі таяғы бар, төрт аяғы бар. «Не қалай дыбыстайды? ойыны» -Жылқы қалай кісінейді? -Түйе қайтіп боздайды? -Қой қалай маңырайды? -Ешкі қайтіп бақылдайды? -Сиыр қайтіп мөңірейді?
|
Сәлеметсің бе, сүйкімді лақ. Әдемі қозы, Ақ бота. Қой, ешкі, түйе , жылқы, сиыр.
Үй жануарларының қимылдарын жасайды.
Түйе
Жылқы
Ешкі
Қой Сиыр.
Балалар дыбыстап айтады.
|
Рефлексивті-түзету |
-Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз қандай тақырыпта болды? -Төрт-түлік малды атап беріңдерші? -Олар қалай дыбыстайды? Оқу іс-әрекетіне белсенді қатысқан баланы мадақтайды. |
Балалар сұрақтарға жауап береді.
|
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: сиыр, қой, ешкі, жылқы, түйе- төрт түлік малға жататынын біледі.
Болу керек: жылқы төлі-құлын, түйе төлі-бота, ешкі төлі- лақ, қой төлі- қозы, сиыр төлі-бұзау екендігн игереді.
Үйрену керек: не қалай дыбыстайтыны, олардың қимылын, пайдасын, оларға көп күтім керектігін үйренеді.
Тексерілді: Э.Н.Егембердиева
