- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 1
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетініңтехнологиялық картасы №2
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетініңтехнологиялық картасы №3
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №4
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетініңтехнологиялық картасы № 5
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 8
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетініңтехнологиялық картасы № 10
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 11
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетініңтехнологиялық картасы № 12
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 13
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 14
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 18
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №4
Күні: 26.10.16ж.
Тобы: «Ерке»
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет
Тақырыбы:«Құмырсқа мен көгершін»
Мақсаты:
Үйрету:
а) сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларын жеткізе білуге үйрету;
Дамыту:
ә) әңгіме құрап айту дағдыларын дамыту;
Тәрбиелеу:
б) жақсылық жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: құмырсқа мен көгершіннің суреті
Билингвальды компонент: еңбекқор, бейбітшілік құсы
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалар іс-әрекеті |
Ұйымдастырушылық – оқытушылық қызықтырушылық
Ұйымдастырушылық- ізденушілік
Рефлексивті-түзету |
Шаттық шеңбері: Біз балдырған тең басқан, Дос құшағын елге ашқан. Тілейміз тыныштық, Ашық болсын көк аспан. Мықты болсын іргеміз, Бәрімізде біргеміз.
-Балалар, бүгін біз Спандияр Көбеевтің «Құмырсқа мен көгершін» деген әңгімесімен танысамыз. Тәрбиеші әңгімені мәнерлеп, нақышына келтіріп оқып береді. -Әңгіме қалай аталады? -Құмырсқа қандай жәндік? -Көгершін қандай құс? -Көрдіңдер ме, балалар, екеуі бір-біріне көмек көрсетіп, осындай ауыр сәтте қиындықты жеңіп шықты. Ендеше сендерде, балалар, бір-бірлеріңе мейірімді, қайырымды болып өсулерің керек. Сергіту сәті Құстар сайрап, Бақтар жайнап, Дала гүлге толады. Құстай ұшып, Аунап, қунап алады. Жыландарша иіріліп, Жорғалап бәрі қалады. Тәрбиеші балалардан түсінгендерін сұрайды. Тәрбиеші балаларға суреттер үлестіріп береді. «Жақсылық жасау үшін не істеу керек?» ойыны.
-Балалар қандай әңгіме жайлы айттық?
-Сендер қандай болғыларың келеді?
-Жақсылық жасаған жақсы ма? Неге?
Тәрбиеші балалардың жауаптарына баға беріп, мадақтайды. |
Өлең шумақтарындағы қимылды жасайды.
Әңгімені мұқият тыңдайды. Құмырсқа мен көгершін. Еңбекқор Бейбітшілік құсы.
Сергіту сәтін орындайды.
Балалар айтып береді. Балалар алдарындағы суреттерге қарап сөйлем құрастырады. Мен құстарға жақсылық жасау үшін оған ұя жасап, жем шашып, қамқорлық көрсетер едім. Мен ағашпен дос болу үшін, оған су құйып, топырағын қопсытар едім.т.б.
Көгершін мен құмырсқа Әдепті, мәдениетті, достарға әрқашанда көмектесіп жүреміз. Жақсы, достарға көмек көрсетіп, қол ұшын беру керек. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: әңгіменің мазмұнын түсініп,айта біледі.
Болу керек: өз ойларын жеткізеді.
Үйрену керек: көмектесу арқылы бір-біріне жақсылық жасап үйренеді.
Тексерілді: Э.Н.Егембердиева
