- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 1
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетініңтехнологиялық картасы №2
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетініңтехнологиялық картасы №3
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №4
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетініңтехнологиялық картасы № 5
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 8
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетініңтехнологиялық картасы № 10
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 11
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетініңтехнологиялық картасы № 12
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 13
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 14
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 18
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы № 1
Күні:15.09.16ж.
Тобы: «Ерке»
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Бөлімі:Көркем әдебиет
Тақырып: «Кел, балалар, оқылық!»
Мақсаты:
1) Өлеңді жатқа айтуға үйрету;
2) Қазақтан шыққан тұңғыш педагог Ы.Алтынсарин өмірі және оның шығармашылығы жайлы білімдерін қалыптастыру;
3) Сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Қолданылатын көрнекі құралдар:хрестоматия, Ы.Алтынсариннің портреті, суреттер, жұмыс дәптері.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалар іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық |
Шаттық шеңбері. Достарды біз қолдаймыз, Қиын шақта қорғаймыз. Біздің топта ұл-қыздар Тату –тәтті ойнаймыз. |
Өлең шумақтарына қосылып қимыл – қозғалысын жасайды. |
Ұйымдастыру-шылық ізденістік
|
Кіріспе бөлім -Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізде қазақтың тұңғыш педагогі Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңімен танысамыз. -Суреттен кімді көріп тұрсыңдар? -Өлең шумақтарын алдымен балаларға мәнерлеп оқып беру, мазмұнын ашу. Кел, балалар, оқылық! Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық. Оқысаңыз балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегеннің алдынан Іздемей- ақ табылар. Кел, балалар, оқылық! Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық.
Сұрақ-жауап арқылы өлніңнің мазмұнын сұрап білу. - Өлеңде не жайында айтылған? - Өлеңде балаларды неге шақырады? Сергіту сәті. Күндей болып күлеміз, Гүлдей болып өсеміз. Құстай болып ұшамыз, Көбелектей қонамыз. |
Педагогтің көмегімен жауап береді.
Балалар өлеңді мұқият тыңдайды. Педагогпен бірге қайталап жаттайды.
Балалардың түсінігі, ойлары. Оқу-білім алуға шақырады
Қимыл жасайды |
Рефлексиялық түзетушілік |
Дәптермен жұмыс: 1.Өлеңді жаттау. 2.Өнер-білім туралы мақал- мәтелдер айту: *Оқу – инемен құдық қазғандай. * Оқусыз білім жоқ. * Оқу – білім бұлағы, білім -өмір шырағы. |
Педагаогпен бірге өлең жолдарын жаттап, мақал-мәтелдерді қайталайды. |
Күтілетін нәтиже:
Түсінеді: Өлеңді мәнерлеп жатқа айта біледі.
Қолданады: Ақынның шығармашылығы жайлы білімдерін қалыптастырады.
Жасайды:Сұрақ- жауап арқылы білімге деген қызығушылығын арттыруды.
Тексерілді: Э.Н.Егембердиева
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетініңтехнологиялық картасы №2
Күні:28.09.16 ж.
Тобы: «Ерке»
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Бөлімдері: «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: «Біздің балабақшада»
Мақсаты: а) Балабақшадағы сыйластық туралы түсініктерін кеңейту;
ә) Ұжымдық қарым- қатынас дағдылырын дамыту;
б)Құрмет пен сүйіспеншілік сезімдеріне, өзара сыйластыққа тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: жұмыс дәптері, хрестоматия, суреттер, қылқалам.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалар іс-әрекеті |
Мотивациялық –қозғаушы лық |
Шаттық шеңбер: Балабақшам менің Жаңа қадам жасадым, Қош болып тұр, бесігім. Мен қуанып ашамын . Бала бақша есігін. Айтып берер тәтелер. Әсем өлең ,жақсы аңыз. Ойыншықтар әперер Қандай жақсы бақшамыз. |
Шеңбер бойына тұрып, өлеңге сәйкес қимылдар жасайды. |
Ұйымдастыру - іздестіру |
Сурет бойынша әңгіме. -Балалар,бүгін біз сүйікті бақшамыз туралы ой –пікірімізді ортаға салайық. -Осы балабақшада сендер не үйренгендеріңді айта аласыңдарма? -Дұрыс айтасыңдар! Сендер көп нәрсені осы балабақшадан үйреніп жатырсыңдар.Себебі сендер күн бойы осы балабақшадасыңдар .Сондықтан «Балабақша өз үйіміз» деп айта аламыз.Мысалы: бақшада жеміс ағашытары өссе , ал балабақшада Отанымыздың жас ұландары – сендер өсіп жатырсыңдар, бұл жерде сендер жақсылыққа, достыққа, әдептілікке, мейірімділікке, бір- біріңді,және үлкендерді сыйлауға үйреніп жатырсыңдар. |
Би билеуге, ән айтуға, қамқор болуға, әдептілікке үйрендік.
Балалардың жауабы.
|
Рефлексив ті – түзету шілік |
Оқу іс әрекетін қортындылау. Бір шаңырақ астында Татту тәтті тұрамыз. Бірге ішеміз асты да, Бірге сайран құрамыз. |
Шеңберге тұрып, өлең Жолдарын қайталайды.
|
Күтілетін нәтиже:
Білді: Балабақшадағы ,сыйластық, ұжымдық, қарым- қатынас дағдылырын.
Игерді:Балабақша қызметкерлерінің атқаратын жұмыстарын.
Меңгерді: Өзара сыйласуды, бір- бірімен тіл табысуды.
Тексерілді: Э.Н.Егембердиева
